Материалдар / «Алтын асық қалмасын айдалада...» ғылыми жоба

«Алтын асық қалмасын айдалада...» ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойынымыз – асық ойынының қадірін түсіндіру, оның тәрбиелік мәні мен денсаулыққа пайдасын ұғындыру.
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданы

Белогор негізгі орта білім беретін мектебі












Ғылыми жоба тақырыбы:


«Алтын асық қалмасын айдалада...»




Дайындаған: 9 сынып оқушысы

Сарузенов Ермахан

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Ажгалиева К.А.













2017 – 2018 оқу жылы

Мазмұны


I. Кіріспе


II. Негізгі бөлім

2.1. Асық ойынының тарихы мен оның тәрбиелік мәні

2.2. Асық түрлерінің аталуы мен оны иіру

2.3. Асық ойынының түрлері
2.4. Асық ойнаудың тигізер пайдасы

2.5. Асық ойынының бүгіні


III. Қорытынды 


IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
































Аннотация


Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Алтын асық қалмасын айдалада...»


Зерттеудің жұмысының  мақсаты:

Ұлттық ойынымыз – асық ойынының қадірін түсіндіру, оның тәрбиелік мәні мен денсаулыққа пайдасын ұғындыру.


Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Асық ойындарының шығу тарихымен, асық ойынының түрлерімен және олардың ойналу ережесімен таныстыру;

  • Қазіргі күнде жастар санасын улап жатқан түрлі интернет ойындарына қарағанда асық ойындарының жас ұрпақтың дамуы үшін аса пайдалы екендігін насихаттау;

  • Асық ойынының денсаулық үшін пайдасы көп екендігіне тоқталу.

  • Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, сақтай білуге үндеу.


Зерттеу жұмысының әдістері:

Жинақтау, ішінара ізденушілік, талдау, сауалнама.


Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Біз балалар  ойын ойнағанды жақсы көреміз. Ойынның қызығына салынып кетсек, ойыншықтар қалып, планшет, ноутбук, сенсорлы ұялы телефондар, жалпақ тілмен айтқанда виртуалды ойын ойнағанды жақсы көріп барамыз. Үлкендер рұқсат берсе, тіпті куанамыз. Тіпті  басқа ойындарды ысырып қоямыз. Ауыз екі сөйлеу тіліміздің аясы қысылып, қазақ тілімізге де біраз зияны тиіп жатады. Осы орайда мен ұлттық ойынымыз асық ойындарын ойнасақ, құндылығымыз жойылмас еді деп ойлаймын.


Зерттеу жұмысының жаңалығы:

- Асықтан есепшот жасап, математика сабақтарында мектепалды топтарында пайдалануға болады , сонымен қатар кіші жастағы балалар асықтың пішінімен таныс болады.

- Асық ойынының ұмытылып кеткен түрлері туралы зерттеп, олардың бүгінгі күнде балалар арасында таралуын қолға алдым.

-“Асық ату” ойынын матеметикалық ойын ретінде де пайдалануға болады.


Зерттеу жұмысының болжамы:

Егер асықтың түрлерін дұрыс қолдана білсек, асықпен ойнауға балалардың қызығушылықтары мен сұраныс артып,. түрлі интернет ойындардан біртіндеп арылады.



Салт – ұлттың ғұмыр бойы жиған мәдениеті, ұлттың ұлт екенін әлем халықтары мойындаудағы төрт белгінің бірі. Біз асылы бар, жасығы бар, Құдайға шүкір, салтқа бай халық болғанбыз! Асық ойыны–сол бай салтымыздың бір дәстүрі. Кезінде қазақ шаруашылықпен жаппай шұғылданған тұсында асық – әр үйдің, әр ауыл балаларының, жастарының, тіпті жасамыстарының да бас қосуының негізі болған ойын түрі. 

Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарында қолданылады.

Асық - қазақтың ықылымнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнады. Асық – төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік ба­сында орналасатын шымыр сүйек. Аңдардың да тілерсек тұсында болады.

Қазақта асық қасиетті саналады. Мысалы, қазақта «асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады. Яғни асықтың алшы түсуі оның иесін басымдыққа жеткізеді. Сәті түсіп, жолы болып тұрғандығын білдіреді. Сонымен қатар ба­ласы ұл болса, бәле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын деп бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Қыз болса, сұлу, көрікті болып бойжетсін деп бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағып ырымдағаны. Ал келіні құрсақ сал­ғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды. Онысы – ұл тілегені. Келінге көз тимесін, аман-есен босансын деген­ге саяды.

Асық тұла бойы құдiретке тұнған күш іспетті де. Сол себептен ертеде бақсы-балгерлер асық арқылы болашаққа болжам жасаған. Жаугершілік заманда бабаларымыз соғыс стратегиясын, соққы беретін тұс­ты асықты шашып жіберіп түсіндіріп, жос­парлаған. Кезінде үлкендер бұл асықпен иіру арқылы шешілмеген дауларын шешіп ымыраға келген күндері болған.
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда: Shape1


Асықтың түсуіне байланысты атаулары:

Асықты жерге иірген кезде бірнеше қалыпта түседі:

Алшы – асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.

Тәйке – асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық түсуі.

Бүк – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Шік – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі.

Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.

Сомпы – асық тұмсығымен көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі.


Асық иірудің әдістері:

Оңқай – асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып, ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол жақ тілерсегінде болады. 
Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып, ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың сол жақ тілерсегінде болады. 


Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойынының түрлері: «Ханталапай», «Хан атпақ», «Хан жақсы ма?», «Ханды қара басты», «Хан мен уәзір», «Үйірмекіл», «Сасыр», «Атпақыл», «Қақпақыл», «Үштабан», «Омпы», «Алтыатар», «Шықетер», «Тисінқабат», «Табан», «Төрт асық», «Бес асық» тағы басқа түрлері қазақ даласына кең тараған. 
Әрқандай нәрсенің аты мен атауында сол заттың іс-қимылы, атқаратын қызметі және алатын мазмұны толық қамтылған болады. Сол сияқты асық ойындарының да атына назар аударар болсақ, олардың да талай нәрсенің, оқиғаның мәнін білдіріп тұрғаны анық. Осы ойындардың кейбіріне тоқталып өтсем:

«Алшы» ойыны

Көнге әрбір ойыншы бір асықтан тігеді де, төреші олардың сақаларын иіру арқылы ойнаудың кезегін анықтайды. Бірінші кезекке ие болған ойыншы сақасын көннен алыстау жерге иіреді. Себебі, сақасы тәйге түсе қалса, оны ойыннан шығару үшін оны өзінен кейінгі ойыншы тәйке түскен сақаны көннен тұрып атады. Егер тигізсе, бірінші ойыншы шығып қалады. Ал тигізген ойыншы көннен бір асық алады да, сақасы түскен жерден өз кезегі келгенде көндегі асықтарды атады. Тәйкеге тигізе алмаса, ойыннан өзі шығады. Осыдан кейін үшінші кезектегі ойыншы сақасын иіреді. Егер сақасы алшы түссе, көннен бір асық алады да, өз кезегі келгенде сақасы жатқан жерден көндегі асықтарды атады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ойын ережелері:

1.Ойыншылар ұтқан асығының санына қарай ұпай жинайды.

Ойыншылардың ойнау кезегін анықтау үшін сақаны төреші иіреді.

Әр ойын алаңында аға төреші және оның көмекшісі төрелік етеді.

Ойынға пайдаланылатын сақалар тексеріледі. Ойынға пайдаланылатын сақаны жонып, егеп өзгертуге немесе оған қорғасын құюға болмайды.

«Ханталапай» ойыны

Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі –«Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады.Ойын жүргізуші қолындағы асықты «Ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді.Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты – балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

«Тас қала» ойыны

Асық ойынының ендігі бір түрі –«Тас қала». Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.Олар тегіс жерді таңдап алып, шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды.Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7-8 метрден кем болмайды.Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе, ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады.Алшы - бірінші, тәйке - екінші, бүк - үшінші, шік - төртінші.Егер ойыншының асығы омпа түссе, ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады.Егер де екі не үш адамның асығы алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда сақалар қайта иіріледі.Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен дерден қаита алады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта тұрғызады.Егер атушы «Тас қаланы» бұзып, бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін ата береді.Қалған ойыншылар «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.

Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендiкке, ептiлiкке, дәлдікке баулиды, жүйке жүйесін шыңдап, оларды ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Асықтың атып ойнайтын түрі үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Ойын барысында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені бүгу, созыла түсіп, көздеп ату және тағы басқа дене қимылдары жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы емес, ойлау мүшелерінен бастап, иығы, аяғы, барлық бұлшық еттері қимылдайды. Онда йога мен биде қолданылатын позициялар қолданылады. Фитнес орталықтарына ақша төлеп барғанша, тегін аулада асық ойнаған пайдалырақ. Бұл ойынды ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және де топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Сондай-ақ, баланы бәсекелестікке же­телеп, та­лап­тылыққа тәрбиелейді. Денсаулыққа зиянын тигізетін компьютерден гөрі, таза ауада ойналатын қимыл-қозғалысқа толы асық ойыны балалар үшін әлдеқайда пайдалы.

Бүгінгі таңда атқа қарғып мініп, садақ ататын қазақ жігіттерін сирек кездестіреміз. Жастайынан дәлдеп сақа атып, көз жанарын мергендікке баулымаған балалардан әрине мұндайды күтудің өзі артық болар. Дегенмен, ештен кеш жақсы дегендей бүгіннен бастап асық ойындарын арнайы балалар спорты деп қабылдап, мектеп бағдарламасына енгізілсе қазақ балалары үшін үлкен жақсылықтың алды болар еді.

Бұл күнде балалар асық ойындарынан тек «асық ату» ойынын ғана ойнайды. Асық ойындарының басқа түрлерімен таныс емес. Оның есесіне ертелі – кеш компьютер алдында отырып, адамды түрлі қатыгездікке үйрететін ойындарды ойнаумен шұғылданады. Осы орайда мен ұлттық ойынымыз асық туралы сөз етуді жөн көрдім.

Асықты балалар біле ме?

Асық қайдан алынады?

Асықтың түрлері қалай аталады?

Қандай асық ойындары бар?

Асық ойыны ма, әлде ұялы телефон, интернет ойындары қызықтыра ма?

Осы сұрақтарға жауап іздегім келді.

Жауап  алу үшін мектебімізде шағын  сауалнама жұмысын жүргіздім.

(сауалнама қорытындысын слайдпен көрсету)




Сөзімізді қорытындылай келе, ұлттық ойындарымыз жайлы біраз ойларды ортаға сала кетуді жөн көрдік. Ұлт ретінде әлемге танылу үшін қай кезде де ұлттық құндылықтарымызды сақтай білуіміз қажет. Осы ретте техника дәуірі тасасында қалып тұрған ұлттық ойындарымызды қайта жаңғыртып, насихаттай білсек нұр үстіне нұр болар еді.

Асық ойындары – балаларға керек ойындар. Қазір балалар ойын автоматтары, интернет сынды зиянды ойындарға әуес болып, өкінішке қарай, қазір асық ойыны ұмытыла бастады. Көптеген түрлері ұмытылып, мүлде ойналмайды, ережелері де сол күйі сақталмаған. Себебі қазір қалада түгелі, тіпті ауылда балалар асық ойнамайды. Біз осындай ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлмей, ұмыт қалдырып барамыз. Құр босқа компьютер алдында телміріп, көзін, миын ауыртып, жүйкесін шаршатқанша, бір мезет асық ойындарын ойнауды үрдіске айналдырған дұрыс. Осы орайда мектебімізде әр жұма күні ұзақ қоңырауда асық ойындарын ойнату қолға алынып, дәстүрге айналып отыр.

Менің ғылыми жобаны жазуда алдыма қойған мақсатымның өзі де сол ұлттық құндылығымыздың бірі де бірегейі – асық ойындарының пайдасын насихаттау болатын. Бүгінгі таңда адам үшін де, қоғам үшін де пайдасы мол бұл пікірлер тыңдай білген адамның құлағына жетер деп ойлаймын.

Барлық қазақ балаларын асық ойнауға шақырамын!


Зерттеу жұмысымның нәтижесі ретінде мынадай ұсыныстар жасағым келеді:

1. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында мектептердегі дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына ұлттық асық ойындарын енгізіп, оқушыларға асық ойынының қыры мен сыры терең түсіндірілсе;

2. Жылына бір рет асық ойындарынан аудандық турнир өткізілсе;

3.Аудан көлемінде ұмытылып бара жатқан асық ойындарын зерттеу және жинақтау мақсатында баспасөз бетінде конкурс жарияланса;

4. «Асық ойындары» атты балаларға арналған кітапшалар шығарылса;


Ендеше, құрметті тыңдарман, асық төңірегінде тақырыпты бірге түрлендірейік! Тыңдағандарыңызға алғысымды айта отырып, әрдайым асықтарыңыз алшысынан түссін дегім келеді.











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. «Қазақ совет энциклопедиясы» ( 1-том 538 –бет)

  2. «Балалар энциклопедиясы» (1-том 127-бет)

  3. «Қазақ халқының салт дәстүрлері»

С. Қалиев, М. Оразаев, «Алматы» 1994 ж.

  1. «Қазақтың ұлттық ойындары»

Е.Сағындықов. Алматы «Рауан» 1991 ж.

  1. «Ұлттық дүниетаным»

Аюбай Құралұлы, «Алматы» 1997 ж.

  1. «Ұлан газеті» «Балбұлақ» бөлімі жариялаған «Қазақтың ұлттық ойындары» мақаласы. Авторы: Досымбек Қатран

  2. «Ұлан» газеті «Асық ойыны –асыл ойын» мақаласы

Авторы:Сейітбек Кенжахметұлы

  1. Ғаламтор желісінен алынған материалдар.































Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі