Материалдар / "Алтын Адам"-Тәуелсіз Қазақстан символы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

"Алтын Адам"-Тәуелсіз Қазақстан символы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2020
389
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алтын адам» - Тәуелсіз Қазақстан символы

Тәуелсіздік - қазақтың басына біткен бағы, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Тәуелсіз мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы. Осы тәуелсіздікке жету жолында ата-бабаларымыз қаншама қиындықты бастан кешіп, бліктің күшімен, найзаның ұшымен осынау кең-байтақ ау қолынан сақтап, еліміздің азаматтары көрегенді, көзі ашық болсын деп талай игі жақсылықтарымыз қуғын-сүргінге ұшырап, келешек ұрпақ егемен елдің азаматы болсын деп өз жандарын құрбан етті. Қазақтардың сонау тайпа болы өмір сүріп жатқан уақытынан бастап, яғни сақтар кезінен бері тәуелсіз ел болуға деген құлшыныстары ерекше болған.

Бүгінгі таңда әлемде тәуелсіздіктің туын биік көтеріп, егемен ел болып өмір кешіп жатқан екі жүзден астам мемлекет бар. Әрине, бұл мемлекетттердің қатарына Қазақстан кіреді. Менің ойымша, әрбір елдің тәуелсіздігін айшықтап тұратын бір ерекшелігі, я болмаса бір белгісі болу керек. Еліміздің тәуелсіздігін Ата Заңымыз, әнұранымыз, елтаңбамыз, Көк туымыз, Тәуелсңздңк монументіміз айқындап тұрғандай. Соның бірі Алматы қаласында бой көтерген «Тәуелсіздік монументі». Астана қаласындағы «Бәйтерек» сынды ел символына айналған бұл монумент – Қазақстан жеке мемлекет болып қалыптасқан кезеңнің заманауи туындысы ретінде өз маңыздылығын ешқашан жоймайтын ескерткіш. Бұл ескерткіштің Алматы Республика алаңында орналасуының өзіндік себебі бар. Ескі шаһардың бұл жері талай тарихи оқиғаларға куә болғаны бәріне белгілі. Бүгінгі егемендігімізге себепші болған желтоқсан оқиғасы дәл осы алаңда болған. Қайсар мінезді ұл-қыздарымыз орталық алаңға шыңып ереуіл жасаған еді. 1996 жылы бой көтерген бұл ескерткіш өткенге көз жүгіртуге итермелейді. Ресми ақпараттарға сүйенсек: монумент биіктігі 180 метрді құрайтынын және де монументтің орта тұсында көне тарихи тақта орналасқандығын біле аламыз. Сондай-ақ «Тәуелсіздік монументінің» жоғарғы тұсына көз салып қарайтын болсақ сирек кездесетін барыс жануарының үстінде тұрған «Алтын Адамды» көре аламыз. Бұл ескерткіш мемлекетіміздің болашағы мен бейбіт өмірін бейнелеп тұрғандай. Жалпы бұл мүсіннің әр бөлшегінің ерекшеліктері мен мағынасы бар. Мысалы, «Алтын Адам». «Алтын Адам» - 1970 жылы Алматы облысының Есік қаласы маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Оның киімі төрт мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілге. Киім үлгісі – Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көсемі немесе елбасы екенін анық көрсетеді. Ол сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет болғанын дәлелдейді. Елімзідің бірнеше бөлігінен де осындай «Алтын Адамдар» табылған. Қазіргі уақытта Алтын Адам – Қазақстан Республикасының азаматтық символына айналды. Алтын Адамның - биікте тұрғанына бүгінгі міне жиырма жылдан астам уақыт өтті. Ескрткіш әлі талай жылдар бойы биікте тұратыны сөзсіз.

Қорытынды сөз: тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз айтқандай «Қоғамдағы татулық пен келісім әр адамның лайықты өмірі мен еңбегін қамтамасыз етеді. Еркіндік бассыздық емес, әділдік пен құқықтың салтанаты» дей отырып қолымыздағы үлкен байлығымыз, асыл қазынамыз. Тәуелсіздігімізді бағалап, оны өзіміздің жалғастырушы жас жеткіншектерімізге мұра етіп қалтырайық. Еліміз өз тәуелсіздігінен айырылмай, әрқашан бір шаңырақ астында бейбіт, тату ғұмыр кеше берсін! Сөзімнің соңын мынандай керемет өлең жолдарымен аяқтасам деймін:

Тәуелсізбін!

Тәуелсізбін, мен бүгін,

Келді міне, азаттығым, теңдігім.

Бостандықта бойлығым мен ендігім,

Тәуелсізбін!

Тәуелсізбін, мен бүгін!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!