400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ, АЛҚАКӨЛ СҰЛАМА-ҚАЗАҚ ТАИРХЫНДАҒЫ АЩЫ ҚАСІРЕТ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы туралы білім алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ тарихындағы ащы қасірет


Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. Мың жеті жүз жиырма үшінші жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болады. Осы кездегі бар қалған қазақтың қасіретін «Елім-ай» әні баяндап дүниеге келеді.


Ұлы жүз, Орта жүз қазақтарының Қаратау асып, Сырдан өтіп, Алқакөлде қырғынға ұшыраған жері – «Алқакөл сұлама»; Кіші жүз қазақтарының Қаратаудан Түркістанға
келіп, одан Сауранды айналып, Бұхараға бет түзеген шұбырынды көші – «Сауран айналған», ал Орта жүздің бір бөлігі­нің Қаратаудан солтүстікке қарай ауған шұбырынды жолы «қайың сауғанда, ел ауғанда» деп келетін фразеологизмдерде
көрініс тапты.


Негізгі асы ет пен сүт болған босқын қазақтар қайыңның қабығын тіліп, шырынын ішуге, алғыр (ащы өсімдіктің тамыры), қозықұйрық (саңырауқұлақтың түрі) сияқты
жеуге жарамды шөптесін өсімдіктерді талғажау етуге мәжбүр болды. Жоңғарлардың шапқыншылығына көршілес қырғыз халқы да ұшырап, атақонысынан Ғиссарға ауа көшеді. Осы жайтқа байланысты қалыптасқан «Қазақ қайың сауғанда, қырғыз Ғиссар ауғанда» деген тарихи фразеологизм аталмыш оқиғаның екі халықтың тағдырына үлкен ауыртпалық әкелгендігін айғақтайды.

Бүгінде осы қасіретті кезеңнің өткеніне 300 жыл толып отыр. Еліміздегі озық жоғары оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының 300 жылдығына орай тарих факультетінің студенттері мен магистранттарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар "Ақтабан шұбырынды"атты зерттеулер туралы баяндамаларды оқыды. Дөңгелек үстел қызу пікірталасқа айналды. Түрлі өткір пікірлер айтылып, тарихи мәселелердің шешімін табуға талпыныстар жасалды. Студенттер өлең оқып, домбыра тартып, магистранттар тарихи шолу жасады.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Удербаева С.К.
Қазақстан тарихы кафедрасы.
Мукышева А.М. 2- курс магистранты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі