"АНАЛАР - АСЫЛ ЖАНДАР!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"АНАЛАР - АСЫЛ ЖАНДАР!"

Материал туралы қысқаша түсінік
сабатан тыс іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты:

АНАЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР!

Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мінерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; Оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу. Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдары: Сынып шармен, гүлдермен безендіріледі. Тақырып жазылған плакаттың ортасында үлкен күннің бейнесі, ойынға қажетті заттар(алшалғыштар, йогурт, банан, сок, қасықтар, т.б.), «Менің анам осындай...» атты балалардың аналарын бейнелеген сурет көрмесі, аналарына арнап жасаған ашықхаттары. Мерекеге сай үнтаспалар жинағы, баян.

Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші:- Құрметті қонақтар, асыл әжелер, сүйікті аналар! Бүгін бізде үлкен мереке. Ол-аналарға арналған «Ана-біздің күніміз» атты тәрбие сағатымыз. Бұл сағат 8- наурыз-Хаықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр.

Құрметті аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяларыңызға тыныштық, денсаулық, амандық тілейміз.

(Сыныпқа әуенмен оқушылар кіреді)

1-оқушы: Еліммен бірге тілегім,

Өзің деп соғар жүрегім,

Жатқа айта білемін,

Елімнің әнұранын. (Әнұран орындалады)

Тәрбиеші:-Балалар, жыл сайын, осы күні біз аналарымызды, әжелерімізді, қыздарды мерекелерімен құттықтаймыз.

2-оқушы: Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

3-оқушы: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Аяулы менің анашым.

4-оқушы: Аялаған, саялаған,

Бар бақытым, берекем.

Апатайм, құттықтаймын.

Бүгін сенің мерекең.

5-оқушы: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.

Ән: «Ақ мамам»



6-оқушы: Өлең айтып беремін,

Нан да алып келемін.

Өйткені мен анамды,

Өте жақсы көремін.



7-оқушы: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз.

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз.

8-оқушы: Аналарды сүйеміз.

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

9- оқушы: Мамам, мамам, ақ мамам,

Мен де өзіңнің ақ балаң.

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанға барамын.

Ақ төсекке жатқызса

Көзімді жұма қаламын.

Тәрбиеші: -Балалар, аналарың сендерді еркелеткенде «құлыншағым, қозым, ботам» дейді ғой. Жанбаотаны анасы қалай еркелетеді екен?

10-оқушы: «Күнім, жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

Ойлап тапқан кім екен?

(Балалар бірге: -А-НА-ЛАР)

-Ендеше біздің балалар аналарына арнап «Қара жорға» биін билеп береді.

Би: «Қара жорға»

  • Балалар, сендер күнделікті таңертең мектепке жиналасыңдар. Ал аналарың жұмысқа жиналады. Қазір біз бір қызық ойын ойнап жіберейік. Осы ойын арқылы кімнің анасы жұмысқа жылдам жиналады екенін көрейік.

Ойын: «Менің анам жұмысқа қалай жиналады?»

11- оқушы: Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Анаға сыйлаймыз.

12-оқушы. Өнерлі боп өсеміз,

Өмір сырын шешеміз.

Өсіріп, ой-сананы

Қуантамыз ананы.

13- оқушы: Алақаны ақ самал,

Мәпелеген , жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаға.

  • Балалар, бүгін біздің ұлдарымыз аналарының орнында болып көреді. Ол қалай дейсіңдер ғой? Қазір ұлдарымыз алжапқыштарын тағып, аналарын жылдам тамақтандырады. (банан, йогурт жегізіп, сок ішкізеді)

14- оқушы: Сен жалықпай жетектеп,

Мен жалықпай жетермін.

Айтқаныңды екіетпей

Ақ сүтіңді өтермін.

15-оқушы. Ана-біздің күніміз,

Ана-біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

16-оқушы: Бал-бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам.

Айналатын біздерді,

Көп жасасын жақсы адам.

17-оқушы: Қадірлі аналар көңілі,

Көктемдей жайнап, гүл ашсын

Бақытқа толы өмірі-

Шаттыққа шаттық ұлассың.

  • Балалар, бізді осындай әдемі, ақылды етіп өмірге әкелген аналарымызға не дейміз?

(Балалар бірге: -РАХ - МЕТ)

Ән: «Біз-өмірдің гүліміз»

-Құрметтейік о,адамдар, аналарды.

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі, Ана деген асыл жан ғой.

Ойлауменен істелік әр қадамды. – деген сөздермен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтайық. Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2021
427
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі