Олболсун Нурлыбаева
МҚКК «Оқушы» орталығы «Ән салу»
үйірмесінің қосымша білім педагогы
Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы
2017 жыл
«Әнім-әлемім»
«Ән салу» үйірмесінің шығармашылығына
арналған ән кешінің бағдарламасы
(Зал мерекеге сай безендірілген, әуен ойналып тұрады)
-
Фанфар жүреді (музыка аяқтала бере Авансценаға фонмен Альфия өлең жолдарымен шығады, өлең аяқталған соң«Нұрлы көктем» әні жүреді де сахна ашылад, ән аяқтала бере 2 жүргізуші сахнаға шығып әншілерді таныстырады)
І жүргізуші: «Бақыт туралы ой» өлең жолдарымен алдарыңызда өнер
көрсеткен ІV облыстық «М.Мақатаев оқулары» байқауының І-орын лауреаты, Х қалалық фольклорлық «Інжу-Маржан» балалар шығармашылығы фестивалінің ІІ-орын жүлдегері Иманғалиева Альфия.
ІІ жүргізуші: «Нұрлы көктем» әнін орындаған Х қалалық фольклорлық
«Інжу- Маржан» балалар шығармашылығы фестивалінің жеңімпазы, «Тәуелсіз елім-Қазақстан» патриоттық ән орындаушылар байқауының ІІ-орын жүлдегері. » «Ләзім» вокалдық тобы болатын.
(Ата-аналарға сөз беріледі)
І жүргізуші: Армысыздар, құрметті әлеумет! Бүгінгі «Ән салу» үйірмесінің
«Әнім-әлемім» атты мерейлі мерекесіне арналған шығармашылық ән кешіне қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Өзінің талантымен білімінің арқасында Қазақстан
Республикасының жарқын болашағына лайықты бала тәрбиелеудегі елеулі еңбегін халықаралық дәрежеде таныта білген дарын иесін, оның өнерге деген шын жанашырлығы деп ұғамыз. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен облыстық Балалардың құқығын қорғау департаментінен бала тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды, Республикалық «Балауса» байқауынан жас ұрпақты үлгілі өнер мен тәлім беріп тәрбиелегені үшін «Алғыс хат» иеленді, Облыстық қосымша білім беру кешенінен жақсы концерттік шара дайындағаны үшін «Алғыс хат» алды.
І жүргізуші: т.б көптеген мадақтама иесі әнші, әрі ақын да сазгер, үлгілі
ұстаз «Ән салу» өнерінің нағыз шебері бірнеше дүркін Халықаралық, Республикалық, облыстық, қалалық ән байқауларында көптеген шәкірттері лауреат атанған «Ән салу» үйірмесінің жетекшісі, қадірлі ұстазымыз Нұрлыбаева Олболсун апайды қалай мақтап құрметтесекте артықтық етпейді (қол соғылады). Осы кеште айтылған сөзіміздің куәсі болатындарыңызға, біз,үлкен қуаныштамыз. Ендеше, әсем әннің айдынына бізбен бірге жүзіңіздер!
ІІ жүргізуші: Қандай бақыт!
Күнмен бірге дүние құлпырғаны
Күннің нұрын құшақтап, үлестіріп,
Бір ұрпақ, бір ұрпаққа ұмтылғаны.
Сіздерге «Бала тілегі» әнін сыйға тартпақшы «Ән салу» үйірмесінің ең кішкентай әншілері Рамазанова Камила мен Бекболатова Аружан сахна төрінде. Қабыл алыңыздар!
І жүргізуші: Қиял-ғажайып әлемі
Барлық маңай әдемі
Ертегілер әрқашан
Болған өмір керегі
«Ертегілер» әнімен «Ләзім» вокалдық тобын ортаға шақырамыз!
ІІ жүргізуші: Жайылған ақ дастархан-ақ көңілдер,
Үлкенде, кішіде шат, шат көріңдер
Бәріңе айтатыным- бір-ақ тілек
Бәріңде бақ көріңдер!
Бақ көріңдер!
деп ақын жырлағандай сахна төрінде «Тәуелсіз елім-Қазақстан» патриоттық ән орындаушылар байқауының ІІ-орын жүлдегері Қалдыбаев
Құралбайды «Ақ тілек» әнімен қарсы алыңыздар!
І жүргізуші: Туған ел, қуанам әр жеңісіңе,
Жыр жазам, жарар ма деп ел ісіне,
Әнші боп, ақын болсам арманым жоқ,
Ере алсам шабысыңа, желісіңе.
Тәуелсіз елім-Қазақстан» патриоттық ән орындаушылар байқауының Бас жүлдегері «Бұлқынды жүрек» әнімен Бакиева Алинаны қабыл алыңыздар, достар!
ІІ жүргізуші: Қарсы алыңыздар «Ақмаржан» би ансамблінің орындауында
«Жезкиік» биі
І жүргізуші: Ана-жүрек, жүректі құдірет де,
Ана-тірек, тіректі сен құрметте.
Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет,
Ана-күнің, күніңе табынып өт.
«Ана» әнімен ортаға «Шырай» вокалдық тобы шақырамыз. Қошеметтеріңіз, достар!
ІІ жүргізуші: Ұстаз біз үшін-білім бұлағы
Ағыс пен ыстық тілектен өлең тұрады
Қамқоршы жансыз көрсете білген бағытты
Сондықтан сізге жолдаймыз мәңгі бақытты
«Тәуелсіз елім-Қазақстан» патриоттық ән орындаушылар байқауының жеңімпазы Насыралаева Жансаяның орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!
І жүргізуші: Қобыз-дауыс қоңыр үн дірілдеген
Бар табиғат осы үнсіз тірілмеген
Қоқыт ата серік еткен осы кие
Өлімді де өте шыққан күбірлеген
Қорқыт атамыздың «Қобыз» әнімен сахна төріне қалалық фольклорлық «Інжу-Маржан» балалар шығармашылығы фестивалінің лауреаты Жолдасбаева Айнұрды шақырамыз!
ІІ жүргізуші: Сені мұңайтып
Мен қалай күн көремін
Сеніменен тағдырым бірге менің.
«Мұңайма» әнімен ортаға ІХ қалалық фольклорлық «Інжу-Маржан» балалар шығармашылығы фестивалінің жеңімпазы Абылдаева Құндыз шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
І жүргізуші: Естідіңбе аспанның күрсінгенін?
Сол менің саған деген тылсым демім.
Ұйықтап жатса оянсын, ояу болса,
Күңіренген жанымды білсін дедім.
деп ақын жырлағандай қазір, Сіздер,
«Шарасыз сезім» қойылымын тамашалаңыздар сценарисі әрі режиссері , бірнеше дүркін республикалық, облыстық, қалалық өнер байқауының лауреаты «Әртістік әлем» театралдық қойылым конкурсының І-орын жүлдегері Иманғалиева Алфия. Қошеметтеріңіз, достар!
ІІ жүргізуші: Қарай-қарай көзімнің нұры бітпес,
Айта-айта көңілімнің сыры бітпес,
Жалын жүрек, жасын тіл, жас әншінің
Сүйгеніне арнаған әні бітпес.
«Іңкәр ғашық» әнімен ортада Облыстық «Best singers and dancers»
ән байқауының І-орын лауреаты Сәндина Бейсен қарсы алыңыздар!
І жүргізуші: Келесі кезекті «Көңілді тапқырлар» командасына береміз қошеметтеріңіз, достар!
ІІ жүргізуші: Мықтап ұста асылым-Азаттығым,
Келешегім, ертеңім, ғажап күнім.
Сен бол, мен бол қосайық жеке үлесті,
Арқаласып халықтың мақсат жүгін.
«Қазақстан» әнімен облыстық «Маңғыстау жұлдыздары» көркемөнерпаздар фестивалінің ІІІ орын лауреаты «Дәйек» вокалдық тобын қарсы алыңыздар!
І жүргізуші: Бәрі де ана, бір өзіңнен басталады.
Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп, Жасқандым ба?
Тек өзіңнен жасқандым. ортаға Аққұлов Нұрхатты «Ана» әнімен шақырамыз!
ІІ жүргізуші: Арманың ең белгісіз жан көптен күткен,
Айырылдым мен өрліктен, өкпендіктен,
Сонау жолдар осындай бір кездесу,
Ұлы өкініш өртеген отпен біткен.
Алдарыңызда «Белгісіз жан» әнімен облыстық «Маңғыстау жұлдыздары» көркемөнерпаздар фестивалінің лауреаты «Тенпрано» вокалдық тобы. Қошеметтеріңіз, достар!
І жүргізуші: «Ақмаржан» би ансамблінің орындауында «Жезкиік» биін
тамашалаңыздар!
ІІ жүргізуші: Ғашықтық жүрек тербетіп
Жүректі сырбаз кернетіп
Арнады талай ақындар
Ғашықтық жырын селдетіп
Облыстық «Best singers and dancers» әнбайқауының І-орын лауреаты Хайтбай Әсеттің орындауында «I want it that way» әнін қабыл алыңыздар!
І жүргізуші: Далам менің! Керілген кербез керімсің,
Шаңырақ өрлеп, керегең кеңге керілсін!
Торғайдың емес, қыранның болып мекені,
Жанарың жайнап бұрымың гүлмен өрілсін!
Қалалық «Музыкальный вояж» эстрадалық ән байқауында «Алтын арай» әнінің сөзі мен әуенін жазған Олболсун Нұрлыбаева дипломант атағын жеңіп алған болатын. Ендеше автордың орындауында осы әнге кезек берелік. Қошеметтеріңіз, достар!
(хабарлаусыз «Ән менен әнші» жүреді )
жүргізуші: Құрметті көрермен сіздердің әр күндеріңіз бақытпен шаттыққа
толсын, айтар алғысымыз шексіз.Сіздерге келесі әдемі кеште көрісуге жазсын дей келе аман саулықта жүздесейік дейміз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Әнім-әлемім» «Ән салу» үйірмесінің шығармашылығына арналған ән кешінің бағдарламасы

шағым қалдыра аласыз