Материалдар / "Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері".
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері".

Материал туралы қысқаша түсінік
көмегі тиіп қалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2021
633
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Алғашқы медициналық көмек көрсету.

Мақсаты: Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарымен таныстыру.

Көрнекі құралдар: Мақта, орама бинт, «Зеленка», «Иод», мақталы таяқшалар т.б.


«Сәлеметсің бе» «Амансың ба»

«Саумысың» деген сөздерді ғажайып сөздер ретінде әңгімелесу.

Неліктен олай деп ойлайсындар?

«Денсаулық дегеніміз не?»

Амансың ба деген сөз нені білдіреді?

Адамның байлығы не?

Денсаулық болу үшін не істеу керек?

Бейне баян көреміз.

Денсаулық.

Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педагог өзі бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады.

«Бәріміз – біріміз үшін, біріміз-бәріміз үшін»деп деніміз сау болсын деп тілейік!

Жолда жүру ережесі?

Қауіпсіздік мектебі?

Жаманнан жирен?

Жарақаттың алдын алу?

  • Міне, осы сұрақтар не жайлы айтады? Жарақат алу деген не? Қандай жағдайларда жарақат алу мүмкін? Оның алдын-алу жолдарын білеміз бе? Сол жөнінде мәліметтермен таныс боламыз, тәжірибе түрінде көрсетеміз.

Жарақат алудағы алғашқы көмекті жүргізу жолдарын білуіміз керек. Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымдалған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті әсері өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден орташа кеткенде, ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырылуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал.


 

Қан кету түрлері:

Зақымдалған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы
артериялық (күре тамырлық), веналық  (көктамырлық), капиллярлық (қылтамырлық) және паренхиматоздық болып бөлінеді. Артериялық қан кету жүректен ағза мен ұлпаларға қан баратын  ең ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз, ірі күре тамырлардан аққан қан жараланған жерден атқылап немесе фонтанша ағады, түсі ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды, жарақаттанған адамның өміріне елеулі қауіп төндіреді. Көктамыр деп жүрекке  қайта бара жатқан қан айналымын айтады, оның түсі қара қошқыл болады, ол үздіксіз, баяу ағады. Қылтамырлық  қан кету ұсақ тамырлардан ағады, ол тамшылап ағады, өздігінен тоқтайды.

^ Алғашқы медициналық көмек: Уақытша қолда бар құралдармен қан ағуды тоқтату.


Қан ағуды тоқтату тәсілдері:

1) Аяғын жоғары көтеру, бұл жағдайда қан миды қоректендіреді;

2) Қанды  артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен атқаруға болады. Егер білек жараланса - онда қанды  тоқтату үшін артерияны иық сүйегіне, қолтық жағынан қатты қысып  басады. Артериялық қан сирақтан ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады. Самай күре тамырын  бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады. Ұйқы күре  тамырын зақымдалған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып орайды.  Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады. Кәрі жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке басады. Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады таңғышпен қатты таңып  тастау.

              
                                                                         

Артерияны саусақпен қысудың нүктелері:                        .

3. Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш жігерді қажет етеді және саусақ тез талады, сондықтан  мүмкін болатын болса бұрау немесе ширатпаны жылдам қою дұрыс болады.  Қан тоқтататын ширатпа жалпақ иілмелі резина кесіндісі, оның бір шетінде ілгек екінші шетінде  ілмегі бар жүзікше бекітілген.

4) Келесі қан тоқтату әдісі – аяқ-қолды қатты бүгіп таңып тастау, бұл әдіс көктамырдан да аққан қанды тоқтатады.
^ Ширатпа (жгут) немесе бұраумен қою әдістері. Ширатпа жазда екі сағаттан артық, ал қыста бір сағаттан артық қойылмайды, бұл аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соқтырады.



Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуды күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мүмкін.



Таяқшаны бұрау арқылы, жгутты қысып қан тоқтағанша тартады.



Байланған таяқша ашылып кетпес үшін бинтпен орау қажет. Қан жүруінің тоқтап қалмауы үшін, әрбір 15 минут сайын, жгутты босатып отыру керек.


Ширатпа – қаң тоқтатудың соңғы тәсілі



Жарақаттың жоғарғы жағына, жұмсақ орамның (зақымданушының киімдерінен) үстіне жгут салу керек. Жгут салып болған соң оны созу керек.



Бірінші орауды байлаудың алдында, қан тамырларының соғуын, қанның тоқтағанын-тоқтамағанын көру қажет, ал жгут астындағы терінің ағарғанын көру керек.



Жгуттың келесі орамын, қатты қыспай орау керек, орағанда шығыс бағытында спираль тәрізді етіп, алдыңғы орамды басып орау керек.



Ширатпаның (жгуттың) жанына тура уақыты мен күнін көрсетіп мәлімдеме қалдыру қажет. Жгутты таңғыш және шинамен орамау керек. Көрінетін жерге «жгут» (маркет) көрсетіп қою керек.






Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат салынған таңғышты (асептикалық) немесе бірнеше қабат оралған бинтпен байлау қажет.



Егер де таңғыш суланса, жоғарғы жағына тағы да бірнеше қабат таңғыш салып, алақанмен басу қажет.



Қан көп кеткен жағдайда аяғын жоғары көтеру, капиллярлық және веноздық қан тоқтату тәсілі ретінде қолдану.


Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету.
1. Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті бақылайтын өнеркәсіптерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылатын мөлшерді анықтайды.
2. Көмек көрсетуші:
адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларының бұзылуының негізгі белгілерін;
алғашқы көмек көрсетудің жалпы қағидалары мен зардап шегушінің алған жарақатына қолдану тәсілдерін;
зардап шегушіні тасымалдау мен көшірудің негізгі әдістерін біледі.
3. Көмек көрсетуші:
зардап шегушінің халін бағалай және оған ең алдымен қандай көмек көрсету керек екендігін анықтай;
жоғары тыныс алу жолдарының еркін өтуін қамтамасыз ете;
«ауыздан ауызға» («ауыздан мұрынға») жасанды тыныс алдыруды және жүректің сыртынан массаж жасай және олардың тиімділігін бағалай;
қан кетуді таңғышты сала отырып, тамырды саусақпен баса отырып уақытша тоқтата;
жарақат алған жағдайда (жарақаттану, күйік, үсік, қатты ауыртып алу) таңғыш сала;
сүйек сынғанда, қатты ауыртқанда, термиялық жарақаттанғанда дененің жарақаттанған бөлігін жандандыра;
жылу немесе күн сәулесі соққанда, суға кеткенде, қатты уланғанда, құсқанда, есінен танғанда алғашқы көмек көрсете;
зардап шеккендерді тасымалдау, көтеріп шығару кезінде қол құралдарын пайдалана;

зардап шеккенді алғашқы жедел жәрдем машинасымен немесе жолшыбай көлікпен шығару тиімділігін анықтай;
алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкені пайдалана алады.
4. Алғашқы көмек көрсетудің реттілігі:
1) зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне қауіпті зиянды факторлардың ағзаға әсер етуін жою (электр тогының әсерінен босату, зиянды атмосферадан шығару, жанып жатқан киімді сөндіру, судан алып шығу), зардап шегушінің халін бағалау;
2) жарақаттың, зардап шегушінің өміріне қауіптіліктің сипаты мен ауырлығын және оны құтқару бойынша іс-шаралардың реттілігін анықтау;

3) зардап шегушіні жедел түрде құтқару бойынша қажетті іс-шараларды орындау (тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру, жасанды дем алдыру, жүректің сыртынан массаж жасау, қан кетуді тоқтату, сынған жерді анықтау, таңғыш салу және тағы сол сияқты);
4) зардап шегушінің негізгі өмірлік функцияларына медициналық персонал келгенге дейін жәрдемдесу;
5) жедел медициналық жәрдемді немесе дәрігерді шақырту немесе зардап шегушіні жақын орналасқан емдеу мекемесіне жеткізу шараларын қолдану.
5. Персоналдың тұрақты кезекшілік атқаратын орындарында:
1) алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті бұйымдар мен құралдар жиынтығы (дәрі-дәрмек сөмкесі);
2) алғашқы көмек көрсету, жасанды дем алдыру және жүректің сыртынан массаж жасау көрсетілген плакаттардың көрінетін орындарға ілінуі қамтамасыз етіледі.
6. Алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсету үшін мынадай шарттар орындалады:
1) әрбір объектіде алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкелерде сақталатын бұйымдар мен құралдардың (объектіден тыс жұмыс істеген кезде) ақаусыз күйі мен олардың жүйелі түрде толықтырылып тұруы ..үшін жауапты тұлға (әр ауысымда) тағайындалады.

Қорытнды:

- Осымен өз білгенімізше алғашқы медициналық көмек бере аламыз ба?

- Қане, кім не әкелді? Медициналқ көмек беру жолдарын білу парыз.

- Мәселен жарақат алған жағдайда не істей аласыңдар?


Оқушылар, өз білімдерін көрсетті.



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!