Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДІК БЕЙНЕСІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нурсеитова Нурлан Кабыкеновна
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің
«О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ
тарих пәнінің мұғалімі
Аңдатпа
Баяндамада ұлты үшін ұран тастап, еліміздің саяси дамуына атсалысқан, түркі халықтарының рухани бірлігін сақтауға және тәуелсіздік идеясын бастаған тұлға Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы, саясаты, еліміз үшін атқарған жұмыстары қарастырылған.
Тірек сөздер:Алаш қозғалысы, саясат, рух, патриоттық сезім, Отанға сүйіспеншілік
Аннотация
В докладе рассматривается жизненный путь, политика, деятельность Алихана Букейханова, который бросил лозунг за народ, принял участие в политическом развитии страны, выступил с идеей независимости и сохранения духовного единства тюркских народов.
Ключевые слова:Алашское движение, политика, дух, патриотические чувства, любовь к Родине
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДІК БЕЙНЕСІ
«Алаш» сөзі көне заманнан көне түркі тіліндегі «бауырластар», «қандастар» ұғымын білдіреді. Туыс елдердің өзара жылы қарым-қатынасы мен гендерлік ерекшелігі осы «алаш» сөзінен бастау алса керек. Тіпті, ХVІ ғасырдың дүлдүлі Бұқар Қалқаманұлы да өз толғауларында «Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алады. Ал «Алаш азаматы» деп атауы қазақ халқының ауыз бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді.
Қазақтың бағына туған Әлихан Бөкейхан алғашқы ұлттық үкімет құрды.
13 желтоқсан – Алаш үкіметінің құрылған күні. Ол Алаш тарихына алтын сиямен жазылды. Алаш қайраткерлері зиялы қауымды да, бай-бағлан, молдаларды да ұлт үшін қызмет етуге жұмылдырды. Алаш арыстарының азат ел болу туралы басты арманы орындалды.
Қараңғылық пен надандық шырмауынан құтыла алмай отырған халқына ең алдымен, білім мен мәдениет керек екенін анық ұғады. Халқын Еуропаның мәдениеті жоғары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат қылып қояды. Құжатханалардан табылған материалдарға қарағанда, Әлихан Бөкейхан жандармерия басқармасының назарына алғашқы рет осы жылдары-ақ ілігіп, ” саяси сенімсіздердің қара тізіміне ” алынады. Әлихан бұл тізімнен патша үкіметі күйреп, Кеңес үкіметі орнаған жылдары да – 1937 жылдың қыркүйегінде ” халық жауы ” болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ. Орман институтын ойдағыдай бітіріп, Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбы қаласына қакйта оралды. Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педогогтық, ғылымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Сонымен қатар, ол Омбыда патшалық тәртіптің қуғын-сүргінінде көрді, екі рет заңсыз-сотсыз абақтыда отырды.
Теңдік пен ұлттық тәуелсіздіктің төте жолы деп Әлихан өркениетті елдердің мәдениетінен үлгі алу, сөйтіп халықтың ұлттық мәдениетін өркендету, өнер-білімін көтеру, ұлттық сана-сезімін оятуды ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа стратегиялық бағыты етіп алған.
Әлихан Бөкейхан халқының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мол мәдениетін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, сенім-нанымын, өнерін зерттеп, жазып айтарлықтай мұра қалдырған. Ол қазақ ұлтының жүздік, рулық-тайпалық құрылымын зерттеген, қазақтың шежіресін жазған тұңғыш ғалымдардың бірі.
Халқымыздың сарқылмас қазынасы – ауыз әдебиеті мұраларын жинау, оларды жіктеп, өңдеп бастыру, әдебиеттану, көркем аударма Әлекеңнің сүйсіне атқарған істерінің бірі. “Қазақтың ұлт болып өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады,”- деп білген Әлихан ұлттық әдебиеттің өркендеуіне аз үлес қосқан жоқ.
Халықтың мәдениетін көтеруде, ой-санасын оятуда, халықты надандық құрсауынан шығарудағы әдебиеттің баға жетпес орнын ол студенттік күндерінен-ақ түсінген. Сол мақсатта заманындағы қазақтардың алдыңғы қатардағы зиялылары мен әдебиет өкілдерінің басын біріктіруге ұмтылады. Оларды халыққа қызмет етуге шақырады. Сөйтіп ол өз маңына Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Ғұмар, Көкбай, Жүсіпбек, Халел, Жиһаншы, Мұхамеджан сынды ақын-жазушылары мен көрнекті зиялыларын жинайды. Оксфорд университетінің ғалымдары ” Ә.Бөкейхан… фольклоршы болды. Ол қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш ғалым.
Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады ол. Сондықтан да Абайдың қалдырған мұрасын жинап халқына тезірек танытуға, таратуға асықты. Абайдың есімі мен шығармашылығын орыс қауымына алғаш рет паш еткен де Әлихан Бөкейхан болатын. Сонымен бірге кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының көлемдісі – көркем аударма. Аудармаларының ішінде орыстардың классик жазушылары Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, В.Г.Короленко, Д.М.Мамин-Сибиряк сияқты жазушылармен қатар, Еуропаның өркениетті елдерінің қаламгерлері, мысалға Ги де Мопассан әңгімелері, сондай-ақ, үнді, түрік тектес Қырым халықтарының әдеби шығармалары және Антика дәуірінің әдеби туындылары ұшырасады. Оның қаламынан шыққан мақалалары мен қоғамдық-саяси көзқарастары Ресей астанасының ” Сибирские вопросы”, “Биржевые ведомости”, “Новая жизнь” секілді газет-журналдарынан бастап, патша үкіметінің қас-көзі Жандармерияның қуғын-сүргіні салдарынан көшіп-қонып жүріп Омбы, Самара, Орынбор, Семей, Мәскеу сияқтың қалалардың мерзімді басылымдарынан жиі көрініп тұрған. Қазақ тіліндегі тұңғыш мақаласы 1900 жылы “Дала уалаяты газетінен” көрінді. Кейін келе татардың “Фікір”, “Уақыт”, қазақтың “Серке”, “Қазақстан” газеттері мен “Айқап” журналынан ұшырастыруға болады. Халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген.
Кеңестік билік Ә.Бөкейханның жарқын бейнесін қазақ халқының жүрегінен өшіре алмады. Өйткені Ә.Бөкейхан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде “Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын” деп, ұлтына қызметтен ешқашан кенже қалмаған еді.
Ардақты Әлихан туралы ой қорытар болсақ, ол: «Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді»,-деп пікір айтты. Дауыл мен дүрбелеңге толы ХХ ғасырдың бас кезінде халық қамын ойлап, ұлт жанашыры болған арда азаматтар аз болмады, соның бірі де бірегейі Әлихан Бөкейхановтың өзі еді. Өкініштісі сол халық соңына еретін азаматтардың дені бірі ерте, бірі кеш мерт болып жатты. Қазақ халқының тағдырын келімсектер шешетін жылдар көп жылдар бойы салтанат құрды.
Ұлы баба аманатына ғасырлар бойы жүргізген күрестің нәтижесінде қол жеткізген қазақ халқы 1991 жылдары ғана қол жеткізді, таза жолмен тура жолға бастайтын Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевпен бірге азаттық айдынына шықты. Көш түзелді, ел егемендігі баянды болып келеді, ғұмыр бойы күресті күндерді басынан өткізген Бөкейхановтың туғанына биылғы жылы 155 жыл толып отыр. Рух майданының шын мәніндегі күрескері болып өмірден өткен аяулы жанның туған халқының қамын ойлап айтқан қадау-қадау қағидаттары жайында ғана ой бөлістік. Танымы мол, тағылымы терең ойлардың берер ғибраты кеше мен бүгіннің, ертеңгі болашақтың жемісі болып тәуелсіз ұрпақтың санасында мәңгі жаңғырады, сақталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Алаш Орда: қазақ мемлекеттілігінің
қалыптасуы және қазіргі заман”.
Халықаралық
ғылыми конференция материалдарының жинағы. 12-13 желтоқсан 2013 жыл
= “Алаш Орда: истоки казахской государственности и современность”.
Сборник материалов научно-практической конференции. 12-13 декабря
2013 года // Абай. – 2008. – №4. – Б.81-82
2. Ақанов Ә. Алашорда қайраткерлерінің ұлттық руханиятқа тигізген
әсері // Ақиқат. – 2013. – №11. –
Б.108-110
3. Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст.: Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы:
2