Материалдар / Әлеуметтендірудің тиімді жолдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, әлеуетін арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтендірудің тиімді жолдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, әлеуетін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың әлеуетін көтеру үшін сынып жетекшіге көмек-баяндама. Мақсаты оқушылардың әлеуетін көтеріп, жеке тұлғаны қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2021
403
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама тақырыбы: Әлеуметтендірудің тиімді жолдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, әлеуетін арттыру

Әлеуметтендіру” ұғымы алғашқы рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастаған. Жас ұрпақтың әлеуметтенуі дегеніміз – жас, өсіп келе жатқан әрбір баланың басқалармен қарым –қатынас және іс-әрекет барысында өзі өмір сүріп отырған қоғамда қабылданып, тұрақтанған адамгершілік сапалары мен мінез-құлық нормаларын, тәртіп ережелері мен құндылықтарды өз бойына сіңіріп, әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қалыптасуы, өмірге бейімделуі.

Жас ұрпақтың жан-жақты дамуын, олардың бойында қоғамдық талаптар алдындағы жауапкершілігін, білім алуға, ғылымға,техникаға, өнерге ұмтылысын, ұлттық дәстүрге деген құштарлық сезімін қалыптастыру арқылы қоғамдық өмірге даярлау біздің басты міндетіміз екені айтпаса да түсінікті. Бұл дегеніміз өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тәлім –тәрбие бере отырып, оларды әлеуметтендірудің, яғни әрбір жас ұрпақты мақсатты бағытта тәрбиелеп, қоғамдық өмірге қосу үшін үздіксіз жұмыс істеу дегенді білдіреді. Жас ұрпақтың әлеуметтенуі, бір жағынан ол өмір сүріп отырған қоғамдағы әр түрлі сипаттағы факторлар мен әртүрлі өмірлік жағдаяттардың ықпалымен әсер етудің қарқынды жолымен қалыптасса, екіншіден, мақсатты тәлім –тәрбиелік жұмыстар арқылы адамгершілігі жоғары азамат, қоғамдық талапқа сай, біліктілігі сан қырлы маман ретінде қалыптасуы жүзеге асырылады. Жеке тұлғаны әлеуметтендіруді екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі - әлеуметтік бейімделу, яғни жеке тұлғаның өмір сүретін ортасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға, әлеуметтік нормаларға, әлеуметтік ұйымдар сияқты әр түрлі деңгейде құрылған қоғамға бейімделу. Екіншісі – адамдардың жан -дүниесіне әлеуметтік нормалар мен құндылықтар тағы басқа компоненттер жеке тұлғаның ішкі жан -дүниесіне тәжірибелердің жетілу нәтижесінде ауысады. Жеке тұлға әлеуметтік ортаға өз бетінше өмір сүре алатын тұлға ретінде енеді.

Тұлғаның әлеуетін қалыптастырып, жеке тұлға болуына тәрбиенің берілетін 8 бағытының рөлі өте зор. Олардың қатарына: Қазақстандық патриотизм және   азаматтық, құқықтық тәрбие, Рухани , Ұлттық тәрбие, Отбасы тәрбиесі, Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие, Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты жататыны барлығымыз білеміз. Тұлғаның әлеуметтік ортаға бейімделуі үшін осы бағыттарды біріктіріп, ықшамдап: 1. Қазақстандық патриотизм және   азаматтық, құқықтық тәрбиені - Бәсекеге қабілеттілік. 2. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие - Болашақ маман 3. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты- Денсаулық, 4- Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. –Жауапкершілік, Сенімділік.

Қыркүйек айында оқушылардың пандемиядан кейін мектепке оралған кездегі психологиялық ой-өрісінің мүлдем өзгергенін баршамыз жақсы білеміз. Бұл жерде интернет желісінің, ұялы телефонның, Батыстан келіп жатқан түрлі ағымдардың әсері екі жылға жауық уақытта балаларды қандай деңгейге жеткізгендігіне барлығымыз куә болдық. Оқу жылының басында осыған орай сыныптан сауалнама жүргізілді. Сауалнама сұрақтары балалардың қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға көзқарасы, болашаққа көзқарасы, мамандық, адамгершілік-рухани бағыттағы сұрақтардан тұрды. Осы сауалнама нәтижесі көрсеткен мәселелер негізге алынып, тәрбие жоспары құрылды. Осы орайда әлеуметтендірудің төмендегідей бағыттары басшылыққа алынды. . Олар:

1. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие . Басқа адамдарды құрметтеу, олардың кәсібіне, еңбегінің нәтижесіне,қоғамдық өндірісте алатын орнына қарамай құрметтеуге баулу. Алысқа бармай-ақ күнделікті лицейімізден –ақ мысалдар келтіріп отыруға болады. Мысалы: лицейіміздегі қамту қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығы, адамның жас мөлшеріне қарамай атқарып жатқан қызметінің күрделілігін (біреудің анасы, апасы екенін),сол істелген жұмысқа біздің қосар үлесіміздің рөлі бар екенін түсіндіру жеткілікті. Сынып жетекшілік ететін 9-«А» сыныбында 11 ұл бала оқиды. Сол балалар аптаның әр күніне 2 баладан бөлініп, сабақ соңында сыныпты реттеу, қоқыс төгу, су шелектерді тазалау жұмысын жүргізеді. Ал қыз балалар болса күн сайын асхана кезекшілігі мен айына бір рет сыныпты тазалау жұмыстарын жүргізіп отырады.

2. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі . Әр бала қоғамда өз орнын алуы үшін өмірлік мақсат пен маңыздылықты сезінуі. Мақсатты саналы түрде қойып, маңыздылықты қабылдай алатын бала бүгінгі өмірде болып жатқан түрлі жат істерге ілеспейді. Бұл жерде тағы да тәжірибеге сүйенуге болады. Сыныпта үлкен жетістіктерге жетіп жүрген оқушыларды марапаттау, сынып алдындағы беделін көтеру, барып қатысып орын алып келген жетістігі туралы сыныптастарына баяндату, сұхбаттасу арқылы әркімді алдына мақсат қоя білуге, адамның істегенін өзге адам да істей алатындығына көз жеткізу. Сыныпта Болатов Бексұлтан, Рамазанова Аружан сияқты оқушылар халықаралық, республикалық деңгейдегі биіктікті бағындырған оқушы жетістігі сынып сағаттарында таныстырылып отырады.

3. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты деген ұғымдардың астарын толықтай түсінуі. Оқушылар адам денсаулығына электронды темекі, энергетикалық сусындардың т.б. зиян екенін біледі, түсінеді бірақ түпкі нәтижесіне мән бермейді. Осы орайда сынып сағаттарында бұлардың зиянды екенін түсіндіретін жаттанды роликтерді көрсетпей, керісінше баланың санасына үлкен ой салатын қысқаметражды видоларды көрсету (жас ерекшелігіне қарай )тиімді деп айтар едім. Мысалы: параолипиадашыладың жеңістері, балалары өте ауыр дертке ұшыраған ата-ананың көмек сұраған жанайқайы бейнеленген видеолар зор әсерін береді. Өздерінде бар денсаулықтың құнын бағаламай, ал біреудің соған қолы жетпей жүргенін сезінгенде саналы түрде бас тартады деп айтар едім.

4. Азаматтық, құқықтық тәрбие Оқушы әлеуетін арттырудың тағы бір жолы - дұрыс кәсіптік бағдар беру. Әрбір сынып сағаттарында табысты болудың жолдары, бүгінгі күндегі өз мамандығы арқылытабысқа жеткен табысты мамандардың жетістігін дәріптеу, әр мамандықтың тек өзіне ғана емес, қоғамда алатын орына да мән беру керектігін түсіндіруді басты назарда ұстау. Бұл орайда арнайы презентациялар, видеофильмдермен қоса оқу орындарына саяхат жасаудың да маңызы өте зор екенін білеміз. Сонымен қатар табысты адамдардың естеліктерін оқу да ізгі істердің бірі деп айтуға болады.

5. Оқушынының әлеуетін арттырудың тағы бір жолы сыныпта сенімділік қарым-қатынасты қалыптастыру. Сенімділікті қалыптастыруды сынып жетекші өзінен бастауы тиіс. Егер мұғалім өз оқушысына қандай да бір уәде берсе міндетті түрде орындауы керек. Сондай-ақ оқушыға барынша құрмет пен талап қоя білгенде барлық ескертулар қабылданады. Сонымен қатар сыныпта жекелей оқушымен сенімділік қатынас құрып, сыныпта болып жатқан кейбір артық ақпараттан хабар алу- күрделі мәселенің алдын алады. Бұл жерде сенім артқан адамыңыз өз іс –әрекетін сатқындық деп қабылдамай, оның сыныптасы үшін жасалып жатқан ізгі іс екенін саналы түрде ұғына білу керек. Сондай-ақ ата-анамен тығыз қатынас та өз нәтижесін берері сөзсіз. Баланың болар-болмас кемшілігін ата-анаға жеткізу-оқушының сізге деген құрметін, сыйластығын жоғалтады. Сондықтан да асыра сілтеу мен шынайы мәселенің ара жігін ажыратуды басты назарда ұстау керек екенін естен шығармаған жөн.

Сөзімді қорытындылай келе, жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға бейімдеу бағытында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізе аламыз:

Әрбір тұлғаға жан-жақты қолдау болған кезде ғана өз-өзін құрметтей отырып, өз ісіне талдау жасап, өзінің жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайтын болады;

Бала өзінің жақсы жақтарын танып, өз бойындағы адами құндылықтарын оң қалыпты дәрежеде қалыптастырады;

Өзін жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол басқаларға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.

Осы аталған себептердің қатарында әсіресе баланың әлеуметтік-психологиялық қараусыздығы, оларға қоршаған ортаның немқұрайды қатынасы басты орын алады, нәтижесінде шет қалу, өзінің қажет еместігі, қорғансыздығы сияқты сезімдер туындайды. Сондықтан өскелең ұрпақ тәрбиесіне әрқашан жауапкершілікпен қарау керек.

Өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғаның қасиетін дамыту және оны қоғамда толық мәнді өмір сүруге дайындауды тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі ретінде қабылдап, қоғам болып бірге қызмет атқарайық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!