400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

АЛТЫНСАРИН – ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ АТАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасырдың екінші жартысында өмірге келіп, қалыптасып, жанып атағы шығып, өліп-өшпес із қалдырған алып тұлға - Ы Алтынсарин. Өзінің қысқа өмірі ішінде жемісті еңббек етіп, жаңа білім жүйесін құрып, білім ошақтарын ашып, оқулықтар жазып, елінің, халқының жанашыры тұла бойы мейірбан, таза адамгершілік сезім қасиеттеріне толған ағартушы - Ыбырай өмірі мен еңбектерінің білім мен тәрбиелік маңызын дәлелдеді. Бірақ өткен ғасыр уақыты бүгінгі дүниетанымға қайшы келмей жалпы адами қасиеттердің – отансүйгіш, қайырымды, еңбекқор, білім ғылымға құштар - барлық уақытта өзектілігін жоғалтпайтын аға ұрпақ түсіне жас буынға жеткізудің тиімді жолдарын қарастырудың қажеттілігінен туындайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ибрайкина Ляззат Жумабайкызы

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ақой жалпы білім беру мектебі

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақой ауылы



АЛТЫНСАРИН – ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ АТАСЫ.



АНДАТПА

Тақырыптың өзектілігі: ХХІ ғасырдың екінші жартысында өмірге келіп, қалыптасып, жанып атағы шығып, өліп-өшпес із қалдырған алып тұлға - Ы Алтынсарин. Өзінің қысқа өмірі ішінде жемісті еңббек етіп, жаңа білім жүйесін құрып, білім ошақтарын ашып, оқулықтар жазып, елінің, халқының жанашыры тұла бойы мейірбан, таза адамгершілік сезім қасиеттеріне толған ағартушы - Ыбырай өмірі мен еңбектерінің білім мен тәрбиелік маңызын дәлелдеді. Бірақ өткен ғасыр уақыты бүгінгі дүниетанымға қайшы келмей жалпы адами қасиеттердің – отансүйгіш, қайырымды, еңбекқор, білім ғылымға құштар - барлық уақытта өзектілігін жоғалтпайтын аға ұрпақ түсіне жас буынға жеткізудің тиімді жолдарын қарастырудың қажеттілігінен туындайды.

Ұлы орыс халқының 20 ғасырда жасалған классикалық мол әдебиеттерімен танысқан Ыбырай Алтынсарин баларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой – санасына қозғау салып жетілдіруде өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін, алдымен балалар әдебиетін жасауға бет бұрады. Балалар әдебиеті тақырыбына жазылған орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды, оларды жас ұрпаққа үлгі ретінде ұсынады. Бұл қазақ халқы үшін, әсірісе, оның жас ұрпақ балалар үшін аса игілікті іс, жаңа бастама еді.

Ыбырай Алтынсарин И. Крыловтың «Егіннің бастары», «Қарға мен түлкі», «Қайырымды түлкі», Лев Толстойдан «Полкан деген ит», «Силинші», И. И. Дмитривтен «Екі шыбын», Пауольсонның хрестоматиясынан «Тәкаппаршылық», «Дүние қалай етсең табылады», «Талаптың пайдасы», «Аурудан – аяған күштірек», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Жаман жолдас», «Мейірімді бала» сияқты көптеген шығармаларды аударады.

Бұл шығармалардың барлығы да әрі қысқа, әрі мазмұнды, әрі көркем, баланың жас ерекшелігі мен білім көлеміне сай, түсінуге жеңіл, тәрбиелік жағынан шебер құрылған шығармалар. Баланы тәрбиелеу аса маңызды, қажетті әрі жауапты мәселе екенін айта келіп, балалар кітабы тәрбиелеу үшін жасалынады, тәрбие жұмысы ұлы мәселе, ол адам ғана шешіледі дейді Белинскийй. Орыс классиктерінің балалар әдебиеті тақырыбына жазған кітаптарының барлығы да Белинскийдің осы қойған талаптарына сай жазылған. Ыбырай Алтынсарин да осы тұрғыдын қарап, орыс классиктерінің балалар әдебиетіне тән еңбектерін ғана іріктеп ала білгенін, аударғанын көреміз. Белинскийдің балалар әдебиеті тақырыбына жазылған кітаптарға зор баға бере келіп, мұндай кітаптар отанына сүйіспеншілікпен, қайырымдылықпен қарайтын идеяларымен толыққан болсын. Кітап қорқақтық, жасқаншақтық, өзімшіл, тәкаппаршыл болудан, өтірік - өсек айтудан балаларды жиренетін жаман қылықтарға қарсы күрес жүргізітін дәрежеде жазылсын деген талаптар қояды.

Ыбырай балалар әдебиетіне тән көп шығармалар берді. Бұл шығармаларды жазуда адына үлкен мақсаттар қояды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс депбілемін» - дейді. Алтынсариннің барлық өлеңдері мен әңгімелерінің мазмұнда негізінен өзі айтқан осы идея баяндалып отырылады.

Бала тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин ананың рөліне ерекше маңыз беріп, оның аналық махаббатын, бала өсірудегі үздік қызметін тамаша суреттеген. Баланың алғашқы тәрбиесі ананың қолында болатынын айтқан. Өйткені бала ананың бауыр еті, соғып тұрған жүрегі деп бағалаған:

«Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргегін

Қорғасын оқтай балқытқан,

Айналасына ас қойып,

Изенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар анқытқан».

Бала тәрбиелеуде бұл ана еңбегін қадірлей білген үздік баға деуге болады. Балаға осындай өлеңдерді оқып берсе, ана қадірінің теңдесі жоқ қымбат та қадырлы екенін сонда ғана сезіне бастар еді. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген сияқты ана еңбегін қадірлемеу, сыйламау, кейде тыңдамау болмас та еді. Балаға бірінші берілетін тәрбие әрқашан ата – анасын, өзінің жақын достарын сыйлауға үйретудін басталуға тиісті.

Ата – анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да ешқандай дұрыс қызмет істей алмайды. Өзін әлпештеп өсірген адамға немқұрайды қараудан, анаға опасыздық етуден ауыр қылмыс жоқ. Сондықтан ана қадірін түсіне білу керек дейтін жалпы халықтық қағиданы әрқашан баланың зердесіне салып отыру - әрбір тәрбиешінің борышты міндеті дегенді Ыбырай Алтынсарин көп ескерткен. «Мақтасақ әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін, сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емс пе...» деп совет әдебиетінің негізін салған М. Горький ана қадірін данышпандықпен таныта білген.

Ал «Ананың сүюі» деген өлеңі бала жанын тербітентерліктей мұнан да күшті, мұнан да әсерлірек жазылған.

«Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышқа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын!

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең,

Ұмытпа ең кемінде жұлдыз сайын,

Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін!» -

деп ана қадырын аяққа бастырмауды үндейді. Ана жүрегі, ананың аялы алақаны қашан да құдіретті екенін естен қалғысыздай етіп жадында сақтауға міндеттейді.

Әдебиет адам тану құралы дейміз ғой, Ыбырай Алтынсарин ана құдыретін, ана образын жас өспірімдерге әдебиет арқылы танытып отыр. Бұл жолдар баланы ананың жан дүниесіне үңілтеді және ананың балаға берілгендік сезімі мен бақыт тіліген ізгі ниеті жас өспірімдерді тебірентіп жібереді. Оқушы қауым мұндай өлеңдерден өздерінің толғаныс – тебіреністерін, ой – қиялын табады. Мұнда аналық мейірімнен туыған аналық қасиеттің молдығын, асылдығын балаларға ұғындыру мақсаты көзделген. Ата – ананы сыйлай білген бала, оның қадір – қасиетін түсінген бала басқаның да қадір – қасиетін өз ата – анасындай құрметтей алатын болып өседі.

Балалар әдебиеті алдымен тәрбие жұмысымен тығыз байланысты болғандықтан, ол бір жақты дамымаған. Оның әр алуан саласы, тармақтары болады. Бала тәрбиелеу – балаға өмір жолын танытып, білім беру, сана – сезіміне қозғау салып, әр жақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған шығармалары да тәрбие жұмысына бағытталған дейміз.

Алтынсариннің «Жаз», «Өзен» деген өлеңдеріде өлке тану, айналадағы табиғат құбылысына құрметпен зер салуға бағытталған тәрбиелік орны бар, баланы әралуан іске баулитын шығарма болып табылады. Табиғаттың осындай мінсіз сұлулығын адам ғана түсіне алады. Творчествалық шабыттың қайнар көзі де теңдесі жоқ бір сұлулықтан, оның ерекше эстетикалық әсетінен табылмақ. «Өзен» деген өлеңінде:

«Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта

Аралап тау мен тасы арқыраған», -

деп, Ыбырай өзенді оның көріністері үшін ғана тектен – тек суреттеп отырған жоқ. әсемдік сезімі көкірегіне ұялаған, жақсылыққа жаны құмар, эстетикалық талғамы жетілген, әрбір адам табиғатты осылай қызықтайды. Адамның тіршілік тірегіне, шаруашылық экономикасына байланысты ондағы әржақты пайдалы белгілерін көрсетіп отыр. Бұл өлеңді оқыған азамат, әсіресе, жас өспірімдер жаратылыстың осындай байлықтарының көзін тауып, өзінің қажетіне жұмсай білсін, пайдасына асырсын, жайдан – жай ағып жатқан пайдасыз өзен екен ғой деп қарамасын дегенді үйретеді. Сонымен қатар адамның қандай қажеттерін өтейтінін де саусақпен санағандай етіп, даралап көрсете білген...

Жас өспірімдерді өнер – білімге, оқуға, ұлы орыс халқының озық мәдениетінен үлгі - өнеге шақыруымен қатар, Ыбырай Алтынсарин отырықшылық тұрмыстың артықшылығын, белгілі бір мекен болудың жақсы жақтарын түсіндіруді мақсат етті. Жер, қолөнер кәсіптерімен айналысудың пайдалы жақтарын айтты. Ыбырай Алтынсариннің «Киіз үй мен ағаш үй» деген ықшам жазылған қысқа әңгімесі дәл осындай жағдайлар суреттеледі. Бір жерді түпкілікті мекен ету үшін киіз үйден ағаш үйдің пайдалы екенін айта келіп: «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына үйретемін» - дейді. Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған қай шығармасын алсақ та, онан жас өспірімдерге үлгі - өнеге берерлік, болашағына жол сілтерлік, оларға өмір таныталық және іс - әрекетке үйретелік мол дүниенің есігі ашылғандай болды.

Ыбырай творчествасының үшінші көтеретін күрделі мәселесі – еңбек процесі. «Дүние қалай етсең табылады», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Таза бұлақ» деген әңгімілері еңбектесең ғана ойлаған мақсатыңа жетесің деген ойды жан – жақты дәлелдейді.

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде атасы он жасар баласын жетектеп келе жатып, ұшқан құс, жүгірген аңдар тіршілігімен таныстырады, жұмыссыз жүрген бір жан жоқ екенін айтады. Бәрі де тіршілік тірегі - өмір қамын жасауда. «Сәтемір хан» әңгімесінде жеті жасында жетім қалған Сәтемір деген бала ақсақ шегірткенің үйдің төбесіне шығу үшін қаншама әрекет жасағанын көріп, өзінің жұмыссыз босқа ойнап жүргенін ақылсыз деп табады. Артынша қалаға келіп, біреудің қолында жалшылық ете жүріп оқиды. Ақырында ірі оқымысты болып шыға келеді.

Адамның барлық қабілеті мен іскерлігі, таланты мен талабы тек еңбек арқылы ғана көрінетінін айтады. Ыбырай әңгімелерінің қайсысын алсаңыз да оқушысын нақты сендірітін, соған қызықтыратын шынайы көрнекілік бар.

Еңбек процесі тақырыбына жазылған Ыбырай әңгімелері бірінен – бірі аса отырып, бірін – бірі қайталамайды, әр қайсысының өзіндік қызықты, тәрбиелік күшті жақтары бар. Мұны оқыған бала әрқашан пайдалы, өнегелі істерге үйренді, өнегесіз істерден жирене түседі. Әрқашан ата – анаға болысу борышты міндет деген қорытындыға келеді. Ал баланың өзін жауапкершілігін түсіну сезімін біле бастауы еңбек етуден төселуден, еңбекті сүйе білуден пайда болады. Бұл әңгімелердің ескірмейтін, тозбайтын өмірлік белгісі осы жақтарында. Еңбек етсең ғана ойлаған мұратына жетуге болатынын ескертеді...

Ыбырай Алтынсарин еңбек еткен адамдарды өмір тәжірибесі мол, қандай да жұмысқа болса да икемі бар, өздері кішіпейіл, мейірімді және ешқандай арамдық жоқ, зұлымдық істерді білмейтін, қалың бұқараның жайдары өкілі етіп көрсетеді. Ақыл да, терең ой да, оның әр нәрсеге икемділігі де, қиын – қыстау кезінде жол тапқыштылығы да еңбектену арқылы жинақталған өмір тәжірибесінің жемісі екенін білдіреді. Бұған қарама – қарсы еңбекті сүймейтін, ел үстінен күн көретін тоғышарларды, үстем тап өкілдердің күйректігін көрсетеді. «Бай мен жарлы баласы» әңгімісінде жастайынан шаруаға аралсқан, еңбек еткен, жас болсада өмір тәжірибесін көп көрген кедей баласыы Үсен көбіне тәжірибеге сүйеніп, ақыл – парасатқа салып, көшкен елдің жаңа қонысын тауып алады. Бұл әңгімеде де екі нәрсені бір – біріне қарама – қарсы қойып, салыстыра суреттеу тәсілі бар...

Балалар мен жас өспірімдерді өнер – білімге шақыру, отырықшылық тұрмыстың, жер кәсібімен айналысудың пайдалы жақтарын түсіндіру, оларға еңбек етудің артықшылығын ұғындырумен қатар, Ыбырай творчествасының көтеретін төртінші мәселесі – баларды ұқыптылыққа, мейірімділікке, әдептілікке үйрету. Осы идеяның бәрі де баланы оқыту. Үйрету, тәрбиелеу процесі арқылы іске асатынын Ыбырай дұрыс түсінген, дұрыс шешкен...

Ыбырай балаларға арналған шығармаларында қандай тақырыпта жазса да алдымен нені мақсат етіп көрсетуге болар еді деген мәселеге тоқтайды. Жазған әңгімесін өмірде кездесетін, баланың өзі назар аударатындай заттармен, іс - әрекеттермен байланыстырып отырады.

Ыбырай Алтынсарин шығармаларының барлығы да көркем, тілі шебер жазылған. Оны қарапайым, халықтық тілмен бейнелеген. Сол талаптарға орай мазмұны ықшам, оқиғасы қысқа әрі жеңіл, әрі қызықты болып келеді. Нысанға дәл тиетін ойларды тұжырып айтады, бос сөзділік, артық суреттемелер болмайды. Баларға арналған көркем әдебиет Ыбырай Алтынсарин жазғандай жас өспірімдерді өскелең мәдениетке жетелейтіндей өмір оқулығы, отаны үшін алысқан күрес құралыы болуы тиіс

Ыбырай Алтынсариннің өмірі жемісті, туған халқы үшін игілікті өмір болды. Ол өзінің өмірі мен қызметін ағарту жолына арнап, қазақ халқын орыс халқымен достыққа шақырады, алдыңғы қатардағы орыс педагогтарын өзіне ұстаз етті. Алтынсарин сол кездегі алдыңғы қатарлы орыстың педагогы Ушинскийдің педагогтік оқыту әдәсін шеберлікпен меңгерді және оны тәжірибе жүзінде қолдана білді. Оның қазақ балаларына арнап кітап жазуы қазақ қоғамының сол кездегі даму сатысында ерекше маңызды еңбек екенін орыс ғалымдары мақұлдап жазды. Алтынсариннің де оқыту әдісінің негізі, Ушинский әдісі сияқты, халықтық болды, ол да мектеп оқушыларын бұқараны, Отанды сүюге, еңбек пен өнерге, қоғамдық тұрмысқа, дүниеге сын көзбен қарауға, қиындық пен бөгетті күреспен жеңуді баулыды. Ол да мектепті өз шамасы келгенінше діндік, күштеу, қорқыту әдісін теріске шығарып, иландыру, түсіндіру әдісін қолданады.

Қазақ халқының мәдениетінің тарихынан көрнекті орын алатын қайраткрлердің бірі, халқымыздың мақтанышы, демократтиялық бағыттағы ағартушысы, тұңғыш педагогі, ақын – жазушысы Ыбырай Алтынсарин орыс халқының кең арналы білім бұлағынан сусындады, өзінің алған білімін туған халқына тарту еттіп, қазақ елі үшін оқу – ағарту саласында игі еңбек сіңірді. Ол ағартушылық алғашқы қадамында – ақ қазақ халқының келешегі ұлы халқының өмірімен, оның мәдениетімен тығыз байланысты екенін ашып айтты.

Ыбыраай Алтынсарин орыс халық мәдениетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе, Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын творчествалық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы, жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген бағалы мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өлеңдері мен әңгімелері де бар. Бірақ ол – ең алдымен ағартушы педагог. Ал ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына – сол ағартушы балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтар үшін жазған.

Ыбырай өзінің жанындай сүйген елі Ресейде туып келе жатқан ревалюцияшыл күшті, патшалық құрылысты тас – талқан ете алатын, оның орнына жаңа қоғам орната алатын күшті, яғни Ресейдің жұмысшы табын көре алмай, мезгілсіз қайтыс болған кейін бұл арманының орындалатынын үміт еткен.

«біз болмасақ – Сіз барсыз, үміт еткен достарым!» деп ол өз халқының келешек ұрпақтарына сеніп кеткен еді. Міне сол ұрпақ Ыбырай алтынсарин арманының жүзеге асқаныын бұл күнде айқын көріп отыр.























Қолданылған әдебиеттер:



1. «Ыбырай Алтынсарин» (семеннарий). Әсет Ламашев. Алматы: «Ана тілі», 1991ж

2. «Ыбырай Алтынсарин және оның достары мен ізбасарлары». (Тарихи очерктер). Әсет Ламашев. Алматы: «Қазақстан», 1998

3. «Кел, балар, оқылық». Ыбырай Алтынсарин. Алматы: «Атамұра», 2006

4. «Ыбырай Аалтынсарин тағлымы» (әдеби – сын мақалалар мен зерттеулер). Мұхамедхарым Жармұхамедов. Алматы: «Жазушы», 1991

5. «Таңдамалы шығармалар» Ыбырай Алтынсарин. Алматы, 1955

6. «Педагогика» Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдияров Алматы: «Дарын», 2004

7. «Ыбырай Алтынсаринн шығармаларының тілі». С. Хасанова . Алматы, 1972

8. «Ыбырай Алтынсариннің педагогикаық идеялары мен ағартушылық қызметі» Ә. Сыдықов. Алматы, 1969







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі