Астана қаласы №63 «Әсем – Ай » балабақшасы ,
«Алпамыс» ,«Ақбұлақ» шағын орталығы
Тәрбиеші : Баишева Алтынай Максутхановна
«Алтын күз»
Жүргізуші: Салеметсіздер ме құрметті ата – аналар, әріптестер!
Сіздерді «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз.
Уа халайық, халайық ,
Назар салып қарайық.
Келді міне «Алтын күз»!
Қуанып қарсы алайық,
Бүгін бізде мереке,
Бәріміз бірге тойлайық!
Балалар қолдарына жапырақ ұстап музыка әуенімен залға кіреді.
Жарты шеңберге тұрып музыка ырғағымен билейді.
(балалар орындыққа отырады).
Жүргізуші: Рахмет балалар жарайсыңдар, ал енді кезекті күз мезгіліне арналған өлең шумақтарына берейік.
Қыркүйек
Ерасыл
Шоғы толған гүлдей жайнап
Жарқырады алтын күз
Сайраңдап күліп ойнап
Келіп жетті қыркүйек
Қазан
Арсен
Қазан айы молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке қол созып
Құстар ұшып барады
Қараша
Ибрахим
Құстар қайтты қыс болды
Сұр бұлт жапты аспанды
Жапырақ түсіп гүл солды
Қараша ызғары басталды
Ән «Жаңбыр»
Жүргізуші; Жарайсыңдар өлең шумақтарын қандай мәнерлі,ия балалар күз мезгілі өте құбылмалы жарқырап күн шығып тұрса, артынан сіркіреп жауын жауып кетеді.Олай болса қыздарымызды ортаға қол шатырларымен биге шақырайық.
Би: «Қолшатыр»
Жүргізуші;Керемет қыздар рахмет өнерлерің жана берсін.
(ән әуенімен залға Қоян кіреді.)
Жүргізуші: Сен кімсің?,қайдан келдің ?,не іздедің?
Қоян: Қоян деген мен болам
Бақшамда мен өсірдім
Қияр менен сәбізді,
Және жасыл пиязды .
Бау—бақ пісті,
Түлкі келіп- сәбіздерге тиісті.
Жүргізуші: Балалар,көрдіңдерме түлкіні?
Балалар: Жоқ.
Қолына себет ұстап Түлкі шығады .
Жүргізуші: Ай-ай Түлкі , ұят емеспе,сұрамай алған.
Түлкі ұялып төмен қарап тұрады.
Қоян: Қандай түлкі ,
пәлесін
Өз пайдаңды білесін.
Қияр менен сәбізді
Ұялмай қалай тересін.
Жан-жағыңа қарашы
Бәрін басып тастапсын
Біреудің бұл еңбегі,
Сыйлау керек оны да!
Түлкі: Кешір мені қоян. Енді бәрін түсіндім,жинасайын мен саған.
Жүргізуші: қоян , Түлкіні бір жолға кешір,қазір балалармен бірге бау бақшаңызды жинап береді.
Ойын « Жемістерді жинау».(егу, суару,жинау.)
Жүргізуші: қоян міне қарашы балалар Түлкімен бірге әп сәтте
Көкөністерді жинап берді, енді бізбен бірге ән орындашы
Ән «Күз»
Жүргізуші: Күз туралы тақпақтарын балалар енді ағылшын тілінде айтады.
Тақпақтар: (ағылшын тілінде)Ерасыл,Зере, Әлім,Ясмин,Зере,Айша
Жүргізуші: Балалар естисіңдер бізге желдетіп, жауындатып Алтын күз келе жатқан сияқты.
(Музыка әуенімен Алтын күз келеді)
Алтын күз:Сәлеметсіңдер ме,балалар,жауындатып,желдетіп жеттім-ау
сендерге!
Жүргізуші; Салеметсің бе «Алтын күз» қош келдің, жоғары шық,өзіңе арналған балаларымыздың өлеңдерін қабыл ал.
Ән: «Алтын күз»
Жүргізуші: Біздің балалардың орындауында сізге арнап дайындаған сыйы бар
Би: «Жапырақтар биі»
«Алтын күз» жарайсыңдар балалар рахмет сендерге мен байқаймын мені қарсы алуға ата аналар да келіпті, менің оларға жасыратын жұмбақтарым бар балалар кәне тексеріп көрейікші ата аналарымыз күз айларын біледі мекен?
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,»Алтын күз» жұмбақ жасырады,шешуін тауып көріңіздер.
Жұмбақтар: Талды алтын жалатып
Жемістерді пісіріп
Жүзеді көлде үйрек
Бұл қандай ай …….(қыркүйек)
Қойымызда семірді
Тойларымыз көбейді
Қуанамыз біз оған
Көтереміз біз ……..(қазан)
Бірінші қар түседі
Жан-жағымыз өзгерді
Қуанамыз балаша
Бізге келді …….(қараша)
Жұмбақты шешкен ата-анаға ай аттары жазылған тәжі кигізіледі.
Енді ортаға күзгі сән үлгілерімен қыздарымызды шақырамыз.
Даудың дыбысын білдіретін музыка .
Жүргізуші:-- Қандай шу,бүл не болды екен.Түсіндім.
Бір себетке түсіп қалған көкөністердің дауы ғой .
Көрініс «Көкөністер дауы».
Тәрбиеші:Естимісіңдер біреулер дауласып жатқан сияқты.Бұлар көкөністер екен ғой,өз арасында айтысып жатқан.Пияз,қызылша ,сәбіз,қызанақ,қияр, картоп.
Пияз:
Асханадан шықпаймын
Атым пияз бұқпаймын
Көзден жасты шығарып
Тұмаудан бірақ сақтаймынМаған жетер қайсың бар,мен мықтымын.
Қызылша:
Тоқта,тоқта
Ақ түсім бар қант алар
Қызыл түсім қанға-нәр
Зияным жоқ біліп қой
Қызылшамын пайдам бар.
Сәбіз:
Не болды сонша дауласып,
Ұйқыдан бәрін оятып
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз
Қызанақ:
Тал шыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен-қызанақ
Күнге қарап ұялып
Қияр:
Мен қиярмын,қиярмын
Жесең есті жиярмын
Кетіруге безеуді
Шырыныммен жуарсың
Картоп:
Мен картоппын,картоппын
Жер жүзінде мен көппін
Тамаққа көп қолдансаң
Пайдамды сонда білерсің.
Қырыққабат:
Бақшаларда тізіліп
Қаперсіз мен дем алдым
Қабат қабат киініп
Қырыққабат атандым
Аспазшы:
Пияз,картоп,қызылша
Қияр,сәбіз ұзынша
Пышақ-өткір құралды
Бірі қалмай туралды
Орамжапырақ,қызанақ
Қазанға кеп түсті де
Қайнап-қайнап пісті де
Айналды бәрі дәмді асқа
Амалың жоқ нанбасқа
Бәрің маған керексің-деп қазанның қақпағын жаба салады.Аспазшы сөзін айтып жатқанда көкөністер қолындағысын қазанға салады.
БИ: «Саңырауқұлақтар»
Енді ортаға күзгі сән үлгілерімен қыздарымызды шақырамыз.
Тақпақтар
Жемістер
Мен алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал дәмді
Дастарханга арнадым
Шие
Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін
Өрік
Уылжыған өрікпін
Мен бау баққа көрікпін
Бал татыған дәмім бар
Көктемде ерте гүлдеймін
Піспей тұрған кезімде
Менен аулақ жүр деймін
Алмұрт
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер салғырт кім
Жүзім
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім
Балаларға бақтағы
Жемісімді ұсындым
Алтын күз: Біздің балалар дауласпайды, тату-тәтті ойнайды.Менің жемістерімнен тосап қайнатады.
Ойын: «Тосап қайнату»
Балалар екі команда,жеміс алып жүгіреді ,обруч ортасына тұрып
жемісті лақтырады.Екінші обручта ата-ана тұрады ,қолында ыдыс,
жемісті қағып алу керек. Ыдыстағы жемістерді санаймыз.
Би: «Қыздар»
Алтын күз: Маған сендердің өнерлерің өте ұнады.Рахмет сендерге, өте өнерлі, білімді, әдепті балалар екенсіңдер, мен сендерге озімнің күзгі сыйлығымды алып келдім, мынау сиқырлы себетті апайларыңа тапсырайын,Ал сау болыңдар балалар!
Жүргізуші; Саған да рахмет алтын күз, келесі кездескенше Сау болып тұр.
Осымен біздің балалардың күзге арналған ертеңгілігі аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет !
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтындай жарқыраған алтын күз !

шағым қалдыра аласыз