Алдыңғы және артқы бойларды өңдеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алдыңғы және артқы бойларды өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Алдыңғы және артқы бойларды өңдеу Мақсаты: Оқушыларға бұйымның алғашқы өңдеуін үйрету, киімнің бөлшектерін өңдеуде оқушылардың ісмерлігін, шеберлігін арттыру , бұйым бөліктерін өңдеу барысында тәжірибе жүзінде көрсету. Тәжірибиелік сабаққа керекті құрал жабдықдар, материалдар: Нұсқаулық карта №32, лекало, негізгі бұйым, мата, флизелин, тігін машинасы, үтік, ине-жіп, түйреуіштер, бор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ 7

Пәні: КМ2.ОН2.2 Бұйымның бөлшектері мен тораптарын түйіндік өңдеу бойынша операцияларын орындау.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Алдыңғы және артқы бойларды өңдеу


Мақсаты: Оқушыларға бұйымның алғашқы өңдеуін үйрету, киімнің бөлшектерін өңдеуде оқушылардың ісмерлігін, шеберлігін арттыру , бұйым бөліктерін өңдеу барысында тәжірибе жүзінде көрсету.

Тәжірибиелік сабаққа керекті құрал жабдықдар, материалдар:

Нұсқаулық карта №32, лекало, негізгі бұйым, мата, флизелин, тігін машинасы, үтік, ине-жіп, түйреуіштер, бор.


Сабақ барысы:

Қымтаулы тігіс(бүкпе) түрлері


Таңдалған модельдің техникалық эскизі

Бұйым бөліктері



1Shape1

А

-сурет
  • Арқадағы үстіңгі қымтаулы тігістер


Shape2

Б


  • Алдындағы үстіңгі қымтаулы тігістер


Shape3

С


  • Мықын сызығынан басталған қымтаулы тігіс

АShape7 Shape6 Shape5 Shape4

С

Б

лдыңғы бой(3-сурет)


Арқты бой(2-сурет)

Shape9 Shape11 Shape10 Shape8

А

С Алдындағы үстіңгі қымтаулы тігістер

БShape13 Shape12

С

ұйымның астыңғы белдемшесі(4-сурет)



1. Көйлекті-блузкалы (әйелдердің жеңіл киімі) киімдер ассортиментін дайындау кезіндегі қымтаулы тігістерді өңдеу ерекшеліктері.

1. Қымтаулы тігістер қ и ы л м а й д ы .

2. Қымтаулы тігістерді қ о с ы м ш а ж о л а қ т а р - с ы з қайымдайды.

3. Мақта-маталы киім-кешектерде қымтаулы тігістер өңдеу барысында үтіктелмейді, тек керек жағын жабады немесе төсейді, ал үтіктеу жұмыстарын барлық киім- кешекті ЫЖӨ кезінде ғана жүргізеді.

4. Қымтаулы тігістердің аяғын бекітудің орнына бұрыштағы жіп аяғын түйеді.

5. Егер қымтаулы тігісті бастыратын (немесе айырып тіксе) болса, онда қымтаулы тігіс аяғына әрлеу тігіс жолағын бекітпесіз жасайды (бұл сырт киімге де қолданылатын ереже). Әрлеу тігіс жолағының аяғын теріс жағына шығарады, байлайды.Тілікшелер — қымтулы тігіс пен киімді әрлеу элементінің бір түрі. Тілікшелер көкірекшеде, белдемшеде және жеңде болуы мүмкін (1 сур) – модельге байланысты.

Киім-кешекті әрлеу және оған адам денесіне сәйкес пішін беру үшін негізгі бөлікке (алдына, арқасына, жеңіне, белдемше еніне, шалбар бөліктеріне) қымтаулы тігістер жүргізіледі. Қымтаулы тігістің айырығы мен саны модель үлгісіне, пішін ерекшелігіне және киім-кешектің пішінге үйлесуіне байланысты.

1. Орналасуына қарай бөлінеді: үстіңгі қымтаулы тігістер, мықын сызығынан бастап орналасқан, және шынтақ маңында (жіңішке жеңдерде) орналасқан қымтаулы тігістер.

Арқадағы үстіңгі қымтаулы тігістер (сур.2 А) киім-кешекке жауырынның шығып тұру пішінін береді; иық қиығы сызығынан немесе мойындық қиығынан басталады .

Алдындағы үстіңгі қымтаулы тігістер киім-кешекке кеуденің шығыңқы пішінін беру үшін қолданылады. Оларды иық қиығынан, мойындықтан, бүйір қиығынан (3.сур. Б) және жең ойығынан, т.б. бастап орнатады. Кеуденің шығыңқылығын беретін қымтаулы тігіс кеуденің ортасына қарай бағытталуы керек.

Мықын сызығынан басталған қымтаулы тігіс мықынның қонымдылығын арттырады. Олар тұтас бөлікке орналасуы мүмкін, (2,3,4 сур. С) – алдыңғы (орталық) қымтаулы тігістер немесе жең ойығы қиындысынан бастап (2,3,4 сур. С) – бүйір қымтаулы тігістері. Бел киім-кешектерінде қымтаулы тігістер мықын аумағының қонымдылығын тудырады; оларды үстіңгі қиықтан бастап орнатады (4 сур).

Қымтаулы тігістерді жасауға қойылатын талаптар:

1) Киім-кешекке симметриялы орналасуы;

2) Қосымша әдіптердің тығыз жатуы;

3) Қымтаулы тігістер ұшында олқылықтың болмауы;

4) Тігіс жолағы аяғында бекітпелердің болуы.
















Тапсырма №1: Алдыңғы және арқты бой қымтымаларын алдын ала өңдеу.


Тапсырманың орындалу тәртібі:


Операция және оны орындаудың техникалық шарттары


Сурет

1. Қиықтан басталатын тіліксіз қымтаулы тігістерді өңдеу

1.1. Қымтаулы тігістерді өлшеу

Қымтаулы тігістерді теріс жағынан үш сызықпен белгілейді:

1 — қымтаулы тігісті ортасы;

2 —қымтаулы тігістің бүйір жағы;

3 — қымтаулы тігіс ұзындығын шектейтін сызық


1.2. Тіліксіз қымтаулы тігістерді көктеу және қайымдау

Ортаңғы сызық 1 бойынша бөлікті бүктейді, бүйір сызығы бойынша көктейді (және қайымдайды) 2, шектейтін сызықта тігіс жолағын қатаң түрде бітіреді 3. Көктеу қымтаулы тігістің неғұрлым қиғаштау жағынан жүреді. Тік көктеу инешаншымының ұзындығы 1-1,5 см.

Бөліктің қиығынан бүйір сызығы бойынша қайымдайды. Тігіс жолағының басында және соңында бекітпе болуы керек.

Жұқа маталарда қымтаулы тігістің аяғына бекітпе қойылмайды, жіп соңын түйінмен бекітеді.

1.3. Материалдың қосымша жолағы бар қымтаулы тігісті қайымдау

Сырт киімдерде қымтаулы тігістер зығыр, мақта- маталардан немесе мата емес материалдардан пішілген қосымша жолақтармен қайымдалуы мүмкін. Жолақ ені 2,5-3,5 см, ұзындығы қымтаулы тігістен 1,5-2 см ұзынырақ болуы мүмкін (а сур). Қымтаулы тігістерді қайымдағанда тігіс жолағы астынан материал жолағын ортасы қымтаулы тігісті қайымдаған қайым тігіс жолаққа дәл келетіндей төсейді. Жолақ

қымтаулы тігістің бүкіл ұзына бойына не оның аяғына ғана орнатылуы мүмкін. Тігіс жолағы аяғында жолақты айырады, қосымша әдіпті екі жаққа жатқызады (б сур.).


1.4. Қымтаулы тігісті ЫЖӨ

ЫЖӨ алдында қымтаулы тігістің көктеулерін сөгеді. Қымтаулы тігісті аяғында олқы тұсын жия отырып, қайыра не айыра үтіктейді (ортаңғы сызығын қымтаулы тігістің қайым тігісімен беттестіреді) (а сур.).

Қосымша жолақты қымтаулы тігісті өңдегенде егер жолақ қымтаулы тігістің аяғына қайымдалған болса, қосымша әдіпті айыра үтіктейді. Бір уақытта қымтаулы тігістің аяғында олқы тұсын жия отырып (сур. б), қымтаулы тігістің қосымша әдібі мен материал жолағын әр жаққа бағыттайды және үтікпен жатқызады



Үй тапсырмасы:

1.Алдыңғы және артқы бойларды өңдеу технологиялық картасын жасау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Киім-кешекті әрлеу және оған адам денесіне сәйкес пішін беру үшін негізгі бөлікке (алдына, арқасына, жеңіне, белдемше еніне, шалбар бөліктеріне) қандай тігістер жүргізіледі?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2024
428
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі