Ана-өмір бастауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана-өмір бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп,оқушылардың танымына ой түсіру; оқушылардың анаға деген махаббатын ояту,рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Жамбыл ауданы Бозой ауылы

«Бозой негізгі орта мектебі МДШО»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Касенова Гульмира Зиябековна


Тақырыбы: Ана-бақыт, ана-жыр

Мақсаты: Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп,оқушылардың танымына ой түсіру; оқушылардың анаға деген махаббатын ояту,рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту;

Ресурстар:презентация, интербелсенді тақта,стикер,маркер.

Жүру барысы:

I.Миға шабуыл

Ол-барлық өмірдің бастауы. Ол-көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұр шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі.

Ол-адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Біздің қоғамда және ұлттық санамызда ананың алатын рөлі ерекше. Халқымыз қасиетті мекенімізді «Отан-Ана», «Жер-Ана» деп тегін айтпаған. Ана ұғымына айрықша мән берген. Өйткені өмірдің бастауы да, тәлім-тәрбиенің қалыптасуы да ана арқылы жүзеге асады. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана-ұлы адам. Ана- құдіретті жан. Ендеше, тәрбие сағатымыз «Ана-бақыт, ана-жыр» деп аталады.


II.Топқа бөлу

Оқушыларды сурет қиындыларын құрастыру арқылы үш топқа бөліп аламын. Алдарына қағаз,маркер,стикер таратылады.

Кіріспе сөз.Мұғалімнің сөзі

Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ана-ару,Ана-асыл жар. Ана-көңілдің гүлі. Ана- өмірдің жыры.Тіпті айта берсең, сөз жетпейді. «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген ой қандай нақты айтылған ой десеңші! Расында, барлық әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес. Иә, Жаратушыдан кейін құдірет иесі- ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай да болмасын құдіретке лайық.

Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі-ғалым, бірі- саясаткер, енді біреулері- дәрігер, тағы бірі- кәсіпкер. Солардың бірі- аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне, шүбә жоқ, бас иеміз.

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана,- дегендей, келесі тапсырма постер (5 минут)

III.Постер қорғау

1-топ. Ана деген...(Сен үшін)

2-топ. Ана деген-ардақты есім. (Ана туралы мақал-мәтелдер)

3-топ. Ана- жыр. (Ана туралы жыр- шашу)

Оқушылар дайындаған постерлерін қорғайды.

Оқушылар әр топтың жұмысына қошемет көрсетіп отырады.

Мұғалімнің сөзі. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен бізді әлдилеп жұбатады.


IV. «Соқыр ана» атты бейне жазбадан үзінді көрсетіледі.

Оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылып, пікірлер тыңдалады.

-Не себепті баласы анасы үшін ұялады?

-Ананың қандай кінәсі бар?

-Баласының анасынан безінуінің себебі не?

Түйінді сөз: Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма?Қандай жағдай болмасын біз анамызды құрметтей білуіміз керек. Себебі біз анамыздың арқасында дүниеге келіп, өмір сүрудеміз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда, ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейірімне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де- «Ана». Міржақып Дулатов атамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, қиналғанмыз үшін күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, ол-ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.

«Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана халқымыз. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл- ана алдындағы парызыңды өтеу. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау- сенің өмір бойғы борышың.

Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, анаңның шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам- анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!


V.Ребус шешу. Ана туралы әндермен байланысты құрылған ребус.

Әннің алғашқы сөйлемі жасырылады. Оқушылар әннің жалғасын тауып, ребусты шешеді.

1. Ана туралы жыр.

2. Анаға сәлем.

3. Анашым

Оқушылар тәрбие сағатынан алған әсерлерін, анаға арналған тілектерін стикер арқылы білдіреді.

«Ана туралы жыр» әні орындалады.


Алматы облысы

Жамбыл ауданы

Бозой ауылы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2019
801
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі