"Алғашқы қоңырау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алғашқы қоңырау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сценарий алдымызда келе жатқан білім күні мерекесіне көптеген балабақшаларға керек болар деген үміттемін .
Материалдың қысқаша нұсқасы

63 «Әсем - Ай» балабақшасы «Алпамыс» ,

«Ақбұлақ» шағын орталығы

Ән –күй жетекшісі : Кунакбаева Гулжанат Темирбаевна

(мерекелік фон ойнап тұрады)

Фанфар

Жүргiзушi: Қайырлы күн, құрметтi ұстаздар мен ата-аналар және  балабақша тәрбиеленушілері !Білім әлеміндегі  дәстүрлі мереке бастауы, баршамыздың асыға күтер салтанатымыз – 1 қыркүйек – «Білім күніне»  арналған № 63 «Әсем Ай» балабақшасының «Алғашқы қоңырау» салтанатына қош келдіңіздер!

«Бүлдіршіндердің салтанатты шеруі»

Салтанатты мерекеміздің қатысушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз :

Меруерт – мектепалды даярлық тобы . Топтың тәрбиешісі Шамуратова Ханзада Сражадиновна .Меруерт тобының ұраны «Жақсы оқу антымыз- артыңда қалсын алтын із!» Топтың тәрбиеленушілері білімді , өнерлі ,үлгі тұтарлық еліміздің болашақ азаматтары !Қол соғып , қарсы алыңыздар !

Мәр мәр - мектебалды даярлау тобы .Топтың тәрбиешісі Құрманбаева Гульнафис Құрманбаевна .Ұрандары «Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз !»Балалардың шығармашылық қабілеттері жоғарғы деңгейде .Бес саусақтарынан өнер тамған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз!

Құбылтас- мектепалды даярлау тобы .Топтың тәрбиешісі Қуаныш Қымбат Оразбайқызы . Ұрандары «Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.» Білгір , тапқыр ,ширақ ,- деп осы топты айтуға болады.Ақылдарына көркі сай бұл топ үнемі алға ұмтылуда .Қол соғып , қошеметпен қарсы алыңыздар !

Зүбәржат мектепалды даярлау тобы . Топтың тәрбиешісі Муканова Кумисай Масалимовна. Ұрандары «Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз, 
Жігерлі де, білімді, айбаттымыз» Болашақта елімізді бар әлемге танытатын ,өскелең ұрпақ . Өте талантты , ширақ, кішкене бөбектерімізге нағыз үлгі болатын білгір ұл - қыздарымызды ортаға қошеметпен шақырамыз»!

Қыстас - мектепалды даярлау тобы . Топтың тәрбиешісі Серикбаева Назира Алиевна . Ұрандары « Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» Өте тапқыр , сөзге шешен , оқуда озат екендерін дәлелдеген білімді ұл қыздарымызды ортаға шақырамыз !

Құрметті жиын қатысушылары біз бүлдіршіндердің салтанатты шеруін одан әрі жалғастырамыз , сіздердің алдарыңызда біздің балабақшамыздың бетке ұстар балдырғандары «Сутас»мектепалды даярлау тобын ортаға шақырамыз! Топтың тәрбиешісі Кулматова Айгүл Шинибековна.Өнерлі , талантты ,өте білімді балаларымыз бізді күннен күнге өз жетістіктерімен қуантуда! Ұрандары «Оқу- білім бұлағы, білім өмір шырағы ».Қол соғып , қошеметпен ортамызға шақырамыз .

Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген  алғашқы
Жас досым саған мың сәлем!
Балдырғандар келіңдер,
Білім үйін көріңдер.
Әріптерді таныңдар,
Бәрін жаттап алыңдар.


Жиынға қатынасушылар! Түзеліп тік тұрыңдар!

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Гимні орындалсын!

Жүргізуші :

Алғашқы қоңырау” салтанатты жиынын  ашу үшін алғашқы құттықтау сөз кезегі № 63 «Әсем- Ай» балабақшасының меңгерушісі Байботанова Аида Жұмановнаға берiледi.


Ән «Жаса қазақстан»

Жүргізуші :

Биыл 2017.. жылдың 30 тамыз айында біздің Егеменді Қазақстан Республикамыздың «Ата-заңы Конституциясына» 22 жыл толды. Туған еліміздің тарихының ажырамас бөлігі, қазақтың кең байтақ еліне береке берген еліміздің асыл қазынасы болған заң Конституция екендігі екені сөзсіз. Сонымен қатар биылғы жыл – Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткен дүние жүзіне әйгілі экспо 2017 көрмесі ұлт мақтанышына айналды , дей тұра бүгінгі салтанатты мерекені ашық деп жариялаймыз !

Тақпақтар

(музыка ойналады)

Дымбілмес жүгіріп келіп , балалармен доп лақтырысып ойнап , көңілді көтереді.

Ж : - Балақай , қой! Қой деймін мен саған, бізде мерекелік іс шара өтіп жатыр , кәне кет кет кедергі жасама! Сен өзі кімсің?

Д : - Салем балалар !Менің атым Дымбілмес!Мен доппен ойнап , асыр салғанды жақсы көрем.(доппен ойнап жүріп , бірдеңе іздей бастайды)

Д: - Мәссаған ,сөмкемді жолда келе жатып жоғалтып алдым , енді сабақты қалай оқимын ...жылайды

Ж: - Ия , шыныменен де қайда сөмкең?сөмкесіз сабаққа келуге болмайды!

Д : - Мен оны жоғалтып алдым, енді не істеймін ?

Ж : Дымбілмес , егер біздің сұрағымызға жауаб берсен ,біз саған көмектесеміз..

Д : Жарайды , қандай сұрақ?

Ж : Біздің Республикамызда биыл , яғни 2017 жылы әлемге әйгілі қандай дүниежүзілік көрме өтіп жатыр ?

Д: мммммм ,,.көрме деймісіз , не гой ,,, Балалар маған көмектесіңдерші , өтінем ...

Балалар жауаб береді. Экспо -2017!

Ж: Өте дұрыс балалар ! Экспо 2017  Қазақстанның елордасы Астана қаласында ұйымдастырылған Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек  аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Экспо 2017 символдары Сәуле , Мөлдір және Қуат бүгін бізде қонақта , қарсы алыңыздар !

С: - Мен Сәулемін ! Мен энергияны күннін сәулесінен аламын !

М: - Мен Мөлдірмін ! Мен энергияны судан аламын !

Қ: - Мен Қуатпын! Мен энергияны жерден аламын ! Айтпақшы , мынау кімнің сөмкесі? Жолда жатыр екен , ала келдік.

Ж : - Ол біздің Дымбілместің сөмкесі ғой , жылап жүр таба алмай , рахмет сіздерге . Біздің мерекеміздің қадірлі қонағы болыңыз.Балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.

Д :- Алақай! Рахмет сендерге !Мен сіздермен танысқаныма қуаныштымын!бізде Экспо көрмесі өтіп жатқанын бәріне айта жүрем , өзім де сол көрмеге барам. Балалар, сендер тексеріңдерші сөмкемді дұрыс жинадым ба жок па ?

Ж : - Кәнекей , көрейік жаңа оқу жылына қалай дайындалғаныңды .Сөмкеңнің ішінде не бар көрсет .

Дымбілмес партаға сөмкесінің ішінде не бар , бәрін шашып көрсетеді.

Ж :- Дымбілмес ау мына заттардың білім алуға ешқандай қатысы жоқ .

Д : - Енді не істеймін ? жылайды

Ж : - Балалар , Дымбілмеске сабақ оқуға керек заттарды жинауға көмектесеміз бе ?

Көңілді әуеннің ырғағымен балалар керек оқу құралдарын жинауға көмектеседі.

Д : - Рахмет сендерге балалар !Маған осы балабақша өте ұнады . Осы жерден екен ғой мектепке білімді болып баратындарын , ия , мен енді түсіндім !Өтінем мені де алыңдаршы оқуға , мен мына балалар сияқты білімді болғым келеді . Сабағымды жақсы оқимын деп уәде беремін.

Ж : -Әрине , Дымбілмес !Біз сені қуана қабылдаймыз!Балалар да қуанып қалады , солай емес пе балалар ?

Д : - Алақай ! Мен қабылдандым ! Рахмет , енді менің достарым өте көп !Енді мен білімді боламын .

Би «Кап - кап» (керек заттар : көпіршіктер, су шашатын құрал)

Жүргізуші :Балаларының жеке тұлға  ретінде қалыптасуына үнемі назар аударып, мектеппен байланыстарын үзбейтін, отбасы тәрбиесінде өзіндік тәжірибелері бар ата-аналар қауымы да ортамызда.

Келесі құттықтау сөз кезегі ______________________________________________________

Ән Туған жер

Жүргізуші :

Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма.
Күлкідей әсем сылдырап,
Бөбекті жиды маңыма.
Білімнің гүлін ашылған,
Терумен оқып жүр екем.
Бақытқа бізді шақырған
Қоңырау дауысы жыр екен!


Алғашқы қоңырау соғу рәсімін.................................. тапсырамыз.

Жүргізуші :

Балалар , келесі жылы сіз мектеп табалдырығын аттаймыз. Сол себепті биыл балабақшада атқаратын жұмыстар көп.Олай болса оны әнмен жеткізіп көрейік .

Ән «Үйретеді бақшамызда»

Мерекелік Флешмоб

Осымен жаңа  2017 -2018 оқу жылындағы “Алғашқы қоңырау” салтанаты аяқталды.Қоңырау сыңғырымен кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа оқу жылы басталды. Олай болса,егемен еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!Мереке құтты болсын! Оқу жылы сәтті болсын!

p.s

«Білім күніне»  арналған алғашқы сабақтар әр топта өткізіледі.

 









 






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
542
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі