Материалдар / Әмір Темір саяси тұлға

Әмір Темір саяси тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2018
289
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әмір Темір саяси тұлға№64 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Амангелдиев Нұрсұлтан Жұмабайұлы Әмір Темір ибн Тарағай Барлас ( парсы тілінде Темур-е Ланг, Ақсақ Темір, Темірлан) Орталық Азия жиһангерің ұлы Түркістан өсірген ұлы тұлға. Әмір Темір ғұн, көк түркі және ұйғыр мем лекетінің ізін ала тарих сахнасына шыққан моңғол империясынан соң шамамен 150 жылдан кейін түркістанда билік құрған. Темір түрік мемлекетінің аңсаған арманы, түрік әлемі билігіне қол жеткізу жолында 35 жыл үздіксіз күрескен қолбасшы, мемлекет қайраткері. Әмір Темір есімі айтулы жаулап алушы, әйгілі жаһангер есімінде Ескендір Зұлқарнайын , Шыңғысхан, Батый ханмен бірге айтылғандықтан белгілі, кезінде 27 мемлекетті қол астына бағындырған әлем жаулаушысының бірі. Әмір Темір 12 жануардан тұратын түркі күнтізбесіне қарай тышқан жылы 1336 жылы 9 сәуірде Мауранахрдың Кеш қаласында, Қожа-Илғыр ауылында, қазіргі Шахрисабызда, Самарқанның оңтүстігінде орнласқан жерде Тарағай бектің отбасында дүниеге келген десе, ендібір зерттеулерде, Темір 1333 жылы 9 сәуірде Шыңғысхан ұлының Шағатай иелігінде дүниеге келген деп келіп, ол қолында қан уыстап, шашы ақ болып туылған деп көрсетеді.Темірдің туған жылы туралы моңғол, қытай деректерінде 1333 жыл, араб парыс деректерінде 1336 жыл Еуропалық қайсыбір деректерде 1337 жыл ддеп жазылған. Әткенмен 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Өзбекстанда Әмір Темірдің 660 жылдық мерей тойы болғанын ескеретін болсақ, оның дүниеге келуі туралы деректердегі тқүрлі мәліметтер мен зерттеулер денінің негізінде Темірді 1336 жылы 9 сәуірде Шахрисабыздың оңтүстік-батысында Қожа-Илғыр ауылында дүниеге келген деген қорытынды жасауға болады. Әкесі Тарағай Шағатай тұқымынан Барлас аймағының биі, ал шешесі Шыңғысхан тұқымынан шыққан Текине қатын болған. Темірдің балалық және жастық шағының алғашқы кезеңі Шағатай мемлекетінің ыдырау кезеңіне дөп келіп, Мауранахр аймағы дау-дамайға толы болғандықтан Әмір Темір жайлы деректер шектеулі ғана. 1348 жылы 12 жасында Балық әмірі Қазағанның әскерлерінің қатарына алынған, Темір қарапайым әскери міндетті атқара жүріп-ақ Барластарды өз айналасына топтастыра бастайды. Темір Түркі,тәжік тілінен өзге парсы тілін де жақсы меңгерген ғалымдардың тарихи шығармалары тыңдап, сөйлесуді ұнататын және өзінің әңгімелерімен мұсылман тарихшыларын таң қалдыратын. Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361 жыл) осы кезден бастап Ол Моғолстан ханы Тоғылық Темірмен оның ұлы Ілияс Қожа және Балық пен Самарқан әмірі Хусейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауранахрды өз қолына алды. Осылайша бектердің бегі болып, Шағатай ұрпағына тәуелсіз жеке мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы хан емес өмір бойы әмір болып өткен. Әмір Темір хан атағын алмаған ол үшін бәсекеге де түспеген, билігінде зор жетістіктерге жеткен кезінде «Әмір әл-Әмірүл Кабир сағиб қыран және Шыңғысхани отбасына күйеу бала болғандықтан Көреген яғни Күреген атағын қолданған. Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшы Ақсақ Темірдің есімі атақпен бірге аңыздар да иесі жүретінін ескерсек Темір туралы түрлі аңыздар жетерлік. Солардың бірі Темірдің Ақсақ Темір аталуы. Біреулер оның Ақсақтығын іштен біте туған кемістікпен байланыстыра, екіншілері кезінде қарақшылар басшысы болған жігіттің аяғына барымта кезінде жебе қадалған дейді. Парсының Сейістан өлкесіне өтер жолда болған бір жайқаста садақ оғынан оң аяғынан және оң қолынан жарақат алады. Осы оқиғадан кейін оны парсылар Темурленг яғни Ақсақ Темір атандырады. Оның бұл лақап аты жер жүзіне тарап Орталық Азия мен Осман империясы аймағында Ақсақ Темірдің Еуропалықтардың Темірлан есімімен белгілі болады. ХІХ ғасырдың 70 жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Әмір Темірдің әскерлерінің тегерінді шабуылдары нәтижесінде Хорезм мемлекеті (1371-1379 ), Шығыс Түркістаннан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан) (1384), Тербиз (1384 ). Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Герасимов Әмір Темірдің қалпына келтірген бет пішініне және терісінің ақ түстілігіне қарап, кейбір Ресейлік зерттеушілер «Ақсақ Темірдің тегі еуропалық болған дегілері келді. Олардың мұнысы Темірдің Ресейді Алтын Орданың езгісінен құтқарғанына да байланысты болар. Әмір Темір 1370-1390 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Оқ Орда мен Моғолстанға оннан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы. Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. ХІҮ ғасырдың 90-шы жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістанды басып алды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Ақсақ Темір осындай қанды жойқын жорықтарын асқан қатыгездікпен жүргізді. Темір 1387 жылы Исфаханды жаулап алған кезде, қаланы жазаға кескен, 14 жастан асқан еркек кіндіктің бәрін қойша бауыздатып, 7 жасқа дейінгілерін тірідей ат тұяғына таптап өлтірген. Исфахан жерінде 70 мың әскеріне бір бірден бас кесіп әкелуді міндеттеген. 1383 жылы Герат қаласын алғанда адам басынан мұнара тұрғызды. 1398 жылы Үндістанға қарсы жорық үстінде қажет болар деп тұтқынға алынған 100 мың адамды жарлық бергізіп бір сағаттың ішінде түгел қырып тастайды. Аса қаталдық мұсылмандыққа жат нәрсе екенін күллі мұсылман баласы білсе керек. Ал Темірдің өз жазбаларынеда әмірші; «Мен қайда болсамда, Алла мен оның Елшісі Мүхамедтің дінін таратуды, хақ жолын ұстануды әмір еттім деп жазды». 27 мемлекетті ақыл-парасатымен билеген, ислам әлемінің алмас қылышы атанған, тірі кезінде-ақ «сайфуд-дин» «Сайфул Алла» деген ат атлған мұсылман паташсын зерттеп, зерделеп жазғандар қаламның сиясын қалыңдатып жібергені де болар. Темір өмір сүрген заманмен де санасуымыз керек шығар. 1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі күшін талқандап түркі сұлтаны Илдырым Биязидті тұтқындады. Осман империясын күйрете жеңуі түріктердің Константинопольді (Стамбул) жаулап алуын жарты ғасырға кейінге шегергені мәлім. Рим папасын тағында қалдырғандықтан Әмір Темірге сол ескі заманда Парижде де Хрестиан әлемін құтқарушы ретінде ескерткіші қойылған екен. Ислам әлеміндегі қос мұсылма империясының соғысы неден туындады. Ғалымдар бұл қырғын Темірдің Биязидке жазған хатынан, оған Биязидтің қызбаланып қайтарған жауабынан басталғанын айтады. Ұлы Осман патшасы Биязид сүлтан Әмір Темірге тұтқынға түспес бұрын кіші Азияны толық, Еуропаның біраз жерін Болгария мен Молдовияға дейін жерді жаулап алған болатын. 1394-1401 жылдары Константинопольді қоршап, жаулап алуға сәл-ақ қалған. 1396 жылы Болгарияда мұсылман әлеміне қайіп тудырып келген крестшілерді толық талқандаған осы Илдрым Биязид. Осы сұрапыл соғыстан кейін еуропалықтар талай жылдарға дейін шығысқа қару кезенуге қорқып келді. Ал бұл арада Ирак астанасы Бағдатты жаулап алған Темір Еуропаның тізесін қалтыратқан Биязидке тап берді. 1402 жылы шілде айының 20 жұлдызында Анкара түбінде 1 млн мұсылман әскері бір біріне қарсы тұрды. Австряны жаулап алған соң Биязид Византия королінің қызына үйленген болатын. Анкара түбінде Әмір Темір әскеріне қарсы сербиялық рыцрлар да сақадай сайланып қарсы тұрды. Үш күн, екі күнге созылған қанды қасаптан кейін ұрыс алаңында 240 мың өлген жауынгердің денесі қалды. Биязид сұлтан қолға түсті. Шығыс Рим императоры мен Египет сұлтаны Темірдің билігін тез мойындап, алым беруге асықты . Ағылшын королі Генрих ІҮ, франция королі Карл ІҮ. Азияның Ақсақ барысы атанған әміршіні ұлы жеңісімен құттықтап, тарту-таралғы жіберді. Испания королі Генрих Кистильский Темірге елшілерін аттандырды. Еуропаны түгел бағындырмақ болған Биязидке тұтқиылдан соққы берген Темірдің әрекетінен соң түркі әлемінің еңсесі төмендеп ақыр түбі Еуропа Осман империясын бөлшектеп, Ресей қалған түркілерді қырық жапыраққа бөліп тастады. Егер Темір мен Биязидтің соғысы болмағанда, Биязид бүкіл батыс Еуропаны бағындырып, Тоқтамыс Шығыс Еуропаны таптап, Темір Қытайды жайпар еді, сөйтіп күллі әлем түркілердің қол астында болар еді деп өкінеді тарихшыларымыз. Мүмкін солай болар ма еді? ! Бірақ тарихтың дөңгелегі басқаша бұрылған жоқ па ? Әсмр Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы млн км2 жетті. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда дүние салды. Ол 71 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне алты ай жол жүріп мұсылман дәстүрі бойынша жерленді. Әмір Темірдің 4 ұлы болды олар:Жаһангир (1356-1376)Омар Шайхы (1356-1394)Мариншах (1366-1408) Шахрух (1371-1447)Темір әулетінен ұлы ғалым, әйгілі астраном Ұлықбек ((1394-1449 ). Моңғол империясын құрушы Бабыр (1483-1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Дегенмен халқын қамырдай илеген, қылы,ын Құдай сүймеген хандар өткен өмірден . Алайда Азияның Ақсақ Барысы , Ислам әлемінің алмас қылышы атанған Әмір Темір тарихта талантты қолбасшы , тегеурінді саясаткер ретінде қалды. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі , шөл-даладағы джер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темірдің есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, тәжік, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдар Әмір Темірдің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды. Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес мұра емкерткіш, қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салдырып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алған елдердегі Әмір Темірдің шектен тыс қатыгездігі оның күрделі саяси-тарихи тұлға реттінде танытты. Пайданылған әдебиеттер1.Гииасадин Али. Дневник похода Тимура в Индию. 1968 ж 341-352 б.2. Е.Ноянов Әмір Темір түркі халықтарын орыстар мен еуропалықтарға жығып берді // Аңыз адам. 45-47 б.3. Тамерлан. Эпоха Личность. Дияния 1992ж 302 б.4.Темір жазбалары –Ташкент 1968ж 23 б.5.Қазақ мемлекеттерінің тарихы 2007ж 330 б.6.Мухамед Хайдар Дулати 2003ж 28 б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ