Алтын күз - жарқын күз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын күз - жарқын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаларға арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы №63 «Әсем – Ай » балабақшасы ,

«Алпамыс» ,«Ақбұлақ» шағын орталығы

Тәрбиеші : Баишева Алтынай Максутхановна


Тақырыбы: Мерекелі де берекелі алтын күз.

Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.

Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.Балалардың қолдарында жапырақтар .

Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар ұстаздар !Бүгінгі « Самал»мектепалды даярлық тобының «Мерекелі де берекелі, алтын күз» ертеңгілің тамашалауға шақырамыз. Армысыздар халайық

Назар салып қарайық.

Келді міне алтын күз

Бәріміз бірге тойлайық

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңіздер қуанышпен қарсы алайық.

Кезекті №63Әсем-Ай балабақшасының «Ақбұлақ»шағын орталығының әдіскері Румхан Балғабайқызына құттықтау сөз кезегін береміз.

Ән : «Күзгі жапырақтар» орындалады.

Сыртан бір дыбыс естіледі,желдің шуы.

-Балалар тыңдандаршы бұл не шу екен.

Осы кезде Күз ханшайымы келеді.

Жүргізуші: Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме,балалар!

Балалар :Сәлеметсізбе!

Күз ханшайымы:

Уа халайық дархан далам армысың

Табиғатты жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы күздін бүгін келіп тұр

Алмақ болып бар халқының алғысын.

Жүргізуші:Қош келдің күз ханшайымы! Төрлет қонағымыз бол.

Кәне балалар күз ханшйымына арналған тақпақтарға кезек берейік.

1.Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді,

Құс біткен керуен түзеді,

Неліктен көңілсіз күз енді.

2. Күзім – ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық –ау.

Ел егінін жинайды,

Қырманға дән сыймайды,

Біздің дала, бай дала,

Алтын астық айнала .

3. Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Сап – сарығып даланы,

Бояпты ғой күз деген,

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбенен.

4. Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз,

Бір уыс дән шаштық та

Көп қауынды алдық біз.

Қызыл күрең дидары.

Көзге жылы ұшырап,

Күз келді қызыл бидайды

Құшағына қысып ап.

5. Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Күзде бақтар жайнайды,

Құстар кетіп қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.

6. Қарлығаштар қораға

Ұя салмас ал енді

Күн суытып далада

Жел айтады өленді

Сапар шегіп құс легі

Жабырқайды атырап

Жерге үзіліп түседі

Сары алтындай

Жапырақ

Жүргізуші:

Би: «Қаңқызы биі»орындалады.

Ән: «Сұлу күз»орындалады.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Кірпі ата


Кірпі: Мен қайда келіп қалдым. Мен кішкентай немелерімді іздеп жүрген ем, олар орманға азық іздеп кеткен адасып мында келіп қалыппын ғой. Көзім де көрмейді.

Мында не болып жатыр өзі?

Балалар:Сәлемітсізбе кірпі ата.

Жүргізуші:Қош келдіңіз Кірпі ата, қадірлі қонағымыз болыңыз.

Ән «Күз жомарт»орындалады.

Балалар: Ата.ата,ата деп немелері аталарын құшақтайды.Сіз бизді кешіріңізші биз сизді тындамай өз бетімізше азық іздеп көрейік деп ойлағанбыз онымыздан түк шықпады енді олай жасамаймыз.

Кірпі ата қазір немелерініз сизге өз өнерлерін көрсетеді

Би : «Кірпілер »орындалады.

Кірпі кетеді .

Ойын :Ата-аналар мен балалармен « Тосап қайнату»

Жүргізуші: Жемістер мен көкөністер тақпақтарын айтып береді.

Пияз:

Боламын мен дәмдеуіш

Барлық-барлық тағамға

Көкіністер ішінен

Мен пайдалы адамға

Қызанақ:

Тал шыбығым бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен-қызанақ

Күнге қарап ұялып

Сәбіз:

Кім бар сәбіз шырының

Жастайынан ішпеген

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де

Қияр: «Бәдірін же,-дейді,-бәдірін»,

Бәдірін деген досымның

Әкелген қияры бағынан

Бұл да бізге таныс дәме

Баяғыдан бағыдан

Бәдіріңді сағынам

Қызылша:

Тоқта, тоқта

Ақ түсім бар қант алар

Қызыл түсім қанға- нәр

Зияным жоқ біліп қой

Қызылшамын пайдам бар

Алма: Нарттай қызыл алмам бар

Мәз болады қалғандар

Жазда әдемі киінем

Тілді балдай үйірем

Шие: Тіл үйірген шырыным

Жемістердің бірімін

Мен маржандай ішемін

Ұнатамын күн нұрын

Өрік: Көктемде ерте гүлдеймін

Кешігуді білмеймін

Піспей тұрған кезімде

«Менен аулақ жүр деймін»

Уылжыған өрікпін

Мен бау-баққа көрікпін

Алмұрт: Бақ ішінде алмалар

Бар жемісін бағалар

Көрген адам таңданар

Көздің жауын алады

Жүргізуші:Балалар енді ағылшын тілінде және орыс тілінде тақпақтар айтып берейік.

Тәрбиеші: Ән «күз тамаша»орындалады.

Көрініс: «Нан қайдан шығады»

Би: «Ақ бидай биі»орындалады.

Күз ханшайымы: - Рахмет сендерге балалар.Менің сендерге сыйлар сыйлығымды қабыл алыңдар.

Тәрбиеші: - Бүгінгі күз мезгіліне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды!

Амандықпен жүздескенше, аман сау болыңыздар!









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.07.2018
367
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі