Материалдар / Ақын қонақтар "Абай жолы" романынан үзінді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақын қонақтар "Абай жолы" романынан үзінді

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Құнанбаевтың өмірі, балалық шағы жайында мағұлматтарды көру, есту қабілеттері арқылы таныту. Оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сахналық қойылым арқылы әңгіменің мазмұнын ашу. Сахна мәдениетін үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2024
131
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Әуезов «Ақын қонақтар»

(«Абай жолы» романынан )


Автор: Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ. Толық балғын емес. Сидиып арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес. (Абай шығады)

Бұрын қара болушы еді. Бетінің қызылы да бар еді. Қазір де қаладан қайтқандықтан және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір, бозғылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. О да-ауырғандық пен күн көзінде болмағандық белгісі.

Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп, өзінше үйлесті.

Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты.

Онысы -әсіресе әжесі. (Әжесі шығады)

Одан қала берсе, шешесі. (Шешесі шығады)

Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі біртүрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді қып-қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда, бір күн кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұраған. Сонда ол ойланып отырып:

Әжесі -Е-е...Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен...

Автор Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұраганда әжесінің тізесінен ақырын қағып:

Абай -Е-е...Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?

Автор Әжесі әуелде көп көп ертегілер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», бәрі де айтылды.. Бір күні кешке:

Абай -Әже, ертегі айтып берші!

Әжесі - Жарайды, ендеше мен саған «Құламерген» ертегісін айтып берейін. Баяғыда бір Құламерген деген батыр, өзі аңшы жігіт болыпты. Батырлығы елге жайылған адам болады, оның өзіне лайықты сұлу әйелі болады. Сол елдегі хан әр жерден сұлу әйел іздеп сұрау салады екен.... Құламергеннің алтын шашты сұлу әйелін мыстан кемпір ханға мерген аңға кеткен күні хан әскерлерімен бірге апарып береді. Мерген соңдарынан барып,хан әскерлерін қырып тастайды.әскер ішінде мыстанның тазша баласы да болады. Мыстан енді мергеннен өш алудың жолын іздейді. Бірақ мерген оны да сол көзінен атып,мыстан жерге құлап өледі. Құламерген мыстанның желмаясын жетектеп еліне келіп, қызықты дәурен сүреді.

Автор Бертін келе,тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол –осы ішінде Зеренің жасынан бергі көргені,естігені жайындағы әңгімелер.Ел мен елдің шабысы, таласы жайында бірталай күндер айтты...

Әжесі - ...Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Найман руы біздің елге шапқан болатын.Сонда Бостанбек деген асыранды бала қаза табады. Сол кездері Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсіп, жыл жарымдай кісенде жатқан Қожамберді деген ақын болған еді...

Автор Әжесі Қожамбердінің көп өлеңін айтып береді.. Басқа да «Қарашор шапқан» сияқты шабысты, жортуылды айтады .

Тағы бір күндер Мамыр,Еңліктей қыздардың қайғыларын да айтып берді. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап,айтпай қойса өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Жане ол көбінесе өлеңді сөзді жиі айтады.

Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай,білдірмей, сақтап жүрген зейініне таң қалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс,өсиет әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен : «Жүсіп-Зылиха» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп,мақалдап қояды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Осымен қайта көңілдендіріп алып,ескі әңгімелерді тағы айтқызады.

Сондай шеше әнгімелеріне бар бейілін беріп жүрген күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде қонақ келіп қонды. Бірі-қартаң,бірі-жас қонақ. Жасын Абай біледі. Таныған жерде қуанып кетті. Ол былтыр жайлауда келіп,осы үйде үш күндей жатып, «Қозы Көрпеш-Баянды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы.Қасындағы қартаң кісіні Абай өзі білмегенмен, шешесі әбден таниды екен.

Қонақтармен жай сұрасып, амандасып болған соң Ұлжан Абайға қарап жымиып:

Ұлжан -Ал,балам,әжең мен екеумізді қажай беруші едің,әңгіме –жырдың дүкені міне , жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын!

Автор Шоқшалау ғана ақ сақалы бар келбетті келген, зор дауысты ақ сары кісі Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, үндемей отырған өзге үлкендердей емес.

Барлас іле сөйлеп кететін жарқылдақ,ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген, ауыл адамы сияқты.

Барлас -Е, балам, «шешенің судай төгілген,тыңдаушың бордай егілген» дегендей,сөйлеуді де,тыңдауды да сүйген ел- ел-дағы.Тыңдауға өзің жалықпасаң,айтуға Байкөкше жалықпас!

Автор Барлас жас жолдасына қарап күліп қойды.

Үй іші тегіс қош алған соң,екі ақын да оңай шешілді. Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады.

/Барлас «Қобыланды батыр» жырын айтып береді./

Абайдың қазақ аузынан да ,кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу,ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді. Барлас жырын бітіріп, қол жуғалы қамданған уақытта :

Абай - Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен!?

Автор бағанадан бері өзін сүйіндірген ақынның атын білмек еді.

Барлас -Әріден келе жатқан деседі- ау,балам, бұның түбін ...


Автор Қобыландының қоштасқаны,Тайбурылдың шабысы, Қазан мен Қобыландының жекпе-жегі Абайды , әсіресе,еліткендей болатын.Жатқанда көпке дейін алағызып ұйықтай алмады.

Ертеңіне Ұлжан Барлас пен Байкөкшені жібермеді.

Ұлжан-Жүрмеңдер. Асықпай әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіңдер!

Автор Бұл Абайдың тілегі. Абай бұрын тағылым,үлгі-кітапта: білім,өнер-медреседе ғана деп түсінетін.Оған,дастан шебері-Низами ,Науаи ,Физулиде : мұң нәзігі –Шайх-Сағди ,Хожа-Хафизде,батыр жыры-Фердаусиде көрінетін.

Қазақта нелер «Баян-Көрпеш», талай «Ақбала-Боздақтар» барын анық білмеуші еді.

Тілі ұғымды, өмірі таныс болғаннан ба,немесе Барлас пен Байкөкшенің кезектеп айтқан жырларының кейде шырқаған,кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып , ескектете желген әнінен бе? Бебеу қаққан қоныр, майда баяу домбырадан ба? Қалайда болса Абай бұл күнге шейін өмірінде дәл осы Барлас,Байкөкше баян еткен дастан,жырларға барабар ешнәрсе есітпеген сияқты болды.

Күндіз де,түнде де Барластарлың қасынан шықпайды. Екі ақын Ұлжан үйін барлық осы үлкен ауылға қанбазардай қалың жиын үйі қып жіберді.

Абай мен шешелерінің кешкі уақытта тыңдаған жырларының көбі : Барластың өзі сүйген құлақ күйі сияқты термелер болады. Мұндай кезде Барлас Абайға күндізгі Барластан тіпті басқа боп көрінеді. Қызықты,қызуды,қыздырманы ғана айтатын күлкіші,сауықшыл Барлас емес.Кешкі кездерде, ол бір үлкен өсиетші кейде шерлі қарт сияқтанады.

Сондай-сондай кездерде өзінің де ішін ашып :

Барлас Құлағың сал жырыма,

Ойлана қара сырыма

Шат шадыман емеспін,

Құр құландай жортқанмен,

Құбылтып күй тартқанмен,

Қайғыдан,Барлас,құры ма?!-

Абай -Қайғысы не?

Автор Абай кейде шешесінен сұрайды.

Ұлжан -Әйтеуір үлкен қасиеті –болымсызды дардай ғып мақтай беретін әдеті жоқ екен. Ел ақтаған ақын емес қой.Сөзін ұғып ал осының!

Автор Тыңдай келе, Абай Барластан тағы бір соны сөздер есітті.Ол осы заманның ұлығы мен биігін айтқан,сынап-мінеп айтқан сөздер. Бір терменің ішінде :

Барлас :

Аға сұлтан ұлық бар,

Елге мәлім қылықтар,

«Өл» дегенде өлмесең,

«Жүр» дегенде жүрмесең,

Малы құрым құрықтар

Кісен салып құлыптар!


Автор Абай іштей ойланып тұрып..

Абай Барлас «ұлық пен бек» дегенде кімді айтады? Онысын ашпайды...

Автор Бірақ, Абай оның мұндай жырларын ылғи өзінше ұғады. Мысалдың көбін жақыннан іздейді. Бірақ, бұл бала да сырын,ойын ешкімге ашпайды.

Барлас Старшын деген әкім бар,

Пайдасын көрер жақындар

Қалың елі тек жемі

Боранды күн тиіскен

Аш қасқырдай тақымдар...

Автор Абай тағы да ішетей ойланып..

Абай Е,Ее бұл «старшын Майбасар».

Барлас ... Жарлы ,зарлы демейді,

Кеңінен ашып көмейді

Түгіменен түйесін

Жұтам десе қай сорлы

Қалтқы болып бөгейді?

Соны көріп ақынның

Аса түсіп ағы да

Ажымы да көбейді,-

Автор ..деп «аh ұрғандай » боп кеткенде , Абай Барластың қайғысын да танығандай болады. «Ел ұйытқысы шайқалды» дейді. Бұрын Абайдың естімеген зар- шері сияқты.

Абай Бет- түсі айқын болмаса да, әр заманда,әр жерде күңіреніп,қайғы шеруін тартып жатқан менің әжем сияқты көп жасаған,көп қайғыны көрген,үлкен бір шері бар. «Ол кім?»

Автор Анығын Абай біле алмайды.

Осы жолы Абай әрі өзі ысылып, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермеді.Бұл уақыттарда жас бала : Барлас,Байкөкшемен біржолата дос,жақын боп алды. Бертін келе түнде ол Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. Мұның ұғымтал зеректігіне қатты ырза боп,шын сүйсінген Барлас бір оңашада,жай ғана тақпақтап:

Барлас Шырағым, ер жетерсің ,

Ер жетсең сірә не етерсің,

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң шыңға жетерсің,-

деп кеп Абайға домбырасын ұсынады.

Барлас - Міне,балам,осы менің батам болсын.

Автор Абай ыңғайсызданып қысылды да, үндемеді.Бұл «Барластар ертең жүреді» деген түнде , ас алдында болған сөз еді.

Ертеңінде ақындар аттарын ерттеп ,жүрерге тақағанда ,Абай шешесін тысқа шақырып алып:

Абай -Апа,екеуіне де жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы!

Автор Ұлжан үндеген жоқ.

Қонақтар қымыз ішып болып, енді қоштасарға келгенде Ұлжан Барласқа қарап бір сөз айтатындай пішін білдірді. Қонақтар іркіліп қалған еді.

Ұлжан - Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас боп, арыла алмай қойып еді. Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей болдыңдар.Қадамы құтты қонақ болдыңдар!

Автор Абай шынында да дәл осы кезде өзін-өзі бар сырқаттан құлан таза боп арылғандай,нық бір қайрат жиып алғандай сезді. Шешесі үндемесе де,ашып айтпаса да, «білгіш,танығыш,сыншы» сияқты көрінді.Ол бөгелсе де сөзін бітірген жоқ-ты.

Ұлжан -Тағы да келе жүріңдер.Анау кәрі әжесі мен бізді де көп сейілттіңдер.Жолдарың болсын! Келген сапарларыңа тыста біраз азырақ ырым байлаттым. Ала кетіңдер... Риза, қош боп аттаныңдар!

Автор Абай тысқа шығып,Барластарды аттандырып жатып,енді көрді. Осы үйдің екі жылқышысы Беркімбай мен Жарқын Барласқа арнап бір семіз көк атты,Байкөкшеге арнап бір торы құнанды ноқталап ұстап тұр екен.

Екі ақын екеуін жетекке алып,тағы да «қош ,қош» айтып, жүріп кетті.

Абай шешесіне дән риза боп қуанып кеп,бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты.Ұлжанның мол денесін қапсыра құшақтап қатты қысып, бетінен,мұрнынан,көзінен қайта-қайта сүйді.

Мұғалім қорытынды сөз сөз сөйлеп аяқтайды.

Мінекей ,құрметті қонақтар, оқушылар! Осымен 5- сынып оқушыларының көрсеткен қойылымы аяқталды. Сідерге өнер көрсеткен оқушыларды таныстырып өтсем.... ( Оқушылар сахна сыртына шығып салем береді. Мұғалім оқушыларды жеке-жеке таныстырып шығады).

Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі.Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды.Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы-заман тынысы,халық үні.Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып,жаңғырып жаңа өріс алып тұр. Абай үнімен сусындап келе жатқан жас жеткіншектерге болашағы жарқын болсын,деген тілек білдіреміз.





















Тақырыбы М.Әуезов «Ақын қонақтар»

(«Абай жолы» романынан үзінді)


Мақсаты А.Құнанбаевтың өмірі,балалық шағы жайында мағұлматтарды көру,есту қабілеттері арқылы таныту.Оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру.Сахналық қойылым арқылы әңгіменің мазмұнын ашу. Сахна мәдениетін үйрету.


Түрі Сыныптан тыс сахналық қойылым

Көрнекілігі Сахна мен қуыршақтар.


Жоспары

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды сахна ішіне орналастыру.

2.Тақырыптың мақсаты мен барысын түсіндіру.

ІІ «Ақын қонақтар» қойылымы

ІІІ Қорытынды


Өтілу барысы

Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар,оқушылар! Бүгін 10-11- сынып оқушыларының қатысуымен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған «Ақын қонақтар» атты сахналық қойылымды тамашалайтын боласыздар.

Абайды әлемге танытқан заңғар жазушы М.Әуезовтің өз заманының дара тумасы Абайдың балалық шағының бір көрінісін көрсетуді бастауға рұқсат етіңіздер.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!