Алаштың ұлы ақыны – Абай

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаштың ұлы ақыны – Абай

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаштың ұлы ақыны – Абай

Абай Құнанбаев – ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ сөз өнерін жаңа биікке көтерген ұлы тұлға.

Абай жасынан зерек болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның құлағына құйып айтқан қызықты ертегілерін, мән-мазмұнға бай өлең-жырларын бойына сіңіріп өскен. Анасы Ұлжан ақындықтан алыс емес еді. Ол да аз да болсын өлең шығарып, ән салатын дейді. Әкесі Құнанбай – ел ішінде беделді, ойшыл, сөзге шешен әділ би болған деседі.

«Осындай бір төл әдебиетіміздің іргетасын қалаушы Абай Құнанбаевтың, жастайынан әжесі Зеренің тәрбиесімен өскен қарапайым ғана баланың кейін қазақтың ұлы ақынына айналуына неткен күш себеп болды екен?» - деген ой мені Абайдың сырға толы жыр әлеміне жетеледі. Оның жауабын мен Абай өлеңдерін оқи отырып түсіндім. Ұлы ақыннан қалған мұра сан жағынан аса мол болмағанымен, көркемдік пішіні мен мазмұн байлығы жөнінен қазақ әдебиетін бұрын соңды болмаған шыңға көтерді. Сондықтан да, Абайды қазақтың дара, дана ақыны, қазақ әдебиетінің классигі, данышпан ойшылы деп ардақ тұтамыз. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Халқының келешегін ойлап егілген, сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың мына бізге, жас ұрпаққа айтар ақылы да аз болмаған. Абай атамыздың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі – табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Оны әлемнің небір классик ақындары жырға қосқан. Алайда, Абай атамыз табиғатты өзінше жырлаған. Оның өлеңдерін оқи отырып, сөзбен жеткізе алмайтын ерекше бір сезімге ие боласың. Абайдың ең асыл қасиеттері – шыншылдығы, турашылдығы, сезімталдығы екеніне көз жеткізуге болады. Осы асыл қасиеттері негізінде ол өзінің «Қара сөздерін» кейінгі ұрпаққа жазып қалдырған. «Абайдың қара сөздері» - оның өмірінің соңғы жылдары жазылған пәлсалалық шығармасы. Бұл жазылған шығармасын – сыншылдық, ойшылдық, көбіне адамгершілік мәселелеріне арналған өсиет толғау деуімізге болады. Оның «Қара сөздері» - біз үшін қандай құнды, бағалы болса, әлемдік өркениетте де, дәл осындай өзіндік орны бар қайталанбас мұралардың бірі.

Абай ғажайып тұлға, алаштың ұлы ақыны. Оның әрбір сөзі даналыққа толы. Қазақ жеріндегі ең биік шың – Хан Тәңірі болса, қазақ поэзиясының ең биік шыңы – Абай! Абай – жарқыраған күн секілді. Әрбір алаш баласының жүрегіне өзінің «өлең» атты нұрын сеуіп, сол арқылы өнер білімге үндейді.

Абай атам – дара тұлғам, абызым,

Абай атам – менің Темірқазығым.

Көкірегімді кемелдікке кенелтіп,

Жүрегіме түсіреді жарығын!

Қараңғылық түнектерін түруге,

Ұмтылдырды ол өркениетке, білімге.

Мен әлемге қазақпын деп мақтанып,

Жыр толғаймын Ұлы Абай тілінде! – деген ақын Болат Үсенбаевтың өлең жолдарындағы ойы – дәлме – дәл менің ойыммен ұштасады.

« . . . Шын хакім сөзің асыл – баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» - дегендей Абайдың асыл сөздері күллі адамзаттың рухани қазынасына айналған. «Арттағыға сөзің мен ісің қалса, Өлсең де өлмегенмен боласың тең» - деп, Абай атамыз айтқандай, алаштың ұлы ақынының қаламынан туған қанатты жырлар халқымен бірге мәңгі жасайды!





КММ «№17 ЖББОМ-тің »

7 А сынып оқушысы Штеер Эрика

Пән мұғалімі: Альжанова Танагул Жанайдаровна


Қарағанды қаласы

Октябрь ауданы

Восток -2, 10/2

КММ «№17 ЖББОМ»

Индекс 100029

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
328
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі