Материалдар / Әл-Фараби - Шығыстың ойшыл ғалымы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әл-Фараби - Шығыстың ойшыл ғалымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби - Шығыстың ойшыл ғалымы оның 150 ден астам трактаттары бар. Барлық ғылым саласына қосқан үлесі көп.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
362
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы

Қаратал ауданы

«К.Тоқаев атындағы орта мектебі»КММ

Тарих пәнінің мұғалімі

Исабекова Сауле Маратовна


«ӘЛ-ФАРАБИ-ШЫҒЫСТЫҢ ҰЛЫ ОЙШЫЛЫ»


Аңдатпа. Бұл мақалада Әл-Фарабидің жаратылыстану ғылымдарына қосқан үлесіне арналған. Әсіресе оптика, статика, механика, материя және форма, кеңістік және уақыт, қозғалыс және тыныштық ұғымдары қарастырылған «Вакуум туралы трактат», «Ғылымдар энциклопедиясы», «Физика негіздері» еңбектеріне шолу жасалған.


Дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ортағасырлық ойшыл, энциклопедист-ғалым, Шығыс Ренессансының көшбасында тұрған дара тұлғалардың бірі Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген. Атақты Отырар кітапханасы орналасқан өңірдің түлегі білім баспалдағының алғашқы сатыларын осы өлкеде өткереді. 

Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки (870-950 ж.ш.)- әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.

Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияғаданалыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет. [1]

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедист және шығыс рационализмін қалыптастырғандардын бірі болды. Осы себепті оған “Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!” деген құрметті атақ берілген. Әл Фарабидің, бір кездері Орта Азияның ертедегі мәдени орталығы болған қала Отырарда туылғаны тарихтан белгілі. Әл Фараби осы Отырарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш білім алады. Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен түстас келді. Әлемнің атақты оқымыстылары, философтары, ақындары, музыканттары, бағдатқа жиналды және онда ғылым академиясы мен университет ашады. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, ПарсыИракАраб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философиялогикаэтикаметафизикатіл біліміжаратылыстанугеографияматематикамедицинамузыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Сол кездегі әл-Фараби

5 ірі салаға тіл білімі, логика, математика, физика, азаматтық туралы ғылымға бөлді. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және XIII ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (ТарханҰзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 - 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.

Қазақстан фарабитанушыларының зерттеулері ұлы ғалымның өз заманындағы көрнекті физиктердің бірі болғанын көрсетіп отыр. Фараби ең әуелі физиканың философиялық мәселелерімен көп шұғылданған: ол физика ғылымының пәнін анықтайды, материя және форма, кеңістік және уақыт, қозғалыс және тыныштық т.б. түбегейлі ұғымдар жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Фараби оптика, статика, механика сияқты математикаға жақын, туыс ғылымдар мәселелерімен көп шұғылданған, олардың пәнін, мазмұнын қайта қарап шыққан, математиканы табиғат құбылыстарын зерттеуге, практикада қолдануға ерекше мән берген. Фараби, әсіресе, физиканың музыкалық акустика саласы бойынша ірі жаңалықтар ашқан. Ол, мәселен, музыканың физикалық негіздері, тәжірибе мен бақылаудың музыка теориясын жасауда ролі, табиғи-музыкалық қабылдау т.б. мәселелерді терең зерттеген. Әсіресе, дыбыстың тегі, олардың таралуы, дыбыстың жоғарылығы және күші, музыкалық дыбыстардың ерекшелігі және оларға сандық сипаттама беру т.б. көптеген мәселелер жайлы сындарлы мағлұматтар, пайымдаулар айтқан. Фарабидің физикалық көзқарастары оның «Музыканың ұлы кітабы», «Вакуум туралы трактат», «Ғылымдар энциклопедиясы», «Физика негіздері» және басқа еңбектерінде қамтылған.

Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Әбу Наср Әл-Фараби бұл еңбегінде вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.).

Астроном және астролог ретінде Фарабидің беделі жоғары болды, ол бұл ғылымдарды арифметика, геометрия, музыка сияқты жоғары педагогикалық ғылымдар категогриясына жатқызды. Физика мен жалпы жаратылыстанудан жазған Фараби еңбектері белгілі. Жалпы физикалық және жаратылыс құбылыстарын зерттеуде ол эксперименттер жасау қажеттілігін атап көрсетеді.

Атынан көрініп тұрғандай Фараби бұл еңбегін ұстазы Аристотельдің атақты туындысы «Физиканы» өңдеп, түсіндіруге арнайды. Аристотельдің «Физикасы» сегіз кітаптан тұрады және ол біздің қазіргі физика ғылымына сай келмейді, оны табиғаттану философиясы деп қарастырған дұрыс. Мұнда Аристотель физиканың зерттеу объектісі, нысанасы қозғалыстағы денелер деп алып қозғалысқа қатысы бар мынадай проблемаларды зерттейді. Өзгерудің жалпы проблемасы, материя мәселесі, субстанциялар, қозғалыстың формалары т.б. «Физика,-деп жазады Әл-Фараби,-табиғи денелердің қайсысы жағдайға қарай анық болмыс екенін анықтай отырып, табиғи денелерді зерттейді; ол әр табиғи денеде оның нысаны мен субстанциясын, оның жаратушысы мен осы дененің, сондай-ақ акциден-циясының бар болу мақсатын зерттейді» [2, 30 б.]. Әл-Фараби жер бетіндегі және аспан, әлемдегі заттардың материалдық сипатта болатындығына күмән келтірмейді. Материалдық заттар мен денелер Фараби пікірінше алты түрге бөлінеді: 1. Аспан денелері; 2. Есті жануарлар (адамдар); 3. Ессіз жануарлар;

4. Өсімдіктер; 5. Минералдар; 6. Төрт түп негіз-от, су, ауа, жер.

Аристотель аспан денелері ерекше бір зат-эфирден тұрады деді. Ал, Әл-Фараби болса, аспан денелерінің ерекшелігін тек олардың құрылысынан көреді. Фарабидің бұл еңбегінің басты маңызы-Шығыс пен Батыс оқымыстыларына олардың механикалық көзқарастарын, білімдерін дамытуда ерекше қызмет атқарған Аристотель идеяларын тазалап, жөндеп жеткізу болды. Ол Аристотельдің «Физикасына» арналған ортағасыр Шығысындағы тұңғыш еңбек қана емес, Европа ғалымдарында да Аристотельдің механикалық қағидаларымен таныстырушы бірінші шығарма. [3, 110 б.].

Қорыта келгенде «Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері - зор, тілек-мақсаты - ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт» дейді ойшыл. Менің білгенім, үйренгенім бір тоғыз болса, білмегенім тоқсан тоғыз. Сондықтан Әл-Фараби мұраларын оқу үйрену, зерттеу қоршаған дүниге деген сын көзқарасымызды қалып-тастырып, жаңа серпін берері анық.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Философия Абу Насра аль-Фараби.-с.188.

  2. Қазақ халқының философиялық мұралары. 3 т. А., 2005. 30 б.

  3. 3.Алтаев Ж., Әмірқұлова Ж. Әл-Фараби және ислам философиясы. А.,

2012. 110


Аңдатпа. Бұл мақалада Әл-Фарабидің жаратылыстану ғылымдарына қосқан үлесіне арналған. Әсіресе оптика, статика, механика, материя және форма, кеңістік және уақыт, қозғалыс және тыныштық ұғымдары қарастырылған «Вакуум туралы трактат», «Ғылымдар энциклопедиясы», «Физика негіздері» еңбектеріне шолу жасалған.


Түйінді сөздер: ғұлама, ойшыл, философ, зерттеуші, физик, вакуум, физика.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!