Әңгіме (Қарлығаштың қайғысы)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әңгіме (Қарлығаштың қайғысы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Әңгімеде қарлығаштардың ұясына тиіспеу,Төле би бабамыздың неліктен "Қарлығаш би" аталғандығы,балапанынан айырылған қарлығаштардың қайғысы туралы баяндалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әңгіме

Қарлығаштың қарсылығы


Демалыс күні болатын. Ата-анам ертемен қалаға кетті де, үйде іні-сіңліме бас-көз боп мен қалдым. Мұрындары пыс-пыс етіп інім Ералы мен сіңлім Ақмаржан тәтті ұйқының құшағында жатыр. «Демалыс қой, ұйқылары қансыншы» деп оята қоймадым.

Үйді жинап, құймақ пісіріп тұрғаным да , екеуі көздерін уқалап қасыма келді. Дәмді құймақ иісі екеуін оятса керек. Шай ішіп болысымен, екеуі сыртқа асықты. Жайма-шуақ күн оларды қызықты ойындар ойнауға шақырып тұрғандай.

Түскі астан кейін сабақ оқымақшы боп, үстелге отырдым. Қазақ тілінің тапсырмасын орындап болып, алгебраның есебін шығаруға кірісе бергенімде, сырттан Ақмаржанның қатты жылағаны естілді. Асығыс есік алдына шықсам, Ақмаржан үйге қарай жүгіріп келеді. Оның төбесінен айналып, 2-3 қарлығаш тым жақын ұшып жүр. Тіпті біреуі шоқығысы да келетін сияқты. Сіңлім екі қолын көтеріп, оңды-солды сілкіп қорғанып келеді. Айқай сап жылап та келеді. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген мен шошынып, не істерімді білмей тұрып қалыппын. Ал қасында келе жатқан ініме қарлығаштар тіпті тиіскен жоқ. Ақмаржан үйге кіріп, қарлығаштардан әзер құтылды.

- Не болды? Неге саған қарлығаштар қуып жүр?- деп сұрадым сіңлімнен. Ал ол болса, ештеңе айтпастан жылай береді. Бір кезде інім келді. Ол да әпкесін аяп, жыламсырап тұр.

Сіңлімді әзер дегенде жұбатып, енді інімнен жайлап сұрадым. Інім ішке кіріп кетті де, үйден екі сары ауыз балапанды алып шықты. Балапандардың бастары былқ-сылқ етіп әлсіреп қалған. Шала-жансар күйде. Шиқылдаған үндері үзіліп әрең шығады. Мәселенің мән-жайын енді түсінгендей болдым. Манағы сіңліме тиіскен қарлығаштардың балапандары екені анық.

  • Қайдан алдыңдар? Неге алдыңдар? Құстың ұясы қайда? - деп айқайлап сұрадым.

  • Қой қораның ішінде,- деді інім. – Ақмаржан көріп, тастың үстіне шығып, ұясынан алды. Екеуміз балапан асырайық деп едік.

Жүрегім дүрсілдей жөнелді. Балапандарды қолыма алдым да, сыртқа атып шықтым. Қарлығаштар әлі ұшып жүр. Қой қораға қарай асығыс адымдап келемін. Әдемі етіп өрілген, сырты балшықпен сыланған ұяда шиқылдап екі балапан жатыр екен. Қолымдағы балапандарды қастарына жайлап қойдым да, үйге қарай бет алдым. «Тірі қалса екен» деп тілеп келемін. Сіңлім терезеден сыртқа қорқа қарап тұр.

Үйге кірісімен, екеуін қасыма шақырып алып, құс ұясына тиісуге болмайтынын, балапандарына тиіскен адамды құс біліп, қарғайтынын, тіпті тиісетінін де айттым.

- «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген мультфильмді көрдіңдер ме? Оның мазмұнын түсіндіңдер ме?- деп сұрадым. Екеуі басын изеді.

- Қарлығаштың арқасында адам жыланың шағуынан, бір ажалдан құтылды. Ендеше, қарлығаш- адамның досы. Оған тиісуге болмайды. Құстардың балапандары тек ұяда өсіп, жетіледі. Сендер құстың балапандарын асырай алмайсыңдар. Қарлығаш ұя салған үйге құт-береке қонады. Сендер Төле би бабамыздың неліктен «Қарлығаш би» деп аталғанын білесіңдер ме?

- Жоқ,- деді екеуі жаарыса.

- Төле би бабамыздың киіз үйінің ішіне қарлығаш ұя салыпты. Төле би қарлығашқа күтіммен қарайды. Күтпеген жерден «Жау шабуға келе жатыр» деген суық хабар келеді. Елдің бәрі үйлерін жығып, жүктерін жинап, қаша бастайды. Төле би қарлығаштың балапандары әлі ұшпағандықтан, үйін жықпай, ешқайда бармай қалады. Барлық адам алас-қапаста басқа жаққа көшіп кетеді. Ауылда тек Төле бидің үйі ғана қалады. Біраз уақыттан кейін ауылға жау келеді. Қараса, бір ғана үй қалған. Жау қолбасшысы таңдана сол үйге барады. Алдынан шыққан Төле биден: - Сен неге қашпай қалдың?- деп сұрайды. Сонда Төле би үйіндегі қарлығаштың ұясын көрсетіп: - Қарлығаштың ұясы болғандықтан, үйімді жықпадым. Балапандары әлі қанаттанған жоқ,- деп жауап береді.

Жау қолбасшысы біресе Төле биге, біресе қарлығаштың ұясына қарап, ойланып қалады. Бірақ би бабамызға тиіспейді. Содан бері Төле би атамыз «Қарлығаш би» деп аталып кеткен.

  • Қандай керемет адам! Қарлығаштың ұясы үшін жаудан да қашпаған,- деп таң қалды сіңлім.

  • Қайта жау да оны өлтірмеген, - деп інім де қосарлана өз пікірін айтып жатыр.


Осы әңгімеден кейін екеуі енді ұяға тиіспейтінін, құстарға қамқор болатындарын айтып уәде берді.

Мен де қораға барып, баалапандардың аман екенін көріп, көңілім орнына түсті.



Бақтығали Зада

Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМБ-ның 7-сынып оқушысы

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы ауданы

Ұялы ауылы





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.04.2018
501
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі