«Алғашқы қазақ тарихшысы М.Х.Дулатидың «ТАРИХИ-РАШИДИ» еңбектеріндегі қазақ хандығы туралы мәліметтер»
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №86 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Ашимбеков Шарипбек Кайыпбекович
Әрбір тірішілік иесінің талқаны таусылар күні болады. Бірақ ажалмен бірге бәрі құрып кетпейді.Ажал дегеніміздің өзі түрі өзгерген өмірдің тағы бір болмысы: адам өзгелердің есінде өмір сүреді, өзінің ақыл-ойы, тілегі, өз қолымен жасаған дүниенің бәрі ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, қызмет ете береді.Бұған мысалды көптеп келтіре беруге болады. Солардың ішінде Қазақстанның, көршілес егемен орталық Азия мемлекеттерінің, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінің жұртшылығы болыпбес жүз жылдық мерейтойын салтанатпен атап өткен Мырза Хайдар Дулаттың өмірі, өлімі және мәңгілік тарихи мұралары да бар.Ондай мерейтой өтуінің заңдылығы да бар: Мырза Хайдар-айрықша бөлек тұлға, ал оның әйгілі «Тарихи Рашиди» аталатын еңбегі ХVI ғасырда парсы тілінде жазылған мұсылман елдері тарихи әдебиетінің ең бір құнды қызықты жәдігері.
Бұл еңбекті жазған адамның толық аты-жөні –Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Хұсайын Гурган. Бірақ өзінің жазғанындай , ол достары арасында Мырза Хайдар есімімен белгілі болған. Ортағасырлық мұсылман авторларының көпшілігінің деректерінде ол өз есімімен кездеседі.Бұрын соңды Еуропа ғалымдарының үлкен-кішісі де оны осы есіммен атайды.
Мырза Хайдар туған мерзімі жайлы дерек жоқ. Өз шығармасында ол тек қана хижраның 905 жылы (1499 жылдың 8 тамызы -1500 жылдың 27 шілдесі) туғанын бірнеше рет жазады.Өкінішке орай не туған жері, не айы, не туған күні айтылмайды.
Мырза Хайдар белгілі де беделді дулат руынан шыққан, сондықтан ғылыми әдебиеттерде ол көбінесе Мырза Хайдар Дулат аталып жүр. Оның ата-бабасы кезінде ел билеген әулетті әмірлер болған,Шағатай ұлысының шығыс өңірінде – Қазіргі оңтүстік –Шығыс Қазақстан, Қырғыстан, Шыңжаң аумағында патшалық еткен әулеттердің ханзадаларын қаласа таққа отырғызып, қаламаса тақтан түсіріп отырған да солар еді. Ортағасырлық мұсілман деректерінде бұл өлке Моғолстан аталады [1, 53б]
Оның әкесі Мұхаммед гурган («Хан тұқымының күйеуі») өзін 1495 жылы Ұра-Төбеге басқарушы етіп тағайындаған моғолдың аға ханы (ұлы хан) Сұлтан Махмұттың (Моғолстанды 1487-1508 жылдары билеген) жақын досы еді. Сондықтан біз Мырза Хайдар сол кезде Шағатай ұрпағы Махмұт хан тұрған Ұра-Төбе мен Ташкенттің бірінде туған деп шамалап айта аламыз. Нағашы жағынан Мырза Хайдар Дулат Шағатай ұрпағы Махмұт ханның әкесі Жұніс ханның (Моғолстанды 1463-1487 жылдары билеген) нересі болып келеді. Яғни, Үнді жерінде Ұлы Моғол империясын ұүрған атаұты Темір ұрпағы Бабырдың (1483-1530) бөлесі.
Мырза Хайдардың өз айтуы бойынша, оның шешесі, Хуб нигар-ханым, моғол ханы Жүністің үшінші қызы мұның мүлдем сәби кезінде «өз өмірінің қазынасын о дүние сақтаушысының қолына табыстаған». 1508 жылы әкесі Мұхаммед Хұсайын Грган да Шайбан ханның бұйрығымен Гератта өлтіріледі. Сөйтіп, Мырза Хайдар сегіз жасында жетім қалады.Ол ол ма, өз өмірін аман сақтау үшін әлдене себеппен бара қалған Бұхарадан Бадахшан арқылы кабулға қашуға мәжбүр болады, 1509 жылы сонда келіп жетеді. Кабул мен сол маңды билеп тұрған Темір ұрпағы Бабыр оны өз ұлындай қарсы алып, тәрбиешілерге тағайындайды.1512 жылы Мырза Хайдар Бабырдан кетіп, өзінің тағы бір немерелес бауыры Шағатай ұрпағы Сұлтан Саидқа қосылады, сөйтіп сонымен бірге Қашқарға қоныс аударады. 1514 жылы Сұлтан Саид хан орталығын Яркенд етіп Яркенд хандығы аталған Моңол мемлекетін құрады.
"Ойға жүйрік жан-жақты майталман шебер Мырза Хайдар өзінің ержүректілігімен де, әскери талантымен де көзге түседі. «Тарихи Рашидидің» болашақ авторы тағдырына Бабыр мен Сұлтан Саид ханның тигзген әсерінің арқасында ол мұсылманша жан-жақты білім алады, ғылым мен өнер саласы бойынша өз заманының әдеби һәм мәдени дәстүрін бойына сіңіріп өседі.Бұл жайлы ол өз еңбегінің алғы сөзінде нық айтқан. Бұл туралы Бабыр да:
«өз әкеісінің қазасы өзбектерден болғаннан кейін, ол маған келіп үш-төрт жыл қолымда болды. Содан кейін ол Қашқардағы ханға баруға рұқсат сұрады.
Алтын, күміс қорғасын ба –бүгін де,
Өз теңін табады ақыры түбінде
Қазір ол әбден ақыл тоқтатқан, бірқалыпты жолға түскен көрінеді. Жазу-сызуға, сурет салуға, жебеғ жебенің ұшын, садақ адырнасының сақинасын жасауға қолы әуелден епті болатын.Өлеңге деген икемі де бар.Оның маған жазған сәлем хатынан сөз мәнері дұрыс екеніне көз жеткіздім» -деп жазады.
Мырза Хайдар түрік, парсы тілдерінде еркін сөйлеген, жаза білген, Айаз аталатын поэтикалық лақап аты бар-тын. Өзінің 1529-1530 жылдары Бадахшанда болуына орай түрік тілінде жазылған «Жахан-нама» поэмасы бар.
Текті атадан шығуы мен өз басының айрықша қабілеті Мырза Хайдардың қызмет сатысымен жоғарылап отыруына да әсер етті. Саид хан құрған мемлекеттің ол мәртебелі орынға ие болды.Ол 1527-1528 жылдардың қысында моғолдардың Кафиристанға жіберген іскери экспедициясын сәтті басқара білді, ханның Бадахшан, Ладак, Кіші Тибетке жасаған жорықтарына (1529-1533) белсене араласты [2,105 б].
1533 жылңы 9 шілдеде Сұлтан Саид хан өлген соң, оның орнына дулат руынан ерекше жауыға қарап дағдыланған баласы Әбдірашит отырады.Мырза Хайдар амалсыз бұл елден кетіп, Бабырдың баласы Үндістандағы ұлы Моғолдар императоры Хумаюнның (1530-1556 жылдары билік жүргізген) ұол астында қызмет істеуге мәжбүр болады.1541 жылы Мырза Хайдар үшін шын мәнінде ешкімге тәуелсіз княздік құрудың мүмкіндігі туады.Үнді тарихшыларының дерегі бойынша, жеке басының жұғымдылығын демократиялық қабілетпен ұштастыра білген Мырза Хайдар өз иелігіндегі өңірдің тәуелсіздігін сақтап қана қоймай, сол бір император Хуманюнның тұсында бұлғақты кезеңнің өзінде елдің шығысына қарай біршама жаңа жерлерді жаулап алу арқылы, өз өңірін кейете түседі.
«Рашид тарихы» («Тарихи Рашиди») 1542-1546 жылдары парсы тілінде Кашмирде жазылды. «Тарихи Рашидиді» жазуға түрткі болағн Мырза Хайдардың, өз ұғымы бойынша өзінің озық ілімін ұрпаққа қалдырып кетсем деген арманы еді.
Шығарма алғы сөзінде ол өзінің елін тастап моғолдардан бөлініп кетсе де, Әбдірашит ханның өзіне салқын қарап, туыстарына салқын қабақ таныта тұрса да, Әбдірашит ханның әкесі Сұлтан Саид ханның өзіне жасаған жақсылығын ұмыта алмайтынын, он үш жасар жетім кезінде өз баласындай бауыран тартып қамқор болғаны, сыйлап-сүйгенін, міне, жиырма төрт жылы бойы қатарынан қалдырмай құрмет пен сыйға бөлегенін, тек сол адамның арқасында ғана, тек адамның қамқорлығымен өзінің білім алып, ғылымға жетік болғанын ілтипатпен айтады. Сондықтан да жамандыққа жақсылықпен жауап беру керектігін білдірді. Хан баласы бұл еңбекті жылы көңілмен қабылдай ма, болмаса сырт беріп теріс айналама, біріне қарамай ол осы шығармасын Рашид ханға арнап, өзі туралы есіне салайын, оның да кім екенін жұрт біліп жүрсін дегенді аңғартады. [3,60б]
«Тарихи –Рашидидің» негізгі мазмұны -1242 жылы өлген Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай ұрпағының шығыс жақ бұтағының тарихы мен дулат руын көтеруді қолға алған ұлыс ішіндегі айтыс-тартыс, дулат беделділерінің Шығыс Түркістанды билеуінің жөн –жосығы ХІV ғасырдың екінші жартысы мен ХVІ ғасырдың алғашқы жартысында Моғолстан тарихи жқнінде негізгі әрі бірден-бір деректі еңбек болмағандықтан «Тарихи Рашиди» Орталық Азияны мекендеген түркі халықтарымен тибет, кафир, кашмирліктер туралы да мол фактілер мен сирек деректті материалдарға толы болып келеді. Ондағы Кафиристан мен кіші Тибет тұрғындарының тұрмыс-салт дәстүрлері жайлы жазғандары да сондай: оның аса зор этногенетикалық маңызы бар, толып жатқан зерттеу әдебиетіне негіз болғанТянь-Шань қырғыздары туралы әңгімелеуі де сондай.
Кеңестік шығыстану ғылымына келетін болсақ, ондаған жылдар бойы әртүрлі деңгейде «Тарихи-Рашиди» ғылыми түсініктемелер берілген толық түрін орыс тіліне аударудың өте қажеттілігі сөз болып келеді. Бірақ уақыт өте келе осынау теңдесі жоқ шығарманың аудармасы жасала қоймады. 1996 жылдың соңына таяу Өзбекстандық шығыстанушылар: А.Орынбаев, Р.П.Джалилова, Л.М.Епифановалар белгілі бір шамада жүзеге асырды. [4, 59б ]. «Тарихи Рашидиді» зерттеу әлі толық аяқталмады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди, - Алматы 1999
-
Кляшторный С.Г.Султанов Т.И Казахстан. Летопись терх тысячелетий. – Алматы – Мектеп, 1993.
-
Рашид ад-Дин. Сборник летописей,т.ІІ –М.1960
-
Абусейтова М.Х., Баранова Б.И Письменные источники по истории и культура Центральной Азии. –Алматы, 2003 г.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Алғашқы қазақ тарихшысы М.Х.Дулатидың "ТАРИХИ-РАШИДИ" еңбектеріндегі қазақ хандығы туралы мәліметтер"

шағым қалдыра аласыз