Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда жастардың бойында қазіргі кезде болуы керек әдеттер, таланттар туралы айтылған. Абайдың “Толық адам” концепциясына сай.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.

Абай атамыз айтқандай, адам бойындағы қасиеттерді бір дәрежеде ұстай алсаң ғана, “Толық адам” боларың сөзсіз. Абай атамыздың бұл әңгімелерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды.

Бір сәт назар аударсақ, біздің қоғам ылғи болашағын көркейтуді, алдағы күнімізді жарқын етуді қалайды. Бірақ болашақтың әрбір сәті қазіргі уақыттың кірпішімен қаланады емес пе? Яғни, біз бүгінгіні толықтырсақ, дәл осы сәттің жарық кілтін тапсақ, болашақ та жарқын болары анық. Абай атамыздың отыз алтыншы қарасөзінде айтылған “ұят” ұғымы, он жетінші қарасөздегі “ақыл, қайрат, жүрек” сөздері әр адамның бойында табылар болса, “Мәңгілік Елдің” болашағына аландамасқа болар еді.

Жас мұраты, білім, тәлім-талабы…

Өнер, оқу-жастықтың қару жарағы,-деп І. Жансүгіров айтқандай, ата-бабамыз ел болып қалыптасу жолында оқу-білімнің орнын саралай отырып, оқуға, көруге шақырады. Өмір ақ пен қарадан, жаман мен жақсыдан тұратыны анық. Небір ортаға, небір адамдарға тап болуың ғажап емес. Алдыңнан небір қилы жолдар, ауыр тағдырлар шыққанымен мойымау керек. Ғабит Мүсірепов: “Мен жастарға: Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер!-дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады” деген екен. Бізге тағдырмен қарсы шауып, таласып-тартысып, сәтсіздіктерге бой алдырмай өсу қажет. Мойындауымыз қажет, ұлы тұлғалардың сөзін оқи отыра, көңілімізде рух оянғандай сезілгенімен, тім әлсіз, сәтсіздіктерге кез болсақ, өзімізді тастап жіберуге дайын, ынжық ұрпақпыз. Мәнсіздік жайлап алған санадағы жаңғырықтан қашатынымыз сонша, кейбір қиындықтармен бетпе-бет келуге жасқанатынымыз бар. Ондай қорқыныштың артында сенің армандарың, сеннен үміт күтіп отырған елің, ең бастысы өзің тұрғаныңды ұмытпа, Ұлы даланың жасампаз ұрпақтары.

Ұлт тарихын зерделеп, ұлыс мүддесін асқақтату, Керей мен Жәнібектің, Абай мен Шәкәрімнің, Ахмет пен Міржақыптың сара жол, сарабдал билігін сақтау біздің қолда.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі