ақпараттық ережелер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ақпараттық ережелер

Материал туралы қысқаша түсінік
қауіпсіздік ереелерімен танысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақсан Республикасының Білімжәне Ғылым министрлігі

Қызылорда облысы Болашақ университеті

Педагогика және өнер кафдрасы

Білім беру және педагогика оғары мектебі









Тақырыбы: Оқыту үдеісін ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технология









Тобы: ПМНО – 24 – 2

Орындаған: Ахметбекова М. А

Қабылдаған: Әлімқұл. Ж. Р















Қызылорда қ., 2025 ж

Оқыту әдістері дегеніміз- алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталаған оқытушы мен оқушының реттелген әрекеті. Оқыту әдістері объективті және субъективті құрамға ие.

Оқытудағы инновациялық әдістері -бұл «оқытушы-студент» арақатынасының жаңа әдістерін айқындайтын және оқу материалын игеру үдерісіндегі практикалық қызметте жаңалық болып табылатын оқыту әдістері. Біз оқу үдерісінде оқытудың инновациялық әдістерін қолдану қажеттілігі позициясын ұстанамыз?

Біріншіден, қазіргі кезең –инновациялар мен жаңалықтар заманы. Біз әр күні жаңа тауарлармен,заттармен, жаңа білімдер және идеялармен жолығудамыз. Бұған оқу үдерісі мен оқыту әдістері де ілесіп отыруы шарт.

Екіншіден, оқытудың инновациялық әдістеріне үйрету, оларды үнемі қолдану студенттердің ой-өрісін жаңалықтарды қабылдауға дайын етеді, үнемі жұмыс жасауға үйретеді, себебі бұл сапалар инновациялық оқытудың ерекшеліктері болып табылады.

Үшіншіден, оқытудың инновациялық әдістері-бұлар оқытудың белсенді әдістері,ал Х.Е.Майхнердің педагогикалық эксперименттік деректері олардың оқу үдерісіндегі басым жақтарын растайды. Оқушылар естерінде сақтайды:

  • Оқығанының 10 пайызын;

  • Естігенінің 20 пайызын;

  • Көргенінің 30 пайызын;

  • Естігені мен көргенінің 50 пайызын.

Сонымен бір мезгілде олар ақпаратты белсенді қабылдауда өздерінің айтқанының 80 пайызын, ал қолмен істегендерінің 90 пайызын естерінде сақтайды.

Оқытудың инновациялық әдістері болашақ маманның құзыреттілігіне ықпал ететін студенттердің шығармашылық және инновациялық іс-әрекет тәжірибелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Инновациялық оқытудың ерекшеліктеріне:

  • Әр нәрсені ерте атқару, дамудың алдын алу жұмысы;

  • Болашаққа ашықтық;

  • Тұлғаға және оның дамуына бағытталу;

  • Міндетті түрде шығармашылық элементтердің болуы;

  • Қарым-қатынастың серіктестік типі: бірлесе еңбек ету, бірлескен шығармашылық, өзара көмек және т.б. жатады.

Оқытудағы интербелсенді тәсілдер. XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен “XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры” деп аталды. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпартапен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар мен кешендер(кино, аудио және видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер және т.б.).

Бүгінгі күні инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін, ізденушілігін дамытып, қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру – ең негізігі мақсат болып айқындалады.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізігі артықшылықтары мынадай:

  1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында берілуге тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

  2. Білімге бір-бірінен алыс арақашықтықта орналасақан әртүрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

  3. Оқыту жүйесінің көпдеңгейлігі оқу материалының оқу сапасын арттырады. Компьютердің көмегімен оқушы өзбетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі қағидасы білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатыстарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашып, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталады. Бұл әдістің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған. Сонымен бірге сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс белсенділігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті әдістерге жататындар: проблемалық шығарма әдістері; пікірталастар; топпен жұмыс; миға шабуыл әдісі; инсерт әдісі; викториналар; шағын зерттеулер; іскерлік ойындар; сауалнамалар жүргізу әдісі; кейс-стади әдісі; презентациялар, т.б.

Интерактивті әдістің мақсаты – тек ақпарат беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту.

Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар. Олар :

  • оқушыға өздігінен ізденуге мүмкіндік беру;

  • оқушыларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау;

  • оқушыларға өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату;

  • іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.

Оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту оқушылардың білімді өздігінен оқып үйренуіне бағытталуы керек.

Құнды әдістің бірі – кейс-стади әдісі. Бұл әдістің негізгісі болып жағдай ұғымы болып анықталады, яғни жағдайларды таңдау барысында ең соңғы нәтижеге әсер етеді. Бұл әдісті қолданудың барысында бір ғана дұрыс шешімнің болуы міндетті емес. Оқытудың бұл әдісінің негізінде оқушы өздігінен шешім қабылдап, сол шешімін дәлелдеуі керек.

«Миға шабуыл» әдісі – берілген сұраққа кез келген оқушы жауап алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақ-таға немесе парақ, қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілетінін түсінулері керек. «Миға шабуыл» белгілі бір сұраққа оқушылардың ақпараттылығын немесе қарым-қатынасын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады.

Интерактивті негізде оқу мақсаты - білу ғана емес, үйрене білу.

Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастыру формалары- сабақ. Сабақ — оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Оқыту түрі әдістерге, амал-тәсілдерге, құралдарға және оқушылардың іс-әрекеттеріне тәуелді. Оқытуды ұйымдастыру оқушылардың саны, құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы болып жіктеледі. Ал, оқыту түрі: жеке, жеке-жұптық, жеке-топтық, өзара бірлесіп оқу, саралап оқыту, кіші топтық және т.б. түрде бөлінеді. Оқыту түрінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮІІ ғасырда батыс, шығыс елдерінде дамып, күні бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетуде. Бұл жүйені теориялық тұрғыдан негіздеген Я.А.Коменский. Дәстүрлі сынып – сабақ жүйесінің негізгі белгілері: бірдей жастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; сыныптың жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу; сабақ -оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне тақырыпқа арналған, себебі сынып оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі алмасуы, кесте, мұғалімнің басқарушылық рөлі және т.б.

Оқушы, оқу күні, сабақ кестесі, оқу каникулдары, үзілістер –сабақ жүйесінің белгілері.

Оқытудың дәстүрлі әдісі- дайын күйінде білім беру. Оқытушы сөйлейді және түсіндіреді, оқушылар саналы түрде игереді, түсіне отырып еске сақтайды; ББД-ны көп қайтара үйренгендіктен, оларды қайта айтып бере алады. Айтып беру логикасы дедуктивтік те, индуктивтік те болуы мүмкін. Ақпарат көздері-сөз, көрнекілік.

Дәстүрлі оқытудың концептуальдық негізін жасай отырып, Я.А.Коменский педагогикалық принциптерін де анықтаған: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, сапалылық, көрнекілік теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.

Білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді хабарлауға негізделеді, оқыту белгілі бір үлгілермен, логикамен, жекеден жалпыға, механикалық есте сақтауға, көзбен көргеннің мазмұнын айқын беру,еске түсіру, елестету.

Сабақ негізгі форма ретінде оқыту – тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың басқада формаларымен толықтырылуы мүмкін. Олардың бір бөліктері сабақты паралелді дамытады; (экскурсия, консультация, үй жұмысы, оқу конференциялары, қосымша сабақтар). Жоғары оқу орындарында қолданылатын дәріс, семинар жүйесінен алынып пайдаланған. Олар оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге бейімделген (дәрістер,семинарлар,практикумдар, сынақ, емтихандар). Мысалы, дәріс – семинар – сынақ оқу жүйесінде алдымен сыныпқа оқу материалы дәріс әдісімен беріледі, содан соң семинар , практикалық және лабораториялық сабақтарда талқыланады. ( меңгеріледі, қолданады) және меңгеру нәтижесі сынақтық формада тексеріледі.

Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, окушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз-өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әртүрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мүғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.

Таным оқу процесіндегі негізгі іс-әрекет болып табылады. Сондай-ақ, оқуда іс-әрекеттің басқа түрлері де (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) колданылады. Әртүрлі іс-әрекетті қолданғанда ғана жеке тұлғаға толығымен әсер етуге болады. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын, өнер мен қарым-қатынас қоса жүзеге асырылуы тиіс. Ұжымдық танымдық-іс-әрекетін мұғалім мен оқушының ғана емес, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынасы ретінде қарастыруға болады.

Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әртүрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталаңдыру әдістері де қолданылады.

Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.

Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтаспедагогикалық процесте бірлікте қолданылады.

Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін, дейді белгілі педагог-ғалым Н. Д. Хмель мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары және әдістерін. тәсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.

Оқыту барысында мұғалім педагогикалық ықпал ету әдістерін де қолданады. Педагогикалық ықпал ету әдістері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалык процесте жеке тұлғаның әрекет жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекетті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-катынас. таным. ойын, еңбек, сабақ т.б.) жатады.

Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінін формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалык тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалык процесс.

Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын төмендегідей жіктеуте болады:

-қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);

-тұтас педагогикалык процестің оқу жұмысында қолданылуы:

-таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия т.б.):

-оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).

Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалык процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден. олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер тәсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық болмайды.

Оқыту технологиясының педагогикалық негізі мұғалімнің басқара білуі мен оқушының іс-әрекетін ұйымдастырып, бағдарлап, ынталандыруына құрылған. Бұл дәстүрлі жолдан бас тарту деген емес, олардың арасындағы айырым мен үйлесімді дұрыс ұғынса, оқыту саласында табысқа жетуге болады. Сапалық нәтижеге ие болу үшін төмендегі салыстырма түріндегі кестеге тоқталайық:

Ұстазбен шәкірттің білім жолындағы педагогикалық қарым-қатынас ұстанымы


Оқытудағы дәстүрлі жолдағы ұстаным

Оқытудағы жаңа технологиялық ұстаным

  • Шәкіртке тиісті оқу материалын түсіндіріп, дайын материалды меңгерту басты парыз.

  • Оқу материалын тек дайын күйінде ғана емес, өздігінше іздентіп, шығармашылықпен игере білуге, еңбектене білуіне зейін қою.

  • Оқушының білуге құлқы болмаса да, ықтиярсыз түрде мәжбүр етіп, іс-әрекетке тарту.


  • Ұстаз тек өзінің пәні аясында шектеліп, білімнің әр саласына мән беруге құлқы бола бермейді және оны міндетті деп қарамайды.

  • Ұстаз, тәлімгер оқытатын пәнінің өмірге үйлесімді, шығармашылық деңгейде болуына ынталанады.

  • Ұстаз тиісті бағдарламадағы ұғым-түсініктерді білуді міндеттеп, оны меңгеруде өміршілдікпен талап етеді.

  • Ұстаз шәкіртпен ынтымақтасып, тапсырманы бірлесе орындауға баулиды.

  • Сабақ барысында бірнеше оқушының ғана білімі бағаланып, олар тиісті баға алады.

  • Сабаққа қатысқан оқушының бәрінің де біліміне баға береді.


2. Білім алудағы оқытушы мен шәкірттің әрекеті


  • Оқытушы бағдарламаны мүлтіксіз жүзеге асыруға тиіс. Көрсетілген білімдік түсінікті өзгерте алмайды, оған тәуелді.

  • Оқытушы бағдарламаны орындауға міндетті. Көрсетілген деңгейде пәннің ерекшелігіне үйлесімді өзгерістер енгізіп, оқушының ізденісіне мүмкіндік береді.

  • Оқу бағдарламасы оқытушы адал орындағанымен де шәкірт міндетін өтеуге ынта-ықылассыз, самарқау қарауы да ықтимал.

  • Оқу бағдарламасын орындауға қызықтыру – шәкірттің ақыл-ойын дамытып, бар күш-жігерін сала әрекеттенуге ынталандырады.

  • Оқытушы тарапынан берілген түсінікті шәкірттер жайбарақат тыңдап, белсенділік таныта бермейді. Олардың қандайлық меңгергеніне үнемі мән де беріле бермейді.

  • Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, еңбектене білуі есепке алынады. Сабақ жоспарына байланысты кері сұрақтар да беріліп шәкірттің өжеттілігі, басқаша ойлай білуі де ескертіледі.


3. Білімді меңгеріп оны жүзеге асыруға

негіз болатын ой-түрткі.


-Оқытушы оқушыларды үлгеріміне қарай жақсы, орташа, нашар деп топтастырып, тапсырма беруге ұмтылады.

  • Оқушыны үлгеріміне қарай бөлмейді. Қайта бәрінің де меңгере алатындағына сенім білдіріп ынталандырады.

  • Оқытуда пайдаланатын негізгі тәсіл-түсіндіру, көрсету, айтып беру әдістері.

  • Ой-түрткіге негіз болатын ізденістерге бағдар беріп, кестелік үлгілер мен бейнелік сызбаларды басшылыққа алады.

  • Деректерді тиімді пайдаланып ұқтырады, шығармашылық болмағаны мен білгізу жолындағы әдістерді кеңінен пайдаланады.

  • Ой-түрткі боларлық негіздерді кеңінен қолданып, оның амалдары мен тәсілдерін білгізуді басшылыққа алады да өздігінен ізденуге бағдар береді.

  • Қойылған проблеманы түсінбеген, ойлана білмейтін оқушыны ұнатпайды, тек ақыл айтумен шектеледі.

  • Жеке мәселені білмей қалғанына қарамастан шәкіртке ойлау қабілетін дамытуға барынша қамқорлықпен қарайды.

  • Жеке оқушының үлгеріміне баса назар аударылады да қалғандарының іс-әрекетіне мән берілмейді.

  • Ұжымдық топтың бірлесіп еңбектенуіне және олардың шығармашылық мәнде болуына зейін қойылады.


Бұл келтіріп отырған салыстырмалы кесте –болашақ маманның оқыту, білім беру, тәрбие саласындағы дәстүрлі жолдың өміршең өрнектерді жаңа технологияның үйлесімді қолдана алуына жол нұсқайтын бағдар.

Қорыта айтқанда, оқыту технологияның педагогикалық негіздері оқыту әдістерімен тәрбие құралдарының бір арнадан тоғысуы, сондай-ақ педагогикалық-психологиялық болмыстың білім беру, тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың әдістемелік жол-жосығын меңгеру және оны жүзеге асыру болып табылады. Оқыту процесін айқындауда пайдаланылатын әдістемелік жүйе және адами мүмкіндіктердің өзара ықпалдастығын ескеретін тиімді амалдарды қолдана білу тұтастығы. Оқыту технологиясының негізі мақсаты бағдардағы мазмұнның жүзеге асу заңдылықтары мен оқыту әдістемелері және оны ұйымдастыра білуге, тиісті нәтижеге жетуге құрылған.

Соңғы жылдардағы педагогика технологияларының дамуы оқыту формаларын айтарлықтай молайтуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар кеңінен қолданылуда.

В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс - әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге,әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілігін сезімін өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік береді. Оқытудың белсенді әдістері оқушылардың еркін іс-әрекетіне мүмкіншілік береді. Олардың ішінде мәселелік, ойын түріндегі (іскерлік, рольдік), пікір-сайыс, сұхбат, дөңгелек стол, ми шабуылы, т.б. оқыту түрлері қолданылуда.

Белсенді әдістерге компьютерлік оқыту формаларын қолданатын қазіргі деңгейдегі дамыған телекоммуникациялар, дистанциондық технологиялар, информациялық технологиялар алдағы жүзжылдықта оқыту процесінің даму негізін құрайды.

Дистанциялық оқыту жүйесі университеттердің ғылыми және білім беру мүмкіншіліктерін нағыз үлкен оқушы аудиториясы үшін толық қолдануға жинаған тәжірибесін информациялық оқыту түрлерін жүзеге асырумен қолдану үшін мүмкіндік береді.

Дистанциялық оқыту ( Д.О.) үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы болады, ол әртүрлі оқушылар категорияларына бірдей мүмкіншілік беруге жағдай жасайды.

Жалпы оқытудың типтерін, түрлерін, технологияларын таңдап алу білім беру саласынан, білім беру парадигмасынан дидактикалық концепциялардан, оқыту теориясынан, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінен, жеке тұлғалық және кәсіби мүмкіншіліктерден, ұстаздың бейімділігі мен жоғары бағалауына байланысты.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2025
203
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі