Қатысушы туралы ақпарат
|
Қатысушы оқушының толық аты-жөні |
Ноғайбек Дана Бақытжанқызы |
|
Сыныбы |
7 «Ә» |
|
Мектептің толық атауы |
Түркістан облысы Отырар ауданы «Темір» жом |
|
Ғылыми жетекшісінің толық аты -жөні |
Кенжеғұлова Айнұр Медеубекқызы |
|
Байланыс ақпараты: телефон номері, электронды поштасы |
87057031334 |
Әлеуметтік желінің әлегі
Қазіргі таңда әлеуметтік желі еңбектеген баладан,еңкейген қарттың ермегіне айналды.Әттең әлеуметтік желінің оң әсері басымырақ болғанда,әлекке салынғандар саны аз болар ма еді?
Шыны керек,әр кереметтің екі ұшы болады.Әлеуметтік желінің әрдайым жақсы жағын ғана пайдаланғымыз кеп тұрса да ,ол бізге білдіртпей астыртын әлекке салып жатады.Ғаламтордан бар керегімізді аламыз,іздейміз,табамыз,көмектесеміз,байланысқа шығамыз.Бірақ зардабын да айтып өтпесек болмас.
Қазіргі таңда Google атты өте ауқымды,танымал желі баршамызға таныс.Кейде осы желі болмағанда не істейтін едім деп ойлаймын.Себебі қанша мәліметтің шешуін осы жерден іздеу батырмасын басып тауып аламын.Тіпті аудармашы сайты арқылы сөздерді аударып,жұмысты жеңілдетемін.Қарап тұрсам механизм тым оңай. Осы нәрсеге үйрендім,бірақ ар жағында қалған білім тым таяз.Керек кезде іздедім,таптым,сол кезде-ақ білімнен құр қалдым.Дәл солай жас балалар осыған үйреніп жеңілдің астымен,ауырдың үстімен жүруге дағдыланып,білімнің аяғынан шалады.
Кеше инстаграм әлеуметтік желісіне кіріп отырып, көзім бір посттағы сөзді шалып қалды. «Танысу чаты ашық,виртуалды дос тапқысы келетіндер пікірге өздеріңізді таныстырыңыздар»-деген постты оқып,дос болғысы келетіндердің санының көп екенін көріп аздап біртүрлі боп қалдым.Бірте- бірте шынайылығымызды жоғалтуымыз қынжылтты.Керемет дос болып кетсе де жақсы ғой,кибербуллинг орын алады.Бірін- бірі балағаттап,былапыт сөздер жазып жеке басына нұқсан келтіреді. "Жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады.»Яғни,ғаламтор батырларының ауыр сөзі мен қоқан-лоқысы бейкүнә жандардың суицид жасап,өмірден қоштасуына әсерін тигізеді.Мысалы,Корея елін алып қарайық.Интернет өте тез және жиі пайдаланатын елдер қатарында көш бастайды.Дегенмен әлеуметтік желі оларда қаншама жас таланттардың өмірге деген құлшынысын өлтірді.Солли атты айдолдың өмірі қазақ арасында k-pop жанрының тыңдармандарына таныс.Солли киббербулингтың әсерінен мансабын тастап,арғы өмірдің кемесіне мініп кетті.Тым жас.Қарап тұрсам,пайдасының жарамдылық мерзімі тым қысқа.Ал зияны аз-аздан және үздіксіз,тигізетін залалы өте көп.
Қорыта келе айтарым,желіге 5минут қана кіреміз деп,минуттарды сағаттарға айналдырып алтын уақытымызды ұрлатамыз.Сол үшін әлеуметтік желіге көп уақытымызды арнамайық.Уақыт бізді күтпейді.Әбігерге салынып,әлек болып қалатын өзіміз.Уақытты тиімді пайдаланайық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әлеуметтік желінің әлегі. эссе
Әлеуметтік желінің әлегі. эссе
Қатысушы туралы ақпарат
|
Қатысушы оқушының толық аты-жөні |
Ноғайбек Дана Бақытжанқызы |
|
Сыныбы |
7 «Ә» |
|
Мектептің толық атауы |
Түркістан облысы Отырар ауданы «Темір» жом |
|
Ғылыми жетекшісінің толық аты -жөні |
Кенжеғұлова Айнұр Медеубекқызы |
|
Байланыс ақпараты: телефон номері, электронды поштасы |
87057031334 |
Әлеуметтік желінің әлегі
Қазіргі таңда әлеуметтік желі еңбектеген баладан,еңкейген қарттың ермегіне айналды.Әттең әлеуметтік желінің оң әсері басымырақ болғанда,әлекке салынғандар саны аз болар ма еді?
Шыны керек,әр кереметтің екі ұшы болады.Әлеуметтік желінің әрдайым жақсы жағын ғана пайдаланғымыз кеп тұрса да ,ол бізге білдіртпей астыртын әлекке салып жатады.Ғаламтордан бар керегімізді аламыз,іздейміз,табамыз,көмектесеміз,байланысқа шығамыз.Бірақ зардабын да айтып өтпесек болмас.
Қазіргі таңда Google атты өте ауқымды,танымал желі баршамызға таныс.Кейде осы желі болмағанда не істейтін едім деп ойлаймын.Себебі қанша мәліметтің шешуін осы жерден іздеу батырмасын басып тауып аламын.Тіпті аудармашы сайты арқылы сөздерді аударып,жұмысты жеңілдетемін.Қарап тұрсам механизм тым оңай. Осы нәрсеге үйрендім,бірақ ар жағында қалған білім тым таяз.Керек кезде іздедім,таптым,сол кезде-ақ білімнен құр қалдым.Дәл солай жас балалар осыған үйреніп жеңілдің астымен,ауырдың үстімен жүруге дағдыланып,білімнің аяғынан шалады.
Кеше инстаграм әлеуметтік желісіне кіріп отырып, көзім бір посттағы сөзді шалып қалды. «Танысу чаты ашық,виртуалды дос тапқысы келетіндер пікірге өздеріңізді таныстырыңыздар»-деген постты оқып,дос болғысы келетіндердің санының көп екенін көріп аздап біртүрлі боп қалдым.Бірте- бірте шынайылығымызды жоғалтуымыз қынжылтты.Керемет дос болып кетсе де жақсы ғой,кибербуллинг орын алады.Бірін- бірі балағаттап,былапыт сөздер жазып жеке басына нұқсан келтіреді. "Жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады.»Яғни,ғаламтор батырларының ауыр сөзі мен қоқан-лоқысы бейкүнә жандардың суицид жасап,өмірден қоштасуына әсерін тигізеді.Мысалы,Корея елін алып қарайық.Интернет өте тез және жиі пайдаланатын елдер қатарында көш бастайды.Дегенмен әлеуметтік желі оларда қаншама жас таланттардың өмірге деген құлшынысын өлтірді.Солли атты айдолдың өмірі қазақ арасында k-pop жанрының тыңдармандарына таныс.Солли киббербулингтың әсерінен мансабын тастап,арғы өмірдің кемесіне мініп кетті.Тым жас.Қарап тұрсам,пайдасының жарамдылық мерзімі тым қысқа.Ал зияны аз-аздан және үздіксіз,тигізетін залалы өте көп.
Қорыта келе айтарым,желіге 5минут қана кіреміз деп,минуттарды сағаттарға айналдырып алтын уақытымызды ұрлатамыз.Сол үшін әлеуметтік желіге көп уақытымызды арнамайық.Уақыт бізді күтпейді.Әбігерге салынып,әлек болып қалатын өзіміз.Уақытты тиімді пайдаланайық.
шағым қалдыра аласыз













