« Аққа құдай
жақ»
Бәрін бүлдірген
Самал.
-Қыздар,күн қандай тамаша.
Мынадай күнде қалай үйде отырамыз? Жарылып кетейін деп отырмын.
Жүріңдерші, далада біраз жүріп
қайтайық,-деді.
-Менің де балмұздақ жегім
келіп тұр,- деп оған Дана қосылды.
-Ал кеттік пе? Ана қара қазір
Айгүл бармаймын дейді,-деп Самал Айгүлге
қарады.
-Қыздар мен шынымен бармай-ақ
қояйыншы. Ертең ең қиын сабақтан емтихан болады. Соған
дайындалайыншы.
Айгүлдің барғысы
келмеді.
-Сен үнемі сөйтесің. Көп
уақытыңды алмайды.Жарты сағат қой,Айгүл жүрші,-деп қыздар
қиылды.Айгүл амал жоқ киінді.Көктем барлық өлі тіршілікке жан
бітіріп, айналаны құлпыртып-ақ жіберіпті. Гүлдеп тұрған алма,өрік,
шиенің иісі мұрын қытықтап,үйге кіргізбейді.Жүрген үстіне жүре
түссем дейсің.
Қыздар жаяулатып біраз жүрді.
Қайтқылары келмеді.Әңгімелері де бітер
емес.
-Ана жерде балмұздақ сатып
жатыр,жүріңдер,содан аламыз,-деп Самал кезекке тұрды.Көктем келіп,
балмұздақ енді шығып жатқандықтан кезек ұзын сонар еді.Дана жақын
жердегі бос тұрған орындыққа отыра кетті.Кезектері жеткенше Айгүл
де отыра кетуді жөн санады.Әр әңгіменің басын бір шалып оытрғанда
қалт-құлт етіп ,таяққа сүйеніп,ескі киім киген, сүйкімсіз бір кісі
жақындай берді.
-Басталды. Қайыршылар да
інінен шығыпты,-деді Дана әлгіні
жақтырмай.
-Мен сендерден қайыр сұрайын
деп отырғаным жоқ.Тек шамалы отырғым келді,-деді әлгі кісі.Қыздар
ығысып отырды.
-Білем, жақтырмай
отырсыңдар.Менің күнімді бастарыңа салмасын.Осыдан екі жыл бұрын
төрт құбылам түгел,машина мінген ұстаз едім.Жол апаты осыған
жеткізді.Мүгедек болған соң, мемлекетке де,әйел,бала-шағаға да
керек болмай қалады екенсің.Үйдің бәрін аттарына аударды да,мені
қаңғытып жіберді. Алдарыңда қартайғанда басынан бақ пен бақыт
тайып,бала-шағасы тастап кеткен бейбақ отыр. Бірақ қайыр сұрап нан
жегенше, өлгенім артық қой,-деді аянышты дауыспен жанындағы
кісі.Онысы жылағанға ұқсастау.
Қыздар өздерін кінәлі
санағандай,ыңғайсызданды. Үнсіздік орнады. Бір нәрсе айтуға
Самалдың да батылы бармады:
-Қыздар ! Тез!-деген дауыс
шықты осы кезде.
Кезегі жеткен
Самал.
-Қандайын
аламыз?-дейді.
Қыздар жүгіре жөнелді.Таңдаған
балмұздақтарын алып,орындақтарына қайта
келді.
-Ой, мен сөмкеме де қарамаппын
ғой,-деді Айгүл отырған жерінде қалып қойған сөмкесіне
қарап.Конспект жазған қалың дәптері бер жаққа шығып қалыпты.Қолын
қалтасына салып жатқан кісі.Сендер жүгіргенде сөмке жерге түсіп
кетті,-деді.
Сол күні сынақ кітапшасы мен
куәлігін жоғалтқанын Айгүл білген жоқ.
Тек ертеңіне емтиханға кірер
алдында ғана сынақ кітапшасын іздеді. Сынақ кітапша мен куәлігін
алу үшін Айгүл біраз шығындалды.
-Қыздар кеше тып-тыныш
отырғанда ештеңе де болмас еді,-деп қынжылды.Оны кешегі мүгедек шал
алды деген ой ешкімнің де ойына келе
қоймады.
Осымен бәрі біткен сияқты
еді.Күн артынан күн сырғи берді.Ал бір күні сабақ үстінде
аудиторияға милиция киіміндегі екі жігіт кіріп
келді.
-Жұмағұлова деген кім?- деп
сұрады.
Бәрі Айгүлге қарады.Ол орнынан
тұрды.
-Бізбен бірге
жүріңіз.
-Неге?
-Барған соң
түсінесің,-деді.
Бөлімшеге апарған соң сыртынан
қамап кетті.Айгүл онда кешке дейін отырды.Әлден уақытта тырс-тырс
еткен аяқ дыбысы осы есікке келіп тоқтады да, есік
ашылды.
Үлкен денелі бір кісі кірді.
Ағай мен қашан қайтамын?-деді Айгүл.
-Қайда?-деді.
-Үйге.
-Түрмеге де одан
да,мойында,-деді.
-Нені?
-Үй
тонағаныңды.
Айгүл ештеңеге түсінбей,кінәлі
емес екенін түсіндіріп көрді. Майор оны түсінер
емес.
Алдында қаршадай қыз
емес,қанішер тұрғандай. Болмаған соң ,Айгүл арызды кім жазғанын
жалынып сұрады. Майордың айтуынша, Айгүл жағдайым жоқ студентпін
деп алдап,бір кісінің сеніміне кіріп,үйіне барады да,оның ақшаға
айналдыруға жарайтын заттарын алып кетіпті. Асығыста қашамын деп
сынақ кітапшасы мен куәлігін сонда қалдырып кеткенін айтып, жала
жапты. Мұны естіген кезде Айгүл таң қалды.
Не керек екі күн қамауда
болған соң,ауылдан алып ұшып ағасы келді. Ары шапқылады,бері
шапқылады.Қанша шығындалғанын өзі біледі,әйтеуір, үміт оты қалт
еткендей болды. Айгүл біраз уақытқа ешқайда кетпеймін деп қолхат
беріп,босап шықты. Сонымен Айгүл үй тонаған болып босап шықты. Енді
іс сотқа өтпеуі үшін, үй иесімен келісімге келу керек екен. Ағасы
екеуі арыз берген кісінің үйіне барды.Есіктен аттай бере Айгүл
қалшылдап кетті. Үй иесі баяғы мүгедек, қайыршыға ұқсамайды.
Кәдімгі аяқ- қолы сау,төрт құбыласы түгел жан. Асхана жақта әйелі
тамақ жасап жатыр. Қабырғада қызы,ұлы төртеуі түскен сурет
тұр.Тәп-тәуір киінген,тіп-тік жүреді.
-Ағай,сіз,...сіз бе? Сіз
мүгедек едіңіз ғой?-деді Айгүл тұтығып.
Сені мені енді мүгедек деп
кемсітіп жатырсың ба?-деді әлгі кісі.Ашуланды,өктем талап
етті.Қорқытты. Ағасы кейін қарындасынан болған жағдайды сұрап алды
да.
-Ой,ақымақ! Баяғыдан бері
осылай айтпайсың ба?-деді.
Енді Айгүл қарсы арыз жазды.
Самал мен Дана болған оқиғаны түгел айтып берді. Шақырған жерге куә
ретінде де барды. Институттан сынақ кітапшасы жоғалғаны жөнінде
анықтама алды.Полиция бөліміне де куәлігім жоғалды деп жазып,
уақытша анықтама алған-ды.Оның бәрін дәлелдеді.Айгүлдің ағасы
шырылдап жүріп барын салды,аяғынан тауысты.Аққа құдай жақ
екен,ақыры шындықтың беті ашылды.Ешкім ешкімді тонамаған екен,әлгі
кісі жала жауып,ақша тауып үйренген кісі болып шықты.Бұрын да бір
рет осылай жасаған екен.Оның жасанды мүгедек болатынын білетін
адамдар да табылды.Қызық болғанда, ішкі істер бөліміне ешқандай
арыз тіркелмеген ,майор оның танысы.Осынша күнгі әуре сарсанның
бәрі қолдан ұйымдастырылған болып шықты. Ақыры Айгүл жеңіске жетіп,
бұл жағдайды ешқашан ұмытпайтын болды.