Материалдар / Араб жаулаушылары. Араб халифатының құрылуы мен ыдырауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Араб жаулаушылары. Араб халифатының құрылуы мен ыдырауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Араб халифатының құрылуы мен ыдырауы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Наурыз 2023
1755
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Араб жаулаушылары. Араб халифатының құрылуы мен ыдырауы

Араб мемлекетінің қалыптасуы. Арабтар ежелден Оңтүстік-Батыс Азиядағы кең-байтақ Арабия түбегін мекен еткен. Олар жер өңдеумен және көшпелі малшаруашылығымен айналысты. Тайпаны сайлау арқылы билікке келген – шейх басқарды. Оның билігі ру ақсүйектерінің алдында шектеулі болды.

ҮІ ғ. соңында Иран Арабияның оңтүстік бөлігін жаулап, кейіннен Византия Арабия түбегінің солтүстігін өз иелігіне алды. Арабтардың сауда-саттық жүйесі бұзылып, осының салдарынан түбектің халқы зиян шекті.

Барша араб халқының басын қосатын ортақ идея қажет болды. Бұл исламнан табылды, оның негізін салушы Меккенің тұрғыны Мұхаммед болды. Бірігуге ұмтылудың идеологиялық сипаты бір құдайға – Аллаға сиыну құлшылығынан көрініс тапты.

Алғашқы қауымдық құрылым қатынастарының ыдырауы мен көшпелі арабтар тайпаларының арасындағы таптық таластың пайда болуы, сондай-ақ сыртқы шабуылдарға қарсы тұру қажеттілігі біртұтас Араб мемлекетінің қалыптасуына алғышарттар тудырды. Арабтардың билеуші ақсүйектері – алыстағы Сирия, Египет және Иран секілді елдерге жорық жасау арқылы түбектегі халықты қызықтыруға тырысты. Алайда бұл көпшілік арасынан қолдау таба алған жоқ.

Исламның қатаң монотеизміне және тайпалық жіктелуге қарамастан барлық мұсылмандардың бауырлас саналуы Араб елдерінің бірігуіне оң әсер еткен идеологиялық күш болды. Араб тайпалары жаңа дінді қабылдай бастады. Мұсылмандық тез арада үлкен саяси күшке айналды: мұсылман қауымы Арабияның саяси бірігуінің негізін құрады.

«Алланың елшісі» - Мұхаммед барша мұсылман қауымының басшысы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар Араб мемлекетінің негізін қалаушы да болды.

Мұхаммед барлық маңызды мәселелерді шешіп отырды. Сол уақытта оның жақын серіктерінен құралған кеңес болды, олар дауыс беру арқылы мәселені шешті. Мемлекет басшысының қарамағында әскер болды, оның негізін Мұхаммедтің айналасындағылар және оның алғашқы ізбасарлары құрады.

Әскер тайпалардан жасақталды және тайпалық жүйелер негізінде құрылды.

Біртұтас алғашқы Араб мемлекетінің басшысы Мұхаммед пайғамбар атауын иеленді және зайырлы әрі рухани (діни) билік жүргізді. Арабияда теократиялық мемлекет пайда болды.

Жаңа қоғамдық қатынастар діни қағидалар негізінде қалыптасты, мұны Мұхаммед Алланың қалауы деп жеткізді. Жекеменшік қасиетті саналды, мемлекет пен дін оны тонаушылықтан сақтады.

Мемлекет барлық жерде жоғары билігін жүргізді және жекелеген тұлғаларға жер телімдерін беру құқығына ие болды.

Құрылыс жүргізілмеген, егін салынбаған және жайылым, өріс ретінде пайдаланылмаған жерлер қазыналық жер қорына алынды. Мемлекеттің рұқсатынсыз ешкім де ол жерді пайдалана алмады. Мұхаммед айналасындағылармен жерді пайдалана алмады. Мұхаммед айналасындағылармен жерді мұқтаждарға таратып берді. Берілген жер мұрагерлікке қалып отырды. Қауым мен тайпа ақсүйектерінің жерінде бай жер иеленушілерге кіріптар болған, кедейленген жер иеленушілер және дүниесі мен еркі жоқ құлдар жұмыс істеді. Жер иеленушілер қауымының мүшелері ауыр жұмыстар істемеді.

Мұхаммедтің кезінде дін тарату үшін араб жорықтары басталды.

Арабтардың жаулап алу жорықтары мен Араб халифатының құрылуы. 632 жылы Мұхаммед пайғамбар дүниеден өтеді. Пайғамбар қазасынан соң мұсылмандар оның «ізбасары» - халифті (арабша) тағайындайды, ол да зайырлы және рухани билікке ие болды. Мұхаммедтің ізбасарлары дінді кең таратып, Араб елі түгелдей мұсылман дінін қабылдайды.

Араб тайпаларының басын біріктіріп, бір діннің астына жинаған Мұхаммед пайғамбар Сирияға жорық жасауға ниет етеді. Пайғамбардың бұл ізгі ниетін орындауға алғашқы халиф Әбу Бәкір кіріседі. Бұл жоспарға сол кездегі жағдайлар да оң әсерін тигізді. Өйткені Византия мен парсылар арасындағы ежелден жалғасып келе жатқан соғыстар бұл мемлекеттерді әлсіретен еді әрі арабтардың тез жеңіске жетуіне оң ықпал етті. Арабтар алғашқы екі халифтің қолбасшылығымен (екінші Омар болды) парсылар мен гректер билік жүргізіп отырған Сирия, Месопотамия, Парсы және Египетті жаулап алып, өздеріне қаратады. Арабтар үшін исламды тарату мақсатындағы жорықтар қасиетті соғыс саналды.

Бұл соғыстарда арабтар көптеген артықшылықтарға ие болды. Тұтастай алғанда, олар белгілі бір дәрежеде өздерінің туыстық байланысы бар еркін адамдардан тұрды, сонымен қатар олар бүкіларабтық саяси ұйымға біріктірілді. Арабтардың көшпелі тайпалары асылтұқымды жүйрік жылқыларды өсіріп шығарды. Жүйрік аттарға мінген арабтар жауларына үрей туғызып, олардың баяу қимылдайтын атты әскерлеріне күйтере соққы берді. Үздіксіз жеңіске жету арабтарды қанаттандырып, олардың жеңіске деген жігерін бекітті. Сирия мен Египеттің және де өзге де елдердің езіліп, қалған халқы арабтарды өздерінің құтқарушылары, құлдықтан, азаптан арашалаушылары ретінде қабылдады. Жаулап алған жерлерінде олар халықты қырғынға ұшыратқан жоқ, дінді де күшпен таңған жоқ, таңдауды өз еріктеріне қалдырды. Арабтар өздері жаулап алған жердің халқына діни еркіндік берді және аймақтардың түрлі саяси бостандықтарын да сақтады, басқаруды жергілікті діни бірлестіктің басшыларын да сақтады, басқаруды жергілікті діни бірлестіктің басшыларына тапсырды. Ал өз еркімен мұсылмандықты қабылдаған тұрғындарына ерекше жеңілдіктер мен мол сый-сияпат жасап отырды. Исламды қабылдағандар арабтар секілді салықтан босатылды. Негізінен, арабтар өздері жаулап алған жерлерде тек жергілікті ауқаттылардың ғана мүлкін иеленіп отырды. Олар билік құрған алғашқы кезеңде барлығына салықтық жеңілдіктер жасап отырды.

Әбу Бәкір мен Омардың жорықтары нәтижесінде бағынышты болған елдердің барлығы аса қуатты теократиялық мемлекетке айналды, ол Араб халифаты деп аталды.

Үшінші халиф – Осман қайтыс болғаннан кейін Араб мемлекеті ішіндегі ендігі халиф кім болу керек деген мәселе бойынша түрлі бүліктер мен толқулар орын алады. Мұсылмандар екі топқа бөлініп, өз үміткерлерін ұсынды. Оның бірі пайғамбардың туысы Әли болса, екіншісі Сириядағы әскердің қолбасшысы Муавия болды. Екі топтың арасындағы қанды тартыс 660 жылы Муавияның жеңісімен аяқталды. 661 жылы Әли қаза тапты.

Бұл қақтығыстар мұсылман әлемін сүннит және шейт деп екіге бөлінуіне әкелді.

Сүнниттер (Муавияның жақтастары) – қасиетті кітап Құран мен қоса оны талдап түсіндіретін сүннетті де мойындады, ал шейіттер (Әлидің жақтастары) – сүннетті мойындамады.

Муавия Омейядтар династиясының (661-750) рубасы болды, ол халифат астанасын Меккеден Сириядағы Дамаск қаласына көшірді.

Бұл жерде халифат көне мәдениеттің ықпалына түсіп, өз құрылымы мен ерекшелігі бар Шығыс империясына айналды.

Омейядтықтар халифат шегарасын тұрақты түрде ұлғайтып отырды. Олар өз құрамына Азиядағы Армения мен Түркістанды қосты, ал Африкада – бұрынғы Вандал корольдығына қарасты Бизацен провинциясы мен Мавританияны қаратты. 711 жылы арабтар бұғаз арқылы Африкадан Испанияға өтті. Бұл бұғаз олардың көсемдері Тариканың құрметіне Гибралтар аталды (Тарика өткелі). Олар Вестгот корольдығын жаулап алды. Бұдан бірнеше жыл өткен соң арабтар Галлияға шабуыл жасайды, арабтардың жаулап алу жорықтарын тек 732 жылы ғана франктер королі – Карл Мартелл тоқтатады.

Арабтар Кіші Азияның бірқатар қалалары мен Архипелаг аралдарын жаулап алды, тіпті Констатинопольдің іргесіне жақын келеді. ҮІІІ ғ. басында арабтар Византия империясының астанасын құрлықтан да, теңізден де қоршауға алып, қалаға қатер төндірді. Бұл кезеңде империяны ІІІ Лев Исавр билеп тұрған болатын, ол арабтардың шабуылын тойтарып, олардың қоршауын бұзып шығады. Алайда тұтас ҮІІІ ғ. бойы Византия мен Халифат арасында Кіші Азия мен Архипелаг үшін кескілескен соғыстар жүріп отырды, ең соңында гректер жеңіске жетіп, осы аймақтарды өз бақылауына алды.

Арабтар өздері жаулап алған жерлерінде жеке қоныстарда немесе әскери бекеттерде өмір сүрді. Олардың өмірлерінде біраз уақытқа дейін әскери-патриархалды жағдай сақталды. Алғашқы халифтер мұсылмандар арасындағы теңдікті сақтап, жаулап алынған елдерден қолға түскен олжаларды теңдей бөліп отырды. Арабтар иран патшасының қазынасын қолға түсіргенде, олардың қолына алтын жіппен зерленіп, асыл тастармен безендірілген ерекше құнды, қымбат кілем түседі. Қымбат олжа барлық жауынгерлерге жету үшін Омар халифтің бұйрығымен теңдей етіп бөлініп, таратылады.

Алайда жаулап алу жорықтары арабтардың тұрмысы мен өміріне өзгерістер енгізді. Жорықтарға қатысқан көшпелілер бұрынғы тұрмыстарынан бас тартып, жаулап алынған қалалар мен құнарлы жерлерге қоныстана бастады. Ақсүйек арабтар қолбасшыларға және аймақтардағы жаулап алынған елдердің билеушілеріне еліктеп, тамаша жағдайда өмір сүре бастады. Олар өздеріне салтанатты сарайлар тұрғызып, үлкен байлық жинады, құнарлы жерлерді иеленді. Халифтер Шығыстың өзге де билеушілері секілді байлық пен сән-салтанаттың ортасында ғұмыр кешуді қалады. ҮІІІ ғ. ортасында халифтер Тигр өзенінің жағасында Ежелгі Вавилонның маңында жаңа астана – Бағдатты тұрғызады, бұл шаһар кейіннен Шығыстың інжу-маржанына айналды.

ҮІІІ ғ. халифат өзінің дамуының шыңына жетті. Халифат құрамына Таяу және Орта Шығыс елдері мен Солтүстік Африка және Оңтүстік-Батыс Еуропа мемлекеттері кірді. Халифат жеріндегі халықтың саны 80 млн адамға жетті.

Халифаттың ыдырауы. 750 жылы омейядтықтарға қарсы парсы провинцияларының бірінің билеушісі Абул Аббас қарсы шығады. Ол Мекке мен Мединені өзіне қаратып, жаңа Аббасидтер династиясының негізін қалайды. Ол астананы Бағдат қаласына көшіреді. Аббастың бұйрығы бойынша омейядтардың барлық ханзадалары жазаға тартылады. Олардың ішінде тек Әбдірахман ғана Испанияға қашып, құтылып кетеді, 756 жылы ол өзін дербес әмір ретінде жариялайды.

Араб халифаты берік мемлекеттік құрылым болған жоқ. Онда арабтар аз болды. Жаулап алынған елдер үшін болған күрес олардың күшін әлсіретіп, құдіретін кемітті. Бұл алып мемлекет бірлігін қарудың күшімен ғана сақтап тұрды.

Өздеріне бағынышты аймақтарды билеуді жеңілдету үшін халифтер ол жерлерге өз өкілдері – әмірлерді тағайындап отырды, оларға билік мұрагерлікпен берілді. Шексіз билік пен мол байлықтың ортасында жүрген әмірлер біртіндеп күшейіп, керісінше халифат әлсірей берді. Жергілікті басқарушылар халифаттың әскерін асырау мен сарайларға салық төлеуден, бағынудан бас тарта бастады. Халифтерге үлкен мемлекеттің әр жеріндегі жиі бас көтере бастаған осындай бүлікшілерді жазалау қиындық тудырды.

Өздеріне бағынышты аймақтарды билеуді жеңілдету үшін халифтер ол жерлерге өз өкілдері – әмірлерді тағайындап отырды, оларға билік мұрагерлікпен берілді. Шексіз билік пен мол байлықтың ортасында жүрген әмірлер біртіндеп күшейіп, керісінше халифат әлсірей берді. Жергілікті басқарушылар халифаттың әскерін асырау мен сарайларға салық төлеуден, бағынудан бас тарта бастады. Халифтерге үлкен мемлекеттің әр жеріндегі жиі бас көтере бастаған осындай бүлікшілерді жазалау қиындық тудырды.

Халифтің негізгі қорғаны сарайда тәрбиеленіп, әскери өнерге жаттыққандар болды. Олар қолға түскен түріктер мен жас құлдардан жасақталды. Мұндай әскер араб халқы үшін бөтен болды әрі тұрғындар оларды жау секілді қабылдады.

ІХ ғ. Араб халифатынан Египет, сонымен қоса Солтүстік Африкадағы, Орталық Азиядағы, Иран, Ауғанстандағы кейбір аймақтар бөлініп кетті.

Х ғ. басында Араб халифаты тұтастай бірнеше ұсақ мұсылман мемлекеттеріне бөлінді. ХІ ғ. ортасында Таяу Шығыстағы арабтар иелігіндегі көп жердерді Орталық Азиядан келген түрік-селжүктер жаулап алады. 1055 жылдары олар Бағдатты да басып алады. Түрік-селжүктердің билеушісін халифтер таққа отырғызып, оларға сұлтан мәртебесін берді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!