Әл-Фараби өмірі мен шығармашылығы 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әл-Фараби өмірі мен шығармашылығы 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ 6-сынып қазақ әдебиеті пәнінен "Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы" тақырыбында қысқа мерзімді жоспар № 130 бұйрық негізінде жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Пәні: Қазақ тілі

Бөлім: 1-бөлім: Туған жерім -аялы алтын бесігім

Мектеп:Абай атындағы ДБА мектебі

Күні: 28.09.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбердиева Б.

Сынып: 6 «А» Қатысқандар: қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Әбу-Насыр Әл-Фараби

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.2.1 - эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.

6.3.3.1-ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін құрастыру.

Сабақтың мақсаты

Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтай алады;

Тақырып бойынша графикалық мәтін құрсатыра алады.

     

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі:

3мин










3 мин















Жаңа сабаққа кіріспе:

мин






7мин








1.Оқуышылармен сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Психологиялық ахуал қалыптастыру, «Алып қадамдар»әдісі арқылы оқушылардың бойында өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыру.

«Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу. Әбу-Насыр Әл-Фараби зерттеген салалар бойынша топқа бөлу,  



Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырыпқа «Пицца» әдісі арқылы сұрақтар қойып, еске түсіру.

Сұрақтар:

  1. Алып Ер Тұнға кім?

  2. «Алып Ер Тұнға» жырындағы оқиға қай ғасырды қамтиды?

  3. Жоқтау дегеніміз не?

  4. «Алып Ер Тұнғаны жоқтау» бізге қалай жеткен?

  5. Ежелгі дәуір әдебиеті, Түркі дәуір әдебиеті деен ұғымдарды кім қалыптастырды?

  6. Кейіптеу дегеніміз не?

  7. Алып деген сөз не мағынаны білдіреді?

  8. «Алып Ер Тұнға» жырының негізгі идеясы қандай?


Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

- Ал, балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын тақтадағы суреттер арқылы болжайық. Сонымен бүгінгі тақырып Отырар қаласының тумасы көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым және Екінші Ұстаз атанған философ Әбу-Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы.

Сабағымыздың оқу мақсаты:

6.2.2.1 - эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.

Автордың бейнесі — әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы. Эпикалық шығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны баяндаушы болады. Поэзиялық шығармаларда автор, негізінен, лирикалық тұлға ретінде танылады. Лирикада ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы яғни жеке авторлық тәжірибесі басқа жанрларға қарағанда айқын, анық бедерленеді. 


  • Оқушылар енді біз Әл-Фарабиің өмірі және шығармашылығымен танысу үшін бейнематериалды мұқият тамашалайық.

«Түртіп алу» әдісі. Бейнематериалды көру барысында маңызды ақпараттарды түртіп алып отырамыз.



Оқушылар мұғаліммен амандасады. Сабаққа қатысып отырғандықтарын айтады. Топқа бөлінеді.





Оқушылар пицца тілімдерінде жазылған сұрақтарға жауап береді.

















Сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.



Берілген бейнематиериалды тыңдайды. Қажетті жерін түртіп алады. Балалар өз ойларын еркін айтады.














Оқушылар «Смарт сағат» арқылы өз-өзін бағалап отырады













Тапсырманы орындау деңгейлеріне қарай бағаланады.






Үлестірме суреттер



Оқулық


























оқулық





ІІ.Сабақтың ортасы

Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:

15мин








































Бекіту

7 мин

Топтық жұмыс

І топ. QR код арқылы Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беріледі. Сол ақпаратқа сүйене отырып графикалық мәтін құрау.


ІІ топ QR код сканерлеу арқылы ақпарат беріледі. Берілген ақпарат бойынша графикалық мәтін құрау


ІІІ топ Әл-Фараби жайында «Өнерлі жігіт» атты аңыз беріледі. Сол аңыз бойынша кестені толтыру.

Өнерлі жігіт

Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбу Насыр одан: «Күніне қанша табасың?» – деп сұрайды.

- Екі дирхемге жетер-жетпес қана.

- Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер:

- Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.

Сұрақ:

- Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыздар?

- Білім адамға не үшін керек?

Оқушылар жауабы тыңдалып, талқыланады.

Мәтіннің негізгі идеясын 3 сөйлеммен жеткізіңіз. Өнер жайында 5мақал-мәтел табыңыз.


ІҮ топ Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» атты өлеңін мәнерлеп оқып, тапсырманы орындау

Автор бейнесі

Өлеңнен үзінді

Себебі

Ақын – өз

елінің патриоты

Қашықтасың туған жер – қалың елім,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен.Қанатым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

Ақын шет жерде көптеген жыл өмір сүргендіктен өзінің туған еліне деген сағынышын, ыстық сезімін жырға қосады.




«Әдеби кафе» әдісі жаңа тақырыпты Сұйық,жұмсақ, тәтті,қатты сұрақтар қою арқылы бекітемін.

  1. Әл-Фараби кім?

  2. Қандай салаларды зерттеген?

  3. Әл-Фараби қанша тілді меңгерген?

  4. Қанша ғылыми трактаты бар?

  5. Әбу-Насыр Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген?

  6. Әбу-Насыр Әл-Фараби қай қалада білім алған?

  7. Әл-Фарабидің мұрасын зерттеуге жол ашқан кім?

8


«Адасқан сөздер» әдісі арқылы сөздерді ретімен орналастырып, бүгінгі сабағымызды Әл-Фарабиің нақыл-сөзімен аяқтайық.


Оқушылар Qrкод арқылы ақпаратты интернеттен сканерлеп жұмыс жасайды.













«Өнерлі жігіт» әңгімесін оқып, тапысрамсын орындайды




Дескриптор

  • Ақпаратқа негізге ала отырып графикалық мәтін құрай алады;

  • Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтайды; Үзіндінің автор бейнесін ашатындығын дәлел келтіре отырып талдайды.





















Оқулық






Сабақтың аяғы

5мин

Рефлексия:

«Тик-ток» әдісіарқылы оқушыға бүгінгі сабақтан не ұнағанын, ұсынысын және есінде қандайй мәлімет сақталғандығын анықтау мақсатында қолданылады.


Үй тапсырмасы:


Бағалау: Оқушылар әр тапсырмадан соң берілген дескрипторлар бойынша балл алып отырады. Жиналған балл арқылы қорытынды балл айқындалады.



Алдарындағы лүпіл, ұсныс, сақтау парақшаларын толтырады.


Оқушылар «Сиқырлы қобдишадан» сабақта белсенді болған оқушыны анықтайды.






Үйге берілген тапсырманы дәптерлеріне жазып алады.













Жиналған балл арқылы қорытынды балл анықталады.

суреттер












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.11.2024
290
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі