Материалдар / Анама хат атты сынып сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Анама хат атты сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге дайын сынып сағаты жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Маусым 2018
1444
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Сынып сағаттың жоспары
Тақырыбы: «Анама хат»

Мектеп:
Күні:Мұғалімнің аты-жөні: Хасантаева Н.А.

Қатысушылар: Қатысқандар саны:

Негізгі қарастырылатын сұрақ / ТақырыпАна – үйдің берекесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
Құндылықтар-Құрмет;-Қазақстандық патриотизм;-Азаматтық жауапкершілік;
МақсатыАнаға деген сыйластықты арттыру. Ананың қадірін ұғынуға үйрету.Оқушылардың ойды жүйелі баяндау, өзіндік пікір айта білу дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижеОқушылар берілген тапсырманы тиянақты орындайды, тиімді ой қорытады,сыни тұрғыдан ойлай отырып, ұтымды пікірлер айтады. 
Қолданылатын әдістерЖеке жұмыстар, пікір алмасу, ой қорыту, өз-өзіне есеп беру

Пәнаралық байланыс

Өнер, өзін-өзі тану
Жоспар

Жоспарланған уақытЖоспарланған әрекеттерРесурстар
Сабаққа кіріспе.0-7 мин Қызығушылықояту3 минут«Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана, келтірген дүниеге нелер дана. Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ, өмірдің алтын кілті сонда ғана» - дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана. Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен, мәпелеп, әлдилеген пейілің кең. Аналық махаббатың кәусар бұлақ, сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ. Адам “адам” болғысы келсе, алдымен Ананы қастерлей білуі керек. Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.Шаттық шеңберіне тұрғызады. Оқушылар бір-бірімен амандасады.Әрқайсысы кезекпен бір жақсы тілек айтады. Интерактивті тақта,слайд, видео көрініс













Топқа бөлу



Негізгі бөлім







15 минут















10 минут

“Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-Анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” деген сөз бар. Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса әрбіріңіз өз аналарыңызға теңеу тауып, сипаттап өтіңіздер.

1.Ана туралы қандай шығармалар естеріңізде бар? 2.«Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» дегенді қалай түсінесіз?3. «Анама хат» атты видео көрініс тамашалау4.Анаға арнап хат жазуХаттар галереясын жасауБарлық берілген тапсырманы ой бөлісе, бір шешімге келе отырып,айтып, түсіндіру.





Кері байланыс

Конверттер, стикер,қалам
Сабақты бекіту. 5 минут Балалар, “Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жАнашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Ана – жүрек, жүректі құдіретте. Ана – тірек, тіректі құрметте, Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет. Ана – күнің, күніңе табынып өт,– деп жырлағым келеді. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен Анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аяулы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Баласы үшін Анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол Ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Ал баланың Анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. «Аяулы ана» Мөлдір Әуелбекованың орындауында оқушылармен бірлесіп айту.































https://youtu.be/hIDC3OSjWto






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!