Материалдар / АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сындарлы оқыту теориясының модульдері мен әдіс-тәсілдерін қолдануда АКТ құралдарының маңызын насихаттау. Сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мен білім сапасын жақсарту мақсатында АКТ құралдарын қолданып, дидактикалық материалдар жасау және оқушыға ұсыну жолдары айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2022
492
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ


Шойнбаева Айкерим Турсынбековна


10 жалпы орта мектеп

Кентау қаласы


Мақсаты: Сындарлы оқыту теориясының модульдері мен әдіс-тәсілдерін қолдануда АКТ құралдарының маңызын насихаттау.

«Балалардың бойында ұлы мүмкіндіктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай, бала бойындағы дарындылық, ғылымилылық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы. Ал жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы ең алдымен мұғалімге байланысты. Яғни, мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-оқушылардың түсінігін жетілдіру мен жақсарту жолдарын дұрыс таңдай білу, сондай-ақ мұғалім үшін ең маңызды нәрсе қоғам үшін пайдасы зор, өз-өзіне және өз идеяларына сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, ақпараттық қоғамда құзырлылық таныта білетін тұлға тәрбиелеу. Демек, мұғалім сындарлы оқытуда негізінен бағыттаушы болса, оқушылар өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, білімін толықтырып, пікірталас жүргізіп, өз болжамдарына сыни тұрғыдан қарап әлем туралы түсініктерін жетілдіретін болады.

Еліміздің орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту әдісі кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сындарлы оқытуда білім беру жүйесі дәстүрлі стильден арылып, заманауи, техникалық құралдармен жабдықталған, теориялық білім практикамен ұштастырылып, өмірлік тәжірибеде дұрыс қолданылуға бағытталатын өздігінен білім алу кейпіне еніп келеді. Дәстүрлі білім ырықсыз, бәсеңді түйсінуді білдіреді. Мұнда үйренушінің субъективтік және өзіндік түсінігіне жол берілмейді. Дәстүрлі білім «Түрлендірусіз, еш өзгертусіз қайталау» деген ұғымды меңзейді. Ал сындарлы білімде басты назар үйренуші тұлғасына аударылады. Мұнда ұсынылған білім тұлғаны өзгерістерге ынталандырады.

Бұл екі білімді салыстыратын болсақ,

  • Дәстүрлі білімде сынып құрылымы тізбектелген түрде ұсынылса, сындарлы оқытуда топтық жұмыс жандандырылады.

  • Дәстүрлі білімде оқушы дайын білімді үйренетін сабақ құрылымы бірсарынды құрылғандығынан пәнге деген қызығушылық бәсеңдесе, сындарлы оқытуда түрлі әдіс-тәсілдер мен техникалық құралдар арқылы білім беруде оқушы белсенділігі артады.

  • Дәстүрлі стильде білім жаттандылықпен ұштасса, сындарлы оқытуда оқушының сыни көзқарасы дамып, ойлау дағдылары артады.

  • Дәстүрлі оқытуда әр тұлға өз пікірімен шектелсе, сындарлылықта сәйкесінше барлық ой, көзқарас, пікірлер бір арнада тоғысады.

  • Дәстүрлі стильде бала ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын ойын немесе түрлі қызықтар үшін қолданатын болса, сындарлы оқытуда білім алудың негізгі құралдарының бірі ретінде қолданатын болды.

  • Дәстүрлі оқытуда үйретуші сыныпта тәртіптің сақталуын қадағау мақсатында тақырып бойынша өзара диалог құруға, әңгімелесу, пікірлесу әрекеттеріне мүмкіндік берілмейтін болса, заманауи оқытуда оқушылар бір-біріне сұрақтар ұсынып, диалог құра білім алады.

  • Дәстүрлі стильде мұғалім сөйлейді, түсіндіреді, сындарлы оқытуда оқушы өзі ойланады, өзі ізденіп, тақырыпты ашады, бірін-бірі жетелейді.

  • Дәстүрлі білімде мұғалім бағалаушы, ал сындарлылықта оқушы бірін-бірі бағалайды, өзін-өзі бағалауға үйренеді.

  • Дәстүрлі стильде мұғалім білім беруші, сындарлы оқытуда оқушы өзі ізденуші, топтық жұмыс - білім көзі.

  • Дәстүрлі оқытуда білім оқулықпен шектеледі, сындарлы оқытуда оқулықпен қатар акпараттық коммуникациялық технология құралдары қолданылып, қосымша дерек көздерінен ақпараттар алынады.

  • Дәстүрлі білімде үйренушілер алған білімін өмірде қолданбайды, сындарлылықта алған білімін өмірде қолдана білуге үйренеді.

Яғни, сындарлы оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор.

Бағдарлама мазмұны нәтижеге бағытталған 7 модульді қамтиды:

Сыни тұрғыда ойлауға үйрету. Мұндағы мақсат , оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойы мен өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға бейімделу. Бұл модульді қолдану арқылы дәстүрлі оқытуда оқушы тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы екендігіне көз жеткізуге болады. Сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану оқушылардың ақпараттылық құзыреттілігін дамытуда басты құрал болып табылады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда қолданылатын тәсілдер: логикалық, жетекші сұрақтар ұсыну, кластер, рафт, бес жолды өлең, қабырға газеті, атаулар көмегімен болжау жасау, танграм, синквейн әдістері.

Оқытуды басқару және көшбасшылық. Мұндағы мақсат Көшбасшы бола отырып, балаға сапалы білім, саналы тәрбие беру.

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Оқушыларға диалог құру нәтижесінде білім беру, қалай оқу керектігін үйрету. Қолданыталын тәлісдер: ЖАДА орнату, оқушылармен пікірлесу, түрткі болу, зерттеушілік әңгіме, маршрут картасы, ашық, еркін диалог құру.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытудың қиындықтарын анықтау, болжау және сұрыптау, оқыту стилін бақылау.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай біліммен қамту.
• Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Деңгейлік тапсырмалар ұсыну, кейс-стадиді қолдану, кеңейтілген тапсырмалармен жұмыс, эссе немесе еркін жазу, топтық жұмыстар ұсыну.

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалану. Мақсаты: оқушылардың к
омпьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. Яғни, ақпараттық коммуникациялық технология бойынша ақпаратты оқушылар мына жолдармен қабылдайды.

  • Компьютерлік технология;

  • Интернет;

  • Электронды оқулық;

  • Онлайн жүйесінде білім алу;

  • Қашықтықтан оқыту;

  • Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау арқылы білім алу, т.б.

Білім беруді жаңарту жолындағы модульдердің бірі ақпараттық коммуникациялық технология модулі. Бағдарламада қарастырылатын басқа модульдер АКТ модулімен өзара байланысады. Яғни, АКТ құралдары арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытып, дарынды және үлгермеуші оқушылармен жұмыс жасауға, оқушылардың білімін бағалауға, жас ерекшеліктеріне сай оқытуға мүмкіндік аламыз. Яғни, АКТ құралдары компьютерлер, интернет, интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар оқуды мейлінше қызықты ете түседі. Көрнекілік – оқу нәтижесінің сапасына оң әсер етері сөзсіз.

АКТ-мен жұмыс істеу алға қойылып отырған мәселелердің бірі. АКТ-ның мүмкіндігі мол. Оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді, ыңғайлы, әрі тиімді. АКТ сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала  дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, флипчарттар, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында АКТ – ны пайдаланған тиімді.

АКТ – ны пайдаланудың қажеттілігі:

  • Пән бойынша базалық білім меңгеру;

  • Алған білімді жүйелеу;

  • Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  • Жалпы оқуға деген қызығушылықты арттыру;

  • Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру;

АКТ-ны қолдана отырып, келесі нәтижелерге қол жеткіземіз:

  1. Уақыт үнемделеді.

  2. Оқушылардың қызығушылығын арттырады.

  3. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттырады.

  4. Оқу материалдарын беруді жеңілдетеді.

  5. Шығармашылыққа баулиды.

  6. Сабақтың сапасы көтеріледі.

  7. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік туады.

8. Оқушылардың оқу үлгерімі көтеріледі.

АКТ-ны қолданудың тиімділігі сабақтың әр кезеңінде дұрыс жоспарланса, берілетін білім нәтижелі болмақ. Сабақ құрылымын жасау, яғни үй тапсырмасын сұрауда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, меңгерілген білімді бекітуде сындарлы оқытудың барлық модулін кіріктіруді АКТ құралдарын тиімді қолданумен іске асыруға болады. Мұндай тәсілдерге түрлі карталар, диктант түрлері мен диаграммалар, тесттер мен сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмалар, сергіту сәті, ойын элементтерін жатқызуға болады.

Сондай-ақ, сындарлы оқытуда жаңа технологиялардың бірі ойын элементтерінің де алар орны ерекше. Сабақтың бір кезінде осы технологияның элементтерін қолдану – өте тиімді әдіс. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет – қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойын технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын элементтерінің сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым, жеңіл құбылыс сияқты көрінгенмен, ол ұжымдық әрекет. Ойын технологиясының элементтерін сабақта пайдалану оқушы бойындағы мына қасиеттерді арттырады: ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытады, өз бетімен жұмыс істеуге, өзара сыйластыққа үйретеді, зейіні қалыптасады, байқампаздығы, сабаққа қызығушылығы артады, тәртіптілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиеленеді. Ойын элементтерін қолдана отырып, білім беруде АКТ құралдарының маңызы баршылық. АКТ – ның негізгі құралдарының бірі интербелсенді тақтада ұсынылатын бірнеше ойын түрлерін атап көрсетуге болады. Олар, «Теңге алу», «Кім жылдам?», «Орамал тастау», «Білімді мыңды жығар», «Ғажайып жүздік», «Информатикалық бинго» т.б.

Сы.ндарлы оқыту бағдарламасының нәтижесі мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыны шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алатын болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудырады. Яғни, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші болуы тиіс. Сондықтан қазіргі кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологияларды меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Заман талабы мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Демек, ХХІ ғасыр ақпараттану ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды.

Қорыта айтқанда, сабақты ұйымдастыруда АКТ - ны қолдану арқылы біз мына жетістікке қол жеткіземіз, яғни оқушымыздың бейнесі шеңбер бойындағы қасиеттерге ие болады деп білемін.























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. «Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолданудың тиімді жолдары». А.Байсымақ; «Еркін и К-ХХІ» ЖШС баспаханасы, 2015 жыл.

  2. «Информатика негіздері» журналы, №1, 2012 жыл.

  3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, ІІІ дейгей, 2013 жыл

  4. Интернет желісі, www.google.kz сайты


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!