ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласы
Тақырыбы: Антропогендік геожуйелерди пайдалануды бағалау және өзгерту
«№ 36 жалпы орта білім беретін мектеп» география пәні мұғалімі Карипжанов Нурбек Амангелдыевич
Семей 2017-жыл
Жоспар:
1. Антропогендік ландшафттанудың негізін салушы ғалымдар кім?
2. Мəдени ландшафт ұғымы.
3. Ф.И. Мильков классификациясы бойынша антропогендік ландшафттар қандай түрлерге бөлінеді?
4. Қазақстан Республикасында антропогендік ландшафттарды зерттеумен шұғылданған ғалымдар кім?
5. Антропогендік геожуйелердің пайдалануы және өзгеруі
Антропоген, антропогендік жүйе - геологияда ұзақтығы 700 мың млн жылға жуық кайнозойдың қазіргі ең соңғы (төрттік) жүйесі (кезеңі). Плейстоцен және голоцен деп бөлінеді. Плейстоценде жоғары ендіктерде климаттың бірнеше рет суынуы мен жылынуының ауысымдары материктік мұз басу мен мұз- дықсыз атыраптарда ылғалды климаттың тұрақтануымен жалғасты. Бұл кездегі ең маңызды окиға — Жер бетінде адам пайда болды.
Адамзат пен оны қоршаған табиғи орта арасындағы байланыс туралы мəселе географияда үнемі қарастырылып келеді. Антикалық кезеңнің ірі географтары адамзат қоғамы жəне адамдардың шаруашылық қызметі көп жағдайда аумақтық климаттық ерекшеліктеріне байланысты екендіктерін айтқан болатын. Қайта өрлеу дəуірінде бұл идеялар одан əрі дамыды. Француз ғалымы Ж. Боден Жер бетіндегі халықтар ерекшелігінің климат, жер бедері, топырақ құнарлылығы сияқты факторларға байланыстылығына талдау жасаған болатын. XIX ғ. бұл көзқарастарды Ф. Ратцель толықтырды, осылай географиядағы антропоцентрлік бағыт қалыптасқан еді. Ратцельдің мемлекетті белгілі бір аумақты қажет ететін ағза ретінде қарастыруы географиядағы геосаяси көзқарастардың қалыптасуына əсер етті.
Сонымен қатар, XIX ғ. табиғат пен қоғам арасындағы байланыс туралы жаңа көзқарас пайда болды. 1844 ж. К. Маркс “Неміс идеологиясы” еңбегінде адамзат пен табиғат арасындағы тығыз байланыс туралы өз көзқарасын білдірді. Оның идеяларына Ф. Энгельс өзінің “Табиғат диалектикасы” атты еңбегінде қолдау білдірді.
Табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы орыс ғалымдарының географиялық зерттеулерінің ішінде В.В. Докучаевтің, А.И. Войейковтың еңбектерін атап көрсетуге болады. Олардың ғылыми жұмыстарында топырақтың, климаттың, жер бедері мен өсімдік жамылғысының адамзат қызметінің нəтижесінде өзгеріске түсуіне терең талдаулар жасалған.
1915 жылы Л.С. Берг “Географияның пəні мен міндеттері” еңбегінде тек адам аяғы баспаған ландшафттарды ғана табиғи ландшафттар деп атауға болады деді.
30 жылдарда географияда “мəдени ландшафт” ұғымы кең тарады.
Мəдени ландшафт идеялары О. Шлютердің, Л.Г. Раменскийдің еңбектерінде қарастырылады. Л.Г. Раменскийдің “Жерді кешенді топырақ – ботаникалық зерттеуге кіріспе” атты еңбегі антропогендік ландшафт морфологиясы туралы тұңғыш еңбек болды.
Антропогендік ландшафттарға тұңғыш классификация жасаған В.Л. Котельников (1950), Д.В. Богданов 1951 ж. ландшафттарды ежелгі, аздап өзгерген жəне мəдени ландшафттар деп бөлді. Антропогендік ландшафттар классификациясымен айналысқан ғалымдар – С.В. Калесник (1955), К.Г. Раман (1958) жəне В.С. Жекулин (1961).
А.Г. Исаченко (Ландшафттану негіздер жəне физикалық-географиялық аудандастыру, 1965) шаруашылық қызметінің əсер ету деңгейіне байланысты ландшафттарды өзгерген жəне шартты өзгермеген ландшафттар деп бөлді.
Өзгерген ландшафттар мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Əлсіз өзгерген – адамның шаруашылық қызметі жекелеген компоненттеріне əсер еткенімен, негізгі табиғи байланыстары бұзылмаған.
2. Бұзылған (қатты өзгерген) – ұзақ уақыт шаруашылықта пайдаланылып, кешендік құрылымы бұзылған, эрозия, дефляция, батпақтану, тұздану, ластану сияқты негативті үрдістер байқалған ландшафттар.
3. Қайта жаңарған – табиғи байланыстары қоғам қажеттілігіне байланысты ғылыми негізде мақсатты түрде өзгерген, мəдени ландшафттар.
1980 ж. жарық көрген “Табиғи ортаны жақсарту” атты ғылыми еңбегінде А.Г. Исаченко мəдени ландшафттың мəні, оны ұйымдастыру мен басқарудың принциптері туралы идеяларды нақты қарастырды.
Аталған жұмыстар 70-жылдарда қазіргі ландшафттанудың жаңа бағыты – антропогендік ландшафттану дамыды.
Антропогендік ландшафттану ғылымын дамытуда көп еңбек сіңірген Ф.И. Мильков. Ол бұл мəселе бойынша көптеген еңбектер жазды, табиғиантропогендік үйлесімділік принципін ұсынып ұсынып, антропогендік ландшафттар классификациясын жасады.
Табиғи негізде қалыптасқан антропогендік ландшафттар даму барысында табиғи заңдылықтарға бағынады. Ф.Н. Мильковтың көзқарасы бойынша антропогендік ландшафттар табиғи территориялық кешендердің генетикалық қатарларының біріне жатады, сондықтан оларды ландшафттануда қолданылатын əдіс-тəсілдермен зерттеу қажет. Антропогендік ландшафттарды зерттеу мен картаға түсіруде оларды классификациялау маңызды орын алады. Ф.Н. Мильковтың классификациясында антропогендік ландшафттар:
1. Мазмұны бойынша: ауыл шаруашылық. өндірістік, су, орман, селитебті, беллигеративті (соғыс кезінде пайда болған), жол ландшафттары;
2. Генезисі бойынша: техногендік, егістік, пирогендік, жайылымдықдигрессиялық, рекреациялық-дигрессиялық ландшафттар; Бұл екі негізгі классификациядан басқа Ф.Н. Мильков қосымша классификация ұсынды.
3. Адамның табиғатқа əсер ету қөлеміне байланысты:
– адамзат жаңадан жасаған антропогендік неоландшафттар (қорғандар, бөгендер, карьерлер);
– өзгерген антропогендік ландшафттар (емен тоғайының орнындағы қайыңды орман т.б.).
4. Пайда болуының мақсатты бағыты бойынша:
– мақсатты шаруашылық қызметінің нəтижесінде пайда болған ландшафттар (егістікті қорғайтын орман жолақтары, бөгендер, су қоймалары);
– адамның шаруашылық қызметінің əсерінен белсендігі артқан табиғи процестердің нəтижесінде пайда болған ландшафттар (жыртылған егістіктегі жыралар, су қоймасының маңындағы батпақтар).
5. Өмір сүру ұзақтығы мен өзін өзі реттеу дəрежесі бойынша антропогендік ландшафттар:
– ұзақ мерзімдік, өзін-өзі реттейтін (қорғандар, үйінділер);
– көпжылдық, жартылай реттелетін (орман көшеттері, су қоймалары); – қысқа мерзімдік, реттелетін (егістік жердері, бақтар) болып бөлінеді.
6. Шаруашылық маңызы, бонитеті бойынша:
– мəдени немесе конструктивтік (егістікті қорғайтын ағаштар жолағы, бақтар);
– акультуралық-антропогендік бедленд, пайдалануға жарамсыз жерлер болып бөлінеді.
Ф.Н. Мильков шаруашылық бағыты бойынша антропогендік ландшафттарды кластарға бөлуді ұсынады (ауыл шаруашылық, өндіріс, орман ландшафттары). Ал олардың ішінде шаруашылық іс əрекетіне байланысты подкластар бөлінеді. Мысалы, ландшафттардың ауыл шаруашылық класы егістік, шалғындық-жайылымдық, бақшалық болып, өндіріс ландшафттары – карьерлік-үйінділер, рекультивацияланған ландшафттар подкласына бөлінеді.
XX ғ 80 жылдарында антропогендік ландшафттарды далалық зерттеу əдістемелері жасалып, олардың классификациясы нақтыланды, сонымен қатар, оларды картаға түсіру тəсілдері пайда болды.
Жер бетінде адамзаттың тіршілік əркеттерінің нəтижесінде тікелей əсерге ұшыраған жерлер планетаның 20 %-ын, ал жанама əсерге ұшыраған жерлер 60 %-дан астамын құрайды.
Антропогендік ландшафттарды зерттеу планетамыздағы табиғи ресурстық əлеуеттің өзгеру масштабына баға беруге, қоршаған ортаның дамуы мен динамикасына болжам жасауға, табиғатты пайдаланудың жағымсыз əсерінің алдын алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында антропогендік ландшафттарды зерттеумен А.В. Чигаркин, Г.В. Гельдыева, Г.М. Джаналиева, М.К. Назарчук, Т.И. Будникова, А.А. Өтеев т.б. ғалымдар айналысты. Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекендерде таза ауыз су тапшылығынан адамның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тіршілік дүниесіне қауіп төндіруде. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.
Пайдалы қазбалар қорының ғылыми негізсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудырды. Кейбір өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қоршаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда. Осының барлығы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуді және оны қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуды, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен өндірісте пайдаланылған суларды тазартудан өткізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстарын қарқынды жүргізуді өмірлік маңызы бар талап ретінде алға тартуда.
Табиғаттағы өзін-өзі реттеу мен қалпына келтіру үдерістері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері де бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе ұзақ жылдар өткен соң ғана байқайды, бірақ оны жедел түзеу жұмыстары күткендей нәтиже бере қоймайды.
Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағдайының және табиғи ортаның нашарлауына алып келді. Мұндай жағдай Арал теңізінің тағдырына тән. Мақта және басқа да егістіктер көлемінің артуына байланысты, Арал теңізіне құятын өзендердің суын пайдалану мақсатымен көптеген су қоймалары мен суару каналдары салынды. Мұндай су жүйелері өзендер суының азаюына, түптеп келгенде оның шұғыл тартылуына жеткізді. Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануын, т.б. экологиялық проблемаларды тудырып отыр.
Еліміздегі Арал апаты жаһандық сипат алып, оның зиянды әсері қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде байқалуда. Сондықтан АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімдерін беріп отыр.
Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы). Мүмкін Аралды құтқаратын күн де алыс емес шығар.
Келтірілген мысалдар адамзаттың табиғатқа жауапсыз қарауға болмайтындығын дәлелдейтін, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде өз іс-әрекетінің салдарына көңіл бөліп, әрдайым дұрыс жолды таңдау қажеттілігін көрсетеді. Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ. Мысалы, жидек тергенде, аң аулағанда немесе егіс алқабын тазартқанда табиғатқа белгілі бір мөлшерде зиян келтіріледі. Адамның бұл әрекеті аз мөлшерде болғандықтан, табиғи орта оны ретке келтіріп, орнын толтырып отырады. Яғни, табиғаттың тепе-теңдігі сақталғандықтан, өзгеріс көп елене қоймайды.
Ал мал шаруашылығы мен жайылымдыққа пайдаланылатын жерлердің жыртылуы, ормандардың кесіліп, өртелуі, каналдар мен жолдардың ойластырылмай салынуы сол жерлердегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне көп мөлшерде зиян келтіреді. Оны тез түзете қою қиын.
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының жаңа бір саласы – алып өндіріс орындары көптеп бой көтере бастады. Зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түрлерінің мол пайдаланылуына, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді. Ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа тигізетін кері әсері дауыл, су тасқыны, жанартаулар атқылауы, жер сілкіністері сияқты апатты құбылыстардың зардаптарымен теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи ортаның қалыптасқан заңдылығын бұзып, биосферадағы энергия мен табиғи зат алмасуға теріс әсер етті.
Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті экологиялық жағдайлар тудыруда. Атап айтқанда, біріншіден, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін өнеркәсібі дамымаған мемлекеттер соғыстан кейін индустриялы даму жолына түсті. Осы мақсатта адамдар табиғи ресурстарды игеріп, жаңадан зауыт, фабрикалар және жолдар сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін кері әсер ауқымын кеңейтіп, жаңа кен орындарының ашылуы және игерілуі бұған өзіндік үлес қосты. Бұл қоршаған ортаның ластануын күшейтті.
Екіншіден, дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары халқының саны тез өсіп, 1700 жылы 620 млн. адам болса, 1850 жылы оның саны 1200 млн-ға жетті, яғни екі есеге артты. 1950 жылы жер шарындағы халық саны 2500 млн-ға жетсе, 1986 жылғы санақ бойынша халық саны 5 млрд-қа дейін өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша, 2050 жылға қарай дүние жүзі халқы 11,9 млрд. болады деген болжам бар. Халық санының жылдам өсуі табиғат байлықтарына деген ашқарақ сұранысты тудырды. Қазірдің өзінде табиғат ресурстары (су, топырақ, пайдалы қазбалар, отын қорлары) өзін-өзі қайта қалпына келтіре алмайтындай деңгейде пайдаланылуда. Бұл табиғаттың тозып, бүлінуіне соқтыратыны даусыз.
Үшіншіден, қалалар мен олардың тұрғындарының саны тез өсуде. Егер 1900 жылы қалаларда 300 млн. адам тұрса, 1950 жылы олардың саны 700 млн-ға, 1980 жылы 1800 млн-ға, ал 2000 жылы шамамен 3300 млн-ға жетті. Соңғы 100 жылдың ішінде халықтың жалпы санының қалаларға тиесілі бөлігі 20%-дан 51,5%-ға өсті. Осынша адамның шағын аумақта тіршілік етіп, қоршаған ортаға кері әсерді ұлғайтуы қала мен оған жақын жерлердің қатты ластануына себепші болуда.
Адамзат әр уақытта табиғатқа бағынышты болып, оның ресурстарын өз қежіттілігіне жұмсап келген. Сонымен бірге адамдарда үнемі табиғатты “бағындыру” арманы болған. Қалай болғанда да адамның табиғатқа, табиғи ортаға деген көзқарасы болашақ ұрпақ мүддесі үшін тиімділікті, саналылықты керек ететін көзқараспен ұштаса жүруі қажет. табиғат ресурстарына баю мен пайда табу көзі ретінде қарамау керек. Аз уақыттық табысқа бола оларды ретсіз жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды. Ғылыми-техникалық прогресс адамдарды табиғи ортаға әсер етудің ауқымды мүмкіндіктерімен және құралдарымен жарақтандырып қана қоймай, сонымен бірге бұл ортаны сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп беруде. Адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеудің мынадай мүмкіндіктері белгілі. Олар: ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін қалдықсыз технологияны енгізу; ортаның ластануын барынша азайту; су шығынын едәуір азайтуға мүмкіндік беретін өндірістік суды тазартып, қайта пайдалану; топырақтың ылғал жинауына және ауадағы атмосфералық газдардың тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін орман алқаптарын сақтау және қалпына келтіру; жылу мен энергияны табиғи көздерден өндіру; жаңа технологияны пайдалану, т.б. Адамзат баласы мұндай әдіс-тәсілдерді қолданған жағдайда жер шарының тыныштығы мен байлығын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Мамандар арасында да, экономистер мен экологтерді қоса алғанда, экологиялық проблемаға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижесін бағалау кезінде қарама-қайшы, бір-бірін жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе техникалық, экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналған, ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағын анықтауға келгенде құлық аз. Табиғаттың үйлесімді құрылған дүние екендігін және онда жүріп жатқан үдерістерге араласуға болмайтындығын адамзат баласы түсінген болса, табиғатпен жақсы қарым қатынас орнату тәсілін табуға болатын еді.
Каспий мұнайын өндіруде шетелдіктер қазір тек табыс көзін ойлап отырғаны белгілі, ондағы итбалықтың, теңіздің басқа да жануарларының жылма-жыл қырылып жатқаны табиғатқа үлкен зиян келіп тұрғанынан екенін ешкім ойлап жатқан жоқ.
Қазақстанда табиғи ресурстар қорының азаюымен қатар олардың тозуы, ластануы экологиялық жағдайдың шиеленісуімен үздіксіз ұлғаюда. Дамудың жаңа сатысы – ғылыми-техникалық прогрестің негізіндегі жоғары технологияға ауысу табиғатты пайдаланудың жаңа стратегиясының қалыптасуы арқылы жүзеге асуы тиіс. Оның өзі өз кезегінде мемлекеттік және қоғамдық экологиялық саясатты мұқият жүргізуді талап етеді.
Қоршаған ортаның ластануы адам баласының тіршілік ортасын сапасыздандырып, бүкіл қоғамның қалыпты дамуына кері әсерін тигізуде. Әлемдік қоғамдастықпен қатар қазақстандықтардың да қалыпты салт-тұрмысы экологиялық жағдайларға қарай алаңдаушылық күйге түсуде. Сондықтан елдегі экологиялық жағдай экономика тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде.
Экологияның нашарлай түсуі Қазақстан жағдайында бұрын-соңды болмаған жаңа проблемалар тудыруда. Оған ауа, су, топырақ ресурстары мен өсімдік пен жануарлар әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер мысал бола алады.
Антропогендік қысымдар табиғат ресурстарының барлық түріне тікелей және жанама әсер ете отырып, кейбір жағдайда экологиялық апаттар әкелуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының біршама жерінің шөлге айналуы мемлекеттік проблемалар тудырып отыр. Сол сияқты республиканың барлық жерінің 30 млн. га көлемін өнеркәсіп, көлік, елді мекендер, т.б. нысандар алып жатыр.
Солтүстік Қазақстан бойынша, құнарлы жерлердің 25-30%-ы жарамсызданса, Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 100 мың га, техногенді ластану 2,5 млн. га жерді, жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн. га жерді қамтып отырса, 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануға көміліп отыр. Ал Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып, мұнай өнімдерімен ластану одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық шиеліністер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Онда техногендік, өндірістік ластану, жайылымдардың тозуы, металдармен ластануы, радиоактивті және зымыран-ғарыш қалдықтарымен ластану жоғары деңгейге жетуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдай Арал өңіріне тән Әмурдария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар экожүйелерді бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. га қара сексеуіл орындарының құрып кетуі тағы бар.
Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Капшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарының егілуі суармалы жерлердің тозуына әкеліп соқтырды. Әсіресе, Іле өзені суының 10-15%-ын Қытай елінің алып қоюы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуы әбден мүмкін. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түрлі-түсті металлургия, вольфрам, уран, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына көп қолайсыздық туғызуда.
Әлемде климаттың өзгеруі Қазақстанның ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келтіруде. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауылшаруашылық өнімдерін кемітіп отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. тонна қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. тонна фосфор, 1,1 млн. тонна азот, 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70%-ға дейін азайған. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5% қарашірігі қайтымсыз жоғалды.
1949-1996 жылдар аралығында Қазақстан жерінде 500-ге жуық ядролық сынақ жарылыстары жасалды. Ол 20 млн. га жердің тоз-тозын шығарып, тіршіліксіз экожүйеге айналдырды. Одан миллиондаған адам тұратын елді мекендер әлі зардап шегіп отыр. Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн.т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына шалдыққаны анықталған.
Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау, оның зардабынан сақтандыру, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін көпшіліктің экологиялық білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек. Ол үшін Елбасы қолдап отырған экологиялық білім беру ісін жүйелі түрде іске асыру қажет. Барлық оқу орындары жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беруді жоғары деңгейге көтеру парыз.
Табиғаттағы өзгерістерге байланысты болжамдар ғылымда жоқ емес. Оларды пайдалану табиғатты сақтауда, шығынды азайтуда едәуір көмектесе алар еді. Кез келген құрылысын, шаруашылық нысандарын, ірі өндіріс орындарын салуды жобалау кезінде олардың экологиялық шығынының бағасын есептеумен қатар, табиғат кешендеріне тигізетін әсерін ескеру қажет. Бұл ретте олардың жергілікті тұрғындардың денсаулығына тигізетін зардабы басты назарда болуы тиіс.
Қазақстандағы өндіріс орындарына байланысты туындаған экологиялық проблемалар көп жағдайда алдын-ала ескерілмеген себептерге негізделген. Қарағандыдағы, Шымкенттегі, Жамбылдағы, Алматыдағы т.б. қалалардағы кейбір зауыттардың табиғатқа теріс әсерлері соған дәлел. Бұл – өндіріс орындарының топырақты, ауаны ластауын болдырмау үшін жергілікті жер ерекшеліктерін ескермегендіктен туындаған мәселе. Бұл орайда атом стансаларын жобалау кезінде адамдардың қауіпсіздік жағын қорғау жан-жақты есептелуге тиіс.
Шаруашылыққа байланысты болжаулардың қажеттілігі ірі су алаптарының (Арал теңізі, Балқаш көлі) тартылуы, климаттың өзгеруі, техникалық фактор негізінде топырақ, жер беті қабаттарының бүлініп бұзылуы, биік таулардағы (Іле, Жоңғар Алатаулары) мұздақтармен байланысты жағдайлар, апатты құбылыстар, мемлекетаралық өзендерді (Ертіс, Іле) пайдалану жағдайы әлемдік мәселелерді шешуде өзек болып тартылуы тиіс. Мемлекетаралық өзендерді пайдалану мәселесі бойынша түрлі ұсыныстар мен болжаулар халықаралық, мемлекетаралық деңгейде есептеліп, ескерілуі қажет.
Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп - тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз. Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін кажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция жауап береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
Шөл-шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы температура, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз ортаның факторлары болып табылады. Міне осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Голованов А.И. Ландшафтоведение. М., Колосс, 2005.
2. Джаналиева К.М. Антропогенное ландшафтоведение. Алматы, Қазақ университеті, 2001.
3. Колбовский Е.Ю. Ландшафтоведение. М., Академия, 2008.
4. Марцинкевич Г.И. и др. Основы ландшафтоведения. Минск, Высшая школа, 1986.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Антропогендік геожуйелерди пайдалануды бағалау және өзгерту

шағым қалдыра аласыз