Материалдар / Ә.Нұршайықов. "Махаббат қызық сол жылдар" тақырыбы бойынша сыныптан тыс сабақ

Ә.Нұршайықов. "Махаббат қызық сол жылдар" тақырыбы бойынша сыныптан тыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сабақ.Жас мамандарға көмек ретінде ұсынылады.
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы:

Ә.Нұршайықов. «Махаббат қызық мол жылдар»шығармасы бойынша әдеби- сазды кеш.

Мақсаты:

Ә.Нұршайықовтың өмірбаянымен таныса отырып, шығармасы арқылы жастарды адамгешілікке, адалдыққа , болашаққа сеніммен қарауға баулу.

І - жүргізуші:

Махаббат қырдың қызыл түлкісі дер,
Махаббат біреулердің күлкісі дер.
Махаббат жүректерді жаулап алған,
Махаббатты өмірде кім түсінер?


Құрметті, жиылған қауым!
Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған «Махаббат қызық мол жылдар» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Құдай –ау,қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жылдар?

Ақырын- ақарын шегініп,

Алыстап кетті –ау , құрғырлар!

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы қазақ оқырмандарының ішіндегі ғашық бола білген әрбір жүрек иесінің жастығының астына қойып, сүйіп оқитын кітабы бола білді. Ондағы кейіпкерлер, олар арасындағы кіршіксіз сүйіспеншілік, махаббат оқиғалары талай оқырманның көзіне жас алдырғаны белгілі. Шығармадағы Ербол мен Меңтай өмірде болғанымен, жазушының мұншама ғашықтықты қолдан жасап, құйып шыққан тұлғалары. Шын мәнінде Ерболдың (Әзілхан Нұршайықов) Меңтайға (Нұрғалима) деген сүйіспеншілігі, шексіз құрметі бөлек әңгіме. Ал негізінде бұл романдағы Меңтай образын сомдауда аяулы жары Халиманың болмысы әсер еткендігін жазушы сұхбаттарында да айтады. Ғашықтардың танысуы әуелде былай басталыпты:

Әзілхан Нұршайықовтың өз әңгімесінде ең алғаш рет 1936 жылы он төрт жасында Орынкеш есімді қызға ғашық болғаны жайлы айтылады. «Үш жыл ішінде Орынкешке 100 хат жазыппын» дейді тағы бір әңгімесіне. 1939 жылдың соңына дейін ғашықтық сезімі үзілмеген бала ғашықтардың соңғы әңгімесі Әзілханның Халимамен танысуына мұрындық болады.


  1. Марат Омаровтың әніне жазылған . «Алғашқы махаббат»әні.Орындайтын 10А сынып оқушысы Мырқашым Әміржан.

  2. «Махаббат қызық мол жылдар» романының басты кейіпкері Ербол мен Меңтай. Ерболдың соғыста бірге болған жолдасы, Тәкен соғыстан кейін ауылына қайтады, ал Ербол Алматыға келіп, оқуын жалғастырады.


Көрініс. Тәкеннің хаты. ( Оқитын 10 А сынып оқушысы Мамек Ғабит)

«Ербол, аманбысың? Оқуға түскеніңе қуанып жатырмын. Сенің түсетініңді білгенмін. Мен де аманмын. Өзім келген күннің ертеңінде-ақ бір асауға бұғалықты тастап кеп жібергенмін. Бірақ әлі құлағына қолым тиген жоқ. Ноқтаны ыңғайлап ұстап, жалын сипалап, жақындап келемін.

Әлдеқашан-ақ тұқыртып алатын едім, өзімнен болды. Өйткені, келген күні мен оның шешесін өлтіріп ала жаздаппын.

Әңгіме былай.

Ауылдың үлкен-кішісі, біздің үйге, маған сәлемдесуге келіп жатты. Мен де оларға әскери тәртіппен ізгі көрсеттім. Келгендер не қолымды алмақ болып, не бетімнен сүюге ыңғайланып, төрде отырған маған қарай ұмтылады. Мен орнымнан атып тұрамын да, оң қолымды сарт еткізіп шекеме көтеріп:

Здравия желаю, старший сержант Майшанов — деп, қатты айқайлап, қаққан қазықтай боп, бажырая қаламын.

Міне осыған соғыс көрмеген сужүрек екі-үш жаман кемпір шалқаларынан түсе жаздап, талып қалған болатын. Жұрт олардың бетіне су бүркіп жатқанда мен: «Әкетіңдер, әкетіңдер, санротаға апарыңдар» деймін ғой баяғы. Өйткені маған сәлемдесуге басқа да жұрт келеді. Кемпірлерді төрге серейтіп салып қойып отырайын ба сол.

Құдай ұрғанда жаңағы талып қалған кемпірлердің бірі мен жақсы көрген қыздың шешесі болып шықпасы бар ма? «Алыстан, ажалдың аузынан қайтқан бала ғой деп, емірене еңкейіп, құшағымды жая бергенімде төрде тып-тыныш отырған алпамсадай жігіт алақ-жұлақ етіп атып тұрды. Кеудесіндегі теңгеліктері диуананың асасындай сылдыр-сылдыр қағып, әкесінің атына әлдебір түсініксіз сөздерді қосып, арс-арс ете қалғанда иманым ұшып, жүрегім жарылып кете жаздады. Мен ондай диуанаға қызымды бермеймін» деп айтады дейді сол кемпір. Диуана деп отырғаны мен. Тапқан екен диуананы!

Біздің жағдай осы. Бірақ, кемпірдің қарсылығына қарамастан атаканы күшейтіп жатырмын.

Сен өзің де сыпайысың ғой. Дегенмен осындайдан сақ бол. Әскердің заңы ауылға жарамайтынын байқап қалдым. Жақсы көрген біреуің болса — маған ұқсап, үркітіп алып жүрме. Ал мен болдым.

Қанды көйлек досың Тәкен»



Жүргізуші:

Махаббатсыз мәнсіз өмір сүргенше,

Болған артық махаббаттың құрбаны.

Тек махаббат - тірегі екен тірліктің,

Тек махаббат - білегі екен бірліктің.


Махаббат тақырыбындағы өлеңдер оқылады.

Фариза. М.Мақатаев « Махаббатым өзімде»

Гүлнұр. «Қап, бәлем қайта ғашық болғандаймын»

Қ.Жанерке. «Махаббат па...»

Ұлдана. Қажытай Серікжан Жасыру қиын

Қарақат.Қалқаман Сарин Сағынбауға

Айзере. Фариза Оңғарсынова Көз алмай неге қарайсың

Жүргізуші:

Вальс.

Жүргізуші:

«Менің ұям сенсің — университет, сенсің — отыз үшінші аудитория! Сенен басқа менің ешкімім жоқ!» — деп іштей тебірене есіктің тұтқасына қол создым .

Көрініс. Алғашқы кездесу.

Жүргізуші:


Наби Аймұратовтың әніне жазылған «Ең алғашқы махаббат» әнін 11 А сынып оқушысы Мырзахан Нұрсұлтан орындайды.
















































Әзілхан Нұршайықов:


- Қыркүйек айында оқу басталды. 5 қыркүйек күні қызымды іздеп, ол оқитын мектептің жатақханасына барсам, есіктің алдында отыратын кемпір: «Бұл араға келуге болмайды, аулақ кет», — деп ішке кіргізбейді. Не істерімді білмей тұрғанымда, мектеп жақтан шашы қиылған, аяғына детдомский бәтіңке киген бір аппақ қыз келіп қалды. Интернаттың киімін киген қызды тоқтатып, Орынкешті сұрадым. Ол Орынкешпен бірге оқитынын, бір бөлмеде тұратынын айтқанда: «Орынкешті шақырып жіберші» деп өтіндім. Дереу шақыратынын айтты. Шақырушы қыздан да жауап жоқ. «Не боп қалды екен?» деп дегбірсізденіп мен тұрмын. Әлден уақыт өткенде, аппақ қыздың өзі ғана шығып келеді. Тымпыңдаған аяғына тас байлап алғандай ілбіп басып, әрең қасыма келді де, басын төмен салып, үндемей тұрып қалды. «Орынкеш келе ме?» десем: «Жоқ. Енді келмесін, маған көрінбесін деді» деген сөзін әрең үзіп-үзіп айтты. Мынадай сөзді естіген мен еріксіз жылап жібердім. Сол үшін Алматыдағы оқуымды тастап келгенде, көрінбесін дегені несі деп жабырқадым. Жылап тұрып, қасымдағы қызға қарасам, ол да жылап тұр. «Сен неге жылайсың?» десем: «Саған жаным ашып кетті» дейді. «Саған жаным ашып кетті» деген сөзі жүрегімді дір-р еткізді. Мынау нағыз тазалықтың, адамгершіліктің белгісі ғой деген ой келді... 


Халима Өзақанова:


- 1936 жылы Семейде №11-мектеп ашылып, қазақша білім алуға көштім, 6 класқа бардым. Класымызға Жарма ауданының, Ақбұзау ауылынан Орынкеш деген қыз келді. Әзілхан деген дос жігіті бар екен. Екеуі бір ауылдан. Әзілхан жеті жылдық мектеп бітіріпті. Педучилищеде оқиды. Орынкешке қырындап келіп тұратын. Бірде: 


- Халима, Орынкешті шақырып берші, – деп өтінді. 


- Орынкеш, сенің жігітің іздеп келіп тұр десем, шықпайды. Қалаға келген соң, көңілі өзгелерге ауған ба, әйтеуір құлықсыз. Әзілхан да келуін кілт тоқтатты.




"Жастық шақта жарасады жас құшақ"


Әзілхан Нұршайықов:


- Міне, сол қызбен Семейдің облыстық кітапханасында жиі ұшырасып қап жүрдік. Әр кездескен сайын Орынкешті сұраймын. Ара-тұра Орынкешке арнаған өлеңдерімді беріп жіберемін. Ертеңіне: «Жауап жазды ма?» деймін. «Жоқ», — дейді ол. Үш жылдың ішінде Орынкешке 100 хат жазыппын. Осылайша ортамыздағы хат тасушы, дәнекер, өте адал қызбен достасып кетіп, Халимаға ғашық болдым. Бірақ, оған ғашық екенімді білдіргенім жоқ. Өте тату, дос болып жүрдік. Бер жағым – дос, ар жағым – ғашық. Ол менің түпкі ойымды сезе ме, сезбей ме, білмеймін. Тіс жарып айтпайды. Бірақ, маған деген достық қамқорлығында қапы жоқ болатын. Ылғи жанашырлық жасап жүретін. Өзара достық хаттар да жазысатынбыз.  


Халима Өзақанова:


- Мен кітапқұмар едім. Сол кезде Гоголь атындағы қалалық кітапханада кешкі 10-ға дейін сарыла кітап оқимын. Әзілхан да кітапсүйер жігіт екен. Екеумізді Семей кітапханасы табыстырды. Күнде кешкілік шығарып салады. Алғаш бозбала Әзілханның қолының ыстық табын, жүрек жылуын тұла бойыммен сезінген сәтте, қып-қызыл болып, ұялып төмен қарадым. Қолымды тартып ала қойдым...




"Қол ұстасып бақыт жырын шертеміз дедік"


Міне, осылай табысқан достық ұлы сезімге айналады. Бір-бірін шын сүйген екі жүректің әңгімесін ары қарай тағы да өз сұхбаттарынан үзінді келтіре отырып бергеніміз жөн шығар.




"Балапандарым менің..."


Әзілхан Нұршайықов:


- Ата-анасы 32 жылғы аштықта өлген екен. Отбасындағы 7 баладан жалғыз өзі ғана аман қалғандығын және басынан кешкен азапты күндерін әңгімелегенде, менің де жүрегім қосыла жылап: «Орынкеш жақсы көрген қызым болса да, хат жазба депті. Енді мен сені жақсы көрем. Екеуміз өскеннен кейін қосылайық. Жарай ма?» — деген ұсынысыма: «Біраз ойланайын» деді. Арада біраз уақыт өткенде ол: «Сенің көңілің адал, мен сені жақсы көрем. Бірақ, қоятын шартым бар. Орынкеш саған тұрмысқа шықпай, өзгеге шығып кетсе ғана қосылам. Егер Орынкеш сені сүйетін болса, онда араларыңа кедергі болмаймын. Бұл — бірінші шартым. Екінші шартым — оқуымызды бітірейік, институтты аяқтайық. Тағы бір шартым — сүйіспейміз, сүйкеніспейміз, ешкімге берілмейміз, ешкімге бермейміз, ешкімнен ештеңе алмаймыз», — деді. Біз осылай уәделестік…


Осылай үш жылды оқумен өткіздік. Одан кейін төрт жыл соғыс болды. Екеуміз де әскерде жүрдік. Үзбей хат жазысып тұрдық. Енді ғашықтық жайы ашық айтылды. Ол да сезеді екен. Амандық болса, соғыс біткеннен кейін қосыламыз деп уәделестік. 


Халима Өзақанова:


- Соғыс басталысымен, Әзілхан майданға аттанды. 1942 жылы мен де соғысқа сұрандым. Балалар үйлерінің барлық қыздары Ұлы Отанымызды қорғауға аттандық. Радист мамандығын игердім. Чита облысында, Борзая стансасында талай әскери тапсырмалар орындадым. Кейіннен денсаулығым ауырлады да, әскери цензураға жіберілдім. 


Әзілхан үш жолдасымен бірге Мәскеуге делегат боп кепті. Әңгімелесіп отырмыз. Содан соң, үстел астынан қол ұстастық. Бір жағы жігіттерден ұялдым, бірақ, Әзілхан қолыма снаряд жарықшығы тиді деп еді, жарасы жазылды ма деп еді, жарасы жазылды ма деп қарап отырғаным ғой, – деп ақталдым. 




"Шашымызға ақ қонса да, жүрек жас"


Соғыс аяқталған соң, қосылуға уәделескен қос ғашықтың басына тағы да қиын кезең тап болады. Соғыс біткен күні Халима ауруханаға түседі. Төрт жылдың соғыс азабы аз болғанда, енді әскери госпитальда бір жарым жыл жатады. Ал ол кезде Әзілхан өз романында айтқандай, әскерден келіп, университетте оқып жүреді. Бірақ, арадағы ғашықтық хаттар бір сәт те толастамаған екен. Ақыры ауруының айықпасын білген ізгі ниетті Халима өз ғашығын азапқа қалдырғысы келмегендіктен: «Менің ауруым жазылатын емес. Бәлкім, ауруханада өлетін шығармын. Енді сен де өзіңе лайық қыз ізде. Қазақта жақсы қыздар көп қой. Біріне жіп тақ. Ал мен тірі қалсам, сені өмір бойы ұмытпаймын, өле-өлгенше тілектесің боламын» деп хат та жазады. Міне, екі ғашық өміріне роман кейіпкері болған Меңтай – шын өмірдегі Нұрғалима ару сол сәтте кездескен екен. Алайда шын мәнісінде Меңтайдың ол тұста өз сүйгені болған және Әзілханның махаббат талабын тойтарған.




"Сен жанымда жүрсең, сен жадырап күлсең..."


Әзілхан Нұршайықов:


- Нұрғалима «Мен сіздің тілегіңізді қабыл алар едім. Бірақ уәде берген жігітім бар» деді. «Қызыл көрпе» өлеңі осы Меңтайға арналған болатын. 


Қайтадан Халимаға хат жаздым. «Жақсы қыздар маған қарайтын емес. Өзіңе қосылып, бір жыл, бір ай, тіпті бір күн өмір сүрсем де, өзімді бақыттымын деп санаймын», – дедім. 


Халимадай қыз таппайтыныма көзім жетті. Енді оның тез жазылып шығуын одан сайын тіледім. Асыға күттім. Бір жарым жылдан кейін ол емделіп, ауруханадан шықты. Екеуміз қосылып, 54 жыл бірге бақытты өмір сүрдік. Халима екеуміздің бір-бірімізді тапқанымызға Орынкеш себеп болды. Егер ол болмаса, біз бір-бірімізді білмес едік. Орынкеш екеуміздің арамыздағы бала махаббат Халима екеуміздің мәңгілік махаббатымызға жол ашты. Мен жан жарым қайтыс болғаннан кейін, оған арнап «Халима. Мәңгілік махаббат жыры» деген деректі шығарма жаздым.




Немерелерімен бірге


Халима Өзақанова:


- 1945 жылы Әзілхан соғыстан аман-есен оралып, Қазақ университетіне оқуға түсті. Мен Қазақ педагогикалық институтында оқығам. Соғыстан кейін «Әуелі Әзілхан оқысын, мамандық алсын» деген оймен, өзара келісіммен Суықбұлақ аулына аттандым, мектепте орыс тілінен сабақ бердім. Әзілханның сүйгені де, жанашыры да – өзім, сондықтан ақша салып тұрдым. 


1947 жылы Әзілхан академиялық демалыс алып, Семейге келді. «Екпінді» газетіне орналасты. 11 жыл бойы бір-біріне ынтыққан қос жүрек өмір-бақи бірге болуды армандап, Ақбұзауға келдік... «Мынау, жеті жыл бойы қаңырап тұрған үй – әкемнің шаңырағы. Осы үйге келін боп түсесің», – деді Әзілхан. 




"Ертелі де, кеш те, тұрасың сен есте"


Халима Өзақанова:


Әзілханның барлық шығармалары менің қолымнан өтті. Қолжазбаларын оқыдым, машинкаға бастым. Магнитофон таспасына түсіріп алғандарым бар. Архивтерге бірге бардым. Талай дәптерлерге құнды жазбалар көшірдім. 1979 жылы Брестке бардық, Әзілхан 4 дәптер, мен 4 дәптер деректер жинадық. 


Жазушының жаны нәзік, сондықтан жүрек сырқатына ұшырау ақын-жазушылар арасында жиі кездеседі. Әзілханның жүрек қабы алты рет жарылды, 40 түн күзеткен, көз ілместен таң атырған кездерім болды. Әсіресе, 1994 жылы жөргектегі сәбиімдей күттім. 40 күн шыдаған басым, 41-күні талықсып, ұйықтап кетіппін. Әзілхан «дүрс» еткен дыбыстан шошып ояныпты, қараса, мен ұйқыға басыппын. Осылайша жан жарымның қуат-күші сарқылса, сырқаты меңдесе, жүрегіне жігер қостым, дертіне дауа болуға тырыстым. Азаматтың өмір-бақи атпал күш иесі болып, қасқайып, қара нарша жүре беруі мүмкін емес, сондықтан тарықса – шыда, торықса – сүйеніш, тірек бол, ауырса – маңдайынан сипа деймін қыздарыма, келіндеріме.




"Қайда сол көктем?.."


Міне, ғұмыр бойы берекесін бұзбай, ынтымағы жарасқан қос ғашықтың махаббаты кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық әдемі роман болып, кітап болып жатталып жатыр. Күні кешеге дейін өзінің Халимаға деген ыстық махаббатын суытпаған әйгілі жазушының жүрегі 2011 жылы 12 ақпан күні мәңгілікке тоқтады. Артында ұрпаққа мәңгілік мұра болып көптеген шығармалары және «Махаббат, қызық мол жылдар» романы қалды.




Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі