жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әңгіме. Шарасыз кейіпкер.
Шарасыз кейіпкер
Айман күндегі әдеті бойынша таңертең ертемен тұрып мектептегі жұмысына барды. Мамандығы - мұғалім. Сабақ басталып та кетті.
-Жақсы,балалар отыра қойыңдар! Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?
-Жақсы,апай!
-Жақсы!- деп жан-жақтан жамырай көңілді жауаптар келіп жатты.
-Олай болса, бүгінгі сабақтың мақсатын айтамын тақырыбын өздерің анықтайтын боласыңдар. Сабақ мақсаты:
7.1.2.1- әлеуметтік қоғамдық ,оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог,монолог,полилогтердегі автор көзқарамсы мен көтерілген мәселені талқылау.
-Айман апай, бұл меніңше ,бір қоғамдық мәселені талқылау,яғни, пікірталас сабағы болғалы тұр,-деді сыныптағы ең жақсы оқушының бірі- Еркежан.
-Жақсы,Еркежан,-тағы кімде қандай нұсқа бар?
-Апай, бір монологпен жұмыс жасаймыз!
-Жоқ, диалог деп тұр ғой!
- Апай «полилог» деген не?-деп оқушылар тағы да өз ойларын ортаға сала бастады.
- Өте дұрыс айтып жатырсыңдар, балалар бүгінгі сабақта осы күнде өз қоғамымызда болып жатқан әр түрлі мәселелердің бірнешеуін берілген мәтін бойынша қарастыратын боламыз. Полилог (грек, polysкөп, logosсөз, әңгіме) — бірнеше адамның арасында болатын әңгіме. "Полилог" термині тілдің қарым-қатынастық қасиетін зерттеуде "диалог" терминіне қосымша қабылданған. Олай болса, әдеттегідей алдымен топқа бөлініп алайық. Мұғалім дайындап келген сандар жазылған әр түрлі тәтті конфеттерді оқушыларға үлестіріп жатып:
- Енді осы тәттілердің қағазындағы сиямен жазылған сандарға мән берейік,кімде жұп сан оң жаққа кімде тақ сан сол жаққа жиналайық!
Осылайша топқа бөліне қалған оқушылар енді апайларынан тапсырма күтіп отыра қалды. Лезде тапсырма да таратылып үлгерілді. Тапсырмада бүгінгі қоғамдағы адамдардың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі жайында мәтін берілген еді. Мазмұны:
«Ана мен баланы әлеуметтік қолдау.Заңнамаға сәйкес балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсетілді, 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша:
- мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақыны жалпы 16,1 млрд. теңге сомасында 72,8 мың адам алды;
- бала тууға байланысты жәрдемақыны 21,8 млрд. теңге сомасында 296,3 мың адам алды (бұл 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,4 %-ға көп);
- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы 22,6 млрд. теңге сомасында айына орташа есеппен 141,0 мың адам қамтылды (бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,6 %-ға артты)...т.б»
Жалпы мәтін мазмұны бойынша еліміздегі халықтың әлеуметтік жағдайы өте жақсы деңгейде,еліміз күннен-күнге дамып, гүлденіп,өркениеттің биік шыңына жетіп алды. Енді сол жолда қалай дамып келе жатқанымызды басқа шет елдерге үлгі ретінде көрсету үшін ЭКСПО-17 көрмесін ұйымдастырып жатырмыз. Оның мақсаты: «жасыл ел» бағдарламасын қалай жүзеге асырып жатқанымызды бүкіл әлемге паш ету. Қысқаша айтқанда, Қазақстан деген мемлекеттей керемет мемлекет жер бетінде аз. Іргеміздегі Қытай мен Ресейді былай қойғанда енді біраз уақытта АҚШ пен батыс елдерін басып озайық деп жатырмыз...
Оқушылар біраз ойланып, кеңесіп отырды да, кенет Ерәли орынынан тұрып:
-Апай ,сұрақ қоюға бола ма?
- Әрине,айта ғой!
- Егер біздің елде барлық жағдай жақсы болса, онда неге ана жылы Нұр Сұлтан қаласында 5 бала отқа жанып кетті? Мамам сол балалардың жағдайлары жоқ болғанын айтып жылап еді. Оларда үй болмағандықтан бір кішкене бөлмелі тамда тұрыпты, -деді.
- Мұндай тосын сұрақты қояды деп ойламаған Айман,төбесінен біреу мұздай су құйып жібергендей әсерде болды. Онысын оқушыларға білдіргісі келмегендей бірден:
- Иа, Ерәли ондай жағдай орын алғаны рас,алайда оның да өз себептері бар,-деп күмілжи берді.
- Иа,апай мына мәтінде келтірілген кейбір дерекке мен де келісе алмаймын,-деді жұлып алғандай Айша.Себебі, біздің елде жұмыссыздық өте көп. Осы қалаға көшіп келгенімізге 3 жыл болды,әкем әлі жұмысқа орналаса алмай жүр. Анам ғана мектепте еден жуады. Айлығы -35 000 теңге. Ал әкеме жұмысқа тұру үшін 200000 теңге керек болып тұр.
- Онда қалаға неге келдіңдер? Сол ауылда тұра бермей, деп,сөзге Асанәлі араласты.
- Білмеймін-деді Айша төмен қарап күмілжіп бетінен бір нәзік алау бұрқ етіп,-анам айтады біздерді жақсы мектептен оқыту үшін келдік деп.
Негізінде оқушылар арасындағы сөз таласын өзі жоспарлап келген әдіс бойынша екі топтың арасында өткіземін деп ойлаған мұғалім, тартысың қалай басталып кеткенін де байқамай қалды. Сөзталас екі топ арасында емес жаппай сынып бойынша әркімнің өз пікірін айтумен жалғасып жатты.
-Меніңше, біздің елде халықтың тең жартысының жағдайы мәз емес. Және де соның барлығы қазақтар. Мысалы: қай қалаға барсаң да қазақ азаматтары өз үйлері жоқ, пәтер жалдап жүреді. Пәтер сатып алуға не еңбекақылары жетпейді. Осы қалаға келгенде мен 1-сынып оқитын едім, қазір ,міне 7-сыныпқа келдім, әлі пәтер жалдап тұрамыз. Әкем мен анам да жұмыс істейді. Бірақ алатын жалақылары жүріп-тұрғанымыз бен тамағымыздан аспайды,-деп мұңайды Мерхат.
- Апай, осы неге біздің елде банктерге «оздоровление» деп көп қаражат бөледі де, керісінше, жағдайы төмен отбасылардың балаларына денсаулығы үшін арнайы теңге бөлінбейді? –деді, бағанадан үнсіз томпиып қана тыңдап отырған Талғат.Айман мұғалім енді жауап берейін деп оқтала бергенде:
- Ойбой, соны да білмейсің бе, өйткені банктердің иелері сол ақша бөліп отырған адамдардың өздері немесе туыстары ғой,-деп қулана күлді Азиз. Азиз осы сыныптағы үлгерімі төмен оқушыға жатқанмен, ойлау қабілеті жақсы, алайда жалқаулау бала еді. Өзі осы қыс ортасында сабақтан сұранып жанұясымен Дубайға 10 күнге демалысқа барып келген. Зеректігі де жоқ емес дегенмен сондай жағдайлармен сабақты да көп босатады. Ал былай қарағанда айтып отырған сөзінің жаны да бар. Айман ұстаз біраз абдырып қалды. Азиздің айтып отырған жауабына қарсы сөз де таба алмады. Себебі ол шындық.Бүгінгі қоғам келбеті расымен шешімі жоқ сансыраған сұрақтарға толы былығып кеткені рас. Жұмыссыздық көбейді. Ауыл шаруашылығы да барлық жерде бірдей дамып жатқан жоқ. Соның әсерінен қалалы жерлерге күн көруге жұмыс іздеп сабылған жұрттың барлығы үйсіз-күйсіз пәтер жағалап жүр. Ең құрығанда бұрынғы кеңес өкіметіндегідей көп балалы отбасыларға да төленетін жәрдемақы мардымсыз. Алайда сиқы осындай қоғамын интеллегент қатарында жұмыс атқарып осы мемлекеттің дамуына өз үлесін қосып жүрген білдей ұстаз бола тұра оқушылар алдында қалай өтірік мақтай алады?..
Шындығында осы Айманның өз жағдайы да мәз емес еді. Астанаға күйеуі екеуі келгеннен бері әлі пәтер жалдап тұрады.Қазір енді ғана алтыға толып мектепке ілінеген Айшасы ол кезде жоқ еді. Бір жасқа толған Айшаны қайда апарарын білмей жүмысқа шығарда тәуір қиналған. Ал жұмысына шықпайын десе жалғыз еңбек түкке жетпейді.Балаға төленетін өкіметтің азын-аулақ ақшасы да тоқтады.Содан оны көтеріп алып жұмыс орнына да талай алып келген.Қас қарайғанда ұйықтап қалған сәбиін көтеріп алып үйіне қайтқан кездері аз болан жоқ.Сол қиналған сәттерде, шіркін осы жас балалы аналар үйлерінде бір жыл ғана емес ең құрығанда екі жыл отырса ғой, бала бақшалар да тез қабылдар еді, сосын алаңсыз жұмыс жасауға да болады деп бір кейіген. Қарап отырса содан бері он жыл өте шығыпты. Бірде аш,бірде тоқ күй кешіп жатқан жайы бар.Енді міне сол сүреңсіз жағдайын еселеп есіне түсірген мына бір ыңғайсыз сәтте өзі оқытып жүрген көркем әдебиеттегі шарасыз кейіпкерге айналды.
Заканова К.К.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген