АҢЫЗ АДАМ – БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

Тақырып бойынша 28 материал табылды

АҢЫЗ АДАМ – БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы – тау тұлға. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Б.Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Б.Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҢЫЗ АДАМ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ


Тугелбаев Шалқар Еркінұлы, ББ «Тарих» 4 курс

Жетекшісі: Биназарова Назым Нурлановна


Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы – тау тұлға. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Б.Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Б.Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.

Осынау нар тұлғаның жары кім? Баукең көп әйел алған деседі, сонда оның қанша әйелі болған, сынды сұрақтар кім-кімді болсын қызықтырмай қоймасы анық. Батыр бұл жайында: «Менің шығарған өлеңім бар, ол:

Өзім батыр, жазушы атағым бар,

Көп қатын алды деген шатағым бар...» дей отырып өз естеліктерінде әйелдері туралы айтып өткен. Сол құнды жазбаға сүйеніп тізбектеп көрсетсек: Бибіжамал Мұқанқызы Момышкеліні — Бауыржаннан екі жас кіші, ақсары, сұлу кісі. Бибіжамал Мұқанқызынан тұңғыш баласы Бақытжан Момышұлы дүниеге келді. Строева Вера Павловна — өнер саласына еңбек сіңірген кісі. Ерінің әдебиетке келуіне себепші болды. (Коркина Клавдия Григорьевна — опера театрының әртісі, сыған қызы. Бұл кісіден Елена Бауыржанқызы дүниеге келді (16.09.1947 жылғы)) Бахытжамал Калибековна — шет тілдер институтының аспиранты, 13 жыл бірге болды.

Б.Момышұлының күнделігінен:

Бірінші қатыным – Бибіжамал Мұқанқызы Момышкеліні. Менен 2-ақ жас кіші еді. Өзі ақ сары сұлу кісі еді. Байын күте білетін, үйін ұстай білетін, дастарқанды кісі еді…

Сол кісіден тұңғыш балам Бақытжан Момышұлы туды. Ұлы Отан соғысы басталғанда, ол кісінің аяғы ауыр еді. Соғысқа қашан жүрер-жүрмесімізді білмей жүргенде, жүкті әйел Талғарға келді.

Жақында аттана қоймаспын, сен ауылға барғын, – дедім мен. Сол тілімді алып, ол 2-3 күннен кейін ауылға аттанды. Өзі сұлу, қарны қампиған, соғыс басталған, ауылдағы ағайын-туыстарым: «Қарағым, жақсы кепсің», – деп жақсы қарсы алыпты. Күтпеген жерден эшелонға тиеліп, майданға аттандық. Өзім эшелондамын, әйелім ауылда. Қоштасқан жоқпыз…

Бұрындайдан өтіп бара жатқанда қарадым. Сол күні базар күні екен (воскресенье). Мені өтіп барады деп ойламаған әйелімнің сыртынан ғана көрдім. «Ей, пәлен-түген» деуге уақыт жоқ, пойыз зыр етіп өте шықты. «Қайта көремін бе, көрмеймін бе сені?» – деп бармағымды тістеп өтіп кеттім. Сол маған үлкен әсер етті. Содан бара соғысқа кірістік…

Төрт ай өтті. Хабар жоқ. Хат алмаймыз. Бесінші айда Рахимов (старший лейтенант):

Сүйінші, сүйінші, ақсақал! – деп жүгіріп келді алдыма. – Жеңгем ұл туыпты, міне, хат алдым, – деп маған хатын көрсетті.

Рахмет, айналайын, – деп хатын оқыдым.

«Бәукетай, көптен бері хабар алыспадық қой. Сен неге хат жазбайсың? Аман-есенсің бе? Бізде түнде ұйқы, күндіз күлкі жоқ. 3-октябрьде ұл таптым. Атын кім қоямыз деп қатты қиналдық. Тәтем: «Атын Бақытжан қойыңдар, бір жағы әкесінің аты Бауыржанға ұқсас, екінші жағы бақытты болсын» деді. Сөйтіп балаңның аты Бақытжан болды. «40 жыл қырғында ажалды өледі» деген қазақтың сөзі бар ғой, аман-есен қайтсаң, ең үлкен бақытымыз сол. Балаңның көтін иіскеп, жылап жатырмын…» Ж.Бозжановты шақырып алдым.

Мә, оқы мынаны, – деп хатты ұсындым. Ол оқып шықты да, қатты қуанып кетті.

Той істеймін, ақсақал, той істеймін! – деп айқай салды. Мен үн қатқан жоқпын.

Кешке таман күтпеген жерден, қайдан тапқанын білмеймін, бір қойды сойып, қазақша бесбармақ істеп, 3-4 бөтелке арағы бар кешкі асқа күллі штабты шақырып алды. Ол кезде менің арақ ішпейтін кезім. Ырым ретінде дәмін татамын-дағы рюмканы қоя салам. Бақытжан Момышұлы туралы бірінші естіген хабарым осы. [1, 193]

Батырдың кейінгі әйелі – Ғайникамал. Бірақ Баукең ол жайлы біраз естеліктерінде жазғанымен «Менің қатындарым» деп тізіп жазған жазбасында айтылмайды. Ол жайлы батырдың достары мен жазушылардың естелігінен де көре аламыз. Мәселен, «Баукеңнің үйіндеміз. Үстіне қазақтың оқалы көк-мақпал шапанын киген батыр ағамыз жайланып отырып, ұзындығы кере қарыс ақ мүштігін аузына жақындатты да, темекі түтінін бұрқыратып, сөзін одан әрі жалғады. Біз отырған бөлмеге полковниктің жұбайы Ғайникамал Бекбайқызы Баубекова кірді. Баукең жұбайын Кәмаш деп атап кеткен. Сұңғақ бойлы, аққұба өңді, кескін-келбеті әдемі кісі. Баукеңмен ең алғаш артистер бригадасымен майданға концерт беруге барғанда 1942 жылы он сегіз жасында танысады. Москва консерваториясын бітірген соң Алматыда актриса болып істеген. Кәмаш тік тұрып қиылып, Баукеңе бірнәрсе айтайын деп айта алмай тұрғандай. Әсте ол Баукеңнің сөзін біреудің бөлгенін жақтырмайтынын жақсы білсе керек, үндемей қайта шығып кетті. Баукең соғыс, әскери қызмет, офицер міндеті, жауынгердің ерлігі хақында айтқанда бос сөз, бояма дерек қоспады,» дейді бір жазбаларда.

Ал үшінші әйелі – Вера Павловна Момышұлы жақсы пікір білдерген жары. Ол туралы:

«Мен көп қатын алған кісімін. Солардың ішіндегі ең сұлуы, ең жақсысы – заслуженный деятель искусств РСФСР Вера Павловна Строева дейтін әйел кісі. Ол кісі меннен жеті жас үлкен болатын. Өте реңді, сұлу кісі еді. Бір-бірімізді өте жақсы көретінбіз. Мен десе, жаны қалмайтұғын. Менің сөзімді пайғамбардың сөзіндей көретін. Жазғандарымның бір сөзін қалдырмай оқитын. Ол кісі маған әйел бола білді. Менің әдебиетке енуіме үлкен себепкер сол кісі. Ол кісі – менің әдеби ұстазым. Сол себепті мен «Наша семья» кітабыма, «Вере Павловне Строевой чьи критические замечания и советы помогли мне больше, сем она подозревает», деп эпиграф жаздым,» - дейді. [1-2, 196-140]

Б.Момышұлының күнделігінен:

Бір күні Мәскеудегі Чайковскийдің залына бардым. «Выступает студентка института имени Гнесиных, Клавдия Григорьевна Коркина» деп жариялады жетекші. Тал шыбықтай 18-19-дағы ботагөз, қара шаш, бұрымы тоқпақтай бір сұлу қыз шыға келді. «Карменнен» оңдыртпай соқты. Мен ал-дал болып, есімнен адаса жаздадым. Концерт біткеннен кейін іздеп барып, таптым… Екеуіміздің көңіліміз жарасып қалды…

Московский государственный университеттің алдында келе жатыр едім. Ломоносовтың ескерткішінің алдында тұр екен… Қарсы алдымнан қарны қампиған жас келіншек шыға келді. Шырамытамын, бірақ қайдан көргенім есімде жоқ.

Неужели, Вы не узнаете меня? Я ведь забеременела от Вас. Не күлерімді, не жыларымды білместен қатты сасып қалдым.

Саспаңыз, полковник, әкем әлдеқашан өлген кісі еді. Шешем жақында ғана өлді. Мен жалғызбын әзір. Мен цыганкамын. Жалғыз болғым келмейді. Я блогадарю Вас, полковник. Я от Вас забеременела, значит я не одинока, – деді.

Я Вас поздравляю, Клавдия Григорьевна, – дедім мен.

Благодарю Вас, полковник, я не думала, что Вы такой добрый человек.

Что Вы, Клавдия Григорьевна, будет мальчик или девочка – я отец, а Вы мать, – дедім мен.

Еще раз благодарю Вас, полковник, – деді ол.

Пойдемте в кафе, выпьем по чашке черного кофе, – дедім мен.

С удовольствием, полковник. Я чуствую себя одинокой, благодарю Вас, полковник…

16 сентября 1974 года родилась девочка. Я поехал в родильный дом. Вынес младенца из родильного дома как отец. Привез их домой. До сих пор я их поддерживаю в материальном и моральном отношении. Клавдия Григорьевна окончила институт Гнесина, является главном редактором эстрадных представлении всесоюзного радиокомитета. А Елене Бауыржановне теперь 22 года, учиться в драматическом факультете Московского педагогического института. [1, 196]

Зейнеп Ахметова: – Мен атаның қартайған кезінде қолына келдім. Кәмеш апай қайтыс болған, Бақытжанның отыздан асқан, Ержанның төрттен асқан кезі. Шераға, тағы да басқа кісілер «әкелеріңнің қолына келіңдер» деді. Жасыратыны жоқ, Бақытжан алғаш көнбеді. «Осы кезге дейін әкеммен тұрып көрген емеспін. Жасым отыздан асқанда тұра алмаймын» деді. Өйткені, екеуі тез тақасатын. Бақытжан атақты адамның баласы болғанымен, әкесіз өскен адам. Нағашыларының қолында өскен. Ата соғыс уақытымен қосқанда 14 жылдан кейін үйіне оралған. Жылына бір рет келіп кетеді, айына ақшасын салып тұрады. Ал анамыз қазақ әйеліне тән парасаттылықпен, төзімділікпен күтіп отырған. «Сен бәйбіше болып отыра бер, кеңдік жаса» деп ата айтады екен. Тастап кетпеген, әйтеуір. Үстіне қанша әйел алса да шыдаған. Ол кісінің ішінде не болып жатқанын кім біледі, бірақ. Өрт боп, жанған шығар… 53 жасында дүниеден өтті. Атаның «соны ғана сыйлағанымды, соны ғана ардақтағанымды өзінің өлімімен дәлелдеп кетті» деп жазатыны бар ғой, жылап отырып.

Ата келгеннен кейін екі жылдай бірге тұрып, қайтадан басқа отбасын құрып кеткен. Соның барлығы әкенің иығына сүйенбеген, қолынан ұстап жетелемеген, бала кезінде іштей қыжыл қалған ғой. Сосын мен: «Жарайды, бармасаң қала бер. Ержанды алам да кетем. Атаны олай қалдыра алмаймын», – дедім. Ата ауырып жүрген, Кәмеш апа қайтыс болған. Бұл 1972 жылы еді. Сөйтіп, телестудияда істеп жүрген жұмысымды тастадым. Совет өкіметінің кезінде өз еркіңмен жұмысты тастау дегенің сұмдық болатын. Қызмет табылады ғой, бірақ, мынандай адамға қызмет ету екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Сонда менің жасым екі мүшелде, 25 жастамын...» дейді.

Баукең атап айтқан әйелдерінің ішінде Бахытжамал Калыбековна да бар. Ол кісіме батыр 13 жыл бірге тұрған. Дегенмен, соңында бұл жары өзі кетіп қалған екен. Жай кетіп қалмай 70 сомның дүниесін алып тайып тұрған. Ол жайлы Б. Момышұлы ашулана еске алады. Оны әйел ретінде қатты сынға алады. Тіпті естелігінде оған «Эстрадная дура» деп анықтама берген.

Жалпы нар тұлғалы Бауыржан Момышұлы «Порядочный әйелде үш қасиет болу керек. Бірінші қасиет – байын күте білу, екінші қасиет – үйін ұстай білу, үшінші қасиет – бала-шағасын тәрбиелей білу,» дейді.

Баукең әйел затына үлкен талап қойған және ерекше құрметтеген. Бауыржан Момышұлына: «Кімді қадірлейсіз?» – деген сауал қойылғанда: «Ардақты ананы қадірлеймін», – деп жауап бергені бар. Батыр Бауыржан атамыз бұл сөзін ісімен де дәлелдеген біз біліп-білмейтін ғибратты оқиғалар көп. Соның бірі – өзіне алған пәтерді кейуанаға бергені туралы оқиға жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңызында» (қараңыз: 32,33-беттер) баяндалған.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Момышұлы Б. Айтылмаған ақиқат 10 том, Алматы – 2009, «Өнер» баспасы.

  2. Момышұлы Б. Айтылмаған ақиқат 9 том, Алматы – 2009, «Өнер» баспасы

  3. Ахметова З. Шуақты күндер, Алматы: Жалын, 1987. – 264 б.

  4. Мырзахметов М. Б.Момышұлы жайында сұхбат // Қазақ әдебиеті. 2004.-10қыркүйек.-8 б.

  5. Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап, Алматы: Қазақстан, 1991. – 384б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.05.2025
62
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі