Әлем әдебиеті курс бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлем әдебиеті курс бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлем әдебиетіне арналған бағдарлама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат

Мыңжылдықтар бойы дамып келе жатқан әлемдік әдебиеттің көркемдік және тарихи-мәдени қызығушылық туғызатыны еш күмән келтірмейді. Адамзат дамуындағы тарихи және мәдени үрдістердің қарым-қатынасы бірегейлік ретінде қалыптасқан әлемдік мәтіннің өзімен беріледі, ол «әлемдік әдебиет» түсінігімен берілген. Қазақ және әлем халқы ғасырлар бойы мәдени, әдеби кеңістікте айырықша тығыз байланыста өмір сүріп келеді. Бұл үдеріс әр дәуірде әртүрлі сипат алды, мысалы кеңестік заманда коммунистік идеологияның, социалистік реализмнің қағидалары негізінде қалыптасты, сонымен қатар әдеби аудармалар да гуманистік бағыттағы шығармалардың аударылуымен сипатталды. Осыған сәйкес әлем әдебиетінің қазақ тіліне аударылуы, сонымен қатар қазақ әдебиетінің әлем тілдеріне аударылуы – қазақ және әлем әдебиетінің байланыстарын көрсетеді. Әр ұлттың әдебиеті даму өзге ел әдебиеттерімен қарым-қатынасқа түседі. Олардың арасында мазмұндық, пішіндік ауыс-түйістер болып жатады. Көп жағдайда бұл факторлар әдебиеттің дамуына оң әсер етеді. Сондықтан бір әдебиеттің басқа әдебиеттермен араласуға ынтықтығын, құлшынысын әдебиетшілер қолдап, қолпаштап отырған.

Элективтік курстың жалпы жылдық жүктемесі, барлығы : 34 сағат, аптасына 1 сағат.

Қысқаша мазмұны: Әлем әдебиетінің тарихы, ортағасырлық қайта өрлеу дәуірі әдебиеті; халық шығармашылығы, өрлеу дәуір әдебиетіндегі адамгершілік арна; 18-19, 20 ғасырдағы шетел әдебиеті.

Мақсаты: Әлем әдебиетінің әдебиетін оқытудың мақсаты шетел әдебиетінің

озық үлгілері арқылы әлем әдебиетінің тарихи, саяси даму кезеңдерінде пайда болған жанрлармен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Әлем әдебиетінің тарихы,антикалық дәуір әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиетінің маңызы, ортағасырлық қайта өрлеу дәуірі әдебиеті, халық шығармашылығы туралы білуі керек.

Игеру керек: Әлем әдебиетінің тарихы туралы ғылыми танымын қалыптастырады, теориялық талдауға үйренеді.











Курстың күнтізбелік жүйесі


Мазмұны

Сағат саны

Сыныпта жүргізілетін жұмыс түрі

Мерзімі

1

Кіріспе.

2

Әлем әдебиетінің тарихымен танысу


2

Антика дәуір әдебиеті. Антика драмасы, алғашқы театрлар. Трагедия, комедия.


2

антикалық әдебиеттің көркем түрлерінің шолу жасау (грек және рим әдебиетінде сол кездің өзінде-ақ жаңа заман әдебиетінің барлық жанрлары болған; олардың көбі әлі күнге дейін антик атауларын сақтаған, мысалы: лирика, эпос, поэма, драма, трагедия, комедия, роман)


3

Классикалық дәуірге дейін әдебиет, б.э.д. 1мың жылды қамтиды. VI б.з.д. батырла жайлы поэмалар жазылған. (Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмалары)

2

Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмалары(топтық және жұптық жұмыс)


4

Элегия мен ямб жанрлары

2


Презентация қорғайды (жұптық жұмыс)


6

Алғашқы драманың пайда болуы

2

Дәріс сабақ


7

Қайта өрлеу дәуірі әдебиетінің ерекшеліктері


2

Дәріс сабақ


8

Франциядағы Қайта өрлеу әдебиеті

2

Дәріс,талдау


9

Англиядағы Қайта өрлеу әдебиеті

2

Дәріс, талдау


10

Робин Гуд туралы халық балладалары

2

Дәріс, жұптық жұмыс


11

Уильям Шекспир

2

Шығармаларымен таныстыру


12

20 ғасырдағы шетел әдебиеті

2

Ақпаратпен жұмыс


13

Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті

2

Өз бетімен ізденіс, топтық жұмыс


14

Әлем әдебиетіндегі және қазақ әдебиетіндегі дәстүр көрінісі

2

Дәріс


15

Шығармашылық-ізденіс жұмысы

2

Шығарма жазу


16

Очерк жанрының тілдік-стильдік ерекшеліктері

1

Дәріс


17

Әдеби-теориялық талдау жұмысы

1

Талдау


18

Жоба қорғау

2

Жоба қорғау
























Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ж. Т. Қобланов ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ Оқулық, Алматы 2011

  2. https://stud.kz/prezentatsiya/id/35726

  3. https://stud.kz/referat/show/97433

  4. «БІЛІМ БЕРУДЕГІ 4К МОДЕЛІ: ТЕОРИЯ МЕН ӘДІСТЕМЕ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция МАТЕРИАЛДАРЫ Алматы 2020

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2023
1256
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі