Материалдар / Ақшаның мәні және пайда болу тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақшаның мәні және пайда болу тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақшаның пайда болуы, мәні және экономикалық маңызы. Ақшаның қажеттілігі және түрлері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2023
406
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

12 –тақырып. Ақшаның мәні және пайда болу тарихы. Ақша түрлері және қызметі.

Жоспар

  1. Ақшаның пайда болуы, мәні және экономикалық маңызы.

  2. Ақшаның қажеттілігі және түрлері.   


Ақша адамдарға ежелден таныс, бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. 

Экономикадағы ақшаның пайда болуы, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар,атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде -ақ қарастырылған. Ақша теориясын ХХ ғасырдың І жартысында  А. Маршалл, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.

Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.

Біріншісі (ол ХІХ ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.

Ғалымдардың пікірінше, екінші тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың  еркіне тәуелсіз түрде пайда болады. Айырбастық құн – бұл олардың салыстырмалы немесе сатып алушылық құны.

Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар – бұл сату немесе айырбастауға  арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының бірте-бірте алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:

  • қарапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде, яғни тауардың бір түрін басқасына қарапайым айырбастау кезінде туындады. Мәселен, бір мал бір қап бидайға айырбасталды. Бұл жағдайда бір тауар өзіне қарама-қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қабілеті соңғының құнын  өрнектейді, яғни тауарда құн бар.

  • толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде  туындаған айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар  ішінен бір немесе бірнеше өтімді тауарлар (тұз, мал, астық) айқындалады, оларды басқа тауарларға айырбастауға болады. Осылайша, құнның қарапайым (кездейсоқ) түрінен жайылыңқы формасына өту жүзеге асырылады, яғни әр алуан  тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен (тұз,  мал, астық) өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды айырбастау кездейсоқ  форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше ерекшеленген тауарлар арқылы жүзеге асырады.

Мысалы: Алтынның 10 унциясы   = 10 кг темірге   =  1 қойға  = 1 қап бидайға айырбасталады.

  • құнның жалпы формасы. Тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бір тауар алынады (басқаша айтқанда ығыстырылып шығады). Барлық тауарлар осы тауарға теңестіріледі, сол арқылы олардың арасындағы  құн салыстырылады. Мысалы: 10 кг темір, 1 қап астық 10 унция алтынға  теңестіріледі. Әр түрлі  аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынды. Мысалы, солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсіруші халықтары – малды, егін егуші халықтар – астықты, қалаларда – металды, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т.б. қолданды.

Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де , бұл тауар «ақша» деген атауды алады.

  • құнның ақшалай формасы ары қарайғы айырбас нәтижесінде жалпы балама орнына бір ақшалай тауарды қоюмен сипатталады. Бұл рөлді тарихи тұрғыда алтын мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды олардың шынайы табиғи қасиеттеріне байланысты бөлу жүзеге асты. Алтынның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы. 1 унция – 1 фунт стерлинг. Алтын ақшалар өз құнын ақшалай тауардың құндық субстанциясынан алады, ол алтынды өндіру саласында пайда болады, яғни олардың құны кез келген басқа тауардың құны сияқты жұмыс уақытымен анықталады, соның нәтижесінде  тауарды ақшаға айырбастау баламалардың айырбасы болып табылады.

Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.

Ақша — өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынастарын бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық  категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:

  • ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс. Сонымен,ақшаның жалпыға айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды.Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері, ақшаның бұл қасиетінің қамтитын ауқымы біршама кеңейе түскен .

  • ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады, яғни тауарларды сатумен байланыссыз.Бұл ақша, несие беру, қарызды өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен қаржыландыруда  Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге сатуы барысында және т.б. жағдайларда қолданылады.

  • ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді, яғни тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Ақшаның экономикадағы рөлі. Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі ақша жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейтуде, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыруда (мобилизация) және олардың ұдайы өндірісте тиімді қолдану үшін инвесторларға беруде жатыр. Осылайша, ақшаның экономикалық жүйедегі қоғамдық рөлі мынада, яғни олар нарықтық экономикадағы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып табылады.

Ақша тауарларды, қызметтерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін құндық есепке алу және бақылау құралы ретінде қолданылады.

Ақшаның экономикадағы рөлі тауарларды, қызметтерді сату – сатып алу бойынша экономикалық қарым-қатынастар субъектілері арасында келісімдік міндеттемелердің орындалуын бақылау құралы ретінде айқындалады, яғни ақша арқылы өндірістік және саудалық қызметті жақсы ұйымдастыруға қатысты жабдықтаушылар мен сатып алушылардың материалдық жауапкершілігі артады.

Осылайша, ақша экономикада өте маңызды рөлді атқарады: осы трансакциялық шығындарды төмендету есебінен экономиканың жеңіл қозғалысы жүзеге асады, ол еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандырады.

                           Ақшаның қажеттілігі және түрлері.   

Ақшаның қажеттілігі. Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық еш нәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.

Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Маркстің Т-А-Т ‘ сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу – сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа    тауарды (Т ‘)сатып алу қажет. Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы болады. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен ақшаның өзі тауар, яғни тауар өндірісі мен айналысының өнімі.

Демек, ақша – бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.

Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.

Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.

Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол тұтынуға кетеді) , ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.

Ақша – қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалығын қамтамасыз етеді.

Ақшаны өзен үстінен өткен көпірмен салыстыруға болады, оның әр түрлі жағалауларында сатушылар мен сатып алушылар, сұраныс пен ұсыныс, баға мен еңбекақы орналасқан.

Ақшаның түрлері. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

Толық құнды ақшалар —  номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.

Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.Оларға мыналар жатады:

  • құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

  • құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.

Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:

  • металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

  • металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;

  • бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;

  • эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;

  • бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!