«Ана тілім болашағым,
ертеңім!»
(өзге ұлт өкілдері
оқушыларымен өтікізілген сайыс )
Жүргізуші:
Көп тіл білсең көкжиегің кең
болар
Құрметтейді жан екен деп төрге
озар
Қай тілде де сөйлесең де дұрысы
Мемлекеттік тілді үйренген жөн
болар
Қайырлы күн, қасиетті қазақ тілінің жанашырлары!
Халықаралық ана
тілі күніне
орай-оқушылардың тіл байлығын,
тілге деген қызығушылығын,
құрметін, сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілгелі
отырған
«Ана тілім болашағым,
ертеңім!» атты сайысқа қош
келдіңіздер.
Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық
,
Білімді өрендерге тамсанайық
.
Әділдік пен шындықты арқа
тұтқан,
Әділ қазы алқасын таныстырайық
.
1.Жамбыл ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің бас маманы Омарова Алия
Есімқызы
2. «Мәңгілік Ел» тәрбие және
білім беру орталығының директоры Дүйсенова Жаннұр
Нұрланқызы
3.Білім бөлімінің әдіскері
Зарпулова Лаура Мамбеталы қызы
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын
сіздерді оның өту барысымен таныстырып өтейін. Сайысымыз 7 кезеңнен
тұрады:
-
«Кел, танысайық»
(таныстыру менің интернационалдық
отбасым, біз үйде қазақша қалай
сөйлейміз....)
-
Көркем сөз
сайысы (Мемлекеттік тілде прозалық
немесе поэзиялық шығарма оқу).
-
«Мақал-сөз мәйегі» ( мақал –
мәтелдердің жалғасын табу)
-
«Жұмбақтар»
сайысы (Берілген жұмбақтың жауабын
шешіп, үш тілде айту)
-
«Білім мен парасат
сыны» (Түрлі сұрақтар жасырылған
ұяшықтар таңдап, сұрақтарға жауап беру).
-
«Кім жылдам?» (берілген
шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрауы
қажет)
-
Өнерлі өрге жүзер (Өз өнерін
көрсету)
Жүргізуші:
Таразылап
талқылар,
Алдыңда тұр асқан
сын.
Ортаға шық, ұландар
Сайысымыз басталсын.
Жүргізуші: Сайыскерлеріміздің сайысқа түсу
реті:
-
В.Чкалов о/м Хаказова
Амина
2.Жасөркен о/м Тавли оглы
Айша
3.Әйтиев о/м Ахметова
Азода
4.Гродекова о/м Бозо оглы
Тимур
5.Абай о/м Ахмедәлім
Сабина
6.Юрий Гагарин о/м Федорова
Светлана
7.Б.Бесбаев о/м Гасанова
Назира
8. М.Әуезов о/м Шакирова
Гулизар
9. Бірлесу-Еңбек Савчук
Любовь
Жүргізуші: Сайысымыздың бірінші
кезеңі «Кел,танысайық». Қазір алдын-ала белгіленген
нөмір бойынша рет-ретімен әрбір сайыскер өзін таныстырып
өтеді.
Жүргізуші:
Қазақ тілім – өз тілім,ана
тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім ,
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашаққа бастаған дана тілім.
Екінші
кезең Көркем сөз
сайысы (Мемлекеттік тілде прозалық
немесе поэзиялық шығарма оқу). Cайыскерлеріміздің дауыс
ырғағына, мәнерлеп оқу шеберлігіне, дыбысты дұрыс айтуына көңіл
бөлінеді.
Жүргізуші:
Ширек ғасыр- өтсе де уақыт
бедері
Жүзеге асты кейбір іс те
келелі.
Мына әлемде өзің барсың, ана
тіл,
Сен бар жерде ұлтың да аман
келеді.
Үшінші кезең «Мақал
–сөздің мәйегі» . Әр дұрыс айтылған мақалға бес
ұпайдан беріледі.Мақал-мәтелге жауап беру
құқығы 1-ші болып қол көтерген оқушыға беріледі.1-ші ойыншының
дұрыс жауап бермеуі барысында жауап беру мүмкіндігіне 2-ші болып
қол көтерген ойыншы ие болады.
Шапшаңдық танытып, жауап
беруге тырысайық. (сайыскерлер сахнада
тұрады)
-
Сөз анасы құлақ (су анасы
бұлақ)
-
Өнер алды (қызыл
тіл)
-
Тіл қаруы сөз (Сөз қаруы
ой)
-
Ана сүті бой өсіреді (ана тілі
ой өсіреді)
-
Тіл тас жарады (тас жармаса
бас жарады)
-
Шебердің қолы ортақ (шешеннің
тілі ортақ)
-
Басқа пәле
(тілден)
-
Бал тамған тілден (у да
тамар)
-
Тұған ел тұғырың (туған тіл
қыдырың)
-
Бас кеспек боса да (тіл кеспек
жоқ)
-
Ананың сүті бал,.....(Баланың
тілі бал).
-
Жақсы кісі байқап сөйлер, ...(жаман кісі
шайқап сөйлер)
-
Сөзің тәтті болсын (ашуың
қатты болсын)
-
Өнерлінің көзі алтын
(Өлеңшінің сөзі алтын)
-
Көз жетпеген жерге (сөз
жетеді)
Жүргізуші:
Ана тілім – қазақ тілім туған
тіл,
Қасиетті тіліміздің мәнін
біл.
Ана тілін құрметтеңдер
адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін
біл,
Сайысымыздың төртінші
кезеңі «Жұмбақтар»
сайысы (Берілген жұмбақтың жауабын
шешіп, жауабын үш тілде айту)
«Жұмбақтар
сайысы» Бұл бөлімде жұмбақ шешіліп,
жауабы үш тілде айтылады.
1.Қабат-қабат
қаттама,
Ақылың болса
аттама.(кітап; книга;
book)
2.Бар ма, жоқ па, оны анық
білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп
жүрмейсің.
(ауа;
воздух; air)
3.Өзі сөйлей
білмейді,
Салған ізі
сөйлейді. (қалам; ручка;
pen)
4.Айдағаны неше
ешкі,
Ысқырғаны жер
жарады. (бес; пять; five)
5.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын
да,
Ұзындығы жазулы тұр
бойында. (сызғыш; линейка;
ruler)
6. Сыртты тәтті, іші
тәтті,
Ортасы сүйек
қатты
(алма,
яблоко. Apple)
7.
Көреді бәрін
өзгенің
Көрмейді бірақ
өздерін (көз, глаза,
eyes)
8.
Суда
қалқиды,
отқа
балқиды. ( мұз – лёд – ice
)
9.
Күндіз бәрі
қашады,
Түнде аспанды
басады. ( жұлдыз – звезда -
star)
-
Қыста ғана
болады,
Ұстасаң қолың
тоңады. ( қар – снег-snow
)
11.
Тілден ұшып, құлаққа
қонады. (сөз, слова,
word)
12.
Таңмен көзін
ашады,
Әлемге нұрын
шашады. (күн, солнце,
sun)
13
Ашылып,
жабылады.
Әр үйден
табылады. (есік, дверь,
door)
14.
Білімнен мол
сый-асы
Балғындардың
ұясы (мектеп, школа,
school)
15. Отырмайды, тұра
алмайды,
Түзу жолда
бұраңдайды. ( жылан –
змея-snake)
Жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң
қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай
заңдылық?!
Өсер болсаң , байтақ далам
тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек
мәңгілік!
5 –кезең «Білім мен парасат
сыны» (Түрлі сұрақтар жасырылған
ұяшықтар таңдап, сұрақтарға жауап беру).
1 . Мемлекеттік тудың , көк
байрағымыздың авторы кім ? (Шәкен Ниязбеков)
2 . Елтаңбаның ортасында не орналасқан ? (
шаңырақ)
3 . Сәби дүниеге келгенде болатын той . (
шілдехана )
4 .Наурызда пісірілетін басты
тағам (наурыз көже)
5 . Қазақтың түнде айдың
жарығымен ойналытын ұлттық ойыны?
(ақсүйек)
6 . Қазақтың үш биін ата . (
Төле би , Қазыбек би ,Әйтеке би )
7 . Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан )
8 . Адамдардың бір - бірімен
түсінісу құралы . ( тіл )
9 . Абайдың неше қарасөзі бар
? ( 45 )
-
Қазақтың музыкалық аспабы . ( домбыра
)
-
Елтаңбаның авторы кім?
(Жандарбек Мәлібеков , Шотаман Уәлиханов)
-
Еліміздің рәміздерінің
қайсысында қанатты пырақ суреттелген?
(елтаңба)
-
Әнұранның сөзін, әнін жазған
кімдер? (Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев
)
-
Абай Құнанбаевтың «Ғылым
таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл істі ата? (талап, еңбек, терең
ой, қанағат, рахым)
-
Қазақша жыл басы
(наурыз)
Төрт түліктің пірлерін ата.
(түйе атасы – Ойсылқара, жылқы атасы – Қамбар ата, сиыр атасы –
Зеңгі баба, қой атасы – Шопан ата, ешкі атасы – Сексек
ата)
Жүргізуші: Қазақ тілі аса бай тіл,
икемді тіл.Қалай исең,солай майыса береді.Орайын келтіріп
пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға,тас қашап, ағаш оюға
болады.Бұл тілден май тамады десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына
құлақ салсаң, балдай татитын нәріне, әріне әсте
тоймайсың.
6-кезең «Кім жылдам?»
берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрауы
қажет.
-
Біздің, білдіреді, шаңырақ,
біртұтастығын, Отанымыздың. (Шаңырақ біздің Отанымыздың
біртұастығын білдіреді.)
-
Өмір, өкілдері, аса, жүзден,
ұлттың, Қазақстанда, сүреді .
(Қазақстанда жүзден аса ұлт
өкілдері өмір сүреді.)
-
Бейнеленген, қанатты, жағында,
екі, Елтаңбаның, пырақтар.
(Елтаңбаның екі жағында
қанатты пырақтар бейнеленген.)
-
Өз , Елтаңбасы,
Республикасының, Туы, Қазақстан, Әнұраны, төл теңгесі, бар.
(Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі
бар)
-
Еліміздің, тіліменен,
Егеменді, қашан да, тұғыры, биік. (Егеменді еліміздің тұғыры қашан
да тіліменен биік)
-
Қазақ тілі – дүниежүзіндегі,
тілдердің, ең бай, бейнелі, беделді де, бірі. (Қазақ тілі –
дүниежүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің
бірі.)
-
тіліміз – қазақ тілі,
мәңгілік, біздің ,мемлекеттік, (Біздің мәңгілік мемлекеттік тіліміз
– қазақ тілі.)
-
тұратын, жерінде, әр, адам,
Отанын сүю, қажет, Қазақстан, мәдениеті, мен, тілін, білу, және,
қастерлеу, оларды. (Қазақстан жерінде тұратын әр
адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу
қажет)
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар
әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл
шықты.
Білім мен тапқырлықтың
жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз
мықты.
Сайысымыздың қорытындысын
шығарып, мемлекеттік тілдің үздігін анықтау үшін сөз кезегі әділ
қазылар алқасына беріледі.
Қазақстан Республикасының
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз бүкіл қазақстандықтардың
басын біріктіретін фактор – қазақтардың туған тілін дамыту үшін
барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,- деген болатын. Олай
болса:
Ана тілім – қазақ тілім туған
тіл,
Қасиетті тіліміздің мәнін
біл.
Ана тілін құрметтеңдер
адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін
біл,-
деген тілекпен сіздермен
қоштасамыз.
АЛҒЫС
ХАТ
21 ақпан Халықаралық ана
тілі
күніне орай
ұйымдастырылған
«Ана тілім болашағым,
ертеңім!» атты мерекелік шараны ұйымдастыруға және өткізуге қосқан
үлесі үшін
В.Чкалов атындағы орта
мектебінің ұжымы
марапатталады.
Тіркеу
парағы
Р/с
|
Аты-жөні
|
Мектебі
|
Ұлты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|