Материалдар / «Ана тілім - мақтанышым!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ана тілім - мақтанышым!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған, ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту. Мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Сонымен қатар, туған жеріне, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Отанын сүйіп, қадірлеуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Отанға, тілге құрмет ету керектігін түсіндіру. Балаларға әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2023
284
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МКҚК №66 «Болашақ» бөбекжай-бақшасы








Ұйымдастырылған ашық

іс-әрекет көрсетілімі

Тақырыбы:

«Ана тілім - мақтанышым!»


Мектепалды даярлық «Звёздочка» тобы




Қазақ тілі пәні мұғалімі: Беспаева Г.С.





Шымкент

2022жыл


Ұйымдастырылған қызметі: «Ана тілім - мақтанышым!»


Білім беру бағыты: «Физикалық дамуы», « Коммуникативтік дағдыларың дамыту таным», «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту», «Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту», «Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру».


Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған, ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту. Мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Сонымен қатар, туған жеріне, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Отанын сүйіп, қадірлеуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Отанға, тілге құрмет ету керектігін түсіндіру. Балаларға әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.


Қолданылатын көрнекі-құралдар: Ту,Елтаңба, шарлар, жалау, видео-ролик.


Әдіс-тәсілдер: викториналық сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.


Мұғалім: Қайырлы таң құрметті қонақтар. Сіздерді Қазақстан Республикасы халқы тілдерінің күні мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Тіл мерекесі біз үшін, жалпы еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Біз де бүгін осы мерекені тойлап өтуді және өздеріңізбен қауышқанывмызға өте қуаныштымыз. Олай болса, мерекелік іс-шарамыз ашық деп жариялаймыз!


Әуенмен балдар залға кіреді.


Балалардың орындауында:ҚР-ның әнұраны орындалады.


Мұғалім: Балалармен сәлемдеседі. Шаттық шеңберіне шақырады.


Шаттық шеңбері:

Қуанамыз күлеміз,

Бар әлемді сүйеміз.

Қол ұстасып, қуанып

Достармен бір жүреміз.


Мұғалім: Балалар бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтарға сәлемдеріңді беріңдер.


Балалар: Сәлеметсіздер ме!


Мұғалім: Бүгін ерекше күннің ең басты себебі, бүгін үлкен мереке. Бүгін ҚР-ң халқы тілдерінің күні мерекесі. Бұл мерекені барша, қазақ елі салтанатты түрде атап өтуде, қанекей олай болса, біздерде осы мерекеге өз құрметімізді, өз үлесімізді қосып, ана тілімізде ән шырқап, өлеңдер оқып, ат салысайық.


Өлең-тақпақтар:


1-бала:

Ақылындай дананың

Асылындай сананың.

Ана тілі - арымыз,

Ақ сүтіндей ананың.





Леонид

2-бала:

Ана тілім - елдігім,

Ана тлімі - ерлігім.

Тілді биік құрметтеп,

Тойлап жатыр, ел бүгін.




Сергей


3-бала:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елімнің.




Милослава


Мұғалім: Жарайсың, қандай керемет! Сендер ана тілі туралы тақпақтарыңды оқып, біздерді үлкен қуанышқа бөледіңдер. Ал енді сөз мәйегі мақал-мәтел демекші, осы тіл туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?


Мақал-мәтелдер:

1- бала: Тіл - қылыштан да өткір. Тимур

2-бала: Тіл мәртебесі - ел мәртебесі. Леня

3-бала: Тәрбие тілден басталады. Ирисмат

4-бала: Тіл достықтың алтын көпірі. Юлдуз

5-бала: Өз тілің - бірлік үшін,

Өзге тіл - тірлік үшін. Азизбек


Сергіту сәті:Шаршасаңдар балалар

                             Қолдарыңды созыңдар

                             Саусақтармен ойнаңдар

                             Қолдарыңды сермеңдер

                             Денелерің шынықсын

                             Саналарың тынықсын.



Мұғалім: Балалар, келесі кезекте, сендердің қаншалықты тапқырлықтарыңды, өз Отандарыңды жақсы танып білетіндеріңіңді білу үшін мен сендерге сұрақтар қойғым келіп отыр. Ал балалар, ойынға дайынсыңдар ма?


Балалар: Ия, дайынбыз.


Мұғалім: Балалардан сұрақ-жауап алады.


1. Біздің Республикамыз қалай аталады?

2. ҚР-ң Елордасы қай қала?

3. ҚР-ң рәміздерін кім атап береді?

4. ҚР-ң президенті кім?

5. Қазақ елінің батырларын білесіндер ме?

6. Қазақстан Республикасының алғашқы ұшқыштары кімдер?

7. Сендер қай қалада тұрасыңдар?

8. ҚР-дағы ұлт өкілдерін кім атап береді?

Балалар сұрақтарға толық жауаптарын береді.


Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Сендер берілген сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Өз Отандарыңды жақсы танып білетіндеріңді сұраққа дұрыс жауап беріп көрсеттіңдер. Рахмет, жарайсыңдар!


Мұғалім: ҚР өте қонақжай, өте татулық пен бейбішілікте өмір сүріп келе жатқан мемлекет. Біздің мемлекетімізде көптеген ұлт өкілдерінің өз арасындағы сыйластықты, құрметті, біз осы күнде үлкен мақтанышпен айта аламыз. Олай болса, «Халықтар достығының» биін тамашалайық.


Би: «Ұлт өкілдерінің достығы»


Балалардың орындауында «Өз елім» әні.

Келгенде көктемі
Көңілін гүл басқан
Шырағы көктегі
Жұлдызбен сырласқан

Өз елім менің
Өзегім менің
Жырыма қосып жүремін
Төрім деп менің
Жерім деп сенің
Соғады мәңгі жүрегім

Түлегі сендер
Тілегі сендер
Тірегі сендер сол елдің
Назары сендер
Базары сендер
Ажары сендер сол елдің



Күтілетін нәтиже:


Біледі:Ана тілдің маңызды екенін біледі. Өз тілі туралы ұғынады. Тілдің маңызды екенін біледі.


Игереді: Өз тілінде анық сөйлеуді, мемлекеттік тілде өлең шумақтарын оқып бере алады. Мақал - мәтелдерді жатқа біледі.


Меңгереді: Өз Отанын құрметтеуді, ұлттық құндылықтарын ұғынып, меңгереді.


Мұғалім: Осымен біздің тіл мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс айтамыз!

Еліміз көркейіп, халықтар достығы арта берсін, елімізде бейбітшілік болсын!!!


















Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Әнұран рәмізі авторы: Жұмекен Нажимеденов, Н.Назарбаев

  2. Отбасы және балабақша №5(177) 2016 жыл,32 бет

  3. «Өз елім» әні-Н.Тілендиев, сөзі-Қ.Мырза Әли

  4. Бала мен балабақша педагогикалық журналы №1025,55бет




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!