Әлеуметтік желінің жасөспірімдер өміріндегі орыны
Әлеуметтік желілер пайда болғаннан бері біздің әлеміміз онлайн және офлайн болып екіге бөлінді. Ол арқылы тіпті алыста жүрген достарымызбен тілдесеміз, сондай-ақ түрлі суреттерімізбен бөлісеміз. Әлеуметтік желілер біздің өмірімізді жүз сексен градусқа өзгертті десек те артық айтпаймыз.
Әлеуметтік желіде өзіңізді қалай сезінесіз? Бөліскен суреттеріңізге кім лайк басты екен деп сағаттап бақылап отырасызба? Әлеуметтік желілерді пайдаланғаннан кейін өзіңізді біртүрлі сезінетін болсаңыз психологиялық жағдайыңыз жақсы емес деген сөз. Әлемдегі бүкіл адамдар күн сайын 2-6 сағат аралығында уақытын әлеуметтік желіде өткізеді. Бұл көрсеткіш әрине күн санап артып келеді. Миллиондаған адам әлеуметтік желіге тәуелді екенін мойындайды. Сіздіңше біртүрлі емеспе? Осы мезетте өзіңізді сынап көріңіз, 1 сағат ішінде ұялы телефоныңызды қолыңызға неше рет алып қарайсыз. Хабарлама келмесе де телефоныңызды қолыңызға 3-тен артық алып қарасаңыз, сізде де тәуелділік белгілері бар деген сөз. Осыдан жиырма жыл бұрын әлеуметтік желінің не екенін білмейтін едік. Әлемнің ең бай адамдары әлеуметтік желіні аз пайдаланатынын білесізбе? Мүмкін әлеуметтік желі өміріңіздің ең үлкен проблемасы. Байқамай жүрген боларсыз, бәлкім өміріміздің ең керек көп бөлігін әлеуметтік желіде өткізіп жатырсыз.
«Өнер –
білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып – жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды» деп жырғаған Ыбырай Алтынсарин атамыз біздің
қазіргі жай-күйімізді біліп айтып
кеткендей.
Осы тақырып бойынша зерттеу жұмысын мектеп оқушыларының арасында өткізіп көргім келді. 5-11 сынып оқушыларынан Google Форма арқылы сауалнама алынды.
Зерттеу жұмысымның мақсаты: мектептегі жасөспірімдер арасында әлеуметтік желілердің кесірінен болып жатқан мәселелердің алдын алу, мінез-құлықтарына әсер етуін анықтап, кері әсерін зерттеу.
Зерттеу жұмысымның міндеттері: жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалану деңгейін анықтау және интернет тұтынушылардың әлеуметтік желіге тәуелділігін, жақсы, жаман жақтарын қарастыру.
Сауалнамаға барлығы 118 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша әлеуметтік желіде отырасыңба деген сұраққа 86 оқушы «иә», 30 оқушы «кейде» деп жауап берді. Байқағаныңыздай әлеуметтік желіні пайдаланбайтын тек 2 оқушы ғана екені белгілі болды.

Оқушылар жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор екенін түсінеді. Таяқтың екі ұшы болатындай, бұныңда зиян жақтары жетерлік. «Әлеуметтік желіде отырған соң көңіл-күйіңе әсер етеме?» деген сұраққа 40 оқушы - иә, 35 оқушы - жоқ, 43 оқушы – кейде деп жауап берген екен. «Бойыңыздағы ашу – ызаңыз әлеуметтік желіде отыру арқылы сыртқа шығама?» деген сұраққа 14 оқушы «иә», 74 оқушы «жоқ», 30 оқушы «кейде» деп жауап берген екен.

Жасөспірімдердің 118 оқушыдан 73-і, яғни жартысынан көп бөлігі TikTok желісін пайдаланатыны белгілі болды. 2016 жылы пайда болған бұл желі қолданушылары қызықты видеолар түсіру арқылы өздеріне оқырмандар жинайды. Біреулер үшін қызығушылық болса, біреулері осы желіні табыс көзіне айналдырып отыр. Қазірге кезде TikTok-тың күнделікті аудиториясы 800 миллионнан асады екен. Біздің елімізде қазіргі кезде смартфонына TikTok орнатылмаған оқушы табу қиын. TikTok үшін видео түсіремін деп тер төгеді. Бірінші реттен видео шықпай қалған немесе музыкаға іс-қимыл сәйкес келмеген жағдайда жастардың ашуға булығатыны анық. Мұның өзі жасөспірімдердің психикасы мен жүйке-жүйесіне едәуір кері әсер етеді.
Сөзімді Бауыржан Момышұлы атамыздың керемет сөзімен қорытындылағым келіп тұр. «Техника қаншама дамып жетілгенімен, ойлайтын парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды» - деген екен. Міне осыны жадымызда сақтауымыз керек. Болашақ жастарымыздың қолында. Әрине заман ағымынан қалмай ілескенімізбен әр жаңа техниканың денсаулығымызға зиян жағында ескеру керек.
«Бес саусақ бірдей емес» демекші бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай пайдалы іспен айналысып, бейтаныс жанмен хат алмасқанша жақындарыңмен жиылып жүздескенге не жетсін. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адамдықты ту еткен алғыр ойлы ұл қыздары көп болсын дейік!
Қорытындылай келе айтатыным, шынайы өмір виртуалды өмірден әлдеқайда жақсы екенін ұмытпауымыз керек...
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз