Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Тик то желісі жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

І Кіріспе


Мультфильм немесе мультипликациялық фильм (лат. mult, лат. iplicatio - көбейту, ағылш. film - таспа) - көптеген суреттерден және солардың қимыл әрекетінен құралатын үздік туындылардан тұратын фильм.

Ал сол экрандағы балаларды қызықтырып көздерінің жауын алатын таңғажайып туындыларды жасайтын суретші-мультипликатор деп аталады. Болашақ мультфильм кейіпкерлері солар салған суреттермен жанданады. Бірақ, оны солай жандандырудың өзі оңай емес. Олардың қимыл-қозғалыстарды суретші көптеген суреттерден құрастырады. Он минуттық фильм 115 мың суретті қажет етеді. Ол суреттерді тек ақ қағазға сала салмай, ол кейін целлулойдқа көшіріліп боялады, мультстанокте кадр-кадр боп, яғни бөлек-бөлек көріністер болып түсіріледі. Бұл өте күрделі де үлкен жұмыс. Және ол бір суретшіге тым қиын. Сондықтанда қазіргі таңда заманауи құрылғылар арқыл анимациялық мультфильмдер түсірілуде. Сол құрылғылар суретшілердің жұмысын бірнеше есе жеңілдетті.

Жасау тәсіліне қарай мультфильмдер келесі топтарға бөлінеді:

Ермексазды қолданып жасалған мультфильмдер

Сурет салынған мультфильм

Компьютерлік графиканы қолданылған мультфильм

Қуыршақ мультфильм

Ұзындығына қарай:

Толық метражды мультфильмдер

Қысқа мультфильмдер

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезде заман талабына сай бірнеше анимациялық мультфильмдер түсірілуде. Олардың бұрынғы кезінде жасалған мульфильмдермен салыстырар болсақ, арасындағы айырмашылақтар, ерекшеліктер көптеп кездеседі. Себебі бұрынғы кезде суретшілер өздерінің қолдан шығарған ерекше туындылары балалардың ойы жақсы өрбіп, жақсы тәрбие алуына өз септігін тигізеді. Ал заманауи мультфильмдердің жас балалардың жақсы өсіп жетілуіне әсері аз. Психологиялық жағынан қарасақ қазіргі заман мультфильмдері балаларды жауыздыққа, ақылсыздыққа әкеледі. XXI ғасырдың жаңа мультфилмдері "Бэтмен", "Супермен", "Өрмекші адамды" қарайтын болсақ қылмыскерлердің адамдарға жасаған жауыздықтарын көре аламыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Заманауи мультфильмдердің бала психологиясына және тәрбиесіне әсерін анықтай отырып, оларды талғап, сыни тұрғыдан саралай отыра, пайдалы және зиянды жақтарын анықтау. Соған байланысты ата-аналарға кеңес беру.

Зерттеудің міндеттері:

1. Мультфильмдер, олардың шығу тарихына сипаттама жасау;

2.Балалардың тұлғалық қасиеттерінің дамуындағы мультфильмдердің ролін анықтау, маңыздылығын ашу;

3. Заманауи мультфильмдердің бала психологиясына кері әсерлерін айқындау;

4. Оның зиянды жақтарын танып біліп, одан сақтану жолдарын танып-білу.

5. Балалар психологиясына қонымды мультфильмдерге сараптама жасау.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер заманауи мультфильмдердің балаларға пайдасымен қатар зиянды жағы толығымен ашып көрсетілсе, мультфильмдер туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, оның пайдасы мен зиянын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік. Сондай-ақ оның зиянды жағынан сақтану жолдарын меңгеріп, болашағымыздың сау да саламатты өмір сүруіне бар жағдай жасар едік.










ІІ Негізгі бөлім


2. 1 Балалардың тұлғалық қасиеттерінің дамуына мультфильмдердің ролі

 

«Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасында «Толық өркениеттің ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деп бүгінгі таңда жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар аясында, қазақ халқының рухани-мәдени сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу басты мақсатымыз екендігін көрсеткен. Бала тәрбиесіндегі ең басты шарт– күнделікті, тұрақты, нақты, сабақтастықты үзбеу [2].

Еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың ұлтының сарқылмас қазынасының кәу­сарынан қанып ішуі ана тілінсіз жүзеге аспайтыны айдан анық. Кішкентайының былдыры мен шүлдірі қазақша шығуын қаласа да, қоғамның орысша ақпараттық экспансия ағысынан сытылып шыға ал­маған ата-ана қарагөзінің алғашқы сөз­дерін өзге тілде естуге мәжбүр болып келгені аян. Ұлт болашағын тамырынан айыратын бұл сұрқия келеңсіздік үшін әке-шешені «қазақша сөйлете алмадың» деп кінәлауға болмас әсте. Бекболат Тілеухан айтпақшы, «түтікшеден су ішіп, түңірліктен күн көріп» өскен, Мұхтар Шаханов айтқан, «компьютербасты» ұр­пақтың шақшадай басы шаршы экрандағы бөтен мәдениетпен сусындап жатқанда, ағысқа қарсы тұруға пәрмен болмағасын, дәрмен қайдан болсын оларда?!

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп кемеңгер Мұхаң нұсқаған сара жолдан қанша ауытқымауға тырыссақ та, телеар­наны қосып қалсаң, «Спанч-боб», «Шрэк», «Батуган» сияқты тәлімі күдікті, өнегесі зиянды өнімдер сол бесігімізді майыс­тырып, сындыруға шақ қалды. Бүгінде көгілдір экранның, яғни бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат баласы үшін маңызы зор. Алайда жас жеткіншектеріміздің психологиясына, тәрбиесіне кері әсерін тигізіп жатады. Мультфильм – идеологияның бір түрі. Қазіргі таңда теледидарда ертелі-кеш қазақ баласының дүниетанымына кері әсерін тигізетін, өзге елдің идеологиясын насихаттайтын мультфильмдер көрсетілуде. Мойындау керек, тілі былдырлап, енді ғана қылық шығарып келе жатқан бүлдіршін күнұзаққа көкжәшікке телміріп, сансыз мультфильмнен көз алмайды. Әйткенмен, сан түрлі мультфильмдердің пайдасынан гөрі зияны көп екен. Бұл – мамандардың пайымы.

Үлкен экранға жол тартатын мультфильмдер көркемдік тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да баланың санасына кері әсер етеді екен. Психологтардың мәлімдеуінше, қарапайым ғана мультфильмдер баланың дамуын тежеп, бірнәрсеге тәуелді етіп қояды. Ал ең сорақысы, кейбір мультфильмдер баланың бойында психологиялық ауытқудың алғашқы белгілерін қалыптастырады екен. Сонымен қатар психологтар бала өздігінен жүріп, сөйлеуді меңгермегенше оны пассивті көрермен ретінде экран алдына отырғызуға болмайтынын айтады. Өйткені теледидарға телмірген баланың қимыл-қозғалысы, сөйлеп үйренуі тежеледі. Тағы бір қызық жайт, мамандардың пайымдауынша, екі жарым-үш жасар балақайлар көбіне қанық түсті мультфильмдерді емес, ақ-қара түсті туындыларға зер салуы тиіс. Себебі қанық түстер баланы алаңдатады әрі сана-сезімі енді ғана дамып келе жатқан бүлдіршін экрандағы қозғалыстардың жылдамдығына ілесе алмай қалады екен. Ал есейіп келе жатқан балаға оқиға желісі жылдам өзгеретін мультфильмдерді де көруге болмайды. Мұның да өзіндік себебі бар, әртүрлі атыс-шабыс пен түрлі эмоционалдық өзгерістерді бақылап отырған баланың бойында эпилептикалық құбылыстар орын алуы мүмкін.

Кеңес Одағының тұсында мультфильмдер қатаң қадағалаудан өткен. Әрбір эпизод, әрбір көріністің балаға қалай әсер ететіндігін мамандар егжей-тегжейлі қадағалайтын. Соның арқасы шығар, ол кездегі көрсетілетін мультфильмдер жақсылық жасауға үгіттейтін еді. Кеңестік мультфильмдердің бейкүнә кейіпкерлері баланың өмірге ашық әрі таза қаруына жол ашатын. Соңғы жылдары кез келген елдің экранын батыстық туындылар жаулап алды. Жасыратыны жоқ, мол қаражат табу мақсатында әрқилы көріністен тұратын мультипликаторлық өнімдерді жалма-жан нарыққа шығаратын пайдакүнемдердің саны артты. Бұл күнде мультфильмнің баланың санасы мен дамуына қалай әсер ететіндігін зерттеп жатқан ешкім жоқ. Бүгінгі мультөнімдер қастандық пен талғамсыздыққа, надандық пен арам пиғылға тұнып-ақ тұр. Атыс-шабыс пен жеккөрушіліктен тұратын көріністер балаға оң әсер ете қоймайтыны тағы белгілі.

Мамандар психологтарға бірқатар шетелдік мультфильмдерді көрсеткен. Психологтардың шығарған үкімі көптің көңілін көншітпеген. Мультфильмдегі қыз балалардың образы романтика мен құпия-сырдан жұрдай. Мұндай образды тамашалаған бүлдіршіннің бойында қатігездік қалыптасады. Психологтар мультфильмдер балалардың интеллектуалдық дамуына да кедергі болатынын айтып, дабыл қаққан.

Тәрбие басы – тал бесіктен екенін ұғынған ата-бабамыз балдай тәтті қылығымен әрбір үйдің қуанышы болған кішкентай бүлдіршіндеріміздің әдепті, білімді, иманды болып өсуі үшін ерекше көңіл бөлген. Зерттеушілердің пікірінше теледидардың танымдық, тағылымдық әсерінен гөрі, көрерменге бағытталған эмоционалдық соққысы басым. Ал, теледидарды көп көрген бала біраз уақыт өткенен кейін миғұла-мәңгүртке айналады екен. АҚШ түрмелеріндегі қылмыскерлердің 65% экран кейіпкерлеріне еліктеп заң бұзғандығын, ал 25% ұрлық пен бейбастықты үйреткен телеұстаздарына алғысы шексіз екендігін айтқан.

Қазіргі кезде заманауаи БАҚ баланың психикалық дамуына нашар әсер етеді, заманауи мультфильмдер баланың психикасын бұзады деген көптеген әңгімелер айтылып жүр. Құнсыз сериалдарды көру, жасөспірімнің шынайы мақсаттарынан және әсерлерінен адасуына мәжбүрлейді.

Егерде кейбір шетелдік мульфильмдерді мұқият қарайтын болсақ, онда олардан көптеген зорлық пен агрессияны байқауға болады, оларды көргеннен кейін кейбір балалар гипер қозғыш болып кетеді. Балалардың бойында мінез-құлықтың агрессиялық үлгісі бекиді, бірақ, Отбасылық тәрбиелеу институты, осы жағымсыздықтардың барлығына қарамастан, балаға бейнефильмдерді көріп, тыңдауға тиым салмау керек деп санайды, бала заман ағымына қарай дамуы керек, әр заманның өз мульфильмдері, кітаптары, ойындары болады... Бұл жерде ата-аналар үшін басты ереже бұл – баланың көруіне арналған бейнефильмдерді, оның жас ерекшелігіне қарай сауатты және дұрыс таңдай білу және онымен фильмдегі әр эпизодты және әр кейіпкерді талқылау. Бала қарама-қарсы қою негізінде, оларды зұлымдыққа, сараңдыққа, сатқындыққа қарама-қарсы қоя отырып, адамзаттың шынайы құндылықтары, жақсылық, мейірімділік пен қайырымдылық, достық пен әділдік туралы ойланатындай әңгіме жүргізуге тырысу керек.

Қазіргі кездегі шындық мынадай, көбіне ата-аналар теледидарды қосып, баланы қандай да бір фильмнің кейіпкерлерімен, оның әсерлерімен жалғыз қалдырады. Мұны істеуге болмайды. Баламен «ненің жақсы, ненің жаман» екені туралы сөйлесіп, БАҚ бала психикасына теріс әсер етуінің алдын алуға болады. Ал егерде замануи мультфильмдерге тиым салатын болсаңыз, бала өз ата-анасының бұл мульфильмді мақұлдамайтынын біліп, оны қараудың жасырын, одан да қорқынышты жолдарын іздей бастайды. Бұл өтірік айтудың басы болып табылады.

Баланың психосоматикалық денсаулығын сақтау жөніндегі балалар невропотологтарының және психологтарының ұсыныстарын ата-аналардың естеріне түсіру қажет:

Үш жасқа дейінгі балаларға мүлдем теледидар көруге болмайды.

Дені сау, 3-4 жастағы балалар теледидардың алдында 15 мин отыра алады. 

 5-6 жастағы балалар - 30 мин.

• бастауыш сынып оқушылары - аптасына 2-3 рет, 1 - 1,5 сағаттан.

Виртуалды бейнелер өзіне тартады және психологиялық тәуелділік жасайды, ең алдымен, жүйке жүйесінің шамадан тыс қозуын ынталандырады және өтіп жатқан «жылтыңдау» әсерінен, ашықтықтан, жылдамдықтан, ми ырғағының үйлесімі бұзылады. Сондықтан мультфильмдерді және фильмдерді, балаларға көрсетпес бұрын, оның жүйке жүйесінің қозуын тудырмайтындығына көз жеткізу үшін, оларды ең алдымен ересектердің өзі қарап алуы керек.

Төл мәдениетiмiз бен салт-дәстүрiмiздi дамытуды ең алдымен, тәрбиенi бүлдiршiндерiмiзден бастаған жөн. Өз ұлтының патриот азаматы, елiн, жерiн, тiлiн, дiнiн сүйетiн адам етiп қалыптастыру үшiн балаларды кiшкентайынан тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарымызды бойына сiңiре бiлуiмiз керек. Ал, ол құндылықтармен бөбектердi сусындатудың бiрден бiр құралы - мультфильмдер [5].

Мультфильм яғни мультипликация дегенимиздің өзі (лат. – көбейту) – арнайы салынған суреттерді немесе қуыршақтарды пайдалана отырып фильм түсіруге арналған кино өндірісінің бір саласы [6].

Мультипликациялық кино (латын тілінде multіplіcatіo – көбею; ағылшын тілінде – жандандыру) – cуреттердің (жазық нысандар), қуыршақтардың (көлемді нысандар) қозғалысы фазаларын жеке кадрларға түсіріп, ретімен көрсетуден туатын кино өнерінің бір түрі. Мультипликациялық кино ісінің белгілі үш тәсілі бар: суреттер (графикалық мультипликация); қуыршақтар (көлемді мультипликация); жалпақ жұқа қуыршақтар (жазық пішінге салып қию) пайдаланылады [7].

Мультфильм – идеологияның бір түрі іспеттес. Бүгінгі жеткіншек – ертеңгі ұлт жанашыры, «ұлтыңды сақтағың келсе, қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтағың келсе ұлыңды тәрбиеле» деп бекер айтылмаса керек. Ал бүгінгі тәрбиешілеріміз «өнегелі» өрмекші адам мен «шешен» Шрэк болса, ертеңгі қазағымыз «супермендей» «саналы» болып шығатыны анық. Алпамыс, Қобыландыларды ұмыт қалдырып, Бетмендей «батыр» болуға талпынған бала қылығына жауапты – ата-ана.

Қазақ халқы өзінің бет бейнесі мен болмысын, ұлттық салт-дәстүрін болашақ ұрпағы арқылы ғана қорғай алады. Болашағын жас ұрпақсыз елестете алмайтын кез келген мемлекет сияқты Қазақстан да мультфильм саласына үлкен мән бергені жөн. Өскелең ұрпақтың ұлттық мультфильмдерімізді көріп өсуі өте маңызды. Балаларымыздың шет мемлекеттердің тәрбиесіз мультфильмдерін тамашалап, жат елдің идеологиясымен тәрбие алып келеді, осы мәселе қарастырылды.

Қазіргі таңда бала тәрбесіне еркеше мән беріліп отыр, әсіресе телеарналарадан беріліп жатқан бағдарламалар мен мультфильмдер. Мультфильм – өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі.

 

2. 2. Заманауи мультфильмдердің бала психологиясына және тәрбиесіне кері әсері



Жиырма жылдан бері бала психикасын зерттеп жүрген неміс психологы Райнер Пацлаф теледидардың баланың дамуына әсер ететінін жазыпты. Психолог «баланың дұрыс дамуы оның көрген мультфильміне байланысты» деген қорытындыға келген. Кейіпкерлердің көзі үлкен болған сайын, бала жалтақ, қорқақ, өз пікірі жоқ һәм өзіне сенімсіз болып өседі екен. Соның салдарынан оның сабаққа деген құлшынысы да төмендейді. Мультфильмдегі әйелдердің толық әрі сиықсыз болып суреттелуі кішкентай қыздардың болашақта ана атануына кедергі келтіретін көрінеді. Сол секілді бала теледидардан алып денелі құбыжықтарды көрген сайын ата-анасына қарсы келгіш болады. Мультфильм бояуының қанықтығы мен дауысының жоғары болуы, тіпті сюжетіне дейін баланың болашағына әсер етеді. Яғни баланы шынайы өмірден алыстататыны белгілі болды.

 Балаңыздың жеке тұлға болып қалыптасуына  7 жасқа дейінгі алған тәрбиесі үлкен ықпалын тигізеді. Осы шақтарында оның бойында қалыптасқан әдеттер мен іс-әрекеттері келешекте санасының дамуына әсер етпек. Балаңыздың дамуына сонымен қатар мультфильмнің де зияны немесе тарбиелік пайдасы бар.

Балалар психологтарының пікірінше, танымдық мультфильмдер:

Тілді дамытады. Мультфильм кейіпкерлерінен сауатты және әдемі сөйлеуді үйреніп, балалар өздерінің сөздік қорларын толықтырады. Ойлау мен есте сақтауды дамытады.

Үйретеді. Мультфильмдерде бізді қоршаған әлем туралы айтылады. Олардың көмегімен бала санауға, оқуға, шет тілінде сөйлеуге, түстерді ажыратуға үйренеді.

Шығармашылық қабілеті мен қиялын дамытады. Мультфильмдер баланың қиялын дамытады. Баланың көркем өнермен және сурет салумен айналысуына себепші болады.

Тәрбиелік мән. Жақсылық пен зұлымдықты ақ пен караны  айыруға үйренеді. Қыйыншылық пен қорқыныштықты жеңуге тәрбиелейді.

Дегенмен, кейбір мультфильмдер бала психикасына қауіпті болуыда мүмкін:

Ашық түстер. Қазіргі кезде көгілдір экран беттерінде бала психикасына әсер ететін динамикалық көріністермен тым ашық түстер көп кездеседі. Егер мұндай мультфильмдерді кеш бата көретін болса, онда ата-аналарға баланы ұйықтату қиынға түседі. Сонымен қоса ашық түстің анимациялық фильмдер баланың көзінед е кері әсерін тигізеді.

Қатты дыбысталу. Бірден шығатын дыбыстар музыканың қатты шығуы бала психикасына әсер етіп, бас ауру мен беймазалық пайда болады.

Мультфильмде қиянаттың орын алуы. Көріністе бір-біріне зиян келтіру, зорлық-зомбылық жасайтын және өлім атрибуттары бар (мола, қан, қанқа) мультфильмдерден бастартқаныңыз жөн. Кішкентай бүлдіршіндер де барлығын осылай істеуге болады екен деген ой қалыптасып,  тәрбиесі бұзылады.

Өндірушілер ұсынатын мультфильмдердің барлығы сапалы емес. Сондықтан баланыздың күнделікті не көріп жүргенін бақылап отырған жөн. Не себепті екенін білу үшін төмендегі ақпаратқа назар аударыңыз:

1. Жапон елін шулатқан «Пакемоны» мультсериалдарын көрген 688 жапон баласы эпилептикалық құлау симптомдарымен емханаға түскен. Психологтардың айтуынша, балалардың мұндай халге шалдығуы кадрлардың өте жылдам ауысуының себебінен болган. Бұл бағдарламаны көрген баланың психикасына кері әсер бергендігі анықталып, психологтардың дабылынан соң мультфильмді көрсетуге тыйым салған.

2. Британдық мультсериалдарының бірі – «Телепузики» бүкіл әлемге жағымсыз атпен танылған. Осы мультфильмді құрастырушы Сара Грэмнің мәлімдемесінен соң шу болған, себебі бағдарлама галлюциногендер әсері кезінде жасалған. Бұл мультфильмді көрген баланың дамуы тежелетінін психологтар анықтаған.

3. Қазіргі мультсериалдардың көрсетілімдерінен соң балалардың мінез-құлқында агрессия және түрлі қорқыныштар пайда болатыны байқалған. Әсіресе, батыс және жапонның мультсериалдарын көрген балаларда фобия (потологиялық қорқыныш) жиі кездеседі.

4. Көптеген мультсериалдардың сюжеттері әлсізге зұлымдық жасау, момынды басыну, күш көрсету, мазақ қылу процестерін қызықты әрі күлкілі қып көрсету арқылы баланың адамгершілік тәрбиесіне зұлымдық жасайды. Мәселен, «Том және Джери» мультсериалдарының мағынасын қарастырайық, қу тышқан мен момын мысықтың арпалысы желісінде балаларды әлсізге күш көрсету, ызаландыру, мазақ қылу –  жақсы іс ретінде суреттеледі. Жақсы мен жаманды айыра алмайтын бала үшін тыйым салынбаған мультфильмдерді дұрыс деп түйсініп, кейіпкерлеріне еліктей бастайды. Қисық мінез танытқан баланың жаман қасиетті қайдан үйренгенін топшалай беріңіз.

Уильям Ханна мен Джозеф Барбера негізін қалаған бұл мульт туындысы талай бүлдіршіндер, жасөспірімдер тіпті ересектердің сүйіктілеріне айналып үлгерді. Алайда, мұқият зер салып қарайтын болсақ,  үлкен мағына, тәрбиені бұл мультфильмнен таба қоймаспыз. Мағынасыз, ешуақытта бітпейтін қуғын және еш нәтижесіз, дамусыз негізге құрылған мультфильмнің нені мораль етіп ұстанғаны белгісіз.

Қай сериясын алып қарасаң да, ақымақ мысық сорлы тышқанды қуалайды да жүреді. Қай сериясын қарасаң да, қатігездік, зорлық-зомбылықты көресің. Бір қызығы, мысық та, тышқан да өздерінің бұл әрекеттеріне ұялмайды, жауапкершілік алмайды. Сонда мұны көрген бала қандай тәрбие алады?

5. Супербатырлар туралы мультфильмдердің де балаларға берер өнегесі шамалы. Сюжеттер желісі агрессияға, ату мен өлтіруге, ұрып-соғу мен айқайға құрылған мультфильмдердің балалардан қандай тұлға жасауға мақсат тұтатынын айтпай-ақ түсіну қиын емес. Осы кездегі жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен қатыгездіктің күрт көбеюінің себебінің бір астары осында жатқаны анық.

6. Әрбір насихаты мықты және атағы жер жарған мультфильмдердің соңында «үлкен индустрия» тұр. Мультсериалдар кейіпкерлеріне ойыншықтар шығару, жарнама арқылы ата-аналардың қалтасынан қаржыны көптеп қағу басты мақсат. Балаларды кейіпкерге тәуелді қып, ата-ананы баласының қалауымен әрбір жаңа сериал шыққан сайын алуға итермелейді. Сондықтан әрбір «супербатыр» балаңызға тәрбие беруді немесе тұлға қып калыптастыруды емес, арзан дуниемен қаржылық мақсат тұтады. Ойыншық индустриясы әлемдегі ең көп қаржы айналымы бар алып бизнес түрі екенін білеміз.

Психологтардың ең қауіптенетін тұсы мультфильмдер балаларға балалықты емес, «үлкен өмірді» насихаттайды. Кейіпкерлерін үлгі қылу арқылы болашақта өмірлік, тәрбиелік қағидаларының өзгеруіне себеп болады.

Солардың ішінде ерекше атап өтетіні мультфильмдердегі «әйел» образы. Кішкентай қыз-бүлдіршіндер мультфильмдер желісіндегі әйел образын, мінез-құлқын еліктеу арқылы өз бойына сіңіреді. Қазіргі қыздардың қуыршақ бейнесін дұрыс көріп (Барби), сыртқы бейнесін солай қалыптастыруы немесе ондай болмаған (сыртқы параметрлері сәйкес емес) жағдайларда депрессияға ұшырауының себебі осында жатыр. Ал ұлдарымыз мультсериалдар әсерінен «әйел идеалын» калыптастырады. Болашақта осы образдарға сай жар іздесе таң қалмау керек. Тек қана сыртқы бейнесіне, ішкі емес сыртқы сұлулығына назар аударатын жастардың өсіп келе жатқаны соның дәлелі сияқты. Психология ғалымдарының зерттеулері қорытындысы бойынша қазіргі мультсериалдарды үзбей көрген қыз балалардың болашақта ұрпақ жалғастыруға деген қызығушылығы болмайтынына әкеп соғады.

Бұрынғы мультфильмдердің «әйел образы» - жұмбақ, ұялшақ, қарапайым, мейірімді әрі дана боп көрсетілсе, қазіргі мультфильм көрсетілімдерінде әйел образын сыртқы пішін маңыздылығымен, тамақ пен киімнен аса алмайтын талғамшыл, жеке басты ойлау, бауыры мен ата-анасына жаны ашымайтын кейіпкерлер – үлгі, қулықты жасау-ақылдылық сипаты ретінде насихатталуда. Сонымен қатар, батыс мультсериалдарын көре отырып, әйелдердің еркектен дәрежесі үстем қағидаларына құралатынын оңай байқауға болады. Күйеуін құрметтемеу, сыйламау, оңай ажырасу сияқты жағдайлар қалыпты болуының салдары қайда жатыр десеңіз, баланыздың көріп жүрген мультсериалдарына мән беріңіз

«Винкс клубы – сиқыршылар мектебі» деген мультфильм бар. Бұған, әсіресе біздің кішкентай қыздарымыз құмар. Алты сиқыршы қыз перизаттар мектебінде оқи жүріп, қара күштермен соғысады. Бұл алтауы қыздарымыздың психикасын бұзып жатыр. Олардың қылдай белі, ашық төсі, бадырақ көзі, ұзын сирағы, жайылған шашы мен ашық-шашық киіміне қарап, қыздарымыз соларға ұқсауға асығып отыр. Мультфильмде қыз баласына тән қылық, нәзіктік, қара­пайымдылық атымен жоқ. Алтауы да есесін жібермейтін өзімбілерлер! Демек, бұл мультфильмді көрген қыз жалған сұлулыққа құмартып, ешқандай тер төкпей-ақ өз қалауына жеткісі келетін менмен болып өсері сөзсіз. «Монстрлар мектебінің» де айтары дәл осындай. Мұнда толып жатқан вампирлер, монстрлар, зомбилер. Осылайша, әлемнің әртүрлі елдерінің монстрларын бір мультфильмге жи­наған. Мұндағы қыздардың да бар білетіні – жігіттер туралы лепіру, жаргон сөздермен көпіру, ұсақ-түйекті сөз қылу, сыртқы сұлулықтарына сүйсіну. Үлкенді құрметтеу, отбасы құндылығын сақтау секілді қасиеттер мүлдем қарастырылмаған. «Винкс клубындағы» қыздар «сұлу» болса, «Монстрлар мектебінде» керісінше, сұрықсыз. Бұл жағдай баланың басын қатырып, адам бойындағы басты қасиеттің не екенін таба алмауына жетелейді.
Бір қарағанда қарапайым суреттерден тұратын экрандық туындының баланың санасына ешбір әсері жоқ сияқты. Алайда теледидар алдында мультфильмге зер салып отырған баланың қимыл-қозғалысы мен эмоционалдық күйінен өзгерістерді аңғаруға болады. Мәселен, бүгінгі таңда балалар арасында кеңінен танымал «Маша мен аю» туындысын Ресей мен Украинада көрсетуге тыйым салынды. Бұған себеп те жоқ емес. Кішкентай ғана Машаның басынан өткен хикаялар баланың бойында әртүрлі мінез-құлықтың қалыптасуына сеп болады екен. Мәселен, Машаның қиғылақ салып, өзінен үлкен аюдың мазасын алуы баланың бұзықтық жасауына жол ашуы мүмкін. Әртүрлі құбылыстарды бойына тез сіңіретін бүлдіршін Машаның іс-қимылын қайталамайды деу тағы қиын [3].

Шыны керек, қазір көбіміздің балаларымыз «Маша мен аюды» он айналдырып қойып берсең де, аузын ашып отырып көреді. Баланы өзіне магнитше тартатындай бұл мультфильмнің қандай құпиясы бар? Графикасы мен сапасына қояр мін жоқ. Кейіпкерлері де сондай шынайы шыққан. Алайда Машаның өзіне бір қарадыңыз ба? Бірбеткей, бұзақы, бетпақ. Білетіні – бұзықтық, бүлдіру. Демек, бұл мультфильм «өмір сүрудің бүкіл ережесін бұзып, өзің қалағандай өмір сүр, сені бәрі кешіреді» деген ой тастайды. Шынында, Машаны көрген бала оның әрекеттерін айнытпай қайталайды.

«Спанч Боб – төртбұрышты шалбар» деген америкалықтардың «шедеврі» бар. Бұлардың кейіпкерлері барып тұрған есерсоқтар. Біркөзді Планк тон-тұрқы бит­тің қабығындай бола тұра, басынан қулығы артылмайтын, қызғаншақ кейіпкер. Крабс деген шаянның мейрамханасын тартып алып, өз мақсатына өзгелерді алдаумен қол жеткізгісі келеді. Боб пен теңіз жұлдызы Патрик бір-бірін «нақұрыс», «есалаң» деп тілдейді де жүреді. Бір-бірінің басынан балғамен ұрады. Жеуге келмейтін нәрсені жейді (мәселен, майшамды). Осылайша, балаларға жеңіл юмор сыйлағысы келген. Бұл ешқандай юмор емес – баланың психикасын бұзу. «Спанч Боб» деген – гомосексуализмнің дайын жарнамасы. Екеуі де еркек кейіпкер бола тұра, Боб пен Патриктің қол ұстасып жүруі, бір төсекке жатуы, бір-біріне қылмыңдап-қылымсуы, тіпті бір қоңызды екеуінің бірігіп асырап алуы, сөйтіп, Бобтың әйелдің киімін киіп «мама», Патриктің «папа» болуы, сол секілді сегізаяқ Скивардтың (бұл де еркек) қыздың баскиімін киіп, душқа түсуі, косметикаға жақын болуы, қысқасы, қызға қажетті бұйымдардан бас алмауы секілділердің бәрі де әдейі жасалған сюжеттер. Сондықтан бұл мультфильмді балаға көрсетуден біржола бас тарту керек!

Америкалықтардың «Мүйіз бен тұяқ» деген мультөнімі бар. Мультфильмдегі Отис деген негізгі кейіпкер – еркек бұқа. Бірақ неге екенін қайдам, аниматорлар оған желін «жабыстырып» қойыпты. Соған қарағанда, америкалықтар сиыр мен бұқаны не ажырата алмайды, не балалардың миы атала болсын деп әдейі қосқан. Ал біз балаларымыздың тәрбиесін осындай мәнсіз мультфильмдерге ысырып қойып отырмыз. Сондықтан олардың  не көріп жүргенін бір сәт қадағалап тұрған дұрыс секілді.
Балаға «мультфильм көрме» деп тыйым сала алмайсың. Себебі, оған мультфильм ауадай қажет. Сонда қайтуіміз керек? Бізде бір ғана амал бар. Балаға не көруге болатынын өзіміз таңдап беру. Кітапты таңдап оқыған секілді, мультфильмді де таңдап көрмесе болмайды.

Жастарға қатысты сөз қозғала қалса «өскелең ұрпақ жігерсіз, намыссыз, ұлтжандылықтан жұрдай» деп кінә артамыз. Бірақ оның себеп-салдарына мән бермейміз. Себебі батыстың былапыт дүниесі біздің жастарға тәрбие құралы болып отырған жайы бар. Өзіміз білетін мультфильмдердің бірқатар кемшіліктерін санамалап көрелік.

Біріншіден, ондағы жағымды кейіп­керлердің өзі басқа кейіпкерлерді өлтіріп, қылмыс жасайды. Зұлымдыққа барады. Қан суша ағады. Баланың осыдан барып сол кейіпкерге ұқсағысы келіп, қа­тыгездікке бармасына кім кепіл?

Бүгінгі күнде Жаңа жылдық шыршада балалардың киген киімдерінің өзі дәл сол мультфильм кейіпкерлерінен алынғанын қайтерсің. Бірі – «Өрмекші адам», бірі – «Ниндзя-Черепаха», бірі – «Супермен», енді бірі – «Бэтман»… Жаңа жылдық шырша емес, батыстың анимациялық фильмдерінің ортасына кіріп кеткендей әсерде қаласың. Бірер жыл бұрынғы дәл осындай мерекелік жиын­дарда бірлі-жарымды болса да қазақша киім киген балаларды көзіміз шалушы еді, енді оларды көрудің өзі мұңға айналып барады. Себебі бала өзі күнделікті көріп жүрген кейіпкерлеріне ұқсағысы келеді, батырларды бағаламайды да. Мұндай кездерде базардағы саудагерлердің де бағы жанады. Бара қалсаң балаңның басын айналдырып, қызылды-жасылды болып көз тартып тұрған шетелдік кейіпкерлерді алдыңа жайып салады. «Мынау – «Өрмекші адамның» костюмі, осыны кисең сол сияқты батыр боласың, ал мынау – «Ниндзянікі», соған ұқсағың келе ме?» деп сенен бұрын балаңның есін аударады. Мұндай дүниеден баланың қарсылық танытпайтынын оқымай білген саудагерлер үшін баланың психологиясы бес тиынға да татымайды. Ең бастысы сау­дасы жүріп, қалтасы қампайса болғаны… Ата-ана да мұндай кезде «аш құлақтан тыныш құлақ» деп баласының дегеніне көніп, қалағанын алып береді.


2. 3 Бала психологиясына қонымды мультфильмдер


Кейіпкерлері көңілді, адал, ажарлы мультфильмдерді көрген дұрыс. Ол мультфильмді баламен бірге отырып көрген абзал. Сонда баланың көңіл күйінде өзгеріс болады. Ата-анаға деген махаббаты оянады.
Қазір әлемдік анимация өндірісінде адам түсінбейтін жаңалықтар болып жатыр. Әсіресе, «Pixar» студиясы өнімдерінің жүрек қылыңды қалай шертіп жібергенін өзің байқамай қаласың. «Қаһармандар қаласы» деген мультфильм шығарды. Мұнда комедия да, трагедия да бар. Мұны көріп отырған ересек адам жылайды, ал бала күледі. Сондай бір кереметі бар! Қатыгездік пен мейірімділік, дұшпандық пен достық, кек пен сабыр деген нәрселерді салыстыра отырып суреттеген. Астарында «қай жолды қаласаң, соған қызмет етесің» дегендей әдемі философия бар. Риза болатының, мультфильмде қазіргі заман балаларының құндылықтары толық қамтылған. Селфи де, инновация да бар. Жалпы, бүгінгі қоғамды әбден зерттеп барып ұсыныпты.

Былтыр «Pixar» студиясы «Басқатырғы» деген тағы бір тамаша өнімін шығарды. Оны көргенде, Абай атамыз айтқан ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек дегенді сол мультфильмнен көргендей әсер алдық. Абай атаның жазуында бұл үшеуінің дауының үкімін ғылым шығарушы еді ғой. Ғылым келіп «Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта» дейтін. Ал «Басқатырғыдағы» басты кейіпкер – Мұң.

Мультфильм, негізінен Райли деген бас кейіпкердің санасындағы эмоциялық қасиеттердің таласына құралған. Райлидің өмірінде тек қуанышты сәттер қалдыруға тырысатын Қуаныш, жақындап кетсе қайғыға салатын Мұң, бәріне байыппен қарайтын Кірпияз, қит еткеннен төбе шашы тік тұратын Қорқыныш, ашуға тез бой алдыратын Ыза, міне, осы бесеуі байқұс қызды бес жаққа тартады. Қуаныш адамдағы ең керемет сезім өзі деп ойлайды. Басқаларымен санасқысы келмейді. Сол ойымен Мұңды ығыстырмақ болады. Мультфильмнің сюжеті осы тұстан шиеленісіп, қызықтырып әкетеді. Шындығында, көбіміз Қуаныш бар жерде Мұңның қажеті қанша деп ойлаймыз. Алайда Эйнштейннің «қараңғылық дегеніміз – жарықтың жоқтығы» дегені сияқты, Мұң жоқ жерде Қуаныштың да қадірін білмейді екенбіз. Яғни Қуаныштың жоқтығы Мұң екен. Ал Қуаныш пен Мұң бірдей жоғалса не болады? Онда адамның бойын Қорқыныш, Ыза, Кірпияз секілді қалған сезімдер басқарып кетеді екен. Мультфильмнің негізгі идеясы – осында, адам бойындағы қасиеттердің таласына құрылған. «Басқатырғыны» естияр балаңмен бірге отырып көру керек. Себебі мұнда, әзіл де, ой да бар. Бала міндетті түрде одан сабақ алады. Ең құрығанда өз қателігінен сабақ алуды үйренеді. Бала ғана емес-ау, үлкендер де көрсе, артық етпес еді.

Биылғы «Зооқала» мультфильмінің де берер тағылымы мол. Адами құндылықтарды ескере отырып дайындаған. «Зооқала» бір қарағанда кәдімгі жануарлар мен аңдар туралы анимация сияқты. Алайда бұл жерден аңнан бұрын адамды көресің, адамның ала-құла мінезін көресің. Батырлық пен қорқақтық, адалдық пен сатқындық, жалған мен үміт, сенім мен қиянат қатар өріледі.  Біздің ұғымымызда қоян – қорқақ, түлкі – қу, қасқыр – қатыгез секілді стереотип қалыптасқан. Ал «Зооқалада» бәрі басқаша. Мүлдем өзге эволюция. Аңдар бір-бірімен дос. Мультфильмдегі кейбір аңдардың әрекеті күлкі шақырады. Қоян – қаһарман, түлкі – адал, қасқыр – мейірімді. Керісінше, момын қой – мұнда бар бәленің бастаушысы. Арыстан – қала әкімі, зубр – полиция басшысы, атжалман – қылмыс әлемінің серкесі. Жалқаулар халыққа қызмет көрсету орталықтарында отыр. Пілдер өмір сүрген қалада тышқандар да бір-біріне зиянын тигізбей бейбіт өмір сүріп жатыр. Мұны көрген бала түйсігіне титімдей болса да ой түйіп, ең құрығанда өзгеге тісін батырмауды, залалын тигізбеуді ұғар еді. Пайғамбарымыз: «Жақсы мен жаман жолдас әтірші мен от жағу­шыға ұқсайды. Әтіршінің қасында болсаң, жақсы иісті иіскейсің немесе жақсы иіс үстіңе жұғады. От жағушының жанына барсаң не көй­легің жанады, не болмаса жаман иісті жұ­тып қайтасың» деген екен. Мәселен, 2004 жылғы «Подводная братва» мультфильмі жас балаларға қарағана жас өспірімерге түсініктірек болатын туынды. Дегенмен, бұл мультфильмнің берері көп. Негізгі мораль: дәрежеге, лауазымға жету үшін биікке шығуға, атаққа, байлыққа ұмтылу қажет емес. Көп нәрсеге бірден жетуді қалап, өмірдегі ең маңызды және қымбат нәрсені жоғалтып алуға болады. Осыған ұқсас «Немо» мульфильмі де тәрбиелік мәні жағынан балалар психологиясы мен санасына жақсы жағынан әсер ететін туындыардың бірі.  Аталған екі мульт туындыларында әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, арадағы түсініспеушіліктер, әке махаббаты үлбірген нәзіктікпен көрсетіледі. Қазіргі кездегі жалғызбасты әкелердің рөлі осы екі мультфильмде ашыла білді.

2005 жылы алғашқы бөлімі жарыққа шыққан көп сериалы «Мадагаскар» мультфильмі де көрермен көзайымына айналып үлгерді. Әсіресе, жас бүлдіршіндерге түрлі темпераментті жануарлар өмірін қызықтау өте ерекше сезімге бөлейді. Бұл мультфильмнің моралі – адал достыққа шекара жоқ екенін айқындап көрсету. Мейлі жануарлар паркінде болсын, мейлі Мадагаскар аралында болсын адал достықтықтың шегі жоқ, есепсіз үлкен сый және оны бағалай білу екінің қолынан келе бермейтін сынақ.

Осы сияқты дұрыс бағыттағы, баланың санасына, дамуына үлкен әсерін тигізетін бірсыпыра  мульт туындылары бар. Әлбетте, олар да мінсіз емес. Кемшіліктер, «былай істеп, былай көрсеткенде жақсы болар еді ау» дейтін нәрселер де көп.

Көпшіліктің көңілінен шыққан 2009 жылғы АҚШ қоржынындағы тағы бір әсерлі мульт туынды –«Вверх». Жұбайына деген адал махаббаты мен арманына сенген мейірімді жүрегі –басты кейіпкерге деген сүйіспеншілік пен қолдауды кішкене көрерменнен бастап ересек адамға дейін аудитория көлеміне шек қойған жоқ.

Шын мәнінде осы сынды  мейірімге толы, сыйластық пен кішіпейілділікке үйрететін, арманға адал болуға, қайтпас қайсар болуға бағыттайтын туындылар мультфильм жанрының негізгі мақсатын айқындайды, міндетін орындайды.

Мұнан кейін өзіміздің төл туындыларымызды, яғни «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан», «Қырық өтірік», соңғы кездері көрермендерге жол тартқан «Сақ» киностудиясының «Момын мен Қарақшы», «Қошқар мен Теке» атты анимациялық фильмдерін тамашаладым. Көрсең, көңілің тояды. Осындай туындыны дүниеге әкелген жандарға іштей алғыс жаудырасың. Бір ғана қазақтың тұңғыш анимациялық фильмі болған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультфильмінің өзі неге тұрады? Бұл туынды жарыққа шыққалы бері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Бүкілодақтық тұсауы кесілген сәттен бастап-ақ, мультфильм шетелдерге ұсынылып, 48 елдің экранынан көрсетілді. Ал 1968 жылы Ленинград қаласында өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивальде ІІІ жүлдені иеленген туынды 1975 жылы Халықаралық Нью-Йорк мультфильмдер фестивалінде «Кола Праксиноскоп» жүлдесін жеңіп алды. Осы туындыны дүниеге әкелген қазақтың мультипликациялық фильмдерінің атасы Әмен Қайдар одан кейінгі өз туындыларында да ұлттық рух пен болмысты көрсету арқылы жас өркендерге орасан зор тәрбие беруді көздеді. Ол өз мақсат-мүддесінен шыға да білді. Соңғы уақытта жас көрермендердің көзайымына айналып үлгерген «Қошқар мен Теке» фильмі де өзіндік мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ұлттық дүниелерімізді мүмкіндігінше қамтуға тырысқан туындының тілі жатық, баланың ойлау қабілетіне сай екен. Мұнда туған жерге деген махаббат, өз Отанына деген сүйіспеншілік жақсы суреттелген. Міне, бұлар – нағыз қазақ баласының дүниетанымына оң әсерін тигізетін дүниелер. Бірақ бұл қуанышымыздың астарында «әттең…» деген қынжылыс та бар. Себебі мұндай саусақпен санарлық ұлттық дүниелеріміз күн сайын, сағат сайын саны артып, рухани жұтаңдыққа әкелетін шетелдік туындылардың орнын алмастыра алмайды, тіпті оған өз деңгейінде бәсекелес те бола алмайды. Рас, барлық бұқаралық ақпарат құрал­дарында отандық аниматорлар туралы жазылып та жатыр. Олардың сан туындысы қолдың қысқалығынан жарық көрмей жатқандығын айтудай-ақ айтуда.

Балалар үшін ең жақын, ең жақсы да жарық кейіпкер, ол – Анасы. Ана туралы насихаттайтын мультфильмдердің мейірімге, бала мен ананың жылы қарым-катынасының сюжеттері тек жануарлар туралы мультфильмдерде жиі кездеседі. Мәселен, «Король Лев», «Книга Джунглей» сияқты мультфильмдер осыған дәлел. Ал, адамдар бас кейіпкерлері болған бағдарламаларда әйел-ана образының сыртқы пішіні ұсқынсыз, әдеміліктен алыс, ақымактау қылып көрсету үрдіс. Сол арқылы қыз балалардың балалық шақтан отбасылық – мәнді құндылықтардан гөрі, уақытша – арзан құндылықтарды сіңіріп өсуіне жол ашады. Егер, мультфильмдерді өндірушілердің мақсаты – ішкі және сыртқы сұлулығы сай, ақылды, мейірімді ана мен сүйкімді әйел образын жасау болса, өзгерген құндылықтардың көбі өзгеріске ұшырамас еді. Білгенге, мультфильм де осы секілді, жақсысы мен жаманы бар. Балаңа жаманын көрсетсең, тәрбиесінде қара дақ қалады. Жақсысын көрсетсең, жүрген жері шат болады. Қалау – өзіңізде!


3 Ата-аналарға кеңес


  • Психологтар балаға 2 жасқа дейын мультфильм көрсетпеуге кеңес береді.

Мультфильмді қосып берер алдында ата-ана өзі мұқият көріп шыққаны дұрыс. Тексеруден өткеннің өзінде оны күніне бір жарым сағаттан артық көрмеуі керек. Қандай керемет мультфильм болса да, ата-анамен жасалған қарым-қатынасқа жетпейтінін естен шығармайық. Мағынасын сараптап, балаға не бере алатынын анықтап алыңыз. Толып жатқан мультфильмдер арасынан мән-мағынасы дұрыс, баланың психикасына кері әсері жоқ, негативті желісі жоқ, адалдық, әділдік принциптері мен жақсылықка баулитын, дұрыс әрі салауатты өмірді, махаббат пен мейірімге толы отбасыны, достық сезімдерін насихаттайтынын таңдаңыз.

Мультфильмдер желісі тым ұзақ болса, бөліп көрсеткен жөн. Себебі психологтардың айтуынша күнделікті 4 жасар бала үшін 15 минут, бастауыш мектеп жасындағы балаға 30 минут жеткілікті. Бұл уақыттан көп отырған баланың денсаулығына (семіздік, ішкі құрылыстарының бұзылуы, физикалық әлсіздік т.б) кері зиянын тигізеді.

  • Мультфильмдерді қарау барысында баланызбен бірге көруді әдетке айналдырыныз. Баланың қойылған сұрақтарына назар аударып, жауап беріңіз. Баланыздың мультфильмдегі түрлі ситуацияларда «Сен не істер едің?» деп сұрап, жауабын акылдасыныз. Осылай жақсы мен жаманды айыруға, мағынасын түсіндіруге, тұлғаның дұрыс қалыптасуына ат салысасыз. Балалық шақта адами қасиеттердің алғашқы фундаменті қаланады.

Сондықтан бала үшін ең алдымен, ата-анасы үлгі болу тиіс. Сансыз тірлікпен алданып жүріп, бейберекет теледидар алдына қалдыру, балаға беретін көңіл мен мейірімді, тәрбиенің орнын толтыра алмайды.

Оқырмандар арасында, баламның өз қалауы бар, таңдауына тыйым салмаймын деп айтатын ата-аналар да болар. Алайда, өмірге тәй-тәй басқан перзентінің аяғына өткір зат кірмесін деп жолынан қауіпті затты аласыз, бірақ қадағалаусыз көрген өнімдер ертең ішкі дүниесі мен ой-өрісіне өлшемсіз зияны барын және болашағы үшін ең қауіпті осы екенін ұмытпаңыз!

  • Теледидарды электрондық балама ретінде пайдаланбауға тырысыңыз. Балаға теледидарға байланысты емес іспен айналысуды ойлап табуға болады:конструктор ойыны, сурет салу, пазлдарды құрастыру.

  • Мектеп жасындағы балаға мектепке барар алдында теледидар көруге тыйым салыңыз. Себебі бала ерте көрген хабарлардан қозып, жұмыс уақытына көңіл қоюы қиынға түседі.

  • Баланың сүйікті ісін мадақтаңыз: жапсыру, сурет салу, кесте тігу-баланы қызықтыратын істер өте көп. Әрине, ата-аналардың біраз уақытты талап етеді, бірақ баланы өздігінен айналысуға үйретуге болады. Ең бастысы оның таңдаған ісіне қолдау көрсету керек.

  • Кітаптар оқыңыз. Оқуға деген махаббатты ата-аналар ғана үйрете алады. Қызықты әдебиетті таңдап алыңыз, баламен бірге кітап оқыңыз. Теледидар кейіпкерлерінен гөрі, кітап кейіпкерлерімен кездесу маңызды болсын. Сенің, ол негізінде болатын нәрсе! Бастысы кітаптарды таңдап, үй кітапханасын дұрыс құру керек.

Ең басты және маңызды ереже-баланың өміріне деген риясыз қызығушылық. Егер ата-аналар баланың жақсы достары ретінде танылса, теледидар екінші орынға ауысады.



















Қорытынды


Мультфильм – өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі. Қазақ халқы өзінің бет бейнесі мен болмысын, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттығын, өзінің ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздігін болашақ ұрпағы арқылы ғана қорғай алады. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі қашанда алдыңғы орында болуы шарт. Сол себепті Қазақстан да мультфильм саласына мән бергені жөн. Өкінішке қарай, біздегі анимация жанры – қазіргі таңда өз шешімін таппай, кенжелеп қалған салаларымыздың бірі. Бірақ оны жандандыру кезек күттірмейтін мәселе. Өзіміздің Тазша балаларымыз бен алып Алпамысты, қайсар Қобыландыны көрсетіп, ұлдарымызды ұлтжандылыққа, қыздарымызды қылықты болуға үндеу қажет. Өзіміздің ертегілеріміздегі Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ сынды кейіп­кер­лерді мультфильмдік образға айналдырудың уақыты келген жоқ па? Ендеше Нарутоның қан шашқанын, Халктың қаһарланғанын, Шректің шатпа­ғын, Спанч бобтың сандырағын көріп, өзгенің қаңсығын таңсық қылғанша төл туындыларымызды жандандырып, солар арқылы тәрбие берген артық екені айтпаса да белгілі.

Иә, бала мультфильм көргенді ұнатады. Айналасымен танысып үлгермеген балғын үшін бәрі таңсық, бәрі қызық. Баспайтын жерді басқанды ұнатады. Бірақ оның бәрі пайдалы емес. Сондықтан қазақтық тамырға балта шаппас үшін ұлттық нақыштағы, бүлдіршіндерімізге ұлттық рух пен ұлттық намыс дарытатын мультфильмдерді өмірге әкеліп, көгілдір экранымызды түзеуіміз керек.

Мултфильм - мейлі ол бүлдіршіге арналсын, балаға, жасөспірімге арналсын тіпті ересекке арналса да ол шуақ, жылу сыйлауы керек. Бұл деген сөз ешбір қисыны жоқ әйтеуір күлкілі нәрсе болуы керек деген сөз емес. Мультфильм – мейірімге толы болуы керек. Себебі оның басты аудиториясы –жас бүлдіршін. Ал бүлдіршіннің өз кезегінде санасы, ойлау қабілеті қалыптаспаған. Ол барлық іс-қимылдарды, қозғалыстарды айтылған сөздерді көргеніне қарап қайталайды. Осы жағынан мультфильмдердің бала психологиясына, ол тұрмақ жастар психологиясына нұқсан келтіру қаупі бар.


Ұсыныс:

Бұрынғы әжелеріміз айтып беретін ертегілерден бала даналық, ұяңдық, кішіпейілдік, әділдік секілді қасиеттерді сіңірген болса,  қазіргі балалар өздері көретін мульфильм кейіпкерлеріне еліктеп орынсыз күледі, қисық сөйлейді, өзінікі жөн болмаса да қырсығып, сөз қайтарады, бірі-бірін ұрады, шымшиды... Сонымен, қазіргі көптеген мультфильмдер балаларға оң әсерінен гөрі кері әсерін тигізеді.

  • Сондықтан бүгінде телеарналарға анимациялық өнімдерді қатаң бақылаудан өткізіп барып жіберген дұрыс деп есептеймін.

  • Ал ата-ана баласын теледидарға телміртпей, аз да болса көңіл бөлсе жөн болар еді. «Бала – ата-ананың айнасы» емес пе, ендеше ұрпағымызды өзімізді қоршаған ортадағы жамандықтан қорғай білейік.



















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.                  Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты жолдауы. // Егемен Қазақстан, 2012.www.multfilm.kz.

2.                  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4 (2), 2007жыл, 61−92 б.

3.                  Қазақ Совет энциклопедиясы №8 том, 1999 ж.

4.                  Полонский В.М. Словарь по оброзованию и педагогике. М.2004. С 83

5.                  М.Безруких (Ред.колегия). Педагогический энциклопедический словарь. М., 2002. С-79.

6.                  Оклендер В. Окна в мир ребенка. / Руководства по детской психотерапии.–М.,2003 46-49 б. www.multy.ru.

7.                  «Бала тәрбиесі» журналы №2, 2010.











11


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі