Әлеуметтік желінің адам санасына әсері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әлеуметтік желінің адам санасына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Интернет - бұл күнделікті өмірде ғана емес, кәсіби өмірде де көмектесетін қазіргі заманның ең пайдалы технологиясы. Білім беру мақсатында ақпарат жинау, зерттеу жүргізу немесе күнделікті өмір үшін хабар алмасып, ақпаратпен бөлісу мақсатында қолданылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлеуметтік желінің адам санасына әсері



Интернет - бұл күнделікті өмірде ғана емес, кәсіби өмірде де көмектесетін қазіргі заманның ең пайдалы технологиясы. Білім беру мақсатында ақпарат жинау, зерттеу жүргізу немесе күнделікті өмір үшін хабар алмасып, ақпаратпен бөлісу мақсатында қолданылады. Интернет желісі дүние жүзіндегі көптеген компьютерлерді, смартфондарды біріктіретін және солар арқылы мағлұмат беретін желі. Статистикаға сүйенсек интернет желісін ұялы телефон арқылы 67,1%-дан астам адам пайдаланады. Интернет әлемі сан-алуан, әрі ауқымды. Оның бір бөлігін әлеуметтік желілер құрайды. 2021 жылғы We Are Social және Hootsuite статистикасына сәйкес әлеуметтік желілерді пайданалана отыра хабар алмасып жататын адамдар 4.20 миллиард адамды құрады.

Психологиялық тұрғыдан қарағанда әлеуметтік желілер адам санасына тікелей әсерін тигізе алады. Таң атқаннан күн батқанша смартфон қолдана, мағлұмат тұтынатын адамның ой санасы пішінделеді. Сол себептен, өмірімізде үлкен рөл атқаратын әлеуметтік желілердің қалай әсер ететінін түсіну өте маңызды. Барлық бағыттар мен салалар секілді, әлеуметтік желілердің жақсы мен жаман жақтары бар. Оған дәлел бірнеше психологтардың ғылыми дәлелдемелері.

Алғаш депрессия мен интернетте өткізілетін уақыт арасындағы байланысты 1998 жылы америкалық психолог Роберт Краут ашты. Зерттеулерінде адамдардың Интернетті күнделікті қалай пайдаланатынын және оның оларға және олардың әлеуметтік қарым-қатынастарына қалай әсерететінің баяндады. Краут депрессия мен интернетте өткізілетін уақыт арасындағы байланысты -парадокса деп атады. Парадокса-пайдаланушылардың оқшаулануына әкеледі, ойда жоқ ғажайып болып көрінетін оғаш пікір тудырады.Ирландиялық зерттеушілер айтуынша депрессиядан ең танымал Facebook желісінде шамамен 25% адам зардап шегеді. Оның пайда болуының негізгі себебі - жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі. Мысалы, кибер-буллинг немесе қызғаныш сезімі. Кибер-буллинг- бұл әлеуметтік желілердегі агрессивті немесе қорлайтын пікірлер. Әсіресе, қазіргі жаңа заманда жасөспірімдер қауымында кең таралған. Сол себептен, жазылған посттардың аз лайк жинауы немесе жаман пікірлер есебінің көп болуы депрессияны тудыруы мүмкін. Бұндай әрекет адам бойында ешімге керек болмау әсерін туғызады деген де пікірлер бар.

Әлеуметтік желілерді қолдануда 80% адамдар өздерінің шынайы өмірі туралы сирек айтады, көбіне өздерінің кіршігсіз өмірін көрсетеді. Толығымен посттардан немесе әдемі суреттерден тұратын үйлену тойлары, қуанышты демалыс, жеке адам жетістіктері. Біреудің өмірін күнделікті қараумен өткізетін қолданушылар өз өмірін басқалармен салыстыра бастайды. Британдық зерттеуге сәйкес 62% желі қолданушылары «достар» жазбаларының фонында өз өмірі мен жетістіктерін теріс бағалайды. Ал, неміс ғалымдары 600 студенттен сұхбат жүргізе олардың көңіл-күйімен жағымсыз эмоцияларға достарына деген қызғаныштан туындайтыны анықталды. Өзін басқалармен күнделікті салыстыру өзін-өзі бағалауды әлсіретіп, төмендетеді және басқа адамдардың мінсіз селфилері мен сәтті оқиғаларының фонында пайдаланушыларды өмірден кем сезіндіреді. Адамның өзін кем сезінуі өзіне деген құрметтің төмендеуіне әкеледі, ауыр сезім тудырады. Басқалармен кез келген салыстыру, сын немесе қызғаныш - бұл толыққанды өмірге келуге мүмкіндік бермейтін шектеу.Осындай хальге түскен адамдар проблемаға назар аударып, түсінуге тырысу маңызды. Психологтардың айтуы бойынша , адам өзіне: осы әлеуметтік медианы көру маған қалай әсер етеді? Бұл дамуға жұмылдыра ма, әлде керісінше, мені пассивті үмітсіздікке жетелейді ме? деген сұрақтар қойуы маңызды шешімдердің бірі. Адам өзі туралы нені бағалайтынын ойлап, өзін басқалармен салыстырмас бұрын, өзінің жақсы қырларын көруі маңызды. Өз маңызын білетін адам жетістікке жақын болатыны да фактіге жатады.

Прокрастинация- әлеуметтік желілірдің адам санасына тигізетін тағы бір әсері. Прокрастинация (кейінге қалдыру) - эмоционалды-еріктік сфераның бұзылуы, онда адамдар бір нәрсені аяқтау субъективті түрде мүмкін болмайынша кейінге қалдырады. Әр адам одан бір дәрежеде зардап шегеді, бірақ зерттеулер көрсеткендей, белсенді әлеуметтік желі қолданушылары одан әлдеқайда көп зардап шегеді. Ғылыми әдебиеттерде тіпті арнайы термин пайда болды - «академиялық прокрастинация». Бұл студенттер сессияға ең соңғы сәтте дайындала бастайтын құбылыс. Осындай іс-әрекет нәтижесінде адам жиі стресске ұшырап, мазасыздық кешеді. Көп жағдайларда , адамдар есее келе уақытты жоспарлауға көбірек көңіл бөлу арқылы бұл мәселені жеңуді үйренеді, ал өмірге жаңа қадам жасап жатқан жастарымыз бұл құндылықты түсіне бермейді. Өзін-өзі басқаруды білмейтін адамдар өзін тоқтатып, маңызды істермен айналысуға мәжбүрлей алмайды. Осыған байланысты кейбір Facebook қолданушылары ақыл-ой қабілеттерін төмендететін созылмалы ұйқысыздықты бастан кешіреді. Американдық зерттеушілер жұмысты кейінге қалдыратындардың жұмыссыз қалу ықтималдығы жоғары екенін, аз жалақы алатынын және жалпы өмірге қанағаттанбайтынын анықтады.

Ойлау қаблетіне үлкен әсер ете алатын әлеуметтік желілер адамды өзгерте алады, оның жүйке жүйесін меншіктеп алып, басқара алады. Бұл орайда әр адамға абай болып, әлеуметтік желі немесе толығымен интернет желісі болсын, қолданарда ойланып, ақпараттық сауаттылығын дамыту тиіс. Бұл 21 ғасыр принципі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2023
189
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі