Актерлік өнердің теориялары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Актерлік өнердің теориялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Актерлік өнердің негіздерә, теориялары.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тұрсынов Бахтияр Төлеуұлы-Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы «Балалар-жасөспірімдер шығырмашылық орталығы» КМҚК қосымша білім беру педагогы, «Teatrall» үйірмесінің жетекшісі







Балаларға актерлік өнердің теорияларын тереңдету мәселелері



КС. Станиславский «Менің өмірім, өнерім» атты кітабында «Әртіс өз бетімен, өз еркімен іштей және сырттай жұмыс жасауы тиіс және жеке рөлмен іштей және сырттай жұмыс, кездесетін тосын жағдайлар, кідіріс, әрекет, әрекетті бағалау, конфликт және оларды шешу, костюм, гримм, көркемдік безендірулер, бұлардың бәрі оқушылардың таным, үрдісін: қиялын, талғамын, есін, ойлауын, зейінін, қабілетін дамытып қана қоймай, өзін көпшіліктің ортасында еркін әрекет етуіне, ойын ортаға ашық сала білуге, адам бойында бала кезден қалыптасып қалған кейбір ұялшақтық, қорқақтық шешімге келе алмаушылық деген сияқты жағымсыз факторлардың болуына әсер етеді». Сахна жүйесі мен оқыту жүйесін байланыстыру әдісін көпетеген елдерде оқу орындарында кеңінен қолданып жүр. Мәселен, Чехославакияда Мейерхольдтың «Моторлы қозғалыс кардинациясы» ілімін әлі күнге дейін мектеп оқытушылары қолданып келеді.

Бұл ілімде оқытушы өз қимыл- әрекетін басқара алуы, үйлесімді жест, әдемі мимика, жағымды дауыс тембрі т.б. қарастырылады және оған арнайы жаттығулар жасалады.

Жүйе жасау үрдісінде К.С. Станиславский орыстың материалистік физиологиясын салушы И.М. Сеченевтің «Мидің рефлексі» атты еңбегін пайдаланады. Содан соң Павловтың шартты рефлекс туралы ашқан жаңалықтарын байланыстыра келе кейіпкержандылық өнерінің негізгі принципі; сана арқылы санадан тысқарылыққа, ерікті түрден еріксіздікке бару арқылы кейіпкер образын ашатын актерге саханада шабыт беретін, сахнаның сыр құпиясын ашып берді.

К.С. Станиславский жүйе жасау үрдісіндегі И.М Сеченевтің «Мидің рефлексі» туралы ілімін қолдануы, актердің сахнада ашылуына жол берсе, ал педагогикада оқытушы шеберлігін қалыптастыруға байланысты пайдалануға болатындығы ескеріледі. Мәселен: ұзақ тәжірибелі зерттемелердің көрсеткіштері бойынша жас жеткіншектердің 40 пайызы жасқаншақтықтан жапа шегеді екен. Жасқаншақтық және өзіне- өзі сенімсіздіктің емі, не нәрседен көп қорықса, сол мәселені шешушінің ролін өзіне орындату. Рөлді орындау барысында оқушы әлсіз, ұяң кейбір жерлерін ұмытып, өзінің шынайы қалпынан басқа адамның кейпіне келеді. Аяғында жұмысының нәтижесінен рахат табады, осындай бөгде кейіпкерлердің жан дүниесіне ене келе кемшілік жерлерін байқайды. Қоғаммен байланысты мінез- құлық, дағдыны қалыптастырады. Тапсырма қиындаған сайын ол өзінің күш жігерін, іскерлігін түгел пайдаланады. Тапсырманы қайтсем дұрыс орындаймын деген ой, оның басқа жағымсыз факторларының қабаттасуына мұрша бермейді. Бұл мен емес, менің кейіпкерім деген- міндет оның ойынша қол жеткізу мүмкін емес болып көрінетін әрекеттерді орындауына мұрсат береді. Осылайша түрлі кейіпкерлерді сомдаудың барысында өзіне тиесілі сенімділік пайда бола бастайды. «Сана арқылы санасыздыққа, ерік арқылы еріксіздікке, шарттыдан шартсыздыққа» ауысу үрдісі жүреді. Режиссура классиктері; К.С. Станиславский, В. Немирович-Данченко, В. Мейерхольд, А. Таиров, А. Папов пластика іліміне зор көңіл бөлген. Атақты режиссер, өнер қайраткері халық әртісі, профессор Маман Байсеркенұлы өзінің «Сахна және актер» атты кітабында «Ерттеулі аттай көз тартар ерекше бітім, адам тәнінің көркемдік қасиеттері жойылып барады. Әсемдіктің орнына әсемпаздық, сұлулықтың орнына сұмпайылық, көріктілік орнына кердеңдеушілік, адыраңдаған, едіреңдеген, ербеңдеген тұрпайы қимылдар мен қозғалыстар көбейіп кетті. Соның салдарынан сөз бен сымбаттың келісімділігі өзара үйлесім өрнегін таппайтын болды»- деп ренішпен жазады. Сол секілді оқытушылардың тек сөз әрекетімен ғана емес тұлға қимыл-әрекетімен де жаттығуы керек екенін естен шығармаса дейміз. Егер жазушы алдына белгілі бір мақсат қойса, ол оның сол тақырып жөнінде айтайын деген идеясы болып есептелінеді. Режиссерлерде де көкейкесті мақсат болады, сол іспеттес оқытушылардың да ашылатын жаңа тақырыбының негізгі түйіні мақсаты, идеясы бар. Оқушыларды шығармашылық ізденісі арқылы көру, есту зейіндерінің көлемін кеңейтіп дамыту барысында ойын, арифметикалық есептеу, тіл мәдениеті, дауыс тембрі, дұрыс қимыл, әдемі жест, қарапайым қимылдар, орындықта шусыз отырып тұру, аяқтың адымын дұрыс алу т.б. әрекеттерге арналған жаттығулар жасалынады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2024
245
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі