“АКТ-ның қазіргі білім жүйесіндегі рөлі мен маңызы”
Қарағаева Нұрлы Ғилымғалиқызы
«Шетел тілдері және әдебиеті» мұғалімдерін даярлау БББ-ның жеделдетілген 3 курс студенті
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қаласы
nyrrrly2001@gmail.com
Аңдатпа
Мақалада жаңартылған білім беру тенденциясы бойынша шет тілі сабағында инновациялық технологияларды және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды әрі тиімді пайдалану жолдарын қарастыру туралы баяндалады.
Кілт сөздер: білім беру, парадигма, ақпараттандыру, инновация, әдіс, құзіреттілік, технология.
Аннотация:
В статье рассматривается эффективность использования информационно-коммуникационных технологий и методов прием обучения на уроках иностранного языка по обновленному содержанию образования.
Ключевые слова: образование, парадигма, информатизация, инновация, метод, компетентность, технология.
Abstract:
The article considered the effectiveness of the use of information and communication technologies and teaching methods in foreign language lessons on the updated content of education.
Key words: education, paradigm, informatization, innovation, method, competence, technology.
Қазіргі білім беру парадигмасында кеңінен талқыланып келе жатқан көкейтесті мәселелердің бірі – ағылшын тілін оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану болып табылады. Уақыт өткен сайын, заман талабы жоғарылаған сайын, білім беру жүйесі де заман талабына сай өзгеріп, үлкен сұранысқа ие болып отырады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға білім алушының білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, ақпараттық технологиямен байланысты яғни, сандық сауатты, әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беруді алға тартады. Мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір оқытушының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал, білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі - инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру, оқу үрдісін жаңашаландыру. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың сөзі еске түседі: «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол күйсандықтың кілті жүруі керек» дегендей, ұстаз үнемі ізденісте болуы керек. Сондықтан да еліміздің білім беру үдерісіне енгізген жаңартылған білім беру бағдарламасы қазіргі заман талабына сай тың бағдарлама болды.
Бұл бағдарлама мазмұны негізінде білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұрды.
Білім берудің жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымы 10 бөлімнен тұрады.
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. Үштілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерінің бірінде мұғалімнің инновациялық технологияны қолдану құзіреттілігін нақтылап көрсетілген. Мәселен, әрбір мұғалімнің алдына келген оқушының ойлау қабілеті әртүрлі болады, мәселен кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс атқарса, кейбірі оқу материалын баяу қабылдайды. Мұғалімге мұндай оқушыларға тапсырманы қайта ыңғайлап қарастыруға тура келеді. Осы тұста жаңашыл мұғалімнің іс- тәжірбиесінің ерекше тұсы- оның сабақты түрлендіріп жүргізіп, оқушы жүрегінен жол таба білуі. Оны жүзеге асырудың бір жолы- заман талабына сай инновациялық, ақпараттық- коммуникациялық технологияны (АКТ) тиімді қолдану. [1]
ХХІ ғасырда педагогикалық процесті ізгілендіру және тұлғааралық қатынастарды демократияландыру бірінші орынға қойыла бастаған жоғары білім беру жүйесін жаңа құндылықтарға қайта бағыттауға тұрақты тенденция байқалды . Бүгінгі таңда жоғары мектеп түлегі бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие болуы керек, бұл жаңа технологияның жалпы дамуының жоғары деңгейін, ақпараттықкоммуникативтік құзыреттіліктің, жоғары кәсіби шеберліктің, тәуелсіз шешім қабылдауға қабілеттілікті, стандартты ойлау және өзгермелі жағдайларға бейімді болуын талап етеді. Мұның бәрі қазіргі кезде педагогикалық іс-әрекеттерді, кез-келген білім беру мекемесінің табысты және оқу іс-әрекетінің маңызды факторларының бірі болып табылатын жаңашыл сипатта болуына әкеледі. Шындығында - бұл инновациялық қызмет, бір жағынан, білім беру қызметтері нарығында мекеменің бәсекеге қабілеттілігін құруға негіз жасайды, екінші жағынан, оқытушылар құрамының кәсіби өсу бағыттарын, шығармашылық ізденістерін анықтайды әр мұғалімнің, бұл оқушылардың жеке өсуіне шынымен ықпал етеді.[2]
Инновациялық технологияларды қолданудың өзектілігі
Білім беру үдерісінде жаңа технологияларды қолдану үшін, оқытушылардың кәсіби педагогикалық құзіреттіліктерін қалыптастыру болып табылады. Қазіргі уақытта оқытушыларда келесідей құзыреттіліктер болуы керек:
• Педагогикалық құзыреттілік, яғни өз пәні туралы білімді, сонымен қатар педагогика, балалар психологиясы, дидактика білімдерін практикада қолдана білу. • Пәндік құзыреттілік, яғни өз пәні бойынша білім, білік және дағдыларға ие болу.
• Әлеуметтік құзыреттілік, яғни қоғам өмірімен байланыста болу, ынтымақтастықта болу, әртүрлі өмірлік мәселелерді шеше білу, әлеуметтік жағдайларда мобильді болу.
Қазіргі уақытта құзыретті энциклопедиялық білімі бар маман емес, өз білімін өмірлік жағдайларға қолдана білетін адамды атауға болады. Жеке қасиеттер бағаланады. Кәсіби құзыреттіліктің (1 сурет) дамуы дегеніміз - жеке, кәсіби қасиеттерді дамытуды, сонымен қатар үздіксіз дамуды және өзін-өзі жетілдіруді қамтитын тәжірибе жинақтауға әкелетін процесс.

Сурет 1 – Педагогтің кәсіби құзыреттілігі
Инновациялық технологияларды қолдану
Жаңа инновациялық технологиялар – шетел тілі сабағында ғаламтор желісінен тікелей қолдануға болатын әдістемелік платформалар. Олар жаңа инновациялық технологиялар оқу үдерісінің тиімділігін жетілдіреді. Тілдік құзіреттіліктің қалыптасуына және шет тілін үйренудегі мотивтің жоғарылауына ықпал етеді. Шет тілін меңгеруге және шығармашылық үдеріске айналдыруға мүмкіндік береді. [3]
Инновациялық құралдар оқушылар үшін оқу материалдарын жеңіл түрде қабылдауына мүмкіндік беретін құрал болса, мұғалім үшін сабақ барысында қолданатын көмекші құрал болып табылады. Себебі, сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдарды дайындау мақсатында инновациялық құралдар кеңінен қолданылады:
-
Сабақтың ұйымдастыру бөлімі ең маңызды сәттердің бірі. Мұғалім сабағының мәнді де жүйелі өтуіне сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудың да ықпалы зор. Оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін ұйымдастырушылық сәт (оқушыларды топқа бөлу) жүзеге асырылады. Осы мақсатта сабақта балаларды топқа бөлудің түрлі әдіс- тәсілдерін қолданып отырған жөн. Кейде уақытты тиімді пайдалану үшін топта бөлу әдісінде АКТ мүмкіндігін пайдаланып “The Hat”, “Wheel of names”, “Flippity”, “ClassDojo”, “Nismath.org”, “Qazmath”, “ClassTools”, “Socrative” бағдарламалары арқылы сыныпты жылдам топтастыруға болады. Оқушылардың ынтымақтаспен бірлесіп жұмыс жасауы оқушылардың сабақ барысында белсенділігін арттырады.
-
Сабақтың негізгі бөлімінде жаңа тақырыпты енгізу және бекіту мақсатында бірқатар интернет платформалар (“Liveworksheets”, “Logiclike”, “Joyteka”, “Meet Socrative”, “Story Jumper”) және анимациялық презентациялар (“Prezi”, “SlidesMania”, “Canva”, “Tome”, “Previewed”) қолданылады.
-
Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылармен кері байланыс(feedback) жасау мақсатында мынадай бағдарламаларды қолдануға болады: “Kahoot”, “Plickers”, “GoFormative”, “Genially”, “Padlet”, “Classroomscreen”, “Jamboard”, “Umaigra”. Оқыту мен оқу үдерісінде АКТ- ны қолданудың тиімділігі топтық жұмыс барысында тақырыпқа сай жаңа терминдермен (сөздік) жұмыс жасауға тура келгенде осы АКТ мүмкіндігін пайдаланып ғаламтор желісі арқылы электрондық анықтамаларды қолдануға болады.
Сондай ақ шетел тілі сабақтарында интерактивті тақталардың, лингофондық
кабинеттер, проекторлардың жабдықталуы да сабақ барысын тиімді де қызықты
өткізуге көп көмегін тигізеді. Аталған құрал жабдықтар студенттердің өз бетінше
қосып, түрлі жобалық жұмыстар өткізу барысында, шетел тілі сабағында рөлдік
ойындарға қолданып, бейнепрезентациялар көрсету барысында қолданып, студенттер өздерінің құзіреттіліктерін арттырып, өзін дамытады. Жаңа инновациялық технологияларды шетел тілі сабағында пайдалануда келесідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:
-
білім беруде көлемді, жүйелі ақпаратқа қол жеткізу;
-
еркін ойлау мүмкіндігіне ие болуы, ой өрістің кеңиуі;
-
шығармашылық қызығушылықтың артуы;
-
сөз қорындағы тіл байлығы толығады;
-
біліктілікті арттыру және оқу-тәрбие ісін жетілдіру;
-
кез келген ортада өз ойын жеткізе алу;
-
ұжымдық , қоғамдық
Жаңа формацияның қазіргі заманғы мұғалімінің моделінде интеллектуалды, коммуникативті және идеологиялық сияқты негізгі құзыреттіліктерді анықтауда тәжірибеде қолданылатын ең тиімді әдістерге компьютерлік технологияларды, оның ішінде мультимедиялық сабақтарды қолдана отырып, көптілді білім беруді жатқызамыз. «Инновациялық технологиясын ағылшын тілі сабағында қолдану ерекшеліктері» бойынша электронды оқулықтарды, мультимедиалық оқулықтарды өз сабақтарымда пайдалана келе, дәстүрлі қағаз бетіндегі оқулыққа қарағанда артықшылығы басым болатындығына көз жеткіздім:
-
Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану: музыкалық немесе дикторлық жүйе, анимация, графикалық қойылым, бейне клиптер, слайд-шоу және т.б.
-
Жүйенің басқару құрылымы оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегінде материалдың ұсынылуын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады және анықтамалық жүйе ретінде қолдана алады.
-
Жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.[4]
Қорыта келе, түйіндейтін ой, қазіргі таңда мемлекетіміздің педагогтардың алдына қойған басты мақсаттары:
♦ Болашақ ұрпақты тәрбиелеуге оқытушылардың біліктілігін арттыру;
♦ Қазіргі заманғы мұғалім - рухани дамыған және әлеуметтік жағынан жетілген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерінің шебері болу;
♦ Үнемі жетілдіріліп отыратын білікті маман жаңадан бастаған шығармашылық тұлға болуы керек;
♦ Әр оқытушы оқытудың жаңа инновациялық технологиясының әдістерін меңгеріп, білім алушының дамуына бағыттау;
♦ Қазіргі заманауи жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып білім алушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын тудыру;
♦ Ағылшын тілін үйретудегі инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігін теориялық негізде көрсеткендей, тәжірибе жүзінде іске асыру;
♦ Жаңа технологияларды оқу үдерісіне енгізу;
♦ Жаңа технологияларды пайдалана отырып, кәсіби білімді, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық құндылықтарды бағалап, дамытуға қабілетті, рухани бай және адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру.
Осылайша, Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, білім алушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттырудың, рухани дамыған ұлағатты ұстаздың басқа адамдардың дамуына негіз бола алатыны – өте маңызды. Ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген сөзі ұстаздардың алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғанын айтады. Ал ағылшынның ұлы ағартушысы Уилиям Уорд «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады» деп айтқан екен. Ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне қарасақ, мұғалімнің бала алдында білім беруде жауапкершілігінің қаншалықты маңызды екенін көреміз.
Әдебиеттер тізімі:
-
Сиразеева А.Ф., Валеева Л.А., Морозова А.Ф. «Жоғары оқу орындарындағы шет тілін оқытудағы инновациялық технологиялар»Ғылым және білім берудегі қазіргі мәселелер. – 2015 жыл. – №3;
-
https://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-prezidentarespubliki-kazahstan-n-nazarbaeva-narodu-kazahstana-10-yanvarya-2018-g
-
Селевко Г.К. «Современные образователные технологии»
-
Учителю иностранного языка, «Методика обучения иностранным языкам», изд.КАПО, Санкт-Петербург 2008 ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз