Материалдар / Ә.Нұршайықов "Махаббат қызық мол жылдар" романының тәрбиелік мәні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ә.Нұршайықов "Махаббат қызық мол жылдар" романының тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба жұмысында Нұршайықовтың танымал романы "Махаббат қызық мол жылдарының" тәрбиелік мәні туралы сөз етіледі. Романдағы мақалдар мен дәстүрлер талданады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2023
424
7 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы

Алға ауданы

Қарақұдық орта мектебі







Қазбек Қымбат

10 «А»-класс оқушысы


«Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» романының тәрбиелік мәні»



Бағыты: Ұлттың ұлағатты ұстазы

Секциясы: қазақ әдебиеті

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, гуманитарлық ғылымдар магистрі – Тонтова Г.М.









Алға - 2022 ж.

Мазмұны


Кіріспе.......................................................................................................................4

Негізгі бөлім

«Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасындағы нақыл сөздер мен олардың қазақ мақал-мәтелдері, қанатты сөздерімен үндестігі.........................................6

«Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасында салт-дәстүрдің көрініс табуы.......................................................................................................................10

Қорытынды............................................................................................................15

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................16

Қосымша................................................................................................................17




















Абстракт (аннотация)

Бұл ғылыми-зерттеу жұмысында көрнекті жазушы Әзілхан Нұршайықовтың шығармалары басты объект ретінде қарастырылған. Ұлағатты ұстаздың қалың оқырмандарын өз туындылары арқылы, туындыларындағы нақыл сөздері, халқымыздың тұрмысымен қайнап бітісіп кеткен салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелей білгендігіне көз жеткізеді. Өмір арнасында сан жағалауға барып соғылған бозбала мен бойжеткендерімізге бағыт-бағдар беріп, рухани азығына айналған жазушының еңбектеріне шолу жасалынған. Қаламгер халықтан «Ұлттың ұлағатты ұстазы», «Махаббат падишасы» деген атақ алып, аты көзі тірісінде-ақ аңызға айналған.

Зерттеуші өз білім ордасында «Сымбат» қыздар мектебін ұйымдастыра отырып, қыз баланың тәрбиесіне қажетті шығармадағы нақыл сөздерді талқылап, бастауыш сыныптарда қазақ халқының бағзыдан келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу жұмыстарын жүргізген.

Абстракт (аннотация)

В качестве основного объекта исследования рассматриваются произведения известного писателя Азилхана Нуршайкова. Исследовательская работа еще раз убеждает, что Великий учитель смог воспитать своих читателей через свои произведения, пословицы в своих произведениях, обычаи и традиции, которые стали переплетаться с жизнью нашего народа. Писатель получил от народа титул «Великий учитель нации», «Король любви», а его имя еще при жизни стало легендой.

Исследователь организовал в своем учебном заведении школу для девочек «Сымбат», обсуждал пословицы в произведениях, необходимых для воспитания девочки, работал над прославлением древних традиций казахского народа в начальных классах.





Кіріспе

Өз жұртын шын сүйгендерді халқының әдебиеті мен тарихы бейжай қалдырмайды. Әр халықтың күші – әдебиетінде. Әдебиетте кестелі сөзімен елінің тұрмысын суреттеген, тура жолды бастаған, түзу тәрбие берген жазушылардың бірегейі – Әзілхан Нұршайықов.

Менің ойымша, әдебиет мәңгілік тақырыптарды қозғауы тиіс. Әзілхан Нұршайықов мәңгілікке жол тартқан өлмес шығармалар жазды. Оның шығармалары жыл өткен сайын өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді.

Соғыс өртінен аман оралған, Халимадай ғашы­ғына қосылып, тату-тәтті өмір сүрген, екі ұл, екі қыз өсіріп, өрісі кеңейген, өзгесін айтпағанда орыстың үш батыры сынды шоқтығы биік, үш шығарма «Ақиқат пен аңыз» романын, «Халима» хикаясын жазған, ал­ғашқы романы он рет қайта басылған, «Махаббат, қызық мол жылдары» жарты ғасыр бойы оқушы қолынан түспей, сан ұрпаққа рухани азық бола білген.

Халықтан «Ұлттың ұлағатты ұстазы», «Махаббат падишасы» деген атақ алып, аты көзі тірісінде-ақ аңызға айналған.

Соғыс жыл­да­рында қасына екі солдатты ертіп кемеңгер Сәбит Мұқа­нов­тың қо­нағы болуы, қазақ жау­ынгер­ле­рінің Жамбылға жазған жауап өлеңінің авторлығы, одан Павлодарда жүргенде қазақ­тың атақты жазушысы Мұқан Иманжановпен рухани достасуы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтен бата алуға ұласып, қазақ әде­биетін іздеп жү­ріп оқитын жас­тарды күні бүгінге дейін ұлттық әдет-ғұ­рып­қа үйре­тетін «Махаббат, қызық мол жылдар» романын сыйға тар­тып, бірден ел таныған классикке ай­налып еді. Халықтың шын ниетпен сыр­лас-мұңдас болатын жазушысы  екенін хас батыр Бауыржан Мо­мышұлының абыройын асқақ­та­та түскен «Ақиқат пен аңыз» ро­маны растап еді. Абай атындағы мемлекеттік сыйлық тарихи шын­­дықты ресми мойындауға негіз бола алары сөзсіз. Онан кейінгі «Мәңгілік махаббат жыры», «Халима» атты мұңды да сыршыл хикаяттары абырой үстіне абы­рой қоса түскен құнды шығар­ма­лары. Өзінің алғаш ұшқан қанаты жур­налистика екенін еш уақытта ұмытпай, қос қанатымен қарыш­тай самғаған қаламгер қазақ әде­биеті тарихында өшпес із қал­дыр­ды.

Әзілхан Нұршайықов шығармалары – әдебиетіміздің алтын діңгегі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ұлағатты ұстаздың шығармалары арқылы ұлтына берген рухани тәрбиесін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Жазушы шығармаларын зерделеу;

  • Нақыл сөздерін жинақтау;

  • Шығармаларында ұлтқа рухани азық болар әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді жинақтау.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ұлт тәрбиелеуде қалың оқырманға рухани азық болған туындыларға жан-жақты талдау жасау.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Индуктивті әдіс. Осы әдіс арқылы Әзілхан Нұршайықов шығармалары қазақ халқын рухани тұрғыдан тәрбиелеудегі басты құрал екендігін тұжырымдайтын фактілер талданды, олар шындықты жүйелі түрде бақылауға негізделген жалпыланған тақырыптар мен теорияларды ашуға көмектесті.














Негізгі бөлім

2.1 «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасындағы нақыл сөздер мен олардың қазақ мақал-мәтелдері, қанатты сөздерімен үндестігі

Әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған "махаббат мәселесі – «Махаббат, қызық мол жылдар» романының асыл арқауы"... Кезінде қалың оқырманның тұмарындай, сүйікті шығармасы болған кітап бүгінгі күннің балғын оқырманын да бей-жай қалдырмайды. Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасындағы «Апамның айтқандары» деген айдармен басты кейіпкері – Меңтайдың ұлт тәрбиесіне байланысты айтқан нақыл сөздерін тізбектей отырып, олардың қазақ халқының қандай мақал-мәтелдерімен, қанатты сөздерімен үндес екендігін зерделедік.
1. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетіп жатыр -
Ыржық қызға тыржық күйеу (мәтел)

2. Ел сыйларлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме - Бас болмақ оңай, бастамақ қиын
3. Ешқашан ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады -
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі (Мұхтар Әуезов)
4. Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді -
Баланың жақсысы - сүйініш, жаманы - күйініш.

5. Жазғы салқыннан жаныңды аяма - Жазғы самал жел де тынық

6. Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың - Жақсы әйел – ырыс,
Жаман әйел – ұрыс (мақал)

7. Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы - Адамдардың өзара жақындасып, үйлесіп кетуі бір-бірінің пікір-көзқарастарына деген құрметтен, жолдастық жолымен басталады (Мырзагелді Кемел).
8. Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол жас балаға, сұлу әйелге және ұлы адамға ғана жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық – қырсықпен тең - Іштен қыңыр туғанды тезге салсаң түзелмес (Бұхар жырау)

9. Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады - Егер тәкәппарлық айғай салса – махаббат үнсіз қалады (Ф.Жерфо)

10. Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз болып шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы – Бала жетесіз болса ата-анасын жерге қаратады. Бала жетелі болса ата-анасын елге қаратады (мақал)/

Балаң жаман болса –

Көрінгеннің мазағы емес пе?! Қатын жаман болса –

Бұл жалғанның тозағы емес пе?!

Туған балаң жақсы болса –

Тән мен жанның шырағы емес пе?!

Алған жарың жақсы болса –

Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе?! (Қазыбек би)

11. Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек - Жігіт - күш, қыз – көрік (мәтел)

12. Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш - Есті қыз етегін қымтап ұстар (мақал)

13. Шошаңдаған қыз шешесінің атына кір келтіреді - Қыздың ұяты шешеге (мәтел)

14. Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды - Қызды қымтап ұстаған ұялмайды, Қызға қырық үйден тыйым (мақал-мәтел).

15. Көшеде көлденең тұра қылып бірінің ернін бірі жұлып жіберердей боп жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та болмайды. Ондай әдеттен без, ондай құрбыдан аулақ бол - Баланың ұяты - әкеге, қыз ұяты-шешеге, Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер (Мақал-мәтел)

16. Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу – дарақылық белгісі - Дарақының күлкісі қанбас, жалқаудың ұйқысы қанбас (мақал)

17. Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес - Өз мініңді көруден, басқаның мінін көру оңай (Ғ.Мүсірепов)

18. Ауыз шешендік әркімде болады. Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп, көп сөйлемегені абзал. Өйткені қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы - бәрі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан, оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны дұрыс - Қыз назы қырық кісіні мас қылады. Қыздың қабағында құт бар. Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді. Қыз өссе – елдің көркі (мақал-мәтел)

19. Жаман туыс тістеуік, жақсы жолдас үйірсек. Жақсы дос жаман әкеден артық - Жаман ағайын күншіл, Жақсы ағайын сыншыл. Жақсы дос – жаныңа сая (мақал-мәтел).

20. Ақ көңіл мен адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс әдемі болса да жиіркенішті – Адалдық – ардың ісі (мақал).

21. Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеткен жеңісті баянды ету – одан да қымбат - Жақсы әйел- теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас (мақал)

22. Тірі адамның бар бақыты, бар қызығы жер бетінде. Оған көкке ұмтылудың немесе о дүниеден үміт етудің қажеті жоқ. Сол себепті бар терді төгіп, барша ой мен ақылды жұмсап, жер бетін, тұрған үйіңді жұмақ ете біл - Өлімнен басқаның бәріне асық (мақал).

23. Жақсы адам – магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң – айналаңда досың көп, жаман болсаң – жалғыз жүресің, орташа болсаң – сен де бір жақсының жанын жағалайсың. Досты алыстан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса - іздеген досың алыстан үйіріліп, өзі келеді - Жақсы адамда жаттық жоқ. Адал еңбек, алғыр ой - анық досың біліп қой (мақал).

24. Біздің ауылдың қазақтары баяғы ескі әдетпенәлі күнге дейін жүзге бөлінеді. Содан соң әлі жеткені әлсізін аяғынан шалып, бөтен жүздің баласы деп жұдырықтап, жұлмалап, жүндеп жатады. Алауыздықтың атасы – жүз жойыдса екен. Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсе екен! - Жарылғанды жау алады, Бүлінгенді бөрі алады (мақал).

25. Ел билеген жақсы адамның өмірдің күнделікті күйбеңімен кетіп, ертеңгі ұрпаққа мұра боларлық өз атынан ештеңе қалдырмауы өкінішті. Абай атамыздың өзгелерден артықшылығы да осында – артында тастап кеткен асыл кітабында ғой – Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді (мақал).

26. Біреуді пәленше көп біледі деп мақтайды. Көп білген адам көп тындырса, мақтауға болар еді. Көп біліп, түк тындырмайтындар да бар. Мұндай іске пайдасыз білгіштікті білдім деудің қажеті жоқ. Ондай «білгіштен» аз біліп, көп тындыратын қоңырқай адамның өзі артық - Ақылды- ойлап, түйгенін айтады, Ақылсыз- шала-пұла білгенін айтады (мақал).






2.2 «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасында салт-дәстүрдің көрініс табуы

Салт-дәстүр - халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне  байланысты  қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып  отыратын әдет-ғұрып. Уақыт озған сайын  оған жаңалық еніп, өзгеріп, қоғамдық  қатынастарда қолданылып келеді. Жойылып, өмірге қажеттілері  жаңа  жағдайда ілгері дамиды. Сондықтан да халық дәстүрдің  озығы бар, тозығы бар деп дұрыс айтқан.

Ұлттық дәстүрлі тәлім-тәрбиенің танымымыздан сызылып, жанымызға жақын қасиеттердің құлдырауы, жойылуы -ең алдымен ұлттық сананың күйреуіне, ұлттың түбегейлі құрып кетуіне, ұлттың менталитетінен жат нәрселердің қалыптасуына әсер ететін қатерлі құбылыс. Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" туындысы -  ұлттық негіздің түп тамыры болып табылатын қазақи тәлім-тәрбиенің озық үлгісі болды. Сондықтанда шығармада мақал-мәтелдер, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді көптеп кездестіруге болады.

Шығармадағы сөз етілетін дәстүрлердің бірі – сүйек жаңғырту. Басты кейіпкер Ербол майданда жүргенде оның ауылда қалған сүйіктісі болатын. Сол Салимаға ауыл бригадирі Бүркітбайдың бала көтермеген кәрі әйелі қайтыс болып, сөз айттырып келетін. Сәлима: «Ол менің әкемдей кісі ғой, қалай шығамын?»-деп, қарсылық білдіргенде, «Түгі де жоқ, ерлі-байлы болған соң оның үлкендігі де ұмытылып кетеді»-деген болатын шешесі [1;59]. Сүйек жаңғырту (дәстүр). «Сүйек жаңғыртайық, қызын маған кішілікке берсін! – деп беделді біреуді жұмсайды» (С.Мұқанов). Халық дәстүріне сәйкес «сүйек жаңғырту», «сүйек шатыс» деген сөздер жиі кездеседі. Бұл да үйлену, құдалық жолына байланысты шыққан ғұрып [2;192].

Қызы әбден көнбегеннен кейін шешесі: «Осыдан Бүркітбайға бармадың ғой, ақ сүтімді аспанға сауамын, теріс батамды беремін. Аналық қарызымды екі дүниеде де кешпеймін!» дейді [1; 60].

Емшегін көкке сауу (ғұрып). «Ана біткен аспанға ақ сүтін сауып, зарлап, өлі-тірі аруақты шақырды».(Ә.Сараев). Ата-анасына зәбір-жапа көрсеткен, қол жұмсаған, тілі тиген немесе ел-жұртына, руына ел естімеген іс істеп ұят келтірген жастарды жазалаудың ауыр түрлері бар. Олар атаның теріс батасы және ананың емшегін көкке саууы. Яғни, бұл қарғыстың шегі. Ана мұндай жағдайда «ақ сүтімнің садағасы кет!» деп, өз баласына немесе қылмыскерлерге лағнет айтып, қарғай отырып, құдайға, аруаққа салып емшегін көкке сауады [2;139].

Соғыс жылдарында біршама қазақ әйелдері өздерінің ерлерінен қара қағаз келген соң өзінен жасы үлкен ел ішіндегі жағдайы тұрақты шалдарға тиіп кеткендігі шығармада ашық айтылады. Солардың бірі завферма боп жүрген Жолболды деген шұбар шалға тиіп алған Ағайша деген жеңгесі:

-Күйеуімнен соғыс басталғалы хат жоқ. Мен сонсоң шықтым. Ал Еркеш қайнымның(жеңгелеріңнің сені солай атайтыны есіңде шығар) күн сайын хат алып отырған сен де Бүркітбай бастыққа барғалы жатыр дейді ғой,-деп ол Салиманы кекететін тұсында да қазақ халқының әдет-ғұрпы байқалады [1;61]. Табу – халықтың наным-сенімі мен салт-дәстүріне байланысты атын тура айтуға тыйым салынған сөздер. Қазақ келіндері қайын жұртын, олардың туған-туысқандарын, үлкен-кішісінің есімін атамай, оларға ат тергейтін болған.

Меңтайдың ағасы Жүніс сегізінші сынып бітіргеннен кейін жұмыскер боп, семья асырауға кіріскен. Соғыс басталар жылдың Бірінші майында оған жақсы жұмысы үшін сыйлыққа бес метр қызыл жібек тиеді. Бұған шеше байғұс қатты қуанады. Ұлының бұл алғашқы табысын ырым етіп, өз алдына отау болып шыққандағы бірінші жасауы болсын деп, арасына түйе жүнін салып, мектептен қолы бос кездерінде көрпе қабиды. Сөйтіп ұлын үйлендірмек болады [1;77]. Жасау. «Көрсін деп жиылған жұрт тамашасын, жасауын таудай қылып үйгізді енді» (Наурызбай - Қаншайым). Ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» деген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады. Қыз балаға жасау даярланса, ер балаларға еншісін берген. Енші — қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлесі.

Ербол майданнан келіп, туған жеріне түскенде топырағына аунап, қара жерді құшып сүйетін еді. Сонда іштей «Айналайын, анам, сен туған жер топырағының астында жатырсың. Украинаның қара мақпал көрпедей қара бұйра топырағын жамылып сен қалдың, ардақты әкем. Екеуіңнен бөлінген молекульдей болып, жер үстінде мен жүрмін, міне. Сұрапыл соғыстан, сонау Польшадан туған жерге аман келіп, сенің бала күніңде басқан ізіңді иіскеп жатырмын, әке. Ертең сенің қабырыңа бір уыс топырақ қосамын, ана!» дейтін еді [1;108]. Топырақ салу (дәстүр). Қайтыс болған адамды жерлеу кезінде топырақ салу мән-

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!