Әлихан Бөкейхан – саясаткер
Бала кезімнен Алаш қайраткерлері туралы естіп өстім. Мектепте де Алаш зиялыларының қазақ тарихындағы орны ерекше екенін оқып келеміз. Біз үшін олар – нағыз зиялы қауымның өкілдері. Қазір біреу «зиялы адам» деп кез келген адамды атай берсе, еріксіз ойланып қаламын. Себебі мен бұл сөзді ең алдымен Алаш зиялыларымен салыстырамын. Мен үшін «зиялы» деген – білімді, ой өрісі кең, ел тағдырын ойлайтын, сабырлы әрі дипломат тұлға.
Осы сөздерді жазып отырып, көз алдыма бірден Әлихан Бөкейхан бейнесі келеді. Мен ол кісіні өмірде көрмесем де, тарих беттерінде жазылған деректер мен түсірілген фильмдер арқылы оның тұлғасын елестетемін. Әсіресе «Тар заман» сериалындағы Әлихан Бөкейхан бейнесі менің санамда ерекше қалыптасты. Бұл рөлді сомдаған актер Медғат Өмірәлиев кейіпкердің сабырлы мінезін, саяси салмағын және зиялы болмысын шынайы жеткізе алды. Сол себепті менің көз алдымдағы Әлихан Бөкейхан бейнесі осы актер арқылы қалыптасқандай әсер қалдырды.
Әлихан Бөкейхан – қазақ тарихындағы ең ірі саяси тұлғалардың бірі. Оның қызметі сол кезеңдегі тарихи жағдаймен тығыз байланысты болды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ даласы Ресей империясының отарлық езгісіндегі аграрлық аймаққа айналды. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты, жерді тартып алу және саяси құқықтардың шектелуі қазақ зиялыларының ұлттық санасын оятып, елді жаңа күрес жолына жетеледі.
Қазақ зиялылары бұрынғы қарулы көтерілістердің жеңіске жеткізбейтінін түсініп, саяси күрес жолын таңдады. XX ғасырдың басында қазақ жастары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Варшава, Стамбул сияқты ірі қалалардағы оқу орындарында білім алып, жаңа көзқарастағы буын қалыптастырды. Олардың басты мақсаты – туған халқының болашағы үшін қызмет ету болды. Сол зиялы буынның алдыңғы қатарында Әлихан Бөкейхан тұрды.
Оның қызметінде алғашында екі бағыт байқалды: ағартушылық және саяси күрес. Ол қазақ қоғамын білімге шақырып, халықтың саяси санасын көтеруге тырысты. Алайда уақыт өте келе саяси күрес басымдық ала бастады. 1905 жылы Қарқаралыдан Ресей империясының Министрлер кеңесінің төрағасына 14 мың адам қол қойған атақты петиция жіберілді. Бұл қазақ халқының құқықтары мен талаптарын ашық білдірген тарихи маңызды құжат болды. 1913 жылдан бастап жарық көрген Қазақ газеті қазақ зиялыларының ойларын халыққа жеткізетін ұлттық мінберге айналды.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының отарлық саясатқа қарсы күресінің маңызды кезеңі болды. 1917 жылғы Ақпан революциясы қазақ зиялыларына өз талаптарын ашық айтуға мүмкіндік берді. Осы кезеңде Әлихан Бөкейхан Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы комиссары болып тағайындалып, сол жылдың шілде айында Орынбордағы бірінші жалпықазақ съезінде «Алаш» автономиясының жетекшісі болып сайланды. Желтоқсанда өткен екінші съезде Алаш Орда автономиясы жарияланып, оның төрағасы да Әлихан Бөкейхан болды. Алаш Орда ұлттық басқару жүйесін, сот құрылымын қалыптастыруға және жаңа саяси тәртіп орнатуға талпыныс жасады, алайда тарихи жағдайдың күрделілігі мен кеңестік биліктің орнауына байланысты 1920 жылы өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.
Қорытындылай келе, Әлихан Бөкейхан – қазақ халқының саяси санасын оятқан, ел тәуелсіздігі жолында күрескен ұлы тұлға. Ол тек саясаткер ғана емес, ұлт болашағын терең ойлаған стратег, ағартушы және көшбасшы болды. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін оның идеялары мен еңбегі тарихи маңызын жоғалтқан жоқ. Керісінше, қазіргі ұрпақ үшін елді сүюдің, халыққа адал қызмет етудің үлгісі болып қала береді. Оның өмірі мен қызметі – әр қазақ үшін рухани шабыт көзі, ұлтқа деген махаббат пен жауапкершіліктің символы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әлихан Бөкейхан мен үшін кім?
Әлихан Бөкейхан – саясаткер
Бала кезімнен Алаш қайраткерлері туралы естіп өстім. Мектепте де Алаш зиялыларының қазақ тарихындағы орны ерекше екенін оқып келеміз. Біз үшін олар – нағыз зиялы қауымның өкілдері. Қазір біреу «зиялы адам» деп кез келген адамды атай берсе, еріксіз ойланып қаламын. Себебі мен бұл сөзді ең алдымен Алаш зиялыларымен салыстырамын. Мен үшін «зиялы» деген – білімді, ой өрісі кең, ел тағдырын ойлайтын, сабырлы әрі дипломат тұлға.
Осы сөздерді жазып отырып, көз алдыма бірден Әлихан Бөкейхан бейнесі келеді. Мен ол кісіні өмірде көрмесем де, тарих беттерінде жазылған деректер мен түсірілген фильмдер арқылы оның тұлғасын елестетемін. Әсіресе «Тар заман» сериалындағы Әлихан Бөкейхан бейнесі менің санамда ерекше қалыптасты. Бұл рөлді сомдаған актер Медғат Өмірәлиев кейіпкердің сабырлы мінезін, саяси салмағын және зиялы болмысын шынайы жеткізе алды. Сол себепті менің көз алдымдағы Әлихан Бөкейхан бейнесі осы актер арқылы қалыптасқандай әсер қалдырды.
Әлихан Бөкейхан – қазақ тарихындағы ең ірі саяси тұлғалардың бірі. Оның қызметі сол кезеңдегі тарихи жағдаймен тығыз байланысты болды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ даласы Ресей империясының отарлық езгісіндегі аграрлық аймаққа айналды. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты, жерді тартып алу және саяси құқықтардың шектелуі қазақ зиялыларының ұлттық санасын оятып, елді жаңа күрес жолына жетеледі.
Қазақ зиялылары бұрынғы қарулы көтерілістердің жеңіске жеткізбейтінін түсініп, саяси күрес жолын таңдады. XX ғасырдың басында қазақ жастары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Варшава, Стамбул сияқты ірі қалалардағы оқу орындарында білім алып, жаңа көзқарастағы буын қалыптастырды. Олардың басты мақсаты – туған халқының болашағы үшін қызмет ету болды. Сол зиялы буынның алдыңғы қатарында Әлихан Бөкейхан тұрды.
Оның қызметінде алғашында екі бағыт байқалды: ағартушылық және саяси күрес. Ол қазақ қоғамын білімге шақырып, халықтың саяси санасын көтеруге тырысты. Алайда уақыт өте келе саяси күрес басымдық ала бастады. 1905 жылы Қарқаралыдан Ресей империясының Министрлер кеңесінің төрағасына 14 мың адам қол қойған атақты петиция жіберілді. Бұл қазақ халқының құқықтары мен талаптарын ашық білдірген тарихи маңызды құжат болды. 1913 жылдан бастап жарық көрген Қазақ газеті қазақ зиялыларының ойларын халыққа жеткізетін ұлттық мінберге айналды.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының отарлық саясатқа қарсы күресінің маңызды кезеңі болды. 1917 жылғы Ақпан революциясы қазақ зиялыларына өз талаптарын ашық айтуға мүмкіндік берді. Осы кезеңде Әлихан Бөкейхан Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы комиссары болып тағайындалып, сол жылдың шілде айында Орынбордағы бірінші жалпықазақ съезінде «Алаш» автономиясының жетекшісі болып сайланды. Желтоқсанда өткен екінші съезде Алаш Орда автономиясы жарияланып, оның төрағасы да Әлихан Бөкейхан болды. Алаш Орда ұлттық басқару жүйесін, сот құрылымын қалыптастыруға және жаңа саяси тәртіп орнатуға талпыныс жасады, алайда тарихи жағдайдың күрделілігі мен кеңестік биліктің орнауына байланысты 1920 жылы өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.
Қорытындылай келе, Әлихан Бөкейхан – қазақ халқының саяси санасын оятқан, ел тәуелсіздігі жолында күрескен ұлы тұлға. Ол тек саясаткер ғана емес, ұлт болашағын терең ойлаған стратег, ағартушы және көшбасшы болды. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін оның идеялары мен еңбегі тарихи маңызын жоғалтқан жоқ. Керісінше, қазіргі ұрпақ үшін елді сүюдің, халыққа адал қызмет етудің үлгісі болып қала береді. Оның өмірі мен қызметі – әр қазақ үшін рухани шабыт көзі, ұлтқа деген махаббат пен жауапкершіліктің символы.
шағым қалдыра аласыз


