№
|
Мерзімі
|
Пән
|
Сыныбы
|
Пән
мұғалімі
|
10
|
17.11.2017ж
|
Абайтану
|
9
«А»
|
Бекбергенова
Л.К
|
Сабақтың
тақырыбы: А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк
жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау
қалғып» өлеңдері
Сабақтың жалпы
мақсаты: Абайдың өлең құрылымында да,
ойшылдық, сыншылдық алымында да орыс әдебиетінің ықпалы бар
екендігі, Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете,
Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин,
т.б. еңбектерімен танысуы туралы түсінік беру. А.Мицкевичтің
«Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтовтың
«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерінің мазмұнын
меңгерту.
Сабақтың
түрі: Жаңа
сабақ
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап,лекция
Сабақтың
көрнекілігі:
1) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу
әліппесі» Алматы «Рауан» 1994
ж;
2) М.Мырзахметұлы «Абай
жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985
ж;
3) Б.Байғалиев «Абай
өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001
ж;
I. Қызығушылықты ояту
сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй
тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске
түсіру.
3) Абайға
топтастыру.
II. Мағынаны ажырату
сатысы. Жаңа сабақ
А.Мицкевич «Тұтқындағы
поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау
қалғып» өлеңдері
Поляк ақыны А. Мицкевичтің
жарқын есімі әлем әдебиетінің ұлы классик жазушылары Шиллер, Гете,
Байрон, Пушкин есімдерімен қатар тұрады. Жалынды патриот, демократ,
революционер ақын, халықтар ынтымағы мен достығының жаршысы болған
Мицкевичтің әдеби мұрасын прогресшіл бүкіл адамзат қадір тұтады.
Мицкевич туындыларының гуманистік, халық сүюшілік рухы Абай
Құнанбаев арқылы қазақ даласына 19 ғасырда-ақ жеткені мақтанышпен
айтарлық. Абай Құнанбаев шығыс ақындарынан бірінші болып Мицкевич
өлеңін аударды. Аудармасын «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі» деп
жалпы атауына қарағанда, Абай Мицкевичтің бірнеше өлеңін аударғанға
ұқсайды. Абайдың төл шығармаларының өзі бізге толық жетпегені
сияқты, аудармалары да түгел сақталмай, жоғалып кетуі әбден
ықтимал. Бізге Мицкевичтен бір ғана аударма өлеңі жеткен. Поляк
ақынын Абайдың білуі, өлеңін аударуы түсінікті жай. Мицкевич өзінің
көзі тірісінде-ақ көптің ықылас-ілтифатына, даңққа бөленген ақын.
Оның Пушкинмен айырылмас достығы екеуінің де шығармашылық қызметіне
із қалдырғаны белгілі. Пушкин поляк досына арнап «Ол біздің
арамызда...», «Фонтандар салқын самалында...» атты өлеңдерін жазып,
бірнеше шығармасында оның атын құрметпен атайды. Ұлы орыс ақыны
Мицкевичтің әйгілі «Конрад Валленрод» романтикалық дастанын, «Ұлы
Будрыс» және «Барлаушы» балладаларын орыс тіліне аударған. Сейтіп,
Пушкиннің емірі мен шығармаларына Мицкевич қалдырған белгілер –
қазақ ақынын да бейжай қалдырмайды. Оның үстіне дәл осы кезде
Минаев аударған, Н. П. Полевой редакциялаған Мицкевич
шығармаларының екі кітабы 1882 жылы С.-Петербургте басылып шықты.
Мицкевич өлеңін қазақ тіліне аударғанда Абай Құнанбаев осы
басылымды пайдалануы әбден мүмкін.
Мицкевичтен Абай аударған
екінші өлең -«С. Б. альбомына». Бұл өлеңнің кімге арналғаны әлі
толық анықталмаған. Мазмұнына қарағанда бұл өлеңді ақын декабристер
және 1830 жылғы поляк қозғалыстарынан кейін Европа реакциясы етек
алған ауыр жылдарда жазған. Ақынның көңілсіз, минорлық көңіл-күйі,
жарқын келешектен үміт еткен кездерін еске түсіріп қамыққан жайы,
«ызыңдаған боран-бұрқасын» жағдайындағы қапаланған халі айқын
сезіледі. Мазасыз боранды реакция бейнесі деуге
болады.
«ТҰТҚЫНДАҒЫ ПОЛЯК
ЖАНДАРАЛЫНЫҢ СӨЗІ» - поляк ақыны А.Мицкевич
өлеңінің 1892 – 93 жылдар аралығында Абай еркін аударған нұсқасы.
А.Мицкевичтің:
«...Все, что нашел, - дарю.
Такой
Листок не должен
затеряться:
Он подан дружеской
рукой,
Он дар последний, может
статься...» -
деген жолдары Абай өлеңінде
жоқ, шамасы сақталмаған болса керек, себебі оларсыз мағынасы толық
тиянақталып бітпей тұр. Туынды 7-8 буынды ерікті ұйқас үлгісімен
жазылған.
«ҚАРАҢҒЫ ТҮНДЕ ТАУ
ҚАЛҒЫП...» - Абайдың 1892жылы М.Ю.
Лермонтовтың «Из Гете»атты өлеңінен аударған өлеңі. Әрқайсысы 4
тармақты 2 шумақтан тұрады, барлығы 8 жол. Өлең – Абай
аудармаларының шоқтығы биік озық үлгісі. Лермонтов бұл шағын өлеңді
1840 жылы неміс тілінен тікелей тәржімалаған. 1780 жылдың күзінде
Кикельхан шыңына жаяу сапар шегіп, И. В. Гете шың түбіндегі аңшы
үйінің қабырғасына қарындашпен не бәрі сегіз жол өлең жазады. Бұл
кейін бүкіл дүние жүзіне танымал болған, сан-алуан тілдерге
аударылған әйгілі «Жолаушының түнгі жыры»
еді.
Бұл лирикалы-философиялық
миниатюраның негізгі түйіні, әлеуметтік мәні мен астары, керкемдік
құдіреті аса тереңде жатыр. Адамзат өмірі мен тылсым табиғат
құбылысының арақатынасын, байланысын, тынымсыз харекет-өмірден
кейін тыныштық аңсау тақырыбын тұңғыш көтеріп, көркем бейнелеген
көне грек ақыны Алкман (б. з. б. 7ғ.) болатын. Сонан соң бұл
мәңгілік тақырыпты көне заманның ұлы ойшыл ақындары Вергилий,
Овидий, Ариосто, Тассо тереңдетіп, құбылтып, толықтыратүсті,
өлеңдеріне жаңа қуат берді.
Гете «Жолаушының түнгі жырын»
солардың үлгісінде жазып, сол ұлы ақындардың дәстүрін жалғастырды,
өзіндік соны бояу, жаңа реңк енгізді. Өлеңнің философиялық түйіні
соңғы екі жолында ашылады: «Тыншығарсың сен-дағы, сабыр қылсаң
азырақ». Бұл жолдар Гетеде де, Лермонтовта да, Абайда да дәлме-дәл,
сөзбе-сөз өрілген. Гетеде «Жолаушының түнгі жыры» еркін жазылған,
буын саны, ұйқасуы да әр алуан. Өлеңді орыс тіліне тәржімалаған И.
Анненский, В. Брюсов, Ю. Александров ырғақтық дәлдікті
мүмкіндігінше сақтауға тырысқан, бірақ нәтижесінде аударма сірескен
қалпында қалып, жасандылау шығып, көркемдік күш-қуатын әлсіретіп
алған.
Лермонтов, керісінше, Гетенің
миниатюрасын еркіндеу аударып, орыс табиғатына лайық бірнеше тың
бейне қосып, ырғақ, буын өлшемін дәл сақтамағанымен, түпнұсқадағы
ойға, сарынға, сезімге ешбір нұқсан келтірмей, данышпан неміс
ақынының философиялық ой-күйін, түйсік-сезім, дүние танымын айқын
бере алған. Абай аудармасы жайында да дәл осыны айтуға болады. Ол
Лермонтов тәржімесі арқылы ұлы Гетенің жан сырын тап басып, өлеңді
қазақ топырағына бейімдеп, ұлттық әр беріп, жаңа, тың жыр туғыза
алған.
Абайдың шеберлігі,
көрегендігі, сезімталдығы, әсіресе үш өлеңді қатар қойып оқығанда
ерекше айқындала түседі. Бір ғажабы, Абайдың аудармасы өзіндік, төл
шығармадай әсер етеді, «Қараңғы түнде тау қалғыпты» білмейтін,
шырқамайтын қазақ жоқ. Оған бір жағынан Абайдың бұл өлеңге жазылған
кең тынысты, нәзік әуенді әні себеп болуы керек. Өлең шалыс ұйқас
үлгісімен жазылған.
1979 жылы Қазақ жазушысы Қ.
Исабаев неміс қаласы Габельбахтағы Гетенің музейіне Абай аударған
«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі қашалып жазылған мәрмәр тақтаны
және әнші М. Көшкінбаев домбырамен орындаған әннің магнит таспасын
сыйға тартқан. Абай «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңіне ән шығарған.
Ән сипаты кеңілге қонымды, жүрекке жылы, құлаққа жығымды. Алғашқы
рет нотаға композитор Л.Хамиди 1935 жылы А.Ысқақовтың айтуы бойынша
жазып алған.
III. Ойтолғаныс
сатысы
Тұтқындағы поляк
жандаралының сөзі.
(А.Мицкевичтен)
|
Қараңғы түнде тау
қалғып
|
Дүрілдеген
нажағай,
Бұрқыраған
жауынның
Ашылмағы бар ма
басынан
Бағы қайтқан
қауымның?
Мен орманға
барғанда,
Неше түрлі гүл
ұстап
Қайтушы едім
қолыма.
Гүлдер түгіл бұл
күнде
Шөп-дағы жоқ
маңымда.
|
Қараңғы түнде тау
қалғып,
Ұйқыға кетер
балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал
қып,
Түн басады
салбырап.
Шаң шығармас
жол-дағы,
Сілкіне алмас
жапырақ.
Тыншығасың
сен-дағы,
Сабыр қылсаң
азырақ
|
Өлеңнен түсінгендерін
«БҮҮ» кестесіне
толтыру.
БҮҮ
Білетінім V
|
Үйренгенім
+
|
Үйренгім
келеді?
|
|
|
|
Сабақты
қорыту.
Үйге
тапсырма: «Тұтқындағы поляк жандаралының
сөзі», «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерін
жаттау.