ӘМІР ТЕМІРДІҢ ОРТА АЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ
РӨЛІ
Қазақстан тарих ғылымындағы
ортағасырлардағы атақты тұлғалардың бірі барлас руынан шыққан Әмір
Темірдің тұлғасы ғалымдардың қызығушылығын әлі күнге дейін
тудырады. Әмір Темір туралы жазылып, зерттеліп келген жұмыстардың
мазмұндары жағынан ұқсас болғандықтан, бұл тақырып қайта зерттеуді
талап етеді. Кеңес авторларының зерттеулерінде отаршылдық,
билеп-төстеушілік мүдделеріне сәйкестендірілді. Сондықтан жас
буынның санасында Әмір Темір тарихи тұлға ретінде «басқыншы»,
«жауыз», «қатыгез» бағаларымен сақталып келді. Алайда, қазіргі
тарих ғылымында оның тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, өз тиісті
бағасын алуда.
Шерефеддин Али-и Иездиннің
«Зафарнама» атты еңбегіндегі деректерге қарағанда Әмір Темір 25
шабан 736 ж. (9 сәуір 1336 ж.), он екі жануардан тұратын түрік
күнтізбесіне қарай тышқан жылы Кеш (Шахризабс) жанындағы Қожа Ылғар
ауылында дүниеге келген. Әкесі Барлас аймағының бейі Тұрағай, ал
шешесі Тәкіне хатун еді. Балалық және жастық шағының алғашқы кезеңі
Шағатай мемлекетінің ыдырау кезеңіне дөп келіп, Мауренахар аймағы
дау-дамайға толы болғандықтан Әмір Темір жайында деректер шектеулі
ғана. Ұлы Әмірдің немересі Ұлықбек атасының мазары үстіне қойған
көктастағы Темір отбасының түбірі жазылған басты кітапта Темірдің
тегін Шыңғыс ханға тіреуде. Бұл қолжазбаға қарағанда Темір отбасы:
Әмір Темір Күреған бин Әмір Беркел бин Әмір Илентир бин Әмір Ижил
бин Әмір Қарашар Ноян бин Әмір Сүгуччин бин Әмір Ердемжі Барула бин
Әмір Качулай бин Әмір Туманай болып
жазылған.
Әмір Темір билік жолында 35
жыл билік құрып, 27 мемлекетті бағындырған «əлем жаулаушысы»
атағына ие болған, бұдан басқа да Əбу Мансұр, Фатиx, Əбу Ғази
сияқты атақтары болды. Ол өзінің билік еткен ғұмырында алып империя
құруға ұмтылды. Сондықтан 35 жыл бойы ат үстінен түспей, басшы,
қолбасшы əрі өз заманының стратегі болған. Темір, жай ғана билеуші
болып қана қойған жоқ өзінің есімі берілген Ұлы Темір империясының
негізін салған тарихи тұлға болды. Әлемдегі ең көп және ең күшті
әскер де оның құзырында еді. 1370 жылдан бастап жасалған
жорықтарында Хорезм, Дешті Қыпшақ, Иран, Ирак, Сирия және
Үндістанға дейінгі аумақтың топырақтарына иелік етті. 1402 жылы
Анкара соғысында Йылдырым Баязидті бағындырды. Жорықтарының ең
қандысы Батыс Азияда өтті, біріншісі үш, екіншісі бес, үшіншісі
жеті жылға жуық уақытқа созылды. XIV ғасырдың 70-жылдары оның
қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады.
Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ
Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен
белгілі болды.
Саяси тұрғыдан Әмір Темірдің
ислам дініне деген көзқарасы қандай болды деген сауал туады. Әмір
Темір өзінің жорықтарының алдында міндетті түрде дұға жасайтын
болған. Оның өзі билік құрған мемлекетінде ислам дінін мемлекеттк
деңгейге көтеруі – оны өзге əлем жаулаушыларынан ерекшелеп тұрады.
Әмір Темір жаулап алған жерлерінің барлығында өзіндік
ерекшеліктермен басқарған, мәселен оның жаулап алған мемлекеттернің
көпшілігі дерлік ислам дінін қабылдаған болатын. Ол ешбір
мемлекетке діни қысым жасамаған.
Әмір Темір билік құрған
мемлекетінде ислам дінін мемлекеттк деңгейге көтеруі – оны өзге
əлем жаулаушыларынан ерекшелеп тұрады. Ол ислам дінінің сопылық
бағытын ұстанған. Əмір Темірдің дінді жоғары көтеруі арқылы мəдени
өмірге де үлкен алға басушылық байқалды. Ғылымға көңіл бөліп, түрлі
ғылым салаларын өз мемлекетінде дамыту үшін ғалымдар шақыртқан,
олармен Алтын Орда, Ақ Орда, Хорасан, Иран, Батыс Мағриб
аймағындағы мəселелерді талқылауға өзі де қатысып отырған. Түрлі
саяси мəселелер талқыланып, Темірдің тарапынан оларға зор ілтипат
көрсетілді.
Темірланның адами ерекшелігі
ол бар байлықты жеке басына емес, мемлекет мүддесіне қарай
пайдалануды көздеді. Сондықтан да оның ұлан-байтақ империясында
әртүрлі елден келген қолөнершілер мен сәулетшілер, ғалымдар жұмысқа
тартылды. Олар Мауереннахер қалаларын салуда, өркендетуде орасан
зор үлес қосты. Исфаган, Шиназ, Сирия, кіші Азия, Азербайжан т.б.
елдерден келген мамандар Самарқандта бірнеше тамаша сарайлар,
мешітпен медресе т.б. салдырды.
Әмір Темір өз заманының ірі
әскер қолбасшысы ғана емес, сонымен қатар мемлекетті құру, ішкі
қатынастарды шешуде де үлкен ақыл-ой иесі болды. Бірақ, ол да өз
заманының перзенті еді. Өзі өмір сүрген феодалдық қатынастарды
реттеуде, дамытуда белсенді саясат жүргізіп
отырды.
Әрине, XIV-XV ғасырдағы
Орталық Азия, түркі халықтарының мемлекеттілігінің қалыптастуы
соғыс қимылдарынсыз шешілуі мүмкін емес еді. Мұндай құбылыстар тек
Орталық Азия халықтарының тарихына ғана емес, әлем халықтарының
орта ғасырдағы тарихтарына да тән бірден бір құбылыс екені мәлім.
Сондықтан осы мағынада алғанда Әмір-Темір саясаты да қаралып, оның
Орта Азия халықтарының біртұтас мемлекет құру жолындағы күрес
заңдылықтарымен байланыстырып және оның Орта Азиядағы ислам
өркениетіне қосқан үлесі қайта саралануы керек. Сонда ғана Әмір
Темір туралы зерттеулер біздің пікірімізше толық, тарихи шындықты
толықтыра түседі деген ойдамыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
-
Якубовский А. Тимур. Вопросы истории. М. 1946
г.
-
Клавико Г. История Великой
Темирлана. М. 1988 г. 13-14 стр.
-
Бартольдт В.В. Сочинения. 1964
г.
-
Герасимов М.М. «Портрет
Тамерлана» М., 1947 г.