«Алаштану»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алаштану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің және оның қайраткерлерінің қазақ жері мен мемлекеттілігі және ұлттық идея мен рухани-мәдени сананы қалыптастыру жолындағы қызметтерін тарихи арнада талдап оқыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаштану – Алаш партиясыАлаш автономиясы және Алашорда үкіметі деген ұғымдарды қамтитын Алаш қозғалысының тарихнамасы немесе зерттелу жағдайы.

Алаштануға арналған алғашқы пікірлер мен зерттеулер 1919–1920 жылдарда мерзімді баспасөз беттерінде жарияланды. Осы мәселе бойынша алғашқы қалам тартушылар көшінің басында Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы пен қоғам және мемлекет қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллин тұрды. 1919 жылы тамызда «Жизнь национальностей» апталығында (Ресей ұлт істері жөніндегі комиссариатының органы) Байтұрсыновтың «Революция және қазақтар» атты мақаласы жарияланды. Онда Алаш қозғалысының бастау көздері, Алаш автономиясын жариялау мен оның үкіметін құрудағы себептер ашып көрсетілді. Алашорданың құрылуын 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жеңісі әкелген анархияға қарсы тосқауыл болған еді деп бағалады. Мұны Байтұрсынов қазақтар арасында «таптық жіктелудің жоқтығына және жеке меншіктік заттарда белгілі меже болмауына байланысты ... оларға әзірше социалистік қоғамға деген қажеттіліктің жоқтығымен» түсіндірді. Байтұрсыновтың мақаласы жарияланысымен және сол «Жизнь национальностей» апталығында Сейфуллиннің «Манап Шамиль» деген бүркеншік атпен «Қырғыз интеллигенциясы туралы» атты мақаласы жарық көрді. Өз тағдырын, сан қырлы қоғамдық және шығармашылық қызметін социализм мен коммунизм идеяларымен тығыз байланыстырған ақын бұл мақаласында Алаш қозғалысы жалпы алғанда қазақ халқының мақсат-мүддесіне жат құбылыс деген ойдың ұшығын аңғартады. 20-жылдардың басынан Қазақстанның мерзімді баспасөзінде Алаш қозғалысы туралы белгілі бір дәрежеде пікірталас орын алды. Бұл пікірталас «Ш.» деген лақап есімімен жасырынған автордың «Шығыс Киргизиядағы (Қазақстандағы) революциялық қозғалыстың тарихына» («Степная правда», Орынбор1922, 26–27 шілде), Ә.Байділдиннің «Шығыс Киргизиядағы революциялық қозғалыс жөнінде», А.Кенжиннің «Киргизиядағы революциялық қозғалыс» атты мақалаларын жатқызуға болады. Байділдин мен Кенжин Алашорда тарихын біржақты жамандауға қарсы шықты. 1925 жылы Қазақстанды басқаруға Ф.Голощекин келгеннен кейін Алаш қозғалысына қатысқан адамдарды саяси қудалаумен қатар, ол қозғалыстың тарихын бұрмалау да басталды. 1926 жылы 25–30 қарашада өткен БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің ІІ пленумы республикалық партия ұйымдарын «Алашорда идеологиясына қарсы күресті күшейтуге» шақырды. Жекелеген зерттеушісымақтарға Алашорданың «контрреволюциялық ұлтшылдық мәнін» әшкерелейтін еңбектер жазуға арнайы тапсырмалар берілді. Осындай тапсырмамен жазылған еңбектің бірі А.К.Бочаговтың 1927 ж. Қызылордада жарық көрген (орыс тілінде) «Алашорда» атты кітапшасы еді. Автор кейбір дұрыс пікірлер айтқанына қарамастан, жалпы алғанда Алашорданы жамандап, оның тарихының әр түрлі кезеңдері мен қызметіне әділ баға бере алмады. Арнайы тапсырмамен дайындалған екінші еңбек 1929 ж. Н.Мартыненконың құрастыруымен Қызылордада жарық көрген «Алашорда» атты құжаттар жинағы еді. Кітап сол кездегі Қазақстан үкіметінің басшысы О.Исаевтың редакциясымен шықты. Жинақтың алғы сөзінде және оған енген құжаттарға берілген құрастырушының түсініктемелерінде комм. идеология мен таптық принцип тұрғысынан Алаш қозғалысы теріс бағаланғанына қарамастан, онда жарияланған деректер Алаш тарихының жекелеген кезеңдері мен оның қызметі туралы нақтылы мәліметтер береді. 1935 ж. БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті жанындағы партия тарихы институтының қызметкерлері С.Брайнин мен Ш.Шафиро «Алашорда тарихының очерктері» деген кітап жариялады. Авторлар Алаш қозғалысының жетекшілері мен оған қатынасушыларды орыс патшалығы мен Уақытша үкіметтің қолшоқпарлары, қазақ халқының қас жаулары деп бағалап, Алашордаға ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі деген анықтама берді. Осыған қарамастан кітаптың негізгі мәтініне қосымша ретінде Алаш қозғалысының тарихы жөнінде берілген құжаттар тізбегі ойлы оқырманның осы тарихтан шындыққа сай мәліметтер алуына көмектесті. 1930–1932 ж. әміршіл-әкімшіл жүйе ұйымдастырған сот процестерінің үкімі бойынша бұрынғы Алаш қозғалысы белсенділерінің басым бөлігі сотталды. Одан елге оралғандары «халық жаулары» деген айыппен 1937–1938 ж. атылып кетті. Сол 30-жылдардың ортасынан 80-жылдардың соңына дейін отандық тарихнамада Алаш қозғалысына байланысты зерттеулер жүргізілген жоқ. 20 ғасырдың бас кезіндегі Ресейдегі қоғамдық-саяси өмір тарихы, оның ішінде Алаш қозғалысының да мәселелері жөнінде шет елдерге эмиграцияға кеткен ресейлік, ортаазиялық, қазақстандық және кавказдық халықтардың, сол сияқты шет елдерде өмір сүріп, қызмет істеп жүрген отандастарымыздың еңбектерінде молынан кездеседі (А.Ф.КеренскийМ.Шоқай, З.У.Тоған, А.Авторханов, Х.Оралтай, т.б. еңбектерінде). ҚР өз тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан кейінгі кезеңде зерттеуге ондаған жылдар тыйым салынған Алаш тақырыбы жөнінде тарихи шындықты қалпына келтіруге бағытталған талпыныстар жасалды. 1989 жылы шілдеде Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы институты «Алашорда: пайда болуының, қызметі мен күйреуінің тарихы» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырды. Пікірталасқа қатысушылардың ойлары көп жағдайда әр қилы болғанына қарамастан, басқосу жаңа тарихи кезеңде бұл тақырыптың бірінші кезекте зерттелуі қажет мәселелерінің басын ашуда оңды рөл атқарды. Алаш қозғалысына жаңа көзқарас қалыптастыруда соны пікірлер айтып, дәлелді тұжырымдар жасауда М.ҚойгелдиевТ.Омарбеков белсенділік көрсетті. Кейін Алаштану мәселелері жекелеген моногр. зерттеулерге арқау болды. 19941995 ж. осы тақырыпқа арналған К.НұрпейісовтіңҚойгелдиевтің монография еңбектері жарық көрді.[1]



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.00.2021
1278
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі