Материалдар / Әлемге танымал "Ұлытау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлемге танымал "Ұлытау"

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпта өткізілген сабақтың жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2023
477
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: 8 бөлім. Музыка. Қазақтың киелі домбырасы І Жансүгіров «Күйші» поэмасы

Күні : 27.01.23

Педагогтің аты-жөні:Жумагельдинова Улбосын Тлеужановна

Сынып: 7 «Б»

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Әлемге танымал «Ұлытау» 1 сабақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

7.3.4.1 мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау;

7.4.3.1 жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу

Сабақтың мақсаты :

мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасайды,

жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазады

ЕБҚ үшін

мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасайды,

жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгейі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


«Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Сенім аралы»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Оқушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын ұстайды. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.

Үй жұмысын тексеру


Сабақтың тақырыбын, мазмұнын болжайды.








Қолпаштау



Слайд

Сабақтың ортасы






























1.Сөздікпен жұмыс.

Тыңдарман-слушатель

Дәріптеу-восхвалять

Батылдық-смелость

Ұйытқу-трепетать

Аңқу- пахнуть

Жылқылардың желісі-скачка коней

Қатал жүзді-суровое лицо

Үйлестіру-сочетать, гармония

Елестеу-мерещится

Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады.


2. Тыңдалым.Оқылым.Айтылым «Ыстық орындық» әдісі

1-тапсырма

Сұрақтарға жауап бер

1.Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер? 2. Қазақтың ұлттық саз аспаптарын ата? 3. Қандай атақты күйшілерді білесің? 4. Қазақтың ән өнері туралы не білесің ?



ЕБҚ барлық оқушылармен топтасып, тапсырманы орындайды


3-тапсырма

Қазақтың «Ұлытау» этно-рок тобы 2001 жылы құрылды. Топтың мақсаты – бүкіл әлемде тыңдармандарды халық шығармаларының сұлулығы мен қазақ халқының мәдениетімен таныстыру, сонымен қатар өскелең жас ұрпаққа домбыраның қадір-қасиетін дәріптеу. «Ұлытау» тобы – отандық және әлемдік заманауи инструменталды музыка саласындағы жаңалық, топ музыканттары Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Н.Тілендиев, Бах, Вивальди, Паганини сияқты композиторлардың шығармаларын ерекше құлшыныспен орындайды.«Ұлытау» тобының мүшелері әлем классиктерінің таңдамалы шығармалары мен қазақ классиктерінің туындыларына бірдей қызығушылық танытып келеді, түрлі тақырыптағы, түрлі дыбыстық ерекшеліктері бар туындыларды орындайды. Олардан дала желінің ұйытқуы, күн көзіне күйген шөптің иісі аңқиды, тәкаппар, сәнді жылқылардың желісі байқалады, қатал жүзді ақсақалдар мен әдет ғұрыптардың арбаушы сиқыры елестейді. Бұл өнерді «World Music» деп те атауға болады.
«Ұлытаудағы» электргитараның асқан шеберлі ұйқастары Ричи Блэкмордың ұқсас экзерсистерін еріксіз еске түсіреді, ал динамикалық және жуан дыбысының ырылдауы – Роджер Гловерді елестетеді. Музыканттар скрипканың нәзік үні мен төл дыбысымен ерекшеленетін қара домбыраның үнін ауыр роктың, блюздің жайландыратын нью-эйдждің «мәдениетімен» тамаша үйлестіреді.


Тыңдалым

Айтылым.
Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады.








Тыңдалым

Оқылым

Айтылым









Сұрақтарға жауап береді














Мәтінмен жұмыс


3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықта


4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып, мәтін бойынша түсінгенің жаз –
1 «Ұлытау» этно-рок тобының құрылған жылы –
2 Топтың мақсаты –
3 «Ұлытау тобының орындайтын шығармаларының авторы –
4 «Ұлытау» тобы мүшелерінің қызығатын тақырыптары:
5 «Ұлытау» тобындағы аспаптар:


6- тапсырма

Мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айт.

Пікір. Қазақтың «Ұлытау» этно-рок тобы- жанашыл топ.

Дәлел. Топ қазақтың қара домбырасын әлемге танымал етті.

Мысал. Түрлі тақырыптағы, түрлі дыбыстың ерекшеліктері бар туындыларды орындайды.

Қорытынды. «Ұлытау» тобы – қара домбыра мен скрипканың үнін үйлестіре білген топ.


















Дескриптор:

- сұрақтарға жауап береді



Өзара бағалау: «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын»
















Дескриптор:

- сөйлемдерді қазақ тіліне аударып жазады





Өзара бағалау



Оқулық сөздік

слайд






































суреттер





Сабақтың соңы


Үй тапсырмасын беру : 7 –тапсырма,43- бет

Мазмұндау,сөздік жаттау 42- бет


Кері байланыс

«Үш шапалақ».

Сабақтың тақырыбың түсінбегендер 1 шапалақ.

Сабақтың тақырыбың жартылай түсінгендер 2 шапалақ.

Сабақтың тақырыбың толық түсінгендер 3 шапалақ.


Бағалау

Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!