Материалдар / Анықталған ырғақты сақтау және жаттығуларды орындауды ұйымдастыру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Анықталған ырғақты сақтау және жаттығуларды орындауды ұйымдастыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бірқалыпты, үздіксіз жаттығулар әдісі. Жаттығуды орындау уақыты 10-нан 30 минөтқа дейін, жүрек соғу жиілігі жұмыс кезінде – 150–170 соғу/минөт. Осындай жаттығуларды орындау тәртібі жүрек бұлшық еттерін нығайтады, тыныс алу деңгейін жақсартады. Бұл әдіс төзімділікті дамытудың бастапқы кезеңдерінде пайдаланылады. Аралық жаттығу орындау әдістері. Бұл әдіспен жаттықтыруды жүргізу, жүрек қызметі мүмкіншіліктерін арттыруға бағытталған. Аралық жаттығу әдісін қолданған кезде жұмыс ұзақтығы 1-ден 3 минөтқа дейін, жүктеме қарқыны минөтына 170-180 соғу/рет, тынығу ұзақтығы 45-90 секөнд ЖСЖ 120-130 соғу/минөтқа дейін созылады. Жаттығуды орындау ұзақтығы оқушының дайындығына байланысты беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2021
730
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәріс №

Тақырып: Анықталған ырғақты сақтау және жаттығуларды орындауды ұйымдастыру.

2 модуль. Дене тәрбиесінің әдістемелік негіздерінің бақылау сұрақтары




Бірқалыпты, үздіксіз жаттығулар әдісі. Жаттығуды орындау уақыты 10-нан 30 минөтқа дейін, жүрек соғу жиілігі жұмыс кезінде – 150–170 соғу/минөт. Осындай жаттығуларды орындау тәртібі жүрек бұлшық еттерін нығайтады, тыныс алу деңгейін жақсартады. Бұл әдіс төзімділікті дамытудың бастапқы кезеңдерінде пайдаланылады.

Аралық жаттығу орындау әдістері. Бұл әдіспен жаттықтыруды жүргізу, жүрек қызметі мүмкіншіліктерін арттыруға бағытталған. Аралық жаттығу әдісін қолданған кезде жұмыс ұзақтығы 1-ден 3 минөтқа дейін, жүктеме қарқыны минөтына 170-180 соғу/рет, тынығу ұзақтығы 45-90 секөнд ЖСЖ 120-130 соғу/минөтқа дейін созылады. Жаттығуды орындау ұзақтығы оқушының дайындығына байланысты беріледі.

Анаэробты төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері

Анаэробты төзімділікті дамыту, анаэробты жағдайдағы жұмысты энергиямен қамтамасыз етудің ең негізгі – алактатты және лактатты жолмен жұмыс қуатының деңгейін көтеруге бағытталған. Шегіне дейін және шегіне жақын күшпен орындалған, циклді немесе ациклді спорттық жаттығулар қолданылады. Алактатты төзімділік кезінде спортшы ағзасында креатинфосфаттың азаю үрдісі дамиды.



Алактаттық төзімділікті арттыру үшін ұзақтығы 5-тен 10 секөндқа дейінгі уақытта қатты қарқында, жұмыс шегі 100%-ға дейін орындалатын жаттығулар қолданылады. Мысалы, 30-70 метрге жүгіру, 25 м суда жүзу т.б. жаттығулар. Тынығу аралығы – 2-3 минөт. Креатинфосфаттың қоры бұлшық еттерде өте аз, 3-4 әрекетке ғана жетеді, сонан соң 7-10 минөт тынығу қажет. Бір сабақта 4-5 тізбек орындалады.

Қарқыны, жұмыс шегіне 85-95 пайызға жетпей, ұзақтығы 20 секөндтан 2 минөтқа дейінгі ( мысалы, 200-600 метр жүгіру) жаттығуларды орындау кезінде лактатты төзімділік дамиды. Қайталау арасындағы тынығу – 20-40 секөнд. Тез арада болдыру өрістейтіндіктен тізбектегі қайталау саны 3-5 реттен аспайды. Орындайтын тізбек саны жаттығушының функционалдық дайындығына байланысты 4-тен 10-ға дейін орындалады. Тізбек арасындағы тынығу – 15-20 минөт.

1-кесте. Анаэробты төзімділікті жетілдіруге бағытталған негізгі жүктемелер көрінісі (В.М.Выдрин, А.А.Гужаловский және басқалардың ұсынуымен)


Жаттығулар әсерінің бағыты


Жаттығу

ұзақтығы


Жаттығу

қарқыны


Тынығу

уақыты


Серия ішіндегі

жаттығулары


Серия

саны

Алак-қ

5-1 сек

100%

2-3 мин

3-4

5 - 6

Лакта-қ

20 сек 2 мин

85-95%

10-45 сек

4 -12

4 -10

Анаэробты сипаттағы жүктемелерді тиімді пайдалану бұлшық еттегі креатинфосфаттың, гликолеттің көбеюіне, ферменттің ауысу белсенділігіне, гликолиздің қарқынды көбеюіне көмектеседі.

Анаэробты төзімділікті дамыту ағзаның аэробты тыныс алу мүмкіншілігіне байланысты, ол неғұрлым жоғары болса, спортшы анаэробты жүктемеден кейін соғұрлым тез қалпына келеді. Дене тәрбиесі тәжірибесінде көптеген жаттығулар араласқан, аэробты – анаэробты тәртіпте орындалады. Сондықтан да бірінші аэробты, сонан соң анаэробты төзімділікті дамыту қажет (гликолективті сонан соң креатин фосфатты).
Жас ерекшеліктеріне байланысты төзімділікті дамыту
Бастауыш сыныптарда төзімділікті дамытқанда, ағзаның анаэробты мүмкіншіліктеріне үлкен талаптар қоймайтын бір қалыпты және ауыспалы қарқында орындалатын жаттығулар қолданылады. Олар: ұзақ және қатты қарқында орындалатын қозғалмалы ойындар, біртіндеп ұзаратын қашықтыққа: 300, 500, 700, 1000 м-ге жүгіру, 2000 метрді жүгірумен жүруді алмастыра өту т.с.с.

Орта сыныптарда 200-400 метрге қарқынды жүгіруге көп маңыз беріледі. Ақырын және орта қарқында жүруді алмастырып 2-3 шақырымға жүгіру, шаңғымен 3-5 шақырымға жүгіру т.с.с. жаттығулар қолданылады.

Жоғары мектеп оқушыларына кросс дайындықтары, 3-5 шақырымға жүгіру, шаңғымен 5 шақырымға жүгіру, өзгермелі және қайталап жүгіру жаттығулары қолданылады.

Ептілік және оны дамыту әдістемесі
Адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу қабілеттілігін ептілік деп атаймыз.

Ептілікті дамыту кезінде біз мынадай үш міндетті орындауымыз керек:

- күрделі қимыл-қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін күрделендіре отырып жетілдіру.

- қозғалыс әрекетін өзгерген жағдайға байланысты басқаша құра алу қабілеттілігін жетілдіру (спорттық , қозғалмалы ойындар жағдайында);

- берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай алу қабілеттілігін арттыру.

Ептілікті тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған элементтері бар спорттық, қозғалмалы ойындар, гимнастика, акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында 1-2 жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалап, үйретіп отыруы қажет. Ептілікті дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында өткізген дұрыс, өйткені оқушы ағзасы болдыра бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді.

Ептілікті бастауыш және орта мектеп жастарында, қозғалыс, көру, есту, дене арқылы сезіну анализаторларын екпінді өсу кезінде дамытқан тиімді.

Икемділік және оны дамыту әдістемесі
Икемділік, оның түрлері
Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындау қабілеттілігін икемділік дейміз. Амплитуда дегеніміз - адамның жаттығуды орындағандағы дене мүшелерінің бір шеткі қалыптан екінші шеткі қалыпқа жеткізе орындаған қимыл-әрекеті. Мысалы, оқушы аяқтарын бірге қойды – бір шеткі қалып, аяқтарын жан-жаққа созып «шпагатқа» отырды – екінші шеткі қалып, қолдарын жоғары көтеріп шалқайды – бір шеткі қалып, қолдарын алақанымен, шынтағымен еденге жеткізе алдыға еңкейді – екінші шеткі қалып т.с.с.

Икемділіктің өсу буын құрылымдарына; бұлшық еттің, сіңірдің созылымдылығына; көңіл-күйге (жоғары көңіл-күй кезінде икемділік артады); бой қыздыруға; сыртқы температураға; тәулік уақытына (12-ден 17-ге дейін ол көп); жасқа (15-16 жаста икемділік көп кезі); күш даму деңгейіне (күші көп адамдардың икемі аз); спорттық мамандыққа және т.с.с. байланысты.

Икемділік белсенді және енжар болады:

Спортшының өз әрекетімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін белсенді икемділік дейміз.

Сыртқы орта әрекеті күшімен әсер етіп қозғалысты үлкен амплитудамен орындау қабілеттілігін енжар икемділік дейміз. Сыртқы орта әрекетіне жататындар – дене тәрбиесі мұғалімінің, жаттықтырушының, серігінің көмегі, әр түрлі құрал-жабдықтардың көмегі т.с.с. Мысалы, кілемде аяқтарын жан-жаққа соза отырып, аяқтарының ортасына қарай терең еңкейіп, икемділік жаттығуын жасап жатқан спортшыны алайық. Ол өз әрекетімен, өз күшімен жаттығуды орындаса белсенді икемділік, ал орындап жатқан кезде жаттықтырушысы келіп арқасынан итере басып, терең еңкеюге көмектессе енжар икемділік деп танылады. Икемділікті тәрбиелеудің басты кезеңдерінде белсенді икемділікті дамытып барып, ары қарай енжар икемділікті дамыту әдісін жалғастырса дұрыс болады. Икемділік сыртқы орта әсері арқылы жақсы дамиды.

Икемділікті дамытудың амалдары мен әдістері
Икемділікті дамытудың негізгі амалы – созылу, керілу жаттығулары. Ол жаттығулар мынандай түрлерде орындалады: қарпайым созылу, серіппелі созылу, сермеу, дене қалпын ұстау, сыртқы көмектің әсерімен созылу т.с.с. Икемділік жаттығуларын бой қыздырудан кейін сабақтың барлық бөлімдеріне кіргізуге болады. Икемділік жаттығуларын орындағанда нақтылы міндет қою қажет, мәселен белгілі затты алу немесе бір затқа дене мүшелерін тигізу т.с.с. Мысалы, алға-төмен еңкею, омыртқа жүйесін созу жаттығуын орындаудың басында қолдың ұшын жерге тигізу, алақанды тигізу, шынтақты тигізу кезекпенен, бар мүмкіншілікпен әрекеті, созыла орындалады. Созылу жаттығуларын амплитуда орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл ауырту сезімдерін сезінгенше орындау қажет. Созылу жаттығулары тізбегінен кейін босаңсыту жаттығулары орындалады.

Буындардың жылжымалылығын арттыру үшін күнделікті жаттығулар жасау керек. Икемділік жаттығулары арасындағы 2-3 апта үзіліс оның дамуына кері әсері туғызады. Икемділікті дамытудың негізгі жолы – қайталау әдісі. Жаттығуларды рет-ретімен мойын, қол буындарына, кеуденің омыртқа белдеулеріне, аяқ буындарына арнап орындау қажет. Икемділік жаттығуларын қайталау мөлшері әр түрлі. Бел-жамбас буынының иілу және жазылу жаттығуларындағы амплитуданың қозғалу шегі 7-10 жастағы оқушыларда 20-30 рет, 11-14 жастағыларда 30-40 рет, 15 жастағыларда 45 рет қайталағаннан кейін жетіледі. Одан әрі қарай амплитуда қозғалысы азаяды, жаттығуды тоқтатқан дұрыс.


Жас ерекшеліктеріне байланысты икемділікті дамыту
Икемділікті дамытқанда жас ерекшеліктері үлкен рөл атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының буын жылжымалылығын дамыту жоғары сынып оқушыларына қарағанда оңай. Сондықтан да бастауыш сыныптарда оны дамытып, жоғары сыныптарда сол дамыған деңгейде сақтап қалу міндеті тұрады.

15-20 жастан кейін жас ерекшеліктеріне байланысты қозғалыс амплитудасы азаяды. Енжар икемділіктің көбеюі 9-10 жаста, белсенді 10-14 жаста байқалады. 15-17 жас – икемділікті жетілдірудің ең соңғы межесі. Қыз балалардың буындарындағы қозғалмалық ер балаларға қарағанда 20-30 % көп, сондықтан жүктемені оларға көбірек беруге болады.

5.Дене тәрбиесі сабағының бөлімдері, сипаттама.

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі және спорт жұмыстары арнайы ұйымдастырылған екі түрде жүргізіледі. Ол дене тәрбиесі сабағы және басқа жаттықтыру жұмыстары деп аталады. Дене тәрбиесі үрдісін орындайтын негізгі түр – дене тәрбиесі сабағы. Дене тәрбиесі сабағы мұғалімнің басшылығымен, арнайы мемлекеттік бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша, 1-11 сынып оқушыларына міндетті түрде жүргізіледі.

Жаттықтыру жұмыстары оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін жоғарылату, денсаулықтарын нығайту, дене жаттығуларына деген қызығушылықтарын арттыру, жаттығулардың ағзаға керектігін қанағаттандыру мақсатында төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі. Олар: 1. Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру жұмыстары. 2. Сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары. 3. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар. 4. Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары.

Оқу сабағы жалпы білім беретін мектептерде басқа пәндермен қатар сабақтар кестесі бойынша аптасына үш рет жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың құрылымы деген екі түрі болады.

Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындалуы. Сабақтың ойдағыдай өтуі, мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық 12 түрлі дайындық іс-әрекеттері арқылы орындалады.

Барлық сабақтар мазмұнына байланысты құрама және пәндік сабақтар деп екі үлкен топқа бөлінеді. 1. Пәндік сабақтардың негізгі бөліміне оқу бағдарламасында берілген бір спорт түрінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Мысалы, шаңғы спорты, гимнастика, спорт ойыны волейбол ж.т.с.с. 2. Құрама сабақтарда, бір сабақтың негізгі бөліміне әртүрлі спорт түрлерінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Пәндік және кұрама сабақтар орындайтын міндеттеріне байланысты оқу, жаттықтыру, бақылау, құрастырылған сабақтар деп бөлінеді.

Денсаулықтары және дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты мектеп оқушылары үш топқа бөлінеді: негізгі, дайындық және арнайы. Арнайы дәрігерлік топтардың негізгі жұмыс міндеттері: денсаулықты нығайту, тыныс алу органдарының жұмыстарын жақсарту, ағзаны шынықтыру, дене қуаты жұмыс қабілеттілігін, дене тәрбиесі жаттығулары арқылы ақыл-ой жұмыс қабілеттілігін жоғарылату, ағзаның ауырудан әлсіреген дене қимылы белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар теориялық білім беру және қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеру жұмыстары жүргізіледі
6.Дене тәрбиесіндегі үй тапсырмасы, оның маңыздылығы.

Дене шынықтыруға басты қажет нәрсе үй тапсырмасы болып табылады. Оларды орындау – окушылардың бірден –бір өздік басқарудың болмауынан ерекшеленеді. Сонымен қатар денсаулық бала кезден жанұяда қалыптасады. Бұдан ата –аналардың алдында баланың денесін шынықтыруда үлкен жауапкершілік қалыптасады. Оқушыларды өздігінен дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануға үйрету – дене шынықтыру мұғалімдерінің басты бір міндеттері. Комплекті дене шынықтырудың басқармасы бұл сұрақ бойынша дәл және нақты талаптарды анықтайды. Түсіндірмелі жазбада былай делінген: оқушылар өздігінен жаттығулар орындау тапсырмасын сабақ үстінде алады. Олардың сақталуы дене сапасының дамуына бағытталуы керек, қарапайым қозғалмалы әрекеттерді сабақта қайталау меңгерген. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру жүйелі түрде асады. Үй тапсырмасының басты бағытты оқушылардың денсаулығын шындау, дене қозғалысының дамуы мен қозғалу дайындығының дәрежесін көтеру, сабақты бекіту. Дене шынықтыру мәселесі бойынша үй тапсырмасы оқушылардын күн тәртібінің ажыратылмас бөлігі ретінде көрінеді және ол күнделікті өмірде дененің шынықтыруға талпындырады. Қазіргі таңда денсаулық сабағына тез дайындалуға, бір отырғанда үйге берілген барлық дене шынықтыру жаттығуларын орындауға болмайтынын оқушылар біледі. Сабаққа дайындалу – яғни күнделікті тәңертеңгі жаттығуды жасау, ойлау жұмысы кезінде минуттық шынығу жаттығуларын орындау керектігін ұмытпау, күнде – күнде сол туралы белгілі бір уақытта әнгіме жүргізіп, соның ішінде дене шынықтыру мұғалімінің тапсырмасының орындалуын қадағалау керек. Өз мектептерінде үй тапсырмасын жетілдіруші дене шынықтыру мұғалімінің есіне оқушылардың дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде орындау әдеті үй тапсырмасының көмегінсіз жүзеге аспайтын мәселе екендігін еске саламыз. Бұл жолдағы басты қадам – оқушылардың қызығушылығы. Әрқашан үй тапсырмасы, яғни олардың белгілі мақсатта орындалу жетістігі оқушылардың бойына ерекше қызығушылық тудырады.Қандай тапсырмалар оқушылар үшін негізделеді? Жаттығуларды таңдай отырып, олардың үйде орындалу мүмкіндігін есте сақтау қажет және де олардың орындалуына сабақ үстінде жылдам бақылау жүргізу қажет. Әрине жаттығулардың оқушының денені шынықтырудағы дамуымен денені шынықтырудағы дайындықтың жоғарлауына жеткізетін пайдасын есте сақтау қажет. Бұған қарамастан мектепке балалар қазіргі таңда алты жастан барады. Оларға үйге берілген жаттығу, балалардың қабылдау мүмкіндігіне байланысты беріледі. 1- 3 сынып оқушылары үшін қозғалу координаты сондай қиын болмау керек және жақсы меңгеру қажет. Мектепте дене шынықтыру сабағынан үй тапсырмасын күнделікті және уақытша қылып бағдарламадағы сабақ жоспарларына енгіземін. Күнделікті үй тапсырмасынан бірнеше мысал келтірейін.

1. отырып тұру.

2. скакалкамен секіру.

3. арқамен жатып кеудені көтеру

4. арқамен жатып аяқты тура көтеру

5. алға иілу

6. тартылу

Бір жаттығу туралы толық айтайын, бұл принцип бойынша қандай жаттығулар орындалады. Арқамен жатып кеудені көтеру кезінде аяқтар бекітіледі.

4 сынып. қ.ж.-қолды белге қоямыз. Көтерілу саны саналады. 3-5 рет көтеру өте жақсы.

5-6 сыныптар үшін қ.ж. қолды кеудеге қоямыз. 5 сыныпта көтерілу саны саналады , 6 сыныпта көтерілу саны 1 минутта анықталады.

7-8 сыныптар қ.ж.қолды басқа қоямыз. Көтерілу саны саналады.

9-10 сыныптар қ.ж. .қолды басқа қоямыз.

9 сыныпта кеудені көтеру саны 1,2 минутпен өлшенеді

10 сыныпта жалпы саны есептеледі.

Үй тапсырмаларын тексеру үшін бақылау сабақтарын мен әр тоқсанның аяғында өткіземін. Бір сабақта мен екі жаттығу тексеремін. Көбінесе салыстыра отырып тексеру әдісін қолданамын. Оқушыларды екі топка бөлемін.(бірінші топ шұғылданады,екінші топ бақылайды әрі санайды, сонан сон орындарымен ауысады). Жанұя жағынан көмек пен бақылау болмаса оқушылардыңүйге берілген өздік жұмыстарын толыққанды орындауы кейде ғана болмақ. Өз балаларына көмектесу үшін ата – аналары мектептегі дене шынықтыру сабағы туралы толық білу керек. Ата-аналарға балалармен бірге қалай ылғи шаңғыға бару керектігін ,жүгіру керектігін, таңғы жаттығу жасау керектігіне кеңес беру керек. Жазылған барлық үлгілер қалыпты нәтиже береді. Денелері шыныққан балалар аз ауырады және кез-келген ауруға қарсы тұра алады деп ойлаймын.


7.Дене тәрбиесі сабағына мұғалімнің даярлығы.

Сабақтың ойдағыдай өтуі мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық төмендегідей іс-әрекеттер арқылы орындалады.



Сабақтың міндетін анықтау. Дене тәрбиесі әдістемесінде барлық сабақтардың міндеттері бағытына байланысты білім беру, сауықтыру және тәрбиелеу деп үш топқа бөлінеді:

- білім беру міндетінің мақсаты – оқушыларға білім беру, жаттығуларды ептілікпен, дағдымен орындауға, оларды өмірде қолдана білуге үйрету;

- сауықтыру міндеттерінің мақсаты – дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде оқушы ағзасына сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау;

- тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты – оқушылардың адамгершілік және жігерлілік қасиеттеріне дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен әсер ету.



Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр сабаққа жеке міндеттер қойылады. Ол міндеттер сабақ өткізілетін кездегі тоқсандық жоспар - кестеге, спорт түріне байланысты алынады. Сабақ қызықты, тартымды болуы үшін құрастырылған түрде алынып, бір сабақ аясында жаттығу техникасын үйрену, өткен сабақтарда үйренген жаттығулар техникаларын жетілдіру, бір дене қасиетін дамыту сияқты міндеттер кешенді алынса дұрыс болады. Мысалы:

  • төменгі сөреден жүгіру техникасын үйрету;

  • жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникасын жетілдіру;

  • дене қасиеті – жылдамдықты дамыту.


Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Мұғалім әр міндетті орындау үшін спорт түрінің негізгі жаттығуларының техникасын үйретуге, жетілдіруге керек жетекші дайындық, бейнелеу жаттығуларына көңіл бөлуі қажет. Ол жаттығуларды орындату үшін дене тәрбиесі әдістерін, амалдарын тиімді қолдана білуі шеберлігі мен іскерлігін меңгеруі керек.
Әдістемелік-ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын, қозғалыс жолдарын белгілейді. Снарядтарды орнату, жинау жолдарын, сақтандыру әдістерін көрсетеді.
Жоспар-конспекті жазу. Сабақтың жоспар-конспектісі жалпы қабылданған үлгі бойынша, оқушы дәптерінің қос бетіне көлденеңінен жазылады. Жоспардың төрт бағанасы дұрыс, сауатты жазылып, толық толтырылуы керек. Конспектіде көрсетілген жаттығулар, әдістемелік нұсқаулар қысқа, нақты, түсінікті жазылғаны дұрыс.
Қимыл-қозғалыс дайындығы. Мұғалім мекеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйрететін жаттығуларды қайталап, өз мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет.
Теориялық және сөйлеу дайындығы. Мұғалім оқушыларға берілетін теориялық білімді жақсы білуімен қатар, шешен сөйлей алуы да керек (әңгімені дұрыс жүргізу, баяндау, команда беру, талдау жасау т.б.).
Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. Керек құрал-жабдықтарды дайындау, жаттығуларды үйрету жолдарын техникалық құралдармен жабдықтау, сабақты спорттық снарядтармен толық қамтамасыз ету т.б.
Көмекшілерді даярлау. Төрешілермен, команда капитандарымен, спорт мамандарымен тұрақты жұмыс істеу. Кезекшілерді даярлау. Мұғалімнің әрбір көмекшісі өзінің міндетін жақсы білуі және дәл уақытында орындауы керек. Ұстаз әрбір сабақ алдында оларға нұсқау береді, жаттығуды дұрыс орындауды тапсырады, сақтану әдістемесін үйретеді.
Сабақтан босатылған оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру шаралары. Ол оқушылар мұғалімнің теориялық мәліметтерді баяндауын, әр жаттығудың ағзаға қалай әсер ететіндігін, ойын ережелері, дене қасиеттерін дамыту әдістемесі туралы түсіндірген сөздерін тыңдаулары керек. Мұғалімнің ойын барысын талдауын ұғынулары, сабақ барысындағы жаттығу техникасын көруі, балалардың жаттығу орындауларын бақылаулары керек. Олар бос отырмай мұғалімнің сұрақтарына жауап беруі, сабақ өткізетін орынды дайындауға көмектесуі, қазылық жасауға қатысулары қажет. Бұл шаралар сабақтан босатылған оқушылардың оқу бағдарламасы мен өтіліп жатқан сабақтардың материалдарын толық біліп отыруларына көмектеседі, оқушылардың бос жүріп, тәртіп бұзуларына жол бермейді.
Мұғалімнің өзінің сыртқы түріне, киім киісіне ұқыпты қарауы.

Оқушылардың қимыл-әрекеттерін ұйымдастыру әдістері. Оқу барысын басқару қызметін орындай отырып, мұғалім оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, жаттығу техникасын дұрыс үйренуіне барлық жағдай жасауы керек. Осы мақсатпен әр түрлі оқу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері қолданылады. Олар: топтық, даралық, айналмалы, фронтальдық әдістер болып бөлінеді. Әрбір әдістің өзіне тән әр түрлі үйлестіре қолданылатын жолдары болады.



Фронтальдық әдіс. Бұл әдіс кезінде жаттығушылардың бәрі бір мезгілде, бір тапсырманы орындайды. Оқушыларды жаңа оқу материалдарымен таныстырғанда, сақтандыру мен көмекті керек етпейтін қарапайым жаттығуларды үйренгенде, жақсы меңгерген қозғалысты жетілдіргенде осы әдіс қолданылады. Оқушыға қимыл-әрекетті көп орындату, сабақ тығыздығын жоғарылата алу мүмкіншілігі фронтальдық әдістің құндылығын арттырады. Фронтальдық әдістің негізгі нұсқалары: жаттығулардың тапсырманы бір уақытта бәрінің бірге орындауы, жаттығуларды кезектесе орындауы, жаттығуларды толассыз және ауысумен орындауы:

- бір уақытта орындау кезінде барлық оқушылар бір жаттығуды санақ бойынша, музыка сүйемелдеуімен орындайды;

- дене тәрбиесі жаттығуларын кезектесіп орындауда екіден, үштен өзара көмектесе, өзара сақтандыра, өзара бағалау түрінде орындалады. Құрал-жабдықтар, снарядтар бар кезде бұл түрлерде жаттығулар жасау өте тиімді болып табылады;

- жаттығуларды толассыз орындау кезінде алдыңғы оқушы жаттығуды аяқтамай, келесі оқушы жаттығуды бастап жібереді (мысалы, алдыға аунап түсуді үйренгендегі толассыз орындаулар);

- ауысымды жолмен жаттыққанда барлық оқушылар бірнеше ауысымға 4-6-дан, одан да көп оқушыдан бөлініп, бір жаттығуды кезекпен орындайды. Сабақ өткізу орнына, қолда бар снарядтар, құрал-жабдықтарға байланысты қолданылады.

Күрделі жаттығуларды тереңдете үйренгенде топтық әдіс қолданылады. Бұл кезде барлық жаттығушылар жынысына, дене дайындығы деңгейіне байланысты бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді. Әрбір топ мұғалімнің бақылауымен түрліше тапсырмаларды орындайды. Сабақ кезінде топтардың тапсырмалары, жаттығу орындары ауысуы мүмкін.

Оқушылардың тапсырма алып, жеке өз бетімен дербес орындауын дара ұйымдастыру әдісі дейміз. Көбінесе жеке тапсырма дене дайындығына, денсаулығына байланысты беріледі.

Айналмалы орындау әдісімен ұйымдастыру деп жаттығушылар топтарға бөлініп, берілген тапсырманы бір «бекеттен» келесі «бекетке» шеңбер бойымен ретті түрде ауыса отырып орындауларын айтамыз. Бұл әдіс өткен материалдарды бекіту үшін және қасиеттерін дамыту үшін қолданылады.

Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік шеберлік негіздері
Дене тәрбиесі сабақтарын сапалы өткізуде мұғалімнің кәсіптік шеберлік деңгейі шешуші рөл атқарады. Ол мұғалімнің білімі, шеберлігі мен кәсіптік маңызды қасиеттерінен құралады.

Дене тәрбиесі мұғалімінің білімі.

Білім – мұғалімнің педагогикалық қызметінің мүмкіншіліктерін көрсетеді. Дене тәрбиесі мұғалімнің білімдарлығы жалпы және арнайы білімдерден тұрады.



Жалпы білім 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!