Турткулбаева Замира
Отебайкызы
математика пәнінің
мұғалімі
№15 мектеп-гимназиясы, Тараз
қ.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ
АРТТЫРУ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік
саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында
XXI ғасыр денгейінде білім беруге ерекше назар аударды. Соның
бірі–жас жеткіншектерді компьютерге үйретіп, бәсекеге қабілетті
маман болып шығуларына мүмкіндік жасау.
Информатика пәні осы мақсатта жетекші
құрал болып саналатыны анық.
Оқу пәнінің жалпы мақсаты
- оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау,
сақтау және қолдану процестері туралы іргелі білімді жанжақты, әрі
саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және оның негізінде
оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы
ақпараттық процестердің мәнін және ақпараттық қоғам дамуындағы
АКТ-ның рөлін ашу.
Осы пәннің міндеттері болып,
әлемдік бейнені қалыптастыруда, қоғамдағы ақпарат пен ақпараттық
процестердің мәнін айқындайтын информатиканың базалық білімдерін
меңгерту, мектеп пәндерін оқытуда ақпараттық коммуникациялық
технология құралдарын қолдана отырып, ақпараттық модельдерді
нақтылы обьектілермен процестерді түрлендіру, талдау және оны
қолданан білу дағдыларын игерту, басқа ақпараттық іс-әрекеттер
саналатыны белгілі. Аталған міндеттерді орындаудың бір жолы
пәнаралық байланыс.
Пәнаралық байланыс дегеніміз – шын өмірдің обьектілері,
құбылыстары мен процестері арасындағы синтездеуге,
интегралдауға ұшырайтын қарым – қатынасты бейнелейтін білім берудің
құрамды бөлігі. Я.А.Коменский: «Әр түрлі пәндерді оқытудағы өзара
байланыс, оқушылардың жан – жақты болуына әкеледі» - деген. Олай
болса, пәнарлық байланысты күшейту оқушылардың екі пәннен де
үлгерім сапасын жақсартады, сонымен бірге олардың практикалық
қызметке дайындалуына көмектеседі. Математика-жеке тұлғаның ақыл-ой
қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін
қамтамсыз ететін пәннің бірі. Математиканы терең меңгермеген
оқушының информатикадан да білімі олқылау болтыны тәжірибеде
көрінді. Сондықтан бұл пәндерді әр сабақ сайын үнемі қатар ұстану
аса қажет деп түсінемін.
Нәтижесінде бір пәннен алған
білімді екінші пән толықтыра түсері сөзсіз. Сондықтан, информатика
саласы бойынша «Геогебра» бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдану
арқылы математиканы компьютер арқылы
оқытып, онымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін үйретуде бірден-бір құрал
болып саналады.
Негізгі
мақсат ақпараттық технологияны
пайдалану арқылы «Геогебра» бағдарламасы бойынша
оқушылардың математикалық сауаттылықтарын
арттыра отырып, математика сабағында қолдану
тиімділігін анықтау.
Бұл бағдарлама кез келген
функцияның формуласынан «ГеоГебра» терезесіндегі
координаталық жазықтықта функция графигін тез көруге мүмкіндік
береді. Егер бұл
бағдарламаны мектептерге математика мен информатиканы үйрену мен
үйретудің көмекші құралы ретінде ұсынылса, оқушылардың
математикалық сауаттылықтары артып осы пәндерге деген
қызығушылықтары арта түсер еді.
Енді, өзімнің сабағымның
құрылымына ішінара енгізіп жүрген ГеоГебра бағдарламасына тоқталып
өтсек.
ГеоГебра – геометрия және
алгебраны байланыстыратын компьютерлік интерактивті
бағдарлама. Әлем бойынша ең көп таралған,
150-ден астам елде қолданылып отырған математикалық бағдарламаның
бірі. Авторы
– австриялық математик, PhD
докторы Маркус Хохенвартер. Бағдарлама 50-ге жуық тілге аударылған
және осы бағдарлама төңірегіндегі жұмысын 2001 жылы
бастаған.
Элементар салуларды геометрия
курсының құралдар аксиомаларын сақтай отырып, сабақ барысында
заманауи технологияларды қолдануға қосымша мүмкіндік беретін
Geogebra бағдарламасын қолданып салуды
қарастырайық.
GeoGebra (www.geogebra.org)
тегін интерактивті математикалық орта (ИМО) болып табылады.
Планиметрия курсының сызбаларын, әсіресе, сызғыш пен циркуль
көмегімен салынатын есептерді салуда пайдасы көп. Бағдарлама
толығымен қазақ тіліне аударылған.
www.geogebra.org
сайтынан ақпарат ала аламыз,
кез-келген компьютерге тегін орната беруге болады. Проекторы бар әр
сыныпта математика сабағында пайдаланып, сабағыңды көрнекі етіп
өтуіңе болады. Оқушылар абстрактілі түсініктерді өз көзімен «көре
алады». Әрбір жаңа тақырыпты өту барысында осы бағдарламаны
қолданған тиімді. Бұл оқушыларға ерекше қызық әрі түсінікті болады
деп ойлаймын.
ГеоГебра
арқылы:
-
«Жансыз»
фигураларға, графиктерге жан
бітіреді. Яғни,
олар
интерактивті болады.
-
Фигураларды анимациялауға
болады.
-
Компьютерлік сауаттылықты
арттырады.
-
Әзірге ГеоГебра қазақ
тіліндегі жалғыз бағдарлама.
Бағдарлама
интерфейсі
Ең алғаш бағдарламаны іске
қосқан кезде мына түрдегі бағдарлама терезесі пайда
болады:
-
Мәзірде: тіл, шрифт, сақтау, көрініс,
басып шығару, баптаулар сияқты
орналасқан.
-
Құралдар
тақтасында: Бұл жерде Графиктер алаңында
геометриялық фигураларды салуға
болады.
-
Құралдар
сипаттамасында:Бұл жерде біз таңдаған немесе
орындаған фигураларға сипаттама
беріледі.
-
Алгебралық
сипаттамада: Бұл жерде Графиктер алаңында
салынған фигураларға алгебралық сипаттама
беріледі.
-
Кіріс
алаңында: Бұл жерде сіз кез келген
функцияның формуласын тересіз, Графиктер алаңында графигі салынады
.
-
Графиктер
алаңында: Кез келген геометриялық
фигураны, графиктерді салуға
болады.
Бірқалыпты кеңістікті
компьютерде модельдеу үшін үшөлшемді модельдеу орталары бар. Мұндай
орта кеңістіктің ауқымын пішіндеп, оны әртүрлі нүктелерден
бақылауға, нысанды қозғалтып және өзгертуге мүмкіндік береді.
Үшөлшемді модельдеу әртүрлі деңгейдегі күрделілікті
қамтиды.
Үшөлшемді графика ғылыми
есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық нысандарды
компьютерде үлгілеу облыстарында кең таралған. Жалпы қазіргі
ақпараттанған уақытта үшөлшемді графика адаммен байланысты саланың
барлығында қолданылады десек артық
болмас[4].
Компьютердің мультимедиалық
мүмкіндіктерін, анимация мүмкіндігін, гиперсылка көріністерін
пайдалану әрекеттерін қолданып, тамаша, көрнекті, оқушыларды
қызықтыра түсетін білім беру сабақтарын ұйымдастырған
ыңғайлы.
Математика – ерекше құдіретті
ғылым, ал математика пәнінің мұғалімі баланың бойындағы ақыл,
білім, парасат, сабырлық, шығармашылық қасиеттерін бойынан аша
білетін тұлға. Қазіргі уақытта математика ғылымы кең етек алып
дамуда. Сондықтан математиканы оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру
үшін жаңа ақпараттық технология құралдары ауадай қажет. Қазіргі
ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында
қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып,
оқушылардың құзіреттілігін дамытуға
болады.
Қазіргі таңдағы
ақпараттандырылған заманда сабақта интерактивті тақтаны
тиімді пайдалана отырып, оқушының білім сапасын шығармашылық
негізінде арттыру - өмір талабы. Ол үшін мұғалім тиімді
интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып,
оқушылардың топтық жұмысының нәтижесінде олардың өз бетімен
тақырыпты түсінуге қолайлы жағдай туғызады, танымдық қызметін
басқарып, ілгері жетелеп отырады. Соңында оқушылар өздері
қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен
бекітеді.
Жаңа технологияның тиімді
әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу - ұстаздардың басты
міндеті.
Заман талабына сай жаңа
технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз.
Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі
тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену
ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз
керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңы
-
“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011
жыл
-
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
-
Иванчук Н.В., Эйкен О.В., Мартынова Е.В.,
Самылова Ю.В., Данько О.Е. Использование компьютерной программы
GeoGebra на уроках математики в 7-11 классах: Методическое пособие.
– Мурманск: МГПУ, 2008. – 36 с.
-
Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т.
Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану
бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр
Баспа», 2010 ж.