400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Анамның бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала ана жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Анамның бейнесі»



Құшағына соншалық махаббат пен мейірімді сыйдырған қандай құдіретті адам екен? Бейне бір тылсым күшке ие дерсің. Тіпті, оның маған қараған көздерінің өзі аспанда жанып тұрған жалғыз жұлдыздай жарқырайды. Ал қолдары: иілген нәзік, сол алақанымен маңдайымды сыйпап, «й»- дегенінің өзі жаныма қуат берердей. Ал құшағы. Құшағына енгенде, 18 дегі ересек қыз екенім есімнен шығып, елеңдеген бала кейпіме енгім кеп тұрады. Ал жүзі қандай? Жүзі жылы деп жәй ғана айту әлбетте жеткіліксіз. Бетінің тазалығы емес, жүзіндегі кіршіксіз шынайы жылылық пен маңдайымнан сонша мейіріммен иіскегенінің өзі бір құдды өнер дерсің. Сұлулығының шегін жеткізіп айту мүмкін емес. Дене бітімі мен жүрісіне қарап мін айтудың өзі әбестік.

Орамалы басынан түспеген, қайсар, сабырлылықтың символы болған, нағыз қайсар ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ. Иә, әңгімемдегі қазақ әйелі дегенім, менің жүректен шыққан теңеулерім, бұл суреттеуім- АНАМА арналады. Иә, анама деген шын жүректен шыққан теңеулерім тіпті жазып отырып көзіме жас үйіртті. Ананың осындай құдіретті, осыншалықты махаббат пен мейірімді жүрегіне сыйдырған, құшағы жылы ұядай болатынын кім білген?

Иә, ана дегенде айтар сөз көп.

Ең бастысы баласына деген шексіз махаббат , риясыз қуаныш- екі ортадағы тылсым күш емес пе? Жоғарыда айтқан тылсым күш иесі дегенім осы -АНАЛАР.

Олардың әрбір айтқаны мен біз үшін жасағаны бағаланбас құнды дүние.

Ана! Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, тербелмейтін сезімнің болмауы мүмкін емес!

Әлемнің жарығын, дүниенің кеңдігін көрсеткен жан анамды суреттеудің өзі шеберлік.

Жанымда болғаның, қолдағаның, жүрегіңнің кеңдігі мені таң қалдыра береді.

Маған қараған анамның көздері мен құшақтағандағы ыстық құшағы- көңілімнің ғана емес, жүрегімнің де қуанышы.

Иә, бұл процесс бітпесе екен деймін.

Махаббат

Шексіздік

Мейірім.

Осы сөздердің астарын ұғындырған, сезіндірген- жан анам!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.12.2023
199
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі